Талғат сайрамбаев


 Бастауыштың жасалу жолдары



Pdf көрінісі
бет218/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   332
3. Бастауыштың жасалу жолдары
Бастауыш, оның жасалу жолы туралы мектептер мен жоғары 
оқу орындарына арналған оқулықтардың барлығында да айтыла-
ды. Бірақ ол еңбектерде бастауыштардың жасалу жолдары нақты 
қаралды дей алмаймыз. Өйткені бұл мəселе көбіне сөз таптары 
тұрғысынан сөз етіледі де, олардың басқа-басқа топтары туралы 
онша сөз бола бермейді. Біз бастауыштың жасалу жолын бірнеше 
топқа бөліп қарастырамыз. Олар мыналар: 1. Негізгі сөз тапта-
ры арқылы; 2. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің тіркесі арқылы; 
3. Тұрақты тіркестер арқылы; 4. Сөйлемнің сөйлем мүшесі бо-
луы арқылы; 5. Жеке дыбыстардың қатысы арқылы; 6. Сөз тіркесі 
арқылы. 
Əрине, бастауыштың осы көрсетілген жасалу жолдарының бə-
рінің дəрежесі бірдей емес. Сондықтан да осы күнгі еңбектерде 
бастауыштың жасалу жолында сөз таптары басты орынға 
қойылады да, одан басқа жасалу жолдары кейбір зерттеушілерде 
бір-екі сөз келтірумен шектеледі. Шынында, бастауыштың жа-
салу жолында осы топтардың ішінде басты орынды сөз таптары 
алатыны айқын. Дербес мағынасы бар сөз таптары – бастауыштың 
жасалуының ең негізгі шарты. Дегенмен басқа топтың да 
сөйлемде қолданылу жағынан белгілі дəрежеде қызметі ерекше. 
Бастауыштың жасалуындағы осы топтың бəрінде де негізгі бір 
принцип – олардың барлығы да бастауыш қызметінде жұмсалған 
кезде, сол дербес мағынасы бар сөз таптарының бастауыштың 
мағынасын беруі. Осыдан барып бастауыштың тұлғасы, негізінен, 
нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғаулары деп білеміз. Бұл үш 
тұлға – бастауыштың жасалуындағы басты тірек. Осы үш тұлға 
арқылы дербес мағынасы бар сөз таптары мен көмекші сөздер, сөз 
тіркестері, сөйлем, тіпті тұрақты тіркестер де жұмсала алады. Бірақ 
бастауыштың жасалуындағы мұндай тұлғалар сөз таптарының 
өзінде бірінде аз, бірінде бірнешеу болып келеді. Нөлдік, тəуелдік 
тұлғалы бастауыш қызметінде көбіне есімдер, соның ішінде зат 
есім, есімдіктер мол қолданылса, басқа сөз таптары тіпті талғап ба-
рып қана жұмсалады. Үстеулер негізінде морфологиялық жағынан 
өзгермейтін сөз табы десек, қазіргі кезде септеліп те, көптеліп те 
келгенімен, бəрібір өзінің пысықтауыштық қызметінде ғана бо-


441
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лып, олардың тек тəуелдену тұлғасы ғана бастауыш қызметінде 
жұмсалатындығын көруге болады. Негізгі сөз бен көмекші 
сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бастауыштарда көмекші 
сөздерінің тұлғасы ғана бастауыштық тұлғаны айқын дауда басты 
фактор болады. 
Сонымен, бастауыштың жасалу жолындағы осы топтарды же-
ке-жеке беріп, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін сөз етеміз. 
Бірақ бастауыш болатын сөздер тек нөлдік, көптік жəне тəуелдік 
тұлғада ғана келіп қоймайды. Бас тауыш боп негізгі сөздермен 
қатар шылаулар (септеулік) жəне са тұлғалы бол етістігі де жұм-
салады. Мысалы: Ағайын-ауқым, шеше-туысқан болса бұл ниетті 
білмейді (М.Əуезов). Бұл жұмыстың сырын Балғабектің бала-
шағасына дейін біледі («Жұлдыз»). Бұл сөйлемдердегі асты сы-
зылған бастауыштар біріншісі атау тұлғалы сөздерге болса 
етістігінің, ал екінші сөйлемде барыс жалғаулы сөзге дейін шы-
лауының қатысы арқылы логикалық бастауыштар жасалған. 
Қазіргі бұл екі тəсіл де тілімізде мол орын алуда. Осындай тұл-
ғалы сөздерді бастауыштық тұлға деу мəселесі де қазіргі кезде 
қиындық келтіріп жүрген мəселе. 
Қорыта келгенде, бастауыш болатын сөздер – арнайы да жəне 
қосымша тұлғалық ерекшеліктерге бай. Оған қоса логикалық 
бастауыштар деп аталатын бастауыштар да – өзінше бір мəселе. 
Бастауыштарды құрамына қарай дара жəне күрделі деп бөлу 
орынды. Бірақ оның күрделі топтарының жасалуына келгенде 
бірізділік жоқ. Сондықтан біз əрбір сөз табының дара жəне күр-
делі түрлерінің бастауыш жасаудағы құрылымын негізге алдық. 
Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет