Талғат сайрамбаев


Модаль сөзді баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет259/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   332
Модаль сөзді баяндауыштар
Күрделі баяндауыштың жасалуында модаль сөздер сөйлем 
соңында етістікпен де, есіммен де тіркесе келіп, негізгі сөзге 
көмекшілік қызмет атқаратындығы белгілі. «Қазақ тілі граммати-
касы» оқулығында күрделі баяндауыштың жасалу жолдары деген 
бөлімінде модаль сөздер туралы былай дейді: «Керек сөзі екі түрлі 
мағынада, яғни негізгі лексикалық мағынасында жəне модальдық 
мағынасында жұмсалады. Модаль мағынасында таза көмекші сөз 
орнында қолданылады. Мысалы: Колхоз шаруашылығына білгір 
мамандар керек («Лениншіл жас»). Құнанбайдың бүгін əдейі то-


520
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сып отырған адамдары болу керек (М.Əуезов). Бірінші сөйлемде 
керек сөзі зат есіммен тіркесіп, міндеттілік мағына берсе, екінші 
сөйлемде етістікпен тіркесіп, болжау мағынаны білдіреді» 
делінген. М.Балақаев модаль сөздер есім баяндауыштармен 
тіркесіп, күрделі баяндауыш болатындығын айтады. Бірақ оны 
күрделі баяндауышқа емес, құрама баяндауыштың жасалу түріне 
жатқызады. Мысалы: Ағаштардың басындағы тығыз, бұйра, қара 
көк жапырақтар баса киген папах тəрізді (Ғ.Мұстафин). Модаль 
сөзді баяндауыштар тек есімдермен ғана емес, етістіктермен де 
тіркесіп келіп, күрделі баяндауыш бола алады. Оны мына мы-
салдардан көруімізге болады: Өмірдің ащы-тұщы, қайғы-қуаныш 
дегендері ойына да кіріп шықпайтын сияқты (Ғ.Мүсірепов).
Таза модаль сөздерінің келуі арқылы: Кітаптардан шын 
мəнісінде уақыт белгісі болып табылатын нəрсені іздеу жəне та-
уып алу қажет (A.А.Фадеев). Сырдың суы түсіп кетсе, өткел 
бермейтіні рас (Ғ.Мүсірепов). Жасы жеткен адамға ұстамдылық 
та қажет (Ə.Тəжібаев). Түрлі модаль сөздерге е, де көмекші 
етістіктерінің тіркесуі арқылы: Осынау аспапты алғаш жасаған 
өнерпазға көз алдында тұрған киіз үйдің əсер етпеуі мүмкін 
емес-ау (Ж.Əлмашев). Маған біреудің малының қажеті шама-
лы, Құдай өз малымды өзіме бұйыртса, содан артық маған түк те 
керек емес (С.Мəуленов). Достыққа құл да, қожа да қажет емес 
(И.А.Гончаров).
Кейде модаль сөзге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы: 
Сенің бұлай ойлауың мүмкін емес еді. Кейде ондай қабаттасып 
жұмсалған көмекші етістіктерден кейін тағы да көмекші 
етістіктердің тіркесі арқылы: Надандық – қу дала, оны өңдеп
ұрық себуге болады, жалған оқымыстылық – бидайық басып кет-
кен өңір, оны отап бітіру мүмкін емес десе де болады (Ч.Канту). 
Модаль сөздерден кейін көру, бол, жоқ, кейде олардан кейін 
тағы да бір көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Барлығын да 
өз қолымызбен істеу қажет болды (А.Макаренко). Содан бері 
бұл лента, əсіресе, тұтқындағыларға тергеу жүргізу үшін мүмкін 
болмай қалған (Ю.Семенов). Кез келген игі іс ə дегенде мүмкін 
еместей көрінеді (Т.Карлейл). Айтпашы, Дəурен, ондайда, сенен 
басқа маған ешкімнің керегі жоқ (Т.Кеңесбаев).


521
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет