98
маймен салып, біртіндеп айналдыра отырып, тұлыптың бетінде түгелдей
қызарған қабықша пайда болғанша плитада қуырады.
Бұдан кейін ұшаны арқасына аударып, қуыру шкафына салып, дайын
болғанша пісіреді. Шкафта қуыру кезінде тұлыптарды
ауық-ауық аударып
отырып, май және бөлініп шыққан шырынын құяды.
Еті қаттылау ересек тауық, қаз, үйрек, күркетауықтардың тұлыптарын
қуыру алдында жартылай дайын болғанша қайнатып алу қажет.
Жіптің көмегімен шпик бөліктерімен байланған ұсақ құс етін шеті биік
табада аударып отырып, беткі қабатында түгелдей қызарған қабықша пайда
болғанша қуырады. Одан кейін табаның қақпағын жауып, қызуды
бәсеңдетіп, құс етін дайын болғанша пісіреді.
Күркетауық пен қаздардың қуырылу ұзақтығы – 1,5-2 сағат, тауықтардікі
– 45-
60 минут, балапан, қарабауыр мен шілдердікі – 20-30,
құр мен
қырғауылдардікі – 40-50 минут. Дайын болғанын аспаздық инемен шаншу
арқылы және бөлінген шырынының түсі арқылы тексереді. Бұл өнімдерді
қуыруда салмағының жоғалуы 25-тен (қоян, қарабауыр, шіл) 40%-ға (қаз)
дейінгі шамада.
Дайын болған ұшаларды қуыру шкафынан шығарып, жіптерін алып
тастайды. Өнімді бөліктерге тікелей берер алдында кеседі.
Ірі құстардың
тұлыптарын теңдей екіге бөліп, әр бөлігін сүбелермен аяқтарға бөледі және
тең мөлшердегі бөліктерге кеседі. Омыртқа сүйегін кесіп тастауға болады. 1
үлеске 2 тілімнен береді: біреуі сүбеден, екіншісі аяғынан.
Тауықтардың ұшаларын 4, 6 және тұлыптардың көлемі мен салу
нормасына байланысты одан да көп бөліктерге кеседі.
Қарабауыр мен шілдерді бүтін ұшаларымен не болмаса төс сүйегінің
бойымен жарты ұшаларға кесіп береді.
Егер құс еті суып қалса, кесілген үлестерді майы бар шеті биік табаға
немесе жәй табаға салып, 5-7 минут қуыру шкафында қыздырып алады.
Құсқа ерітілген май құяды. Ең кең таралған гарнир – қуырылған картоп.
Қосымша түрде жасыл салат, тұздалған не маринадталған қияр, самсар,
қызанақ беруге болады.
Қуырылған майлы қаз, үйректі бәрінен бұрын
бұқтырылған қырыққабат немесе пісірілген антоновтық алмалармен берген
дұрыс.
Ұсақ жабайы құс етін бауырдан жасалған паштет жағылған қуырылған
нандармен береді. Гарнирі – күріш, пісірілген алмалар. Бөлек қара қарақат
немесе итбүлдірген тосабын береді. Саңырауқұлақ қосылған қызанақ
тұздығын беруге болады.
Қаз бен үйректі қуырар алдында көбіне картоп, қара өрік немесе алмамен
турамалайды.