Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Басқа да тәтті тағамдар



Pdf көрінісі
бет107/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

12.7.
Басқа да тәтті тағамдар
Жеміс және жидек қосылған кесіліп қуырылған нан (гренки). Ақ 
нанның батонынан қыртыстарын кесіп алып, оны жұқа тілімдермен кеседі (4-
6 мм қалыңдықпен). Тәтті жұмыртқа-сүтті қоспаға сіңіртіп, екі бетімен де 
қуырады.  
Берер алдында гренкиге шәрбатта қыздырылған жемістер мен жидектерді 
салып, өрік тұздығын құяды.
Жидектері бар себетшелер. Үгілмелі қамырдан 240-260°С температурада 
12-
14 минут ішінде себетшелерді пісіреді. Себетшелерге дайындалған бақша 
бүлдіргені мен таңқурайын салып, берер алдында бүлдірген немесе таңқурай 
тұздығын құяды.
Себетшелерге қышқылданған суда қайнатылған алма бөліктерін 
(қабықсыз, тұқымсыз) салып, өрік тұздығын құюға болады. (
алмалары бар 
себетшелер). 
Консервіленген жемістер мен жидектерді салып берер алдында өрік 
тұздығын құюға болады 
(консервіленген жемістер мен жидектері бар 
себетшелер). 
12.8.
Шарапты ыстық сусындар
Бұл сусындар жақсы жылытады. Сондықтан тау-шаңғылы шипажайларда 
ерекше танымал. Оларды қағида бойынша 10-12 адамға дайындайды.
Қызыл шарапты шай. Даршын мен қалампырды 2-3 минут суда қайна-
тады. Сосын осы қайнатпада қара шай демдеп, 5-10 минут шығарады. Бұдан 
кейін қант қосып, қайнатып, сүзгілеп, құрғақ қызыл шарап құйып, қайтадан 
қайнатады.


120 
Глинтвейн. Неміс тілінен аударғанда ыстық, алаулаған шарап дегенді 
білдіреді. Кіреуке ыдысқа асханалық қызыл шарап құйып, онда құмшекерді 
ерітеді. Қайнатуға дейін апарады, бірақ толық қайнатпайды. Даршын, 
қалампыр және лимон қосып 10-15 минут тұндырып қояды. Шыны-
аяқтармен береді.
«Жаңа жылдық» пунш. Құрғақ қара байха шайын даршын және 
қалампырмен араластырып, қайнаған су құйып, 6-7 минут тұндырады. 
Тұнбаны кіреуке ыдысқа сүзгілеп, құмшекер мен құрғақ қызыл шарап 
қосады. Араластырып, 60°С-қа дейін ысытып, лимон мен апельсиндердің 
жаңа сығылған шырынын қосады. Сусынды қант ұнтағынан жасалған 
қыраулы бокалдарға құйып, лимон бөліктерімен, жалбыз жапырақтарымен 
және коктейльді шиелермен безендіреді.
Ыстық сусындарды күшті алкогольді сусындар негізінде де дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет