119
Қамырда қуырылған алмалар. Тұқымды ұясы алынып тасталған және
қабығы аршылған алмаларды 0,5 см
қалыңдықта дөңгелектеп кесіп, қант
себеді. Ақуыздан бөлініп алынған сарыуызға қант, тұз, қаймақ, ұн қосып,
жақсылап араластырып, сүтпен езеді. Жұмыртқа ақуыздарын қою көбік
болғанша шайқап, қамырға ақырындап енгізеді.
Алма домалақшаларын аспаздық ине көмегімен қамырға салып, 170-
180°С температурамен шыжып тұрған майға ауыстырып салады.
Сарғайған
қабықша түзілгенше қуырып, шығарып алады да майының ағуына мүмкіндік
береді.
Қуырылған алмаларды тәрелкеге салып, шақпақ қант ұнтағын себеді.
Өрік немесе алма тұздығын бөлек береді.
Достарыңызбен бөлісу: