533
Қазіргі қазақ тілі
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
§1. Синтаксис жəне оның объектілері
Синтаксис (грекше syntaxis) – грамматиканың морфоло-
гия сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең құқықты
əрі өзара тығыз байланысты бұл
екі саласының қарастыратын
объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мəселелері
болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құры-
лысын, сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын
зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай не-
гізгі екі салаға бөлінеді:
1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда
сөздердің
өзара тіркесу қабілеті, тіркесу тəсілдері мен формала-
ры, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері қарастырылады.
2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері,
сөйлемнің құрамы, олардың түрлері анықталады.
Синтаксис бұл мəселелерді
сөздердің грамматикалық құ-
рылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған
нəрсе
деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады.
Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де
грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен мор-
фология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да
синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем –
адамның ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тірке-
сін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін жəне
басқа
синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің граммати-
калық тəсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде
зерттейді. Синтаксис сөздерді
сөйлемнің бөлшектері ретінде,
ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып
тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде қарас-
тырады.
Сөйтіп,
сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын
зерттейтін ілімді синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын
да сол термин арқылы атаймыз.