604
Қазіргі қазақ тілі
сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға
тəн əрекеттің көріну амалын білдіреді. Олардың бұл мағыналары
белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесте анық
ұғынылады, етістіктердің мағыналарына қосақтаулы болады. Сон-
да да ондай тіркестердің құрамындағы еліктеуіш сөздер өздерінің
лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның
үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік
топ құра алатын етістіктері
белгілі ғана сөздер. Ол еліктеуіш сөздер бірнеше ғана болуы
мүмкін. Мысалы:
қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу,
мырс-мырс күлу.
Еліктеуіш сөздер
қуану, сағыну, түсіну тəрізді адамның
ішкі күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді.
Олар көбінесе
қимылды немесе заттың əрекетін білдіретін салт етістіктермен
тіркеседі. Мысалы:
жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс
жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ-
бұрқ қайнау.
Самолет гүрс жарылып,
от жайылып жүре берді.
Үйдің
қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың ды-
бысы анық естіліп түр.
Жанат сылқ-сылқ күліп жіберді.
Ах-
мет қарқ-қарқ күлді. Алма сақ-сақ күліп жіберді (Ғ.Мұстафин).
Колхоздың қара сабалары гүмп-гүмп пісілді (Ғ.Мүсірепов).
Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Ғ.Сланов).
Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне,
мұндай еліктеуіш сөздердің əрқайсысы белгілі бір етістіктермен
ғана тіркесе алады. Мысалы,
шыр сөзі
айналу етістігімен ғана,
кілт сөзі
тоқтау, бұрылу етістіктерімен,
жалт сөзі
қарау, бұрылу,
беру сөздерімен,
қарс сөзі
айырылу, жарылу етістіктерімен жəне
морт сөзі
сыну сөзімен, ал
зыр сөзі
жүгіру, айналу етістіктерімен
тіркесе алады.
Қос сөзді еліктеуіштер етістікті
тіркестердің құрамында жиі
қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн:
кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыса-
лы,
гүрс-гүрс, жалт-жалт).
Граната гүрс-гүрс жарылды (Ғ.Мүсірепов).
Жанəбіл қарқ-
Достарыңызбен бөлісу: