11.2. Мал өнімдері қосылып жасалған салаттар Ет салатын сиыр не қой етімен не болмаса шошқа еті және сиыр тілімен
әзірлейді. Қайнатылған ет өнімдері бөлігін, картоп және жаңа піскен немесе
тұздалған қиярды жұқалап тілімдеп кеседі. Қияр бөліктерінен әшекей
жасайды.
Тілімдеп туралған өнімдерді араластырып, «Оңтүстік» тұздығы қосылған
майонез бөлігімен дәмдейді. Алынған массаны ет тілімдері салынған салат
ыдысына төбешік етіп салып, қалған майонезді қосады. Піскен жұмыртқа
бөліктерімен, қиярмен, консервіленген теңіз шаяндарымен немесе шаян
мойындарымен, көк бұтақшаларымен әрлейді.
Осыған ұқсас етіп үй еті немесе жабайы құс еті қосылған
астаналық салатын, бөктірілген частик балықтары қосылған балық салатын, бекіре
тұқымдас қайнатылған балық, жаңа піскен қызанақтар, сәбіз, гүлді
қырыққабат қосылған
деликатесті балық салатын әзірлейді.
Бұнымен қоса
, майшабақ, қайнатылған балық не кальмар, ыстық сүрленген балық, қайнатылған ет қосылған винегреттер дайындайды. 11.3. Көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген салқын тағамдар 11.3.1. Маринадталған көкөністер Маринадталған асқабақ. Тұз, қант, дәмдеуіштер қосылған суды
қайнатып, оған қабығы мен тұқымдарынан тазартылып, текшелеп туралған
(12-
15 мм) асқабақты салады. Жұмсарғанша пісіріп, салқындатып, сірке суын
қосады да 5-6 сағат бойына тоңазытқышта ұстайды. Маринадпен бірге
береді.
Бұл маринадты
маринадталған пияз, маринадталған қызылша, басқа да көкөністерді әзірлеуге пайдалануға болады.
103 Маринадтағы асқабақ. Қабығы мен тұқымынан тазартылған асқабақты
тілімдеп кеседі. Ұнға аунатып, өсімдік майында аударып қуырады. Қуырыл-
ған асқабақты тотықпайтын ыдысқа салып, «Қызанақ қосылған көкөніс
маринады» тұздығын құяды және 10-15 минут бұқтырып, салқындатады.