Талғат сайрамбаев


Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды



Pdf көрінісі
бет273/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды 
білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз.
Сөйлемдегі сөздердің əрқайсысы өзінің лексикалық мағына-
сына лайық сөйлем құруға қатысып, тұтас ойдың мазмұнына 
ортақтасып тұрады. Олар сонымен қатар, сөйлемде жалаң мүше 
қызметінде күрделі мүше құрамында тұрып, өздерінің лексикалық 
жəне грамматикалық мағыналарын айқындай толықтыра түседі.
1
Айтылған ойға айтушының субъективті көзқарасын білдіруді модальдылық дейміз. 


544
Қазіргі қазақ тілі
Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құрау-
дың материалы болады да, бастауыш-баяндауыштық (тұрлаулы), 
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) қатынаста 
жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың бас арқауы, 
негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып, баста-
уыш, баяндауыш арқылы айтылған ойды толықтырып, айқындай 
түседі.
Сөйлемнің айтылу мақсаты:
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай х а б а р л ы , с ұ р а у л ы , 
б ұ й р ы қ т ы жəне л е п т і болып бөлінеді. 
§4. Хабарлы сөйлем
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған 
сөйлем хабарлы болады.
Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол са-
лып, тасты жарып (Абай). Күн қызыл арай шатырынан 
жаңа ғана шыққан. Аспан айдай ашық (Ғ.Мұстафин). Ғылым 
ауылшаруашылығын өркендете беруге үлкен көмек көрсетіп ке-
леді. Халық өз бақыты үшін күресетінін білсе, оған ешбір жау 
төтеп бере алмайды (Х.Есжанов).
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны əртүрлі болады. Олардың 
мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, 
əсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен 
байланысты. Баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қа-
рай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды (Жаңбыр жауды), 
болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға бара-
йықшы), болжалды (Жездең ертең келетін шығар) болады да, ал 
баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті 
(Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала 
жым-жырт) болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу əуенмен 
айтылады: жалаң сөйлемдер тақ-тұқ қайырылса, жайылма сөйлем-
дерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бəсеңдей түсіп тынады.
Мысалы: Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сəл ғана білінген 
салқын бар (М.Əуезов). Асанмен сөйлесіп отырған Қажымұқан 
бұлардың əңгімесін бөліп жіберді (Х.Есжанов).
Бір сөйлемнен екінші сөйлемнің межелі жігі пауза арқылы ай-
ырылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу 
əуені əр уақытта бірқалыпты бола бермейді.


545
Қазіргі қазақ тілі
Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштың не 
толықтауыштың маңына топтанған сөздердің саны неғұрлым көп 
болса, сол топ соғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен ай-
тылады да, одан кейін дауыс бəсеңдей береді. 
Таудан төмен қарай сырғанап келе жатқан шаңғышылар 
колхоз клубының алдына келіп тоқтады. Жазғы жайылымнан 
қайтқан сиырларды Айша қораға кіргізді.
Бұл сөйлемдердегі дауыстың жоғарылап-төмендеуін былайша 
көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет