Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Жармалар, макарон өнімдері



Pdf көрінісі
бет127/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   174
Жармалар, макарон өнімдері: сүт қосылған судағы, сүйекті немесе етті 
сорпалардағы ботқа, буда әбден пісірілген сұйық немесе жабысқақ ботқалар 
немесе пісірілген пудингтер, буландырылған немесе қуырылған қатқыл 
қабықсыз котлеттер; кеспе, жеміс не жидекті палау, ірімшік, жұмыртқа 
қосылған қарақұмық ботқасы.
Жұмыртқалар: шала пісірілген, қайнатылған не қуырылған 
(қабықшасыз); бітеу етіп пісірілген, майдалап туралған; буланған омлеттер, 
жұмыртқа ақуызынан жасалған омлеттер.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған, сұйылтылған сүт 
(қаймағы алынбаған сүтті пайдаланбайды). Сүт пен кілегейді тағам мен 
сусындарға қосады. Қышқыл сүтті суындар, тұщы сүзбе және одан 
жасалатын өнімдерге (суфле, пудингтер, варениктер) рұқсат етіледі; тұщы 
ірімшік (үгітілген және тілімдермен); қаймақ (әсіресе, тағамдарға).
Майлар: тура № 1 диетадағылар.
Балық: үлесті бөлік түріндегі майсыз асылған, котлет массасынан 
жасалған пісірілген немесе қуырылған қатқыл қабықшасыз өнімдер; 
ұсақталған күйде малшынған майшабақ.
Ет және құс еті: еттің өрескел жалғанбалы ұлпасынсыз майсыз 
сұрыптары, терісіз қайнатылған, пісірілген, қуырылған аунатылмаған түрдегі 
құс еті; котлет массаларынан жасалған өнімдер; сүтті шұжықшалар.
Тұздықтар
сүйекті, 
етті, 
балықты 
сорпалардағы, 
көкөніс 
қайнатпасындағы қаймақты, ақ, қызыл тұздықтар.
Дәмдеуіштер: лавр жапырағы, аскөк, ақжелкен, балдыркөк көгі, даршын, 
ванилин.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: өте жұмсақ немесе езбе 
түріндегі піскен жемістер мен жидектер; майдалап туралған жемістерден, 
кисельден, желеден, мусстан, аюбадамнан жасалған шәрбаттар; пісірілген 
алмалалар; жемісті және жидекті шырындар, балғын жидектер, апельсиндер, 
лимондар (шайға). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет