Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет126/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

14.2.2.
№2 диета
 
Жалпы сипаттама. Жеткіліксіз секрециямен созылмалы гастритте және 
өшпелі өткір емес асқыну сатысындағы асқазан сөлінің қышқылдығы
сонымен қатар, ішектің (колит) созылмалы ауруында және шайнау аппараты 
жағының бұзылуында тағайындалады. Оның емдік мақсаты – асқазан мен 
ішек қызметін жақсарту, механикалық термалық тітіркендіргіштерді шектеу 
жолымен асқазанды есіркеу, бірақ оны өткір емес химиялық тітіркен-
діргіштермен қоздыру. Калориялығы мен химиялық құрамы бойынша диета 
толыққанды. (14.1-кестесін қара.). 
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындау тәсілі. Нан және 
ұн өнімдері: дәл № 1 диетадағыдай.
Салқын тағамдар: ірімшікті май, тұщы ірімшік; малынған майшабақтан 
паштет, тұзы аз уылдырық; ет, балық, бауырдан паштет; құймалы ет, балық 
және тіл; сиыр етінен кілкілдек (майсыз); докторлық, диеталық, сүтті 
шұжық; жаңа піскен қызанақтардан, ет, балық, жұмыртқа қосылған қайна-
тылған көкөністерден салаттар (тұздалған қиярсыз, ашытқан қырық-
қабатсыз). 
Сорпалар: өткір дәмдеуіштерсіз майсыздандырылған сүйек, ет, балық 
сорпаларында және майдалап туралған көкөністермен, картоппен, жақсылап 


141 
қайнатылған жармалармен, вермишельмен, кеспемен, бұршақ етпен 
көкөністі, саңырауқұлақты қайнатпаларда; езбе сорпалар, крем сорпалар
көндігу қабілеттілігінде – борщ, щи, қызылша сорпасы.
Картоп және басқа көкөністер: салаттар, шырындар, қайнатпалар, 
екінші тағамдарды дайындауда кеңінен пайдаланылады. Кәділерді, 
қызылшаны, асқабақты, сәбізді, картопты қайнатылған, бұқтырылған және 
пісірілген күйде тілімдермен, езбе, пісірме, пудинг түрінде дайындайды
гүлді қырыққабатты қайнатылған күйде; піскен қызанақтар, майдалап 
туралған көк, көндігу қабілеттілігінде – жасыл бұршақ рұқсат етіледі; ақбас 
қырыққабатты сорпа, басқа көкөністермен үйлескен екінші тағамдарды 
қайнатылған немесе пісірілген түрде әзірлеу үшін майдалап турайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет