117
Үгілген сүзбеге қантпен
езілген жұмыртқа сарысын, қайнатылған ұнтақ
жармасын, жұмсартылған маргарин немесе сары май, тұз, дайындалған және
кептірілген мейіз, ұсақталған жаңғақтарды қосады.
Массаны мұқият араластырады. Жұмыртқа ағын қою көбік болғанша
шайқап, дайындалған массаға пісіру алдында қосады.
Алынған массаны май жағылған және кепкен нан себілген жайпақ табаға
не
қалыпқа салып, қаймақ жағып, 25-35 минут ішінде қуыру шкафында
пісіреді. Дайын болған пудингті 5-10
минут ұстап, қалыптардан шығарады.
Жайпақ табада пісірілген пудингті алмай үлестерге кеседі.
Пудингті ыстық күйінде қаймақпен немесе сүтті не тәтті тұздықпен
береді.
Кепкен нан пудингі. Жұмыртқа сарысын құмшекермен үгіп, салқын
сүтпен араластырады, бұл қоспаны майда бөліктерге сындырылған ванильді
кепкен нандарға құяды.
Кепкен нандар ісінгенде мейіз, цукат және көбік
болғанша шайқалған жұмыртқа ағын қосады.
Массаны құмшекер себілген (егер пудингті буда пісіретін болса) немесе
пісірер кезінде май жағылған қалыптарға салады. Пудингті ыстықтай, өрік
тұздығын құйып береді.
Достарыңызбен бөлісу: