Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет125/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   174
Жұмыртқалар: шала пісірілген немесе буға пісірлген омлет түрінде, 
суфле (күніне 2-3 дана).
Сүт және сүт өнімдері: қаймағы алынбаған, табиғи, құрғақ, 
қойылтылған сүт, кілегей, айран, қатық, балғын қаймақ (тамаққа) және 
үгілген сүзбе және одан жасалған өнімдер – варениктер, пудингтер, суфле, 
сырниктер.
Майлар: тұздалмаған және ерітілген сары май, тазартылған өсімдік майы 
(зәйтүн майы, күнбағыс майы).
Балық: майсыз (майдың мөлшері 8%-дан аспайды), терісіз үлесті 
бөліктер түрінде және суда немесе буда піскен котлет массасынан өнімдер.


140 
Ет және құс еті: майсыз (сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті) 
сіңірсіз (терісімен құс), суда немесе буда піскен, ұсақталған немесе үгілген 
(терісіз) – котлеттер, кнельдер, бұршақ еттер, орама, езбе, суфле т.б.
Тұздықтар: сүтті, қаймақты, жұмыртқалы-майлы, тәтті.
Дәмдеуіштер: аскөк, ақжелкен, ванилин, даршын шектеулі мөлшерде.
Жемістер мен жидектер: балғын, піскен, үгілген тәтті, қайнатылған 
және пісірілген түрде: езбе, үгілген шәрбаттар, кисельдер, желе, мусстар, 
аюбадамдар, пісірілген алмалар, сүтті кисельдер, шайқалған кілегей.
Тәттілер: қант, бал, тәтті жемістер мен жидектерден жасалған тосап
зефир, пастила.
Сусындар: табиғи қою емес немес сүтпен, кілегеймен шай; сумен езілген 
жемісті немесе жидекті тәтті шырындар; итмұрын қайнатпасы. 
Шығарылатындар: етті, балықты, көкөністі консервілер, қақталғандар; 
эфир майлары мен жасұнықтарға бай шикі үгілмеген көкөністер (шалғам, 
шомыр, саумалдық, қымыздық, пияз, қияр, балдыркөк, ақбас қырыққабаты, 
тәтті бұрыш, сарымсақ, саңырауқұлақ); тұздалған, ашытылған және 
маринадталған көкөністер; тары, бұршақтылар; жоғары қышқылдықтағы сүт 
өнімдері; тұздалған және шоколадты сары май, маргарин, сиыр, шошқа, қой 
және аспаздық майлар; лимондар, шоколад, балмұздақ; қара кофе, какао, 
квас; жеміс сулары және басқа да газдалған сусындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет