Талғат сайрамбаев


Бар жəне жоқ сөздері арқылы баяндауыштың жасалуы



Pdf көрінісі
бет260/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Бар жəне жоқ сөздері арқылы баяндауыштың жасалуы
Бар, жоқ сөздерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы: Əрекет 
болмай – берекет жоқ, Еңбексіз – рахат жоқ (Мақал). Оң жақта аз 
отырған жоқ (М.Мағауин). Сұрамақ пен білмек бар (М.Əуезов). 
Бар, жоқ сөздерінен кейін көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: 
Мұндай мінезі жоқ еді ғой! (М.Мақатаев). Даусында əрең ұстап 
қалған ызғар бар еді (Ғ.Мүсірепов). Бөлмеде өзінен басқа тірі 
пенде жоқ еді (Н.Сералиев). Ондай сөздерге «бол» көмекші 
етістігінің тіркесі арқылы: Оның өзінде кассада билет бар болса 
деңіз (Ш.Айтматов).
Бар, жоқ сөздеріне түрлі модаль сөздердің тіркесі арқылы: 
Профессордың бекітуінше, жер астымен ағатын өзен əлі бар 
сияқты (С.Мұқанов). Бершіл бір жəрдем етпесе, өзгелерден үміт 
жоқ секілді (Ғ.Мүсірепов). Кісі көзінен таса жерде жалғыздан-
жалғыз байқап еді, əзірге аяқ алысында мүдіріс жоқ тəрізді, 
тайпалмай ұйытқып тұр. Кейде бар, жоқ сөздері ортақ түрде де 
жалғана береді: Астында – жүйрігі, алдында – малы, артында – 
атағы да жоқ (С.Сматаев).
Бар, жоқ сөздері өзара тіркесіп барып немесе бір сөздің 
қайталануы арқылы да баяндауыш жасала береді: Оған Ленька 
ғана жақтасып жүр, бірақ оның барынан жоғы (Ш.Айтматов). Сол 
балаға, сол үйге байланысты мұның əке-шешесінде бір сыры бары 
бар (Б.Нұржекеев). Бар, жоқ сөздерінен соң де көмекші етістігінен 
кейін тағы да көмекші етістіктердің келуі арқылы: Сенің аузың 
«иə» дегенмен, бет-бейнең «жоқ» деп тұр (Абдуль-Фарадж).
Көмекші сөзді баяндауыштар
Көмекші етістікті баяндауыш. Баяндауыштың көмекші етіс-
тіктер арқылы келуі барлық еңбектерде айтылып келеді. Қазақ 
тілінде көмекші етістіктер көп. Жəне олар аса жиі қолданылады. 
Көмекші етістіктер тиянақсыз тұлғадағы негізгі етістіктермен 
тіркесіп, оның мағынасын тиянақтап тұрады. Мысалы: Таң бозарып 
атып келеді. Коля кеткелі жатыр (Ғ.Мүсірепов). Жарқыраған май 
күні тамылжып тұр (М.Əуезов). Негізгі етістіктер мен көмекші 
етістіктер түйдекті топ құрып, күрделі баяндауыштар болғанда, 


522
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
субъектінің қимыл процесінің əртүрлі құбылыстарын, қимылдың 
басталу, аяқталу кезеңін, созылыңқылығын, дүркінділігін біл-
діреді. Алдындағы жоғарғы мысалдардың біріншісі істің баста-
лып келе жатқанын білдірсе, екіншісі істің болып жатқан кезеңін 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет