Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет274/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

шаңғышылар
↑ ↓
келе жатқан колхоз клубының
↑ 

сырғанап
алдына келіп
↑ 

төмен қарай 
тоқтады

Таудан
сиырларды
↑ 

қайтқан 
Айша
↑ 

Жазғы жайылымнан қораға

кіргізді.
Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер ин-
тонация жағынан екі бөлініп айтылады: жазуда оны сызықша 
арқылы таңбалаймыз.
Ұлы далам // – менің далам.
Мал басын көбейтуге ерінбей еңбек сіңірген кісінің бірі // – 
Жақыпбек (Ғ.Мұстафин).
Бұл // – Байжанның талай келген үйі. Ол поэмадан менің есімде 
қалғаны // – осылар (С.Мұқанов).


546
Қазіргі қазақ тілі
§ 5. Сұраулы сөйлем
Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тəсілінің бірі. Жүздесіп жəне 
басқа амалдар арқылы сөйлескен адамдар істің, əр нəрсенің мəн-
жайын білгісі келгенде, сұраулы сөйлемнің түрлерін қолданады. 
Ауызекі сөйлеу стиліне тəн пікір алысудың бұл түрі əдебиетте, 
əсіресе, көркем əдебиет тілінде жиі қолданылады. Мысалы:
1. – Əй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың?.. Неге жөніңді 
айтпайсың? – деді Қадырбек (С.Сейфуллин).
2. – Сен мұнда қайдан келдің?
– Сен қайдан келдің? – деп екеуі де сасқалақтап қатар сұрасты.
– Əуелі өзің айтшы (Ж.Аймауытов).
Басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған 
сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемдер к ө т е р і ң к і дауыспен айтылады. Олардың 
жасалу амалдары əр алуан:
Көркем əдебиетте (халық өлеңдерінде де) сөйлемдердің, 
əсіресе, хабарлы сөйлемдердің қолдану мақсаты ойды əсерлі, 
көрікті, көркем етеді. Мысалы:
1. Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт дел-сал қып,
Түн басады салбырап (Абай).
2. Тура тисе, түзелмес тіл жарасы,
Оны ұға ма адамның бір парасы (Шəкəрім).
3. Арал толған ағаш. Ағаш арасы жол. Жол жиегі – жасыл шөп 
пен түрлі гүл. Гүлəдіпті жасыл жолда иін тіресіп, ерсілі-қарсылы 
жүріп жатқан жан (Ж.Аймауытов).
4. Көкшетау кейде қарлы, кейде қарсыз, 
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз.
Дарияның жарға соққан толқынындай, 
Көз салған көрінгенге көңіл арсыз, – 
деп берілсе (Біржан сал), – сұраулы сөйлемдер интонация арқылы 
жəне сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші 
етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. 
Олардың бастылары мыналар:
1. Сұраулы сөйлемдер ма // ме, ба //бе, па //пе сұраулық шы-
лаулары арқылы жасалады:


547
Қазіргі қазақ тілі
– Жиналыс басталды ма? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау 
келе жатқан Жақып па, Əсет пе? – Өзі атпен баратын жер ме, ма-
шинамен баратын жер ме? (Ғ.Мүсірепов).
Сұраулы шылаулар қысқарып, жіктік жалғауларынан бұрын 
келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды:
 Сен немене, тоңып қалғанбысың? – деді офицер.
 Ой, сенбісің? Сені де сақал басып кетіпті ғой (Ғ.Мүсірепов).
Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тəн болатындық-
тан, олар диалогтарда жиі ұшырайды.
2. Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді ... сияқты 
сұрау есімдіктері айтылу арқылы сұраулы сөйлем жасалады:
Мұнда қайдан жүрсіз? (З.Шашкин).
– Ой, Бəтес, мұның не? (С.Мұқанов).
– Сені кім шақырды? – Жиналыста қандай мəселе қаралды?
3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі 
баяндауыштың құрамына еніп, сұраулық интонациямен айтыл-
ғанда, сөйлем сұраулы болады:
Сен осы ауылдың баласы шығарсың?Борашты көріп жүретін 
шығарсың? Оның өзін тыңдап көрсек қайтеді? (Ғ.Мүсірепов).
4. Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен одағай 
айтылып та сұраулы сөйлем жасалады:
Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің -ау, ə? (Ғ.Мүсірепов). 
Егістің дайындық жұмысына қызу кірісіп жатырсыңдар ғой, ə?
5. -Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да 
сұраулы сөйлем жасалады:
 Ал Жамал ше? Өзің ше?
 Атым – Қайырғали, өзіңнің атың ше? (Ғ.Мүсірепов).
6. Кейде (көбінесе диалогтарда) хабарлы сөйлемдерді сұрау-
лық интонация арқылы сұраулы етіп айтуға болады:
Богданов: Сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына 
кірісіңіздер.
Мəжен: Ертеңнен бастап?
Богданов: Иə! (Ə.Əбішев).
 Мүмкін, маған Бəтес қосылар? – деді Нұрбек (С.Мұқанов).
 Ал сосын? (Б.Майлин).
 Келістік қой? (М.Иманжанов).
Мынау – қызыл отаудың бастығы Бектасова Əсия деген 
əйел.


548
Қазіргі қазақ тілі
 Əйел? – деп қалдық Қалиса екеуміз (С.Мұқанов).
Сұраулы сөйлемде, əдетте, түгелімен кейде сұрау есімдіктері 
көтеріңкі дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен 
аяқталады. Сонымен қатар, көп құрамды сұраулы сөйлемдерде 
жауап күтуді білдіретін сөздер (əсіресе, сұрау есімдіктері) басқа 
сөздерден гөрі басым əуенмен айтылады: (Сені кім шақырды? 
Өзге жолдастар қайда?) Кейде ондай ой екпіні түсіп, басым 
əуенмен айтылатын сөз тікелей баяндауыштың қасында тұрады. 
Мына сөйлемдерді салыстырыңыздар.
Сен баяндамаға дайындалдың ба? (Жауабы: Мен баяндамаға 
дайындалдым). Сен баяндамаға дайындалдың ба? (Жауабы: Мен 
баяндамаға дайындалдым). Баяндамаға сен дайындалдың ба? 
(Жауабы: Иə, баяндамаға мен дайындалдым.)
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны 
əртүрлі болады. Олардың негізгілері мыналар:
1. Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің 
жайын, бар-жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы 
сөйлемдерде сұрау ашық қойылады:
 Атың кім? – деді ересек бала.
– Қайырғали... Өзіңнің атың кім?
– Шеген... (Ғ.Мүсірепов).
Дəурен: Өзіңіз қандай ақыл бересіз?
Богданов: Барлық күшті осы төбеге салыңдар дегеннен басқа 
айтарым жоқ (Ə.Əбішев).
Ашық мəнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой 
екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде 
екі рет айтылады. Осындай екі рет айтылатын сұрақтар көбінесе 
біріне-бірі қарсы мəнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сон-
дай экспрессивті мəнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып, кейде 
бірнеше рет қойылады:
Ол бүгін келе ме, келмей ме? Əне өрге шыққан немене? Тау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет