Талғат сайрамбаев


сын осы кухняда (С.Мұқанов). -ша//-ше



Pdf көрінісі
бет311/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   332
сын осы кухняда (С.Мұқанов).
-ша//-ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт 
етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тəн істің тəсілдерін білдіреді. 
Мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше 
күресу.
Олар пештің үстінде отырып қазақша кеңесті (С.Мұқанов). 
Уа, ендеше осылай... өзгеше бір ерлерше қуанайық! (М.Əуезов). 
Ескі бише отырман бос мақалдапескі ақынша мал үшін тұрман 
зарлап (Абай).
Барынша, көбінше (көбінесе) тəріздес үстеулер қатысты 
етістікті сөз тіркестері істің с а н - м ө л ш е р л і к жəне с а л ы с т ы р -
м а м е з г і л д і к дəрежесін білдіру үшін жұмсалады: көбінше үйде 
боламын, барынша табыс етті, осынша күттірді.
Қоғамның материалдық, мəдени қажеттерін барынша 
қанағаттандыру керек (Газеттен). Бүгін қал деп осыншама 
өтінсем деқалмадыОны күндіз барынша күтеді (М.Əуезов). Ел 
қайратты деген Тілеудің осыншама егілгені несі?! (Ғ.Сланов). 
Құнанбай оншама шіміркенген жоқ-ты (М.Əуезов).
Кейде -ған тұлғалы есімшелер де -ша//-ше жұрнағын қабылдап, 
мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі 
меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде 
тұтасымен етістікке қатысты болады. Айтыс Ойылға жеткенше 
басылмады (Ғ.Мұстафин). Менің мектебіме түс. Қолымнан 
келгенше қарасып көрейін (Ғ.Сланов).


603
Қазіргі қазақ тілі
-дай//-дей, -сыз//-сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден 
жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер 
етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат 
есімдер мен -ған тұлғалы есімшелерге -дай//-дей жұрнақтары 
жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен жəне сирек 
болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың с а л ы с т ы р -
м а л ы с а п а с ы н білдіреді. Мысалы: бұлбұлдай сайрау, көріктей 
көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай 
қалтырау.
Кеудем көріктей көтерілді (Ғ.Мүсірепов). Нəзік бел тал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет