Талғат сайрамбаев


§2. Синтаксис мəселелерін зерттеу тарихынан мағлұмат



Pdf көрінісі
бет269/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§2. Синтаксис мəселелерін зерттеу тарихынан мағлұмат
Əрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері бола-
ды. Қазақ тілі білімінің бұғанасы бекіп қалыптасқан қай саласын 
алсақ та, олардың əрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым 
салаларының даму барысында оның əдепкі біртұтас жүйесінің 
жеке мəселелері жеке сала құрап немесе сол саланың дербес 
бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.
Қазақ тілі синтаксисі мəселелері о баста жалпы сөйлем 
құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз 
тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көтеріп, оның жеке 
мəселелері көптеген ғылыми зерттеулердің объектілері бол-
ды. Қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, 
жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем 
синтаксисінен бөлініп, өз алдына синтаксис ғылымының бір сала-
сына айналды.
Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу та-
рихымен ұштастыра ұғынбайынша көп мəселенің байыбына бара 
алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде синтаксис ғылымының 
бұл саласының ұзақ тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз 
тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдардан əрі аспайды. Ол қысқа 
тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз 
тіркесі синтаксисі – енді ғана ғылыми дербестігімен оқшауланып, 
бұғанасы бекіген сала. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі 
заңды.
Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, əдетте олар 
жоқтан бар болып, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның 
ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда бола-
ды. Мысалы, химия о баста біртұтас ғылым болса, бұл күнде оның 
органикалық, органикалық емес, биологиялық, катализ тəрізді 
бірнеше салалары бар. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – 
грамматиканы да, ертеде филологтар дəл бүгінгідей саралап, жік-
жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да морфология, синтаксис 
қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін
1
.
1
Одан бұрын 1860 жылы Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизско-
го наречия» (Ученые записки Казанского университета к. ІІІ-ІV) деген, одан кейін 
1898 жылы «Грамматика киргизского языка» (Авторсыз). Н.Лаптевтің «Грамматика 
киргизского языка» деген шағын кітаптары шықты.


535
Қазіргі қазақ тілі
П.М. Мелиоранскийдің 1894-1897 жылдары орыс тілінде шық-
қан «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген екі 
кітабы олардан бұрын шыққан Казем-Бектің жəне миссионерлер 
жазған «Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да 
фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Эти-
мология» деп атап, оған синтаксис мəселелері де енгізілді. Син-
таксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мəселелер 
аралас беріледі. Бұл еңбектің сол кездегі түркітанушылардың тіл 
мəселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыру дəрежесінің бүгінгімен 
салыстырғанда төмен болғанымен, екінші жағынан, өз заманының 
қазақ тіл біліміне қосқан үлесі үлкен еді. Ол – қазақ тілі жайында 
шыққан ең бірінші əрі көлемді грамматика. П.М. Мелиоранский 
оны қазақ тілін өз ана тіліндей біліп, қазақ тілі материалдарын 
зерттей жүріп, солардың қорытындысы ретінде жазбаған, «Ал-
тай тілінің грамматикасының» үлгісімен жазған, ол екі кітапта 
баяндалған көп мəселелер əлі күнге дейін өзінің құнын жойған 
жоқ.
1920 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл – құралдары» (үш 
кітап) оқу орындарында оқулық есебінде пайдаланылған елеулі 
еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, 
сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде мағлұматтар 
берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл –
құралында» баяндалады. Бертінде, 1930-1940 жылдары қазақ 
тілінің бірнеше грамматикасы шықты, синтаксиске арналған 
азын-аулақ зерттеулер мен шағын мақалалар жарияланды
1
. Олар-
да жай жəне құрмалас сөйлем синтаксистерінің негізгі мəселелері 
біршама тəуір баяндалады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз 
қалады.
1939 жылы проф. Қ.Қ.Жұбановтың, 1939 жылы С.Аманжолов 
пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. Бұларда 
сөйлем мүшелерінің тіркесі жайында айтылғандарды сөз тіркесіне 
де қатысы бар деп қарауға болар, бірақ синтаксистің еленбей жүрген 
келелі саласы сөз тіркесі екенін де, оның жекелеген мəселелерін 
де ол авторлар ғылыми зерттеудің объектісі деп танымайды жəне 
1
Олар жайында толық мағлұматты Ш.Ш.Сарыбаевтың «Библиографиялық 
көрсеткішінен» (1965) алуға болады.


536


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет