Талғат сайрамбаев


 Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы



Pdf көрінісі
бет209/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

7. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы
Сөйлем мүшелерінсіз сөйлем құралмаған болар еді. Сөйлем 
мүшелері де сөйлемнің ішкі ерекшеліктері, бөлшектері болып 
табылады. Сондықтан сөйлем мүшелері сөйлем бар жерде ғана 
өмір сүре алады. Солар арқылы ғана сөйлемнің ішкі ерекшеліктері 
айқындалады. Бірақ сөйлем қаншалықты көптеген синтаксистік 
категорияларды өз бойына қамти алады дегенімізбен, кейде сөй-
лемдердің өздері де сөйлем мүшелерінің аясында қаралатыны 
айқындалып отыр. «Болды ғой, енді қойсаңдаршы» деген белгі 
беріп, алаңға қарай ол қол сілтейді (Б. Момышұлы). «Тірі бол-
сам, журналист болуым керек» деген ой менің басыма сонда ғана 
ұялаған еді (Ə. Нұршайықов). «Білімнің құдіретін, тілдің құпия-
сын тұңғыш рет сонда түсіндім» деуіне əбден жарар (О. Бөкеев).
Бірінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар: 1. а) болды 
ғой, енді қойсаңдаршы; ə) белгі; б) беріп; 2. а) алаңға қарай; ə) ол; 
б) қол; в) сілтейді. Екінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар: 
а) тірі болсам журналист болуым керек; ə) ой; б) менің басыма; 
в) сонда ғана; г) ұялаған еді. Үшінші сөйлемде мынадай сөйлем 
мүшелері бар: а) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш рет 
сонда түсіндім; ə) əбден; б) жарар.
Осы əрбір сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің əрқайсысы бел-
гілі бір сөз таптарынан жасалған. Ал осы үш сөйлемдегі:
а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; б) тірі болсам журналист 
болуым керек; в) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш 
рет сонда түсіндім – дегендер де əрбір сөйлемді құрауға қа-
тысып отыр. Жеке алған кезде бұл үш топтың əрқайсысы –
өз алдына сөйлем. Əрқайсысы жеке алғанда біршама тиянақты 
ойды білдіреді. Əрі іштей жеке-жеке сөйлем мүшелеріне талдауға 
əбден болады. 
Сөйтіп, осы үш сөйлем өзара құрмалас та, жай сөйлем түрін-
де де өзі қатысты сөйлемдердің ішінде қолданылып отыр. Біз 


421
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бұл арада жоғарыда көрсетілген үш сөйлемнің ішінен тағы да 
үшеуін шығарып, əдеттегідей бұларды да іштей талдауға бола-
тынын көріп отырмыз. Бұл соңғы үш сөйлемнің де баяндауыш-
тары қаншалықты тиянақты түрде (болды ғой, қойсаңдаршы, 
болуым керек, түсіндім) болғанымен, сол сөйлемдердің ішінде 
не салалас, не сабақтас сөйлемнің бір сыңары ретінде жұмсала 
алмайды. Оларды құрмалас сөйлемнің бір сыңары ретінде тели 
алмаудың басты себебі ол сөйлемдер баяндауыштың тұлғалық 
қасиетіне ие бола алмайды. Оның үстіне, ол сөйлемдердің баян-
дауыштары қаншалықты тиянақты болғанымен, өздері қатысты 
сөйлемде басқа сөйлем мүшелерімен түрлі дəнекер сөздер 
арқылы ғана байланыса алады. Объектіге алынған сөйлемдер 
өзі қатысты негізгі сөйлемдердің ішінде əдеттегі сөйлем мүшесі 
қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен тұрақты тіркесті топтар 
сияқты сөйлемнің аясын кеңейтіп тұр. Ол сөйлем өзінен кейін 
жұмсалған түрлі көмекші сөздер (көбіне көмекші етістік) арқылы 
сол сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметінде жұмсала алатын дəреже-
ге ие болып отыр. Мұның өзі сөйлем ішінде сөйлемдер де ретіне 
қарай сөйлем мүшесі болып жұмсалатындығын көрсетеді. Мұндай 
процесс – тілдегі бар синтаксистік категориялардың бірінің ор-
нына екінші бір синтаксистік категориялардың ауысу процесі 
болатындығының бір көрінісі. 
Сонда, а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; ə) тірі болсам жур-
налист болуым керек; б) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын 
тұңғыш рет сонда түсіндім сөйлемдері көмекші етістігі арқылы, 
сол көмекші сөздердің тұлғасына қарай олардың да синтаксистік 
қызметі айқындалса керек. Мəселен, болды ғой, енді қойсаңдар-
шы, тірі болсам журналист болуым керек сөйлемдері есімше 
тұлғалы де етістігі арқылы белгі, ой сөздеріне анықтауыш, ал 
білдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш peт сонда түсіндім сөйлемі 
барыс септікті де көмекші етістігі арқылы жарар етістігімен 
тіркесіп, толықтауыш қызметінде жұмсалған. Сөйлемде тек сөз 
таптары ғана сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалмай, кейде өзара 
бастауыштың, баяндауыштың құрамындағы сөйлемдер де таза 
немесе түрлі көмекші сөздердің дəнекері арқылы сол тобымен 
сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала алады 
екен. Сонымен, жоғарыдағы негізгі үш сөйлемнен бөліп, арнайы 


422
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қарап отырған үш қосалқы сөйлеміміз де сөйлем ретінде қаралуға 
тиіс болғанымен, оларға дəнекер қызметтегі көмекші сөздердің 
əсерінен олар сол тобымен сөйлемнің бір-ақ мүшесі ретінде 
жұмсалады. Бұл факт тілімізде бұрыннан бар болса да, əзірше 
қазақ тіл білімінде ешбір сөз болып қозғалған емес. 
Дегенмен бұл туралы алғашқы мағлұматты А.Байтұрсынов-
тың еңбектерінен кездестіріп те отырмыз. Автор: Сенікі, менікі 
деген көңіл тарлығы. Əрі жат, бері жат деген төсек тарлығы 
деген сөйлемді талдай келіп, осындағы сенікі, менікі, əрі жат, 
бері жат дегендер өзара сөйлем болып табылады, олар да етіс-
тігі арқылы енді бастауыш қызметінде жұмсалған дей келіп, автор 
сөйлемдер де сөйлем мүшесі болатынын тұңғыш рет көрсетеді. 
Жəне де ондай сөйлемдердің басқа да, яғни баяндауышы бо луы 
туралы да арнайы сөз қозғайды [37, 8]. Сөйлемнің де бастауыш 
қызметінде жұмсалуы туралы орыс тілінің академиялық грамма-
тикасында аздап сөз болды [38, 8]. Ал түркологияда бастауыш 
туралы диссертациялық жұмыс жазған Ш.Ш. Шаазизов: Бесі 
барлар қол көтерсін деген сөйлемді талдай келіп, бесі барлар 
бастауыш пен баяндауыштан құралған бастауыш деп береді. Сол 
сияқты: звонок чалиниб, до рога кешикканлар, илтимое, бү дарс-
дан кейин қайтарилмасин дегендегі бірінші сөйлемдегі бастау-
ыштар жай сөйлем де, екінші сөйлемдегі бастауыштар құрмалас 
сөйлемнен жасалған дейді [39, 30]. Ш.Ш. Шаазизовтың сөйлем-
нің де сөйлем мүшесі болады деуі – дұрыс идея, бірақ оның не-
гізгі мəнін ашып бере алмайды. Оның көрсеткен тұлғалық 
ерекшеліктерінің барлығы да қазақ тіл білімінде бұрыннан айты-
лып келе жатқан бастауыштар. Қазақ тілінде ондай бастауыштар-
ды күрделі бас тауыш немесе үйірлі бастауыш дейтін топта қарап 
келе жатқанымыз айқын. М.З. Закиев «Білегі жуан бірді жығады, 
білімі мол мыңды жығады» сөйлемін талдай келіп, сөйлемнің де 
сөйлем мүшесі болуын осы тұрғыда қарайды
[40, 27].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет