Агностицизм- танымды жоққа шығару,әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.
оптимизм "Оптимизм" термині алғаш рет біздің әлем "ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Бертін келе Оптимизм даралық не бүқдралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнелейтін неғүрлым кең мағына алды.
Скептицизм Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы, ой-пікірі, адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені С.Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”.
Агностицизм Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары.
Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады. Скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылымның және қарапайым дүниетанымның маңызы Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді.