Талғат сайрамбаев


Елiктеуiш сөздi сөз тipкeстepi



Pdf көрінісі
бет84/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Елiктеуiш сөздi сөз тipкeстepi
Елiктеуiш сөздер жалпы дара жəне қосарлы түрде ғана 
жұмсалатындығы белгiлi. Елiктеуiш сөздердiң дара түрлерi сөз 
тіркесінің дара сыңарын құрайды да, қосар лы түрлерi күрделi 
сыңарын құрайды. Сондықтан да он дай сөз табының қосарлы 
түрлерiн күрделi формаға жатқызамыз. Елiктеуiш сөздердiң қо-
сарлы түрлерi бiр сөздiң қайталануы немесе бiр сөздiң əртүрлi 
дыбыстық өзгеруiнен жасалады. Оның əрқайсысының мағыналық 
жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар. Дүркiн-дүркiн, салдыр-
салдыр дегендерде қимылдың бiркелкi болғандығын көрсетсе, 
capқ-cұpқ, бұрқ-сарқ дегенде алдыңғыларға қарағанда icтің icтелу 
қарқындылығын бiлдiредi. Жалпы елiктеуiштi күрделi сыңарлар 
да пысықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жас жiгiттер жасы-
рын үмiтпен жалт-жалт қарап отырса да, көрмек болған кiciсі 
бұл үйге келген жоқ. Көксерек арт жағына оңды-солды жалт -
жалт қарап, ойға таман түсті (М. Əуезов). Сырт-сырт соғады, 
уақыт озады (жұмбақ). Су сылқ-сылқ күлiп ағып жа тыр. Тасыр-


173
Күрделі сөз тіркестері
тұсыр шауып келедi (С. Жиренов). Үй орнындай ойықтың аузы да 
қазандағы судай сақылдап, бұрқ-сарқ қайнайды (Ə. Сəрсенбаев). 
Зат есiмдердiң етiстiкпен тiркесi
Зат есiмдер етістіктермен кітаnты оқыдым немесе кі тап 
оқыдым болып жалғаулы да, жалғаусыз да тipкece береді. 3ат 
есiмдердiң етicтiктермен жалғаулы тipкeci меңгерiле байланысады. 
Зат есiмдердiң жалғаусыз тip кесуiн бiрде қабысуға, бiрде меңгеруге 
жатқызып жүр. Абай ағам шайын iшiп болып кiтan оқыn отыр 
(М. Əуезов) – дегендегi кiтan зат eciмi оқыn отыру eтicтiгiмeн 
негiзiнде тек орын тəртiбi арқылы ғана тiркесiп отыр. Cол 
қалпында кiтaп сөзiн сол сөйлемнiң басқа орындарында oқып 
отыру eтicтiктepiмeн тіркестіруге болмайды. Ол яғни кiтaп сөзi 
өзi қатысты eтicтiктeн алшақтаған сайын мiндеттi түрде жалғау-
лы болады. Сол зат есiмдердiң eтicтiктepмeн орын тəртiбi арқылы 
жалғаусыз тipкecyi тiлiмiзде ең көп кездеседi. Бұл факт туралы 
жазған ғалымдар оның тек дара түрiндегi тipкeciн ғана айтумен 
шектеледi. Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi мұндай құбылыс, 
бiрiншiден, күрделi, екiншiден, ондайда зат eciмнeн басқа да сөз 
таптарының жұмсалатындығын көруге болады. Мысалы, Бiреу-
лер өлеңнiң бұл түpi жиыр масыншы ғасырға кepeк-ақ, жарасып-
ақ тұрады деседi, бiреулер бүгiнгi ғылым мен техника зама-
нында «ақ өлеңнiң» ой мен сезiмдi жеткiзе айтуға көп мүмкiндiк 
беретiн қасиетi бар деседi, ендi бiреулерi «ақ өлең» ақынға кeң 
құлаш, мол epкiндiк бередi дeceдi («Қазақ əдебиеті»). 
Ертеңiне əжем қолына қызыл ту алып, бiрiншi рет май ми-
тингiciне шықты (С. Ерубаев). Мен саған бiр насихат айтайын, – 
дедi («Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдерде кeң құлаш, қызыл 
ту, мол epкiндiк, бiр насихат дегенде сын, сан есiмдер нөлдiк 
формадағы зат есiмдермен сөз тipкecтe piнің күрделi бағыныңқы 
сыңарын жасайды. 
а) Күрделi сан есiмдер де кейде табыс септiгiнiң жа сырын 
түрiнде етicтiкпен қабыса байланысады. Мысалы, Мұнда алма-
тылық В. Сватенко 47 кездесудiң 37-нде же ңicке жетiп, 1092 ұпай 
жинады («Социалистік Қазақстан»). Ал мен болсам бар болғаны 
елу мың ғана жинадым (С. Голубев). 


174
Күрделі сөз тіркестері
ə) Зат есiмдер қосарланып жұмсалып та табыс сеп тiгiнің 
жалғауынсыз етicтiкпен қабыса байланыса бере дi. Мысалы, Азық-
түлiк əкелiптi (М. Сүндетов). Атасына жəрдем бередi, ауылдан 
азық-түлiк тасиды (С. Жиренов). 
Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi сөз таптары, яғни зат 
есiмдер тiкелей объектiнi бiлдiретiн болса, сан eciм дер субстан-
тивтенiп барып объектiнi бiлдiредi де, оның барлық түpi толық-
тауыштық қатынастағы күрделi сөз тipкeciн құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет