Талғат сайрамбаев


§3. Сөз тіркесі жайындағы пікірлер



Pdf көрінісі
бет271/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§3. Сөз тіркесі жайындағы пікірлер
Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен
олардың басты ерекшелігі біртұтастығында деп есептеді. Мысалы, 
Франция түркітанушысы Ж.Денидің ізімен проф. А.П.Поцелуев-
ский былай дейді: «Два или несколько слов, представляющих 
собою одно целое с точки зрения логической и формальной, на-
зываются словосочетанием»
[5]. Осылай сөз тіркесін жеке сөзге 
балап, бір бүтін («одно целое») дейтін себебі тіркескен сөздердің 
соңғылары есептеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей 
есептелмейді. Бұл анықтама бойынша, лексикалық тіркестерді ғана 
сөз тіркесі деп тануға болатын тəрізді. Бірақ автордың келтірген 
мысалдарында, сөз тіркестерін топтастыруында ол байқалмайды. 
А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін былай бөледі: 1) детерминативті; 
2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принцип-
ке негізделгенін түсіну қиын. Дегенмен автордың сөз тіркесі 
аясына əр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға 
1
Мысалы, Е.И.Убрятованың «Исследования по синтаксису якутского языка» деген 
кітабының 69-79-беттерін қараңыз.


539
Қазіргі қазақ тілі
болады. Сондықтан Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен ай-
ырып тану керек екеніне ерекше көңіл бөледі: «Технически и 
словосочетание, и предложения представляют собой группу или 
комплекс нескольких слов. Тем не менее, принципы, по кото-
рым соединяются оба комплекса, совершенно различны. Вся-
кое синтаксическое сочетание, части которого не осознаются 
нами как внутренние связанные подлежащее и сказуемое, будет 
не предложением, а словосочетанием»
[6]. Мұндағы бастауыш –
баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бəрі сөз тір-
кесі деген пікір біраз дəлелдей түсуді тілейтін болар, бірақ 
ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының 
үлкен мəні бар. Сол талап Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесі жай-
ында жазған мақаласында да принципті мəселенің бірі ретінде 
қарастырылады да, сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін 
мағыналарына қарап айыру керек екенін тұжырымдайды. Сөйлем 
пайымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді 
дейді
[7].
Осындай суждение дегенді сөз тіркесі мен сөйлем арасын 
айырып тұратын межелі жік деп тану Н.А.Баскаковтың жазған 
мақалаларында да бар
[8]. Бұл пікірді құптауға болмас. Өйткені 
«суждение» (пайымдау), біріншіден, грамматикалық категория-
ларға тəн ұғым емес, логика ғылымына тəн. Оны елемегенде, сөз 
тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты 
адамның ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да форма-
сы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмады. Соны жоққа 
шығару үшін Н.А.Баскаков, А.И.Инкижекова – Грекулмен бірігіп 
құрастырған хакас-орыс тілінің сөздігі соңындағы грамматика-
лық очеркте етістікті сөз тіркесінің басыңқы сөзі есімше, көсемше 
тұлғалы болуын талап етеді. Автордың ойынша, онда болды десек –
сөйлем, онда болған, онда болып десек – сөз тіркесі. Сондай-ақ 
атқа мінді – сөйлем, атқа мініп, атқа мінген – сөз тіркесі. Сөз 
тіркестерін қарастыруға ешқандай қатысы жоқ (жіктік, есімше, 
көсемше) тұлғаларға сүйеніп сөз етпей, тек атқа мін, онда бол де-
сек, қайтер еді? деген сұрақ туады.
Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына 
қарап та, əлгідей тұлғалық дəйекші қою арқылы да айыру мүмкін 
емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға бо-


540
Қазіргі қазақ тілі
латын орайы бар рас. Сонда да сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне 
қарап танып, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет