439
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ыштар ашық та, жасырын да бола береді. Егер сөйлемдерде баста-
уыштар жа сырын тұрғанымен, баяндауышы арқылы таба алсақ,
бəрібір сөйлемнің бастауышы бар деп білетін боламыз. Ал сөйлем
жақсыз болған жағдайда онда сөйлемнің
ішінде субъектінің
қызметін дəл атқарғанымен, сол дəрежеде ойға қатысты сөздер де
болатыны айқын. Енді ондай сөйлемдерде бастауыш жоқ, бірақ
басқа септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға қатысты айтылуы тиіс
болады. Бірақ ол сөздер əдеттегі грамматикалық бастауыштарға
қарағанда субъектілік қызметі бəсең, мұндай сөйлемдер үнемі
кездеседі. Мазмұны жағынан келгенде грамматикалық бастау-
ыштар өзінің баяндауышымен жақ, сан жағынан қатысатын бол-
са, логикалық бастауыштарда ондай қасиет бола алмайды. Біздің
жасөспірімдердің жазғы сынаққа ойдағыдай əзірлікпен кірісулері
керек («Лениншіл жас»).
Бұл сөйлемнің баяндауышы кірісулері
керек күрделі сөздер, демек осы сөйлемдердің грамматикалық
бастауыштарын іздеп тауып алуға болмайды. Сонда ол баян-
дауыштарды
маған, саған, оған кірісулері керек сияқты 3 жақта
бірдей айыруға болады. Бұл
енді осындай бастауышы жоқ
сөйлемдердің де ішінде бүкіл сөйлемдегі ойға ие болатындай
сөздер болуы тиіс. Ондай сөздер грамматикалық жағынан баста-
уыш бола алмайды да, тек логикалық, яғни ойлау тұрғысынан
ғана бастауыш қызметін атқарады.
Жоғарыдағы сөйлемдегі не-
гізгі логикалық бастауыш шығыс жалғаулы
əзірлік сөзі. Бұл
сөйлемдегі негізгі əңгіме болатын ой осы сөз төңірегінде болады
да, ол сөз сөйлемнің бастауышы ретінде қалыптасқан. Тұлғасы
жағынан қазақ тіл білімінде де, түркітануда да əртүрлі айтыла-
ды. А. Жақыпов қырғыз тілінде логикалық бастауыш ретінде ілік,
барыс, шығыс
септікті сөздерді жатқызса, С. Аманжолов барыс,
ілік жалғаулы сөздерді жатқызады. Ал М. Балақаев көбіне ілік
жалғаулы сөздерді қатысты деп біледі. Грамматикалық баста-
уыштардың ашық та, жасырын да түрін айқындау онша қиынға
түспегенімен, сөйлемдегі логикалық
бастауышты табудың жо-
лын жақсыз сөйлем жүйесінен іздеу, сол арқылы бағдарлау орын-
ды демекпіз.
Сонымен, сөйлемдерімізде грамматикалық та, логикалық та
бастауыштар тиісті орын ала келіп, тілдің белгілі бір элементі
ретінде қажетті бөліктері болып табылады.