8. Көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы
Жай сөйлем синтаксисінің басты бір саласы – сөйлем мүше-
лері. Осы уақытқа дейінгі жоғары оқу орындарына арналған ең-
бектерде олардың жасалуы дербес мағынасы бар сөздердің төңі-
423
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
регінде арнайы қарастырылды. Сонымен бірге сөйлем мүше-
лерінің жасалуына байланысты көмекші сөзді сөйлем мүшелері
туралы пікірлерді де кездестіреміз. Мысалы: Ауылдың маңы –
терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп (Абай). Бəрінен бұрын өзің ту-
ралы бірінші хатшымыздың пікірі жақсы екен (З. Шүкіров). Анна
есікке беттеді (Л. Толстой). Бүгін бұл сөздерде дағдылы арман
жалын сезім тəрізді жарық сəуле елесі бар (М. Əуезов).
Осы сөйлемдерде: ауылдың маңы – бастауыш; өзің тура-
лы – толықтауыш; есікке қарай – пысықтауыш; сезім тəрізді –
анықтауыш тəрізді сөйлем мүшелері бар. Олар негізгі сөздер
мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалып отыр.
Осы уақытқа дейінгі еңбектерді шолу барысында əрбір сөйлем
мүшесінің жасалуында көмекші сөздердің қатысы туралы мы-
наны білуге болады. Бастауыштың жасалуында профессор
М. Балақаев, Ж. Болатов көмекші есім, көмекші етістік тура-
лы сөз етсе, С. Аманжолов, М. Бектұров, М. Серғалиев мектеп
грамматикасында оған тоқталмайды. Толықтауыштың жаса-
луында М. Балақаев, М. Томанов туралы, жайында, жөнінде
демеулерін атаса, С. Аманжолов ол демеулермен бірге көмекші
есім, көмекші етістіктерді де көрсетеді. Анықтауыштардың жа-
салуында профессор М. Томанов модаль сөздер мен есімше фор-
малы де етістігінің тіркесі арқылы жасалады десе, М. Балақаев,
С. Аманжолов көмекші сөзді анықтауышқа тоқталмайды. Түр-
кологияда А. Жапаров бастауыштың жасалуында болса части-
цасы мен де көмекші етістігі арқылы қолданылатындығын анық-
тады [41, 9].
Бұл пікірлерге қарағанда, сөйлем мүшелерінің жасалуын-
да қалай да көмекші сөздердің орны ерекше. Жалпы, көмекші
сөзді сөйлем мүшелері туралы айтқанда, қандай сөз таптарына
қандай көмекші сөздер сай келіп, олар қандай сөйлем мүшесін
құрайтындығы жан-жақты талқылау объектісіне айналған емес.
Орыс тіл біліміне көз жүгіртсек, сөйлем мүшелерінің жасалуын-
да толық мағыналы сөздермен бірге көмекші сөздердің сөйлем
мүшесін жасаудағы қызметі соңғы кезде арнайы сөз бола баста-
ды [42, 85]. Сол тəрізді көмекші сөздердің рөлі туралы орыс
тілінің маманы В.В. Бабайцева
[43,56], Д.С. Маслов та орынды
пікір айтқаны мəлім [44, 219].
424
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Лингвистикалық əдебиеттерде негізгі сөздер лексикалық ма-
ғынаға, морфологиялық өзгеріске жəне синтаксистік қызметке
ие, ал көмекші сөздерде ондай қасиеттер жоқ деп беріледі.
Көмекші сөздер тобы негізінде морфологияда қаралып келеді.
Негізгі сөздерге бұл салада арнайы тоқталып, жан-жақты тал-
дайды да, көмекші сөздерді тек көмекші деумен ғана шектеледі.
Яғни көмекші сөздердің өзіндік ерекшелігі морфоло гияда ег-
жей-тегжейлі ашылмайды. Оның түрлі қырлары еленбейді, сон-
дықтан да олар біржақты талданумен ғана шектеледі. Оның бұ-
лай болу себебі морфологиялық талдауда əрбір сөзді, бірінші-
ден, бір-біріне қатыссыз, жеке-жеке талдаса, екіншіден, онда
əрбір сөздің тұлғалық ерекшеліктеріне ғана басты назар ау-
дарылады. Толық мағыналы сөздер өз бетінше жұмсала ала-
тын болса, көмекші сөздер өз алдына жұмсала алмайды. Соған
орай көмекші сөздердің сөйлемнің соңында келуі оның əртүрлі
реңктік ерекшелігін ашпаса, оның мағыналық, синтаксистік
ерекшеліктеріне əсер етпейді. Сонымен, негізгі сөз таптарымен
түйдекті түрде жұмсалып, сөйлемнің синтаксистік қызметіне əсер
ететіндері – сөйлем ішінде қолданылған көмекші етістік, көмекші
есім, шылау, модаль сөздер. Енді сол көмекші сөздердің сөйлем
мүшесін жасаудағы қызметін жеке-жеке көрсетелік.
1) Шылаулар. Тілімізде шылаулар деп аталатын топқа мына-
лар жатады: дейін, шейін, қарай, əрі, бері, таман, шамалы, мен,
гөрі, басқа, үшін, туралы, арқылы, сайын, себепті, қарай, да, не-
месе, я болмаса, бірақ, өйткені, себебі, сондықтан, əлде, мейлі,
біресе, кейде, ғана, сол жайында, бекер, егер, онда, т.б. Оларды
сөйлемде атқаратын қызметіне қарай жалғаулықтар, демеуліктер,
септеуліктер деп бөледі. М. Балақаев шылауларға көмекші есім-
дерді де жатқызады [33, 52]. Шылаулардың осы түрлерінің сөй-
лемде өзіндік орны бар. Демеуліктер мен жалғаулықтар сөйлем
ішінде мол қолданылғанымен, сөздердің сөйлем мүшелік қызметіне
əсер етпейді. Бірақ сөйлемде мұндай қызметі болмағанымен,
олардың да өзіндік стильдік қызметтерінің барлығы айқын.
Шылаулардың ішінде есім сөздермен түйдектесіп, олардың син-
таксистік қызметіне өзіндік əсер ететін тобы – септеулік шылау-
лар. Септеулік шылаулардың өздеріне қатысты сөздердің мағы-
насын айқындаудағы рөлі көбіне біркелкі, яғни өзіне қатысты
сөздің мағынасын толықтырушы деп көрсету орынды.
425
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Достарыңызбен бөлісу: |