538
Қазіргі қазақ тілі
сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүше-
лер сөз тіркесі деп есептелмейді. Олар жай сөйлем синтаксисінде
қаралуға тиіс. Осы сынды өзге автор адресіне де айтуға болады
1
.
Жалпы түркітануға байланысты əдебиеттерде сөз тіркесі
дегенді бөліп қарамай-ақ, «анықтауыштық есімдер тобы» («имен-
ные определительные группы») дегенге ерекше көңіл бөлінді.
Оның себебі: ертедегі түркітанушылар түркі тілдерінің синтак-
систік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды ай-
қындауды басты міндет етті.
Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің
зат есімдермен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп,
анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі
өзгешелігі болып саналады. Олар түркітанушыларды қызықтырмай
қоймайды
[4]. Бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі деген
тұрғыдан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін
айқындау тұрғысынан қарастырады (Əрине, екеуі бір емес).
Достарыңызбен бөлісу: