Талғат сайрамбаев


Құрама баяндауышқа қатысты көмекші етістіктер



Pdf көрінісі
бет266/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   332
Құрама баяндауышқа қатысты көмекші етістіктер
Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары қалайда етістік
оның ішінде көмекші етістіктер болуы тиіс. Көмекші етістіктер 
етістікті күрделі баяндауышты құрауда да қатысатыны белгілі. 
Бірақ ол кездегі көмекші етістіктер мен құрама баяндауышқа 
қатысты етістіктер саны жағынан да, көмекші етістігінің түрлерінің 
қатысуы, орын тəртібі жағынан да едəуір айырмашылығы бар. 
Етістікті баяндауышты құрауға көмекші етістіктердің 3 тобы да, 
яғни арнайы көмекші етістіктер, ауыспалы көмекші етістіктер 
мен дербес мағынасы бар, бірақ негізгі етістіктерге тіркесіп келіп 
жұмсалатын етістіктер де бірдей жұмсала береді. Құрама баянда-
уышты құрайтын негізгі етістіктер – арнайы көмекші етістіктер. 
Олар барлық сөз табымен тікелей тіркесте мол жұмсалады. Құрама 
баяндауыштың жасалуында арнайы көмекші етістіктер белсенді рөл 
атқарады. Ал ауыспалы көмекші етістіктердің ішінде жүр көмекші 
етістігі ғана қатысады. Қалған мағынасы бар етістіктер ретіне 
қарай сөз болады. 
е, де етістіктері. Барлық еңбектерде, оқулықтарда құрама ба-
яндауыш, оның жасалуында ең алдымен айтылатын етістіктер 
де осылар. Шынында, солай. Сонда зат есім, сан есім, сын есім 
жəне есімдіктер таза күйінде есімді баяндауышты құраса, енді 
түрлі көмекші етістіктер арқылы нендей қасиетке ие болады? 
Мысалы: Біздің ауылда оқыған Асан деген. Асан сөзіне деген 
көмекші етістігі жалғанып, Асан деген құрама баяндауыш жаса-
лып тұр. Енді Асан сөзіне еді көмекші етістігін жалғасақ, Асан еді 
құрама баяндауышы пайда болады. Осы екі құрама баяндауыш-
ты салыстырсақ, Асан еді баяндауышы нақтырақ, Асан деген ба-
яндауышы көмескілеу мағынаны білдіріп тұр. Олай болса, əрбір 
көмекші етістіктің де сөйлем мағынасына берер өзіндік ерекшелігі 
бар екенін осы сөйлемдерден байқадық.
Сонымен е, де көмекші етістіктері құрама баяндауыштардың 
жасалуында дара түрде жəне есім мен көмекші етістіктерден 
кейінгі түрлі ауыспалы етістіктер тіркесу арқылы негізгі желі 
болып табылады. Сонымен бірге кейде бұл екі етістік есімдерге 
өздері тіркеліп барып та жұмсала береді: Мүсірəлінің куəлігі бо-
йынша бұл жолы Абай тізген ереже бабы жүзден аса еді дейді


529
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Е, де көмекші етістіктері құрама баяндауыштардың жасалуын-
да басты тұлға бола отырып, олар, біріншіден, мол қолданылады, 
екіншіден, олар өзара жəне екеуі бір-бірімен тіркесіп жəне онан 
кейін түрлі көмекші етістіктер де тіркесіп жұмсала береді. Осы 
сөйлемдердің есім баяндауышынан соң е көмекші етістігі қайталап, 
əртүрлі тұлғаларда берілген. Сонда, бір ғана көмекші етістікке 
қарағанда екі бірдей көмекші етістіктің тіркесте жұмсалуы 
мағыналық жағынан да, құрамы жағынан да өзіндік ерекшелікке 
ұшырап отырады. Мысалы: құштар емес, сен емес, сіз емес, тегін 
емес дегенде нақтылық айқын болса, оларға сол көмекші етістіктің 
қайталанып тіркесуі дүдəмəлікті көрсетеді. Мысалы: бару 
мүмкін емес; бару мүмкін емес екен құрама баяндауыштардың 
мағынасында айырмашылық бар. Бірінде нақтылық, екіншісінде 
бəсеңдік байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет