бері, бұрын (қайталанып келген шылаулармен) шылауларының
түсіп қалуынан мағыналық айқындығы жоқ топтардың келіп
шыққанын көреміз. Бұған қарағанда, шылаулар өзі қатысты сөз-
дердің мағынасын айқындаушы деген пікірмен бірге, кейде он-
дай қасиеттеріне қоса шылаулар өзі қатысты сөздің синтаксистік
қызметі мен байланысу формасында айқындаудағы қажетті құ-
рал десек орынды.
2) Модаль сөздер. Тілімізде сөйлем мазмұнының ақиқат шын-
дыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін арнау-
лы сөздерді модаль сөздер дейді [33, 241]. Модаль сөздер есімді,
етістікті болып екіге бөлінеді. Есімді модаль сөздер тобына:
сияқты, сықылды, секілді, тақылетті, тəрізді, рəуішті, шамасы,
зады, рас, мүмкін, бəлки, расында, шынында, керек, тиіс, қажет,
əрине, т.б. сөздер жатады. Етістікті тобына: білем, көрінеді, дейді
екен, болар, шығар сөздері жатады. Модаль сөздер, біріншіден,
427
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлемде синтаксистік байланысқа түспейді, екіншіден, арнайы
өзіндік қызметі жоқ, өздігінен сөйлем мүшесі қызметін атқара
алмайды деп айтылып жүр. Жалпы, модаль сөздер сөйлемде екі
түрлі орында, сөйлем ішінде (ортасында) жəне сөйлем соңында,
жұмсалады.
Жалпы, əрбір сөз табының арнайы синтаксистік қызметі бар
екендігі белгілі. Алайда модаль сөздердің синтаксистік қызметі
бар деп айтылмайды. Мысалы: Асан сияқты бала келді, – де-
сек, келді баяндауыш, бала бастауыш, ал Асан сөзі қаншалықты
толық мағыналы болғанымен, өзіндік қызметі өз бойынан бай-
қалмайды. Синтаксистік қызметі тек сияқты сөзіне байланысты
айқындалады. Сөйтіп сияқты сөзінің əсерінен енді Асан сөзі
анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұған қарағанда, өзіндік
мағына мен қызметі жоқ деп табылатын модаль сөздер белгілі сөз
таптарымен түйдекті тіркес құрау кезінде олардың мағыналық
тобын да, синтаксистік қызметін де анықтайды. Модаль сөздер
толық мағыналы сөздермен түйдектеліп, не есім, не етістікке
қатысты болуына сай анықтауыштық, пысықтауыштық қызметте
жұмсала береді. Сол сияқты модаль сөздерге түрлі қосымшалар
жалғау арқылы да басқа сөйлем мүшелерінің қызметін көрсетуге
болады. Мысалы, Бесіктен белі шықпай жатып ғалым бола қа-
лады, – деп, біз секілділерді кінəлайды да («Жұлдыз»). Бірақ
Домбаев сияқтылардың шамына тие беретінің жаман (З. Шүкіров).
3) Көмекші есімдер. Көмекші есімдер сан жағынан сонша-
лықты көп емес. Оларға алды, арты, үсті, жаны, қасы, арасы,
ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы
сөздері жатады. Мысалы: Үй іші лық толған кемпір-шал, қатын-
қалаш, қыз-келіншектер түгелдей егіліп отыр (Ө. Қанахин). Вин-
тер бар пəле менің үйім маңында екен деп, кең сарай үстіне бар
мүлкін шығартады (I. Есенберлин). Оның қасында жүргенде
жайма-шуақ көктемде далада оңаша келе жатқандай жаның да
жайлы, құлағың да тыныш (Т. Ахтанов). Міне, осындағы көмекші
есімдер ілік жалғауының ашық не жасырын тұлғалы есімдерімен
түйдекті тіркес құрап, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын
сөздерді өзінің тұлғасына қарай пысықтауыш сөйлем мүшесіне
ауыстырып отыр. Көмекші есімдер басқа-басқа сөйлем мүшесінде
жұмсалатын сөздерден пысықтауыш сөйлем мүшесін жасаса,
428
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
кейде көмекші есімдерге -ғы, -гі жұрнағының қосылуы арқылы,
керісінше, пысықтауыш сөйлем мүшесінен үйдің қасындағы,
терезенің маңындағы анықтауыш сөй лем мүшесі жасалады.
4) Көмекші етістік. Көмекші етістіктер тек баяндауыштың
құрамында келіп қана қоймай, басқа сөз таптарымен тіркесіп,
өзінің тұлғалану ерекшелігіне қарай басқа да сөйлем мүшелері
қызметінде жұмсалады. Көмекші етістіктердің ішінде де кейде
көмекші етістіктері есімше тұлғасында тұрған басқа сөздермен де
түйдекті түрде əртүрлі сөйлем мүшесін жасаудың бір тəсілі болып
табылады. Əсіресе, де есімше тұлғалы көмекші етістіктер септеліп
те, көптеліп те жұмсалуына қарай өзі қатысты сөзді əртүрлі сөй-
лем мүшелеріне өзгерте береді. Мысалы: Сонда байқағаны:
Достарыңызбен бөлісу: |