Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет208/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   332
6. -Нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөйлем мүшелері 
Жалпы алғанда, əрбір сөз табының белгілі бір жұрнақтары 
барлығы айқын. Ол жұрнақтар сол сөз таптарын жасауға негіз бола-
ды. Бірақ кейбір жұрнақтар, соның ішінде -нікі, -дікі жұрнақтары, 
қай сөз табына тəн, қай сөздерге жалғанады, ол сөз бен сөзді байла-
ныстыра ма, жоқ, сөз тудырушы қасиеті бар ма, сондай-ақ сөйлем 
мүшесін жасаудағы қызметі сияқты мəселелер арнайы қарауды 
қажет етеді. Осы күнгі оқулықтарда -нікі, -дікі жұрнақты сөздер 
тек сөйлем мүшелерінде, яғни баяндауыштың жасалуында ғана 
болмаса, морфологияда қысқаша ғана айтылады.
-нікі, -дікі формасы жайлы тілші ғалымдарымыз Ə. Нұрмаха-
нова, М. Балақаев, А. Ысқақов не жұрнақ, не жалғау екенін ажы-
ратпай-ақ, қосымшалар деп атайды, ал Н. Сауранбаев, Ш. Бектұров 
мұндай формалы сөздерді жұрнақ деп береді. Шынына келгенде, 


419
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
-нікі, -дікі формаларында таза жұрнақ немесе таза жалғау қасие-
тінің қайсысы басым деген мəселе ойлануды қажет етеді. -нікі, 
-дікі өзі жалғанған сөзге жаңа үстеме мағына тудырады ма, жоқ 
па? Мысалы, баланікі, менікі, Ораздікі дегенде жаңа сөз пайда бол-
ды деп айту мəселесі онша басы ашылмаған немесе ол сөздердегі 
ондай формалардан таза жалғаулық та қасиет таба алмаймыз. 
-нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарының қай сөз таптарына жалғанып ба-
рып жұмсалуы туралы да бірізділік жоқ. М. Балақаев, М. Томанов, 
Ш. Бектұров ол жұрнақтардың қай сөз таптарына қатысты екеніне 
тоқталмайды, тек сол жұрнақтар жалғанған сөздерді мысалға 
келтірумен шектеледі [33,41]. 
Жалпы түркологияда жəне қазақ тіл білімінде -нікі, -дікі, жұр-
нақтарының қай сөз таптарына қатысы туралы да əртүрлі пікірлер 
бар. А. Ысқақов бұл жұрнақтар ілік жалғауының негізінде қа-
лыптасқандығын дұрыс көрсетеді. Зерттеуші бұл жұрнақты сөз-
дердің қай сөз таптарына тəндігін ашып айтпағанымен, келтірген 
мысалдарынан (сіздікі, біздікі, кімдікі, əкемдікі, кітапхананікі, 
Əсеттікі) олардың əрі есімдікте, əрі зат есімге жалғанатындығын 
көруге болады. Автор, егер осы жұрнақтар жалғанған сөздің тə-
уелдік жалғауының I, II, III жағының біріне тəндігін көрсетсе, бұл 
қосымшалардың жақ категориясына қатысы жоқ деп көрсетеді. 
Сонымен бірге бұл жұрнақты сөздердің баяндауыш қызметінде 
жұмсалатындығын айта келіп, Біз Əсеттікінде болдық сияқты 
сөйлемде осы қосымшалы сөздер сөйлемнің басқа да мүшелері 
болатындығын ескертіп кетеді [34,49]. Н. Сауранбаев -нікі, -дікі, 
-тікі жұрнақтары көбіне есімдік жəне есімдерге тəн деп біледі 
[35,161]. М. Балақаев -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы жалғанған сөздер 
сөйлемде предикаттық қатынас құрайтынын айтады [36,95]. Осы 
күнгі зерттеулерге қарағанда -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтағы сөз-
дер морфологиялық жағынан өзгермейтін тəрізді. Ал зерттей 
келгенімізде ондай жұрнақты сөздер жіктеліп те, көптеліп те, сеп-
теліп те жəне тəуелденіп те жұмсалатынын байқадық. Мысалы: – 
Е, есептесейік, менікі бес жүзге  айналып барады. Сенікі қанша? 
(Ғ. Мұстафин). Менікін сандалған адамның сөлекет сөзі деп біл 
(Ө. Қанахин). Өзімдікі болса игі еді. Біздікі əншейін еріккеннен 
істей салған бір шығасы емес пе? (М. Əуезов). Түн ішінде хан 
иемді мазаламай-ақ, біздікіне сəл тыныстап, таң ата жетерміз! 


420
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
(X. Əдібаев). Міне, -нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөздердің осы 
сияқты өзгерістері олардың сөйлемнің тек баяндауышы ғана 
емес, басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалатынын көр-
сетсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет