Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет128/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   174
142 
Тәттілер: мармелад, жеміс қағынан жасалған кәмпит, зефир, қант, бал, 
тосап, кәмпиттер.
Сусындар: судағы шай, какао және кофе сүтпен немесе кілегеймен
итмұрын қайнатпасы, жемісті, жидекті және көкөністі шырындар.
Шығарылады: ащы және майлы басытқылар, сүрленгендер, етті және 
балықты консервілер; қаймағы алынбаған сүттегі ащы, майлы, сүтті 
сорпалар, көк сорпа, бұршақ тұқымдастардан сорпалар; арпа, жармалары; 
үлкен дәнді шикі түрдегі жидектер (қызыл және ақ қарақат, қарлыған); 
құрма, інжір; квас; шоколад өнімдері, балмұздақ.
14.2.3.
№5 диета
 
Жалпы сипаттамасы. Бауыр, асқазан, өт қабы және басқа да бауыр мен 
өт жолы қызметінің бұзылуынан туындаған кеселдерде тағайындалады. 
Оның мақсаты – бауыр мен өт қабы қызметін қалыпқа келтіруге жәрдемдесу, 
өт жолы мен өт қабында тастардың пайда болуының алдын алу, өт бөлінуіне 
жағдай жасау. Бұл диетаны, сонымен қатар, атеросклерозға тағайындайды.
Калориялығы жағынан диета толыққанды (14.1-кестесін қара), ақуыз 
мөлшері қалыпты, бірақ кейбір майлар шектеулі (ең алдымен баяу балқитын) 
және көмірсулардың мөлшері тым жоғары, азотты сығындалғыш заттектер 
барынша шектелген (әсіресе пуриндер), құрамында холестерині бар 
өнімдерді, майларды ажырататын, бірақ липотропты заттектер (метионин, 
холин, лецитин), жасұнық және сұйықтық мөлшері жоғары өнімдер 
шектелген.
Тағамдарды қайнатып, пісіріп, арагідік бұқтырып дайындайды. Ет пен 
балықты алдын ала қайнатылғаннан кейін пісіреді. Сіңірлі етті және 
жасұныққа бай көкөністерді езгілейді.
Өнімдерді қуыруға, тіпті аз уақытқа (шала қуыру) болса да жол 
берілмейді.
Өсімдік маймымен дәмделген балғын көкөністерден жасалған салаттарды 
кеңінен пайдалануға кеңес беріледі.
Өте ыстық (65°С-тан жоғары) және суық (15°С-тан төмен) тағамдар мен 
сусындарды қолдануды шығарып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет