Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері



Pdf көрінісі
бет129/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. 
Нан және ұн өнімдері: 1 және 2-сұрыпты ұннан, еленген және тартылған 
ұннан (кеше пісірілгеннен немесе кептірілген) жасалған бидай наны; ұн 
өнімдерінен жасалған – майқоспасыз піспенан, құрғақ бисквит, пісірілген 
бәліш. 


143 
Салқын тағамдар: ет, балық, балғын көкөністер теңіз өнімдерінен 
әзірленген салаттар; винегреттер; қайнатылған, турама толтырылған балық, 
суланған майшабақ; тұщы және майсыз ірімшік; докторлық, сүтті, диеталық 
шұжықтар. 
Сорпалар: сүтті макарон өнімдерімен, көкөністі, жармалы көкөністі 
қайнатпада, жемісті; жаңа піскен қырыққабаттан борщ, щи (вегетариандық); 
қызылша сорпасы, көк сорпа.
Картоп және көкөністер: шикі, асылған, бұқтырылған, пісірілген 
көкөністер пайдаланылады; алдын ала жидітілгеннен кейінгі тағамдағы 
басты пияз; тұщы ашытқан қырыққабат, пікен қызанақтар, жасыл бұршақ, 
бақшалылар; майдалап туралған көк пияз және шикі басты пиязға салаттар 
мен винегреттерге қоспа ретінде рұқсат беріледі.
Жармалар және макарон өнімдері: түрлі жармалардан, әсіресе, арпа 
және қарақұмық жармасынан ботқалар, кептірілген жемістерден, сәбізден 
палау; сәбіз және сүзбемен пудингтер; ірімшік, жұмыртқа қосылған 
қарақұмық ботқасы, қайнатылған макарон өнімдері.
Жұмыртқалар: тек қандай да бір тағамдардың құрамында ғана, ал 
сарыуызын тұтыну күніне 1 данадан ғана рұқсат етіледі. Жұмыртқа 
ақуыздарынан буландырылған немесе пісірілген омлет жасайды.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған сүт, қышқыл сүтті 
балғын сусындар (ацидофилин, айран, майлы айран), тұщы, майлы, 
жартылай майлы, майсыз сүзбе және одан дайындалатын тағамдар – 
пісірмелер, варениктер, буланған немесе пісірілген пудингтер; 6% 
майлылықтағы қаймақ (тағамдарға қосуға), кілегей, сүт. Майлы сүзбе, тұзды, 
майлы ірімшікке шектеу қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет