Талғат сайрамбаев


Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш



Pdf көрінісі
бет216/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   332
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш 
арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада оны-
мен тікелей байланыстағы жəне өзіндік сұраулары бар сөйлем 
мүшесі.
Бастауыштың сұраулары
Н. Сауранбаев, М. Томанов, Р. Əміров еңбектерінде баста-
уыштың сұраулары берілмейді. М. Балақаев, X. Арғынов еңбек-
терінде де бастауыштың сұрауларының толық берілмегенін 
көруге болады. X.Арғынов ондай сұраулар ретінде кім, не, кімі, 
несі сұрауларын алумен ғана шектеледі. Сонда, бастауыштардың, 


436
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
біріншіден, көптік жалғауда келуі ескерілмейді, екіншіден
тəуелдік жалғаулы түрінде келетін сұраулардың тек үшінші жағы 
ғана алынып, ал бірінші, екінші жақтағы сұраулары еленбейді де
М.Балақаев кім? кімдер? не? нелер? түрінде ала келіп, тəуелдік 
жалғаудың тек үшінші жағындағы түрлерін алады. Бірақ автор 
1971 жылғы еңбегінде бастауыштың сұраулары көптік, тəуелдік
жалғауларда жұмсалуына қарай өзгеруі мүмкін деп ескертіп отыра-
ды [16,86]. Бастауыштың сұрауларының біразы С. Аманжоловтың 
еңбегінде берілген. Автор 1939 жылғы мектеп грамматикасында 
мына сұрауларды берген: кім, не, кімі, несі, кімің, нең, нем, кімдер, 
нелер, нешеуі, қаншасы. Бұл сұрауларда кім, не, неше, нешеуі, 
қанша сұраулары негіз болады да, неше, қанша сұрауларының тек 
ІІІ жағы, ал кім, не сұрауларының да ІІІ жақта тəуелденіп келуі 
берілген. Бірақ олар бастауыш сұрауларының көптік жалғауда 
келіп те, ІІІ жақта тəуелденіп барып жұмсалатынын ескермейді 
[17,9]. С. Аманжолов бастауыштың сұрауларын соңғы ғылыми 
еңбегінде бермеген [18]. Түркітану əдебиеттерінде (А.Н. Кононов, 
Н.А. Баскаков, Е.И. Убрятова, сол сияқты қазіргі өзбек, қарақалпақ, 
ұйғыр тілдерінде) бастауыштың сұрауларын қарастырмайды. Жал-
пы алғанда, бастауыштың сұраулары көбіне мектеп, педучилище-
ге арналған оқулықтарда қаралады да, жоғары оқу орындарына 
арналған еңбектерде онша елене бермейді. Біздіңше, əрбір сөйлем 
мүшелерінің сұраулары барлық жерде берілуі орынды дейміз. Осы 
күнгі оқулықтарда беріліп жүрген сұрақтар түгел емес, көбіне 
кім?не? сұрақтары беріледі де, оның көпшесі бірде беріліп, бірде 
берілмейді. Ал тəуелдік жалғау тұлғалы сұрақтар екі түрлі бағытта 
беріледі. Көбінде тек III жақтың кімі? несі? деген сұрақтары не-
месе олардың тек жекеше түрін берумен ғана шектеледі. Кім? не? 
сұрақтарынан басқа қанша, нешеу сұрауларының тəуелді тұлғалы 
түрі ғана беріледі. Негізінде бастауышты жақсы тануда оның 
тұлғасымен бірге сұрақтары да түгел қамтылу керек. Осы жағынан 
келгенде біз бастауыштың сұрауларына мыналарды жатқызамыз: 
Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? 
Кімдерім? Нелерім? Кімдерің? Нелерің? Кімдеріңіз? Нелеріңіз? 
Кімдері? Нелері? Қайсысы? Қаншасы? Нешеуі? Нешесі? 
Бастауыштық тұлға. Əрбір сөйлем мүшесіне тəн өзіндік 
тұлғасы болатыны белгілі. Сол сияқты бастауыштың да өз жасалу 


437
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жолы бар. Бастауыштың тұлғасы жайлы қазақ тілі мен түркітану 
əдебиеттерін шолу жасау барысында əртүрлі өзгешеліктерді 
көруге болады. Қазақ тіл білімінде бастауыштық тұлға бірнеше 
бағытта айтылады. Біріншіден, Р. Əміров жалпы бастауыш туралы 
жан-жақты айта келіп, оның тұлғалық жағына тоқталмайды [19]. 
М. Томанов бастауыштың тек атау тұлғада қолданылуын ғана айт-
са [20], С. Аманжолов, X. Арғынов [21] көптік жалғаулы тұлғаны 
ескермейді. Бірақ С. Аманжоловтың «Біздің Отанымыздың ба-
лалары бақытты» деген сөйлемдегі балалары зат есімді баста-
уыш деуіне қарағанда автор оны, арнайы айтпағанымен, негізінен 
бұл жайтқа назар аударғанын көруге болады. Н. Сауранбаев, 
М. Балақаев, Ғ. Əбухановтар бастауыштық тұлға ретінде нөлдік, 
көптік жалғаулы сөздерді атаса, М. Балақаев «Бастауыштар кей-
де» формаланбаған ілік септігінде де айтылады, ондай ілік сеп-
тікті бастауыштар сөйлемнің баяндауышы не тəуелдік жалғауда-
ғы сөз болып, не тəуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың 
құрамында болып келеді» деп көрсетеді
[22]. А. Жапаров: «Менің 
оқығым келіп тұрады, саған қорқуға болмайды» деген сөйлем-
дердегі менің, саған сөздерінде логикалық жағынан бастауыштың 
мəні бар екенін, бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан 
бастауыш бола алмайтындығын дұрыс көрсетеді. Автордың мына 
мəселеге де назар аударуы орынды. Бірінші сөйлемдегі оқығым 
тəуелдік жалғаулы сөз – грамматикалық жағынан бастауыштық 
тұлғадағы сөз. Бірақ ол сөзді бастауыш деп ұғатын болсақ, келіп 
тұрады тіркесінде тиянақтау жағы жетіспейтіндігін, сонда тек 
менің сөзі қосылғанда ғана тиянақты баяндауыш бола алатын-
дығын дұрыс айқындайды [23].

Осыған байланысты ілік, ба-
рыс жалғаулы сөздер бастауыш туралы мағлұматты ғана бере 
алады дейді. Қазіргі өзбек əдеби тілі синтаксисінің авторлары 
бастауыштың тұлғалы екенін (нөлдік, көптік, тəуелдік) айтып, 
бір бастауыштық тұлғада, тіпті, екі жалғаудың қабат келуін де өз 
тілі материалдары арқылы дəлелдейді. Кейде «Магазинге ажойиб 
узумлардан келди» деген сөйлемдегі узумлардан шығыс жалғаулы 
сөздер де бастауыштық қызметте жұмсалады дейді [24]. Осы 
іспетті ойды Г.Д. Санжеев моңғол тілінде де шығыс жалғаулы 
сөздер бастауыштық қызметте жұмсалады деп көрсетеді
[25]. 
Бірақ осы екі тілді зерттеуші ғалымдар мұндай жалғаулы сөз-


438
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дердің бастауыш болуын тек логикалық жағынан ғана болып 
тұратындығын айтпайды. 
Е.И. Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада 
болу керек екенін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бас-
тауыш қана емес, анықтауыш, баяндауыш сөйлем мүшелері де 
бола береді деп жəне якут тілінде бастауыш болатын сөздерді 
тек мағынасына қарай ажыратуды ұсынады
[26,92]. Осы берілген 
материалдарға қарағанда, қазақ тілі мен жалпы түркологияда 
бастауыштық тұлғаның берілуінде əртүрлі көзқарастар бар. 
Қазақ тіл білімінде негізінде бастауыштық тұлғалар (көптік, 
тəуелдік, атау тұлғада) əртүрлі авторда əртүрлі айтылғаны бол-
маса, жалпы бастауыштың тұлғасы бір бағытта қарастырылады. 
Бірақ тек М. Балақаев қана формаланбаған ілік септігі де бас-
тауыштық тұлға деген ғана ерекшелікті айтты. Ал түркітану 
еңбектерінде А.Н. Баскаков жалпы бастауыштық тұлғаны еле-
месе [27,40], А.Н. Кононов ұйғыр, қарақалпақ тілдерінің син-
таксистерінде бастауыштық тұлғаның тек атау септігінде 
келуін ғана негізге алады [28]. Якут тілінде бастауышты ажы-
ратуда тек мағыналық жағына назар аударса, моңғол, өзбек 
тілдерінде шығыс, т.б. септіктерін алуы ол тілдердің ерекше-
ліктері дейміз. Кей тілдерде, сол сияқты қазақ тіл білімінде
бастауыштық тұлға ретінде ілік, барыс, шығыс септіктерін де 
алу, негізінен, бастауыштың логикалық жағына назар аударудан 
туған пікір деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет