418
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізінен сөйлемнің өн бойына қатысты десек, басқа сөздермен
байланысында ең соңғы сөздердің рөлі ерекше. Соңғы сөздің
тұлғасына қарай сөйлемнің де өзіндік ерекшелігі айқындалады.
Сондықтан біз, ең алдымен, олардың соңғы сөздерінің тұлға-
сына баса назар аударуды дұрыс көрдік.
І. Кеңесбаевтың сөздігінде 90 мыңдай тұрақты тіркестер
бар екендігі айқын. Тұрақты тіркестер – қазақтың байырғы тіл
байлығы. Қорыта келгенде, тұрақты тіркестердің морфологиялық
өзгерісі туралы мынаны айтуға болады. Тұрақты тіркестер а) бар-
лық жалғауларда табиғи түрінде жұмсалады; ə) əдеттегі сөздер
тəрізді əрі көптеледі, тəуелденеді, септеледі жəне жіктік жал-
ғауында да жұмсала береді; б) олар нөлдік формада жəне кө-
мекші сөздер арқылы келе береді; в) түрлі қосымшалар арқылы
(жұрнақтар арқылы да) келе береді; г) сөйлемнің ішінде де,
соңында да орын таңдамай жұмсала береді; д) жұрнақ, жалғаулар
арқылы келуі олардың басқа сөздермен байланыста келуінің
ең негізгі шарты болып табылады; е) морфологиялық өзгеріс
арқылы олар сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында қолданылып,
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста
жұмсалады. Мұның өзі – тұрақты тіркестер сөйлемнің барлық
мүшесі ретінде жұмсалады де ген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: