61
Сахабалар сабағы
– Ей, Әбу Бәкір! Өз үй-ішіңе сен не қалдырдың? –
деп сұрады.
Әбу Бәкір болса:
– Уа, Расулаллаһ! – деді, – Үй-ішіме Аллаһ
тағала мен Пайғамбарына деген сүйіспеншілікті ғана
қалдырдым, – деді.
Дәл
осы
сәт
екеумізге
көз
тастаған
Пайғамбарымыз:
– Екеуіңнің араларыңдағы айырмашылық – дәл
жауаптарыңның айырмасындай, – деген еді.
Осыдан бастап
Әбу Бәкірден озсам-ау деген
көкейді тескен ой-қиялдан біржолата арылдым
12
...
Тілді ауыздықтаған тас
Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) сүйікті пайғамбарымыз
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасында отырды. Бір
уақытта ұрынарға қара таппаған қара ниетті біреу аузы
көбіктеніп
Әбу Бәкірге тіл тигізіп, былапыт сөздер
айта бастады. Пайғамбарымыз әлгі кісі Әбу Бәкірге
қанша жаман сөздер айтқанына қарамастан ләм-мим
деп тіл қатпай ара-кідік күлімсіреп қойып отыра берді.
Әлгінің әдепсіздігі мен былапыт сөздері әбден шегіне
жетті- ау дегенде ашуы алқымына тығылған Әбу Бәкір
де бір-екі ауыз сөз қайтарды.
Осы сәт манадан бері
жақ ашпаған Пайғамбарымыз дереу сыртқа шығып
кетті. Іле- шала орнынан тұрып, пайғамбарымызды
қуып жеткен Әбу Бәкір:
– Уа, Аллаһ тағаланың ардақты елшісі! – деді, –
Бағанадан бері жаңағының
әдепсіздігі мен айтқан
қаншама былапыт сөздерін ести тұра үндемей, мен
12
Мәнақиби Чиһар Яры Гузин
62
Тағылым тамшылары
бір - екі сөз қайтарғанға не себепті орныңыздан тұрып
кеттіңіз?, – деп сұрады.
Сонда адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған:
– Ей, адалдығымен айдай әлемді тәнті еткен дос!
Әлгі ұятсыз, әдепсіз неме саған тіл тигізе бастағанда
Аллаһ тағала аспаннан бір періште түсірді.. Ол періште
сені қорғап, жаңағы байғұстың
тілін өзі-ақ байламақ
еді. Алайда сол арада сен де ашуға мініп қарсы сөз
айтқандықтан, періште лезде ғайып болды да орны-
на Ібіліс келді. Аллаһтың қарғысына ұшыраған Ібіліс
тұрған жерде Аллаһтың алғысынан үміт күткен менің
бірге тұруым мүмкін емес. Орнымнан тұрып кеткен
себебім сол, – деп жауап берген еді.
Бұл оқиғадан үлкен сабақ алған Әбу Бәкір (р.а.)
бұдан былай біреуге сөз айтуға қатты мән беретін бол-
ды. Тіпті жөн- жосықсыз сөйлемеу үшін аузына тас са-
лып жүретінді шығарды. Айтар сөзін әбден ойланып,
елеп-екшеп барып қана айтатын еді.
Аузына салып
жүретін тасты сөйлер алдында ғана алатын. Жай кез-
де ылғи да Жаратқанға жалбарынып, күбірлеп мадақ
айтатын. Ешкімге де жақсы- жаманнан сөз айтпайтын
болды. Өте бір керекті кезде ғана аз сөзбен көкейіндегі
ойдың түйінін жеткізетін
13
.
Достарыңызбен бөлісу: