Қарастырылатын негізгі сұрақтар.
1.Таным философиялық мәселе ретінде.
2.Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.
3.Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
4.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
5.Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Ақиқат және оның критерийлері.
6.Сезімдік және рационалдық таным.
7.Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.
Қоршаған ортаны танып білуде философияның маңызы қандай?,деген сұраққа жауап іздейік.Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілінді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Енді танымның субъектісі мен объектісіне тоқталайық... және қабылдау,елестету,ойлау сынды терминдердің мағынасын ашуға тырысайық... Танымның субьектісідеп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субьект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным обьектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субьектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным обьектісіне айналады. Адамдардың осындай заттық-материалдық, нысаналы өзгертушілік қызметін практикадеп атайды. Яғни, практика дегеніміз адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі.
Түйсік негізгі екі топқа: 1)сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне);
2)дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдік, бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді.