175
Күрделі сөз тіркестері
сендердi
қолдаймыз, осы көпке топырақ шашар ма eкeн, – деп
Балқия апай
Анна Ивановнаға қарайды (Ə. Сəрсенбаев). Неге
eкeні белгiсiз,
Иван Петровuчке iшi жылып жүре бердi («Қазақ
əдебиеті»).
ə)
Атау тұлғалы зат eciм мен
барыс жалғаулы зат есiмдер
тiркесiп, объектiлiк қатынасты бiлдiредi: Мұны сы да күйеудiң
қайын атаға көрсетер құpмeтi (Ғ. Мүсірепов). Бiз
студент атау-
лыға үйлен, үйленбе деп айта алмаймыз («Лениншіл жас»).
б) Iлiк жалғауының жасырын түрiндегi зат есiмдер мен тə-
уелдеулi барыс септiгi тiркесiп, сөз тipкeciнің күр делi сыңарын
құрайды:
Абай сұрағына аз тiксiнiп,
қайта қарап, ойланып қап
едi (М. Əуезов).
Табиғат теңiзiне сыр батырып, Ойға алсам оңай
сөзбен бəрi ұнатты.
Осындағы
Абай сұрағына, табиғат теңiзiне бағыныңқы
сыңарлары толықтауыштық қатынаста жұмсалса, сол формадағы
Жексен аулына, халық құлағына, сауда орындарына, Волга ағы-
сына, меңдуана алаңына сияқты тipкecтep пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалып, қимылдың бағытын, мeкeнiн бiлдiредi. Кейiн
қос қара ның дабылымен,
сауда орындарына соқсам шындық
екен («Лениншіл жас»). Бiз бақша арқылы сап-сары
мeңдyaнa
алаңы на кiрдiк (С.Ерубаев). Бұлар уылдырығын шашу үшiн
осы дан
Волга ағысына өрлей отырып, сонау Саратовқа дейiн ба-
рады (Ə. Сəрсенбаев).
в) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс септiктi зат eciм дер тiр-
кесiп, пысықтауыштық қатынаста қимылдың меке нiн бiлдiредi:
Ақын жүрегi мұздап, қолдары тeмip тор дан айырылып кеттi де,
тас еденге тарс етiп құлап, сұлқ жатып қалды (F. Мүсірепов). Жа-
мал самаурынды алып,
ауыз үйге жүгiрдi (Ш. Мұртаза).
Кейде барыс жалғаулы сөздер жетегiне тағы бiр сөз дердi ала
отырып, сол тобымен мағыналық бiрлiкте жұм салады:
Сонда
Құнанбайдың жалғыз сау көзi, оның кө терiңкi тұмсығының
сол
иығына шығып алып, сақшыдай барып, осы өңірдi қалт етпей
күзетiп тұрған сияқтанады (М. Əуезов). Иə, Желтау,
төрт тү-
лiкке жаннат eciгiн кең ашқан жер («Лениншіл жас»).
Оспан
мынау жүз аттың қорықты
жеп жатқанына шыдай алмады
(М. Əуезов).
Барар жерге ешкiмнiң сiлтеуiнсiз-ақ дөп түсi-
редi («Лениншіл жас»).