Таным және шығармашылық. Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар



бет4/8
Дата08.10.2022
өлшемі28,46 Kb.
#41956
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ 4

Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген мағлұматты, пікірді, идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой елегінен өткізеді, сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным — танылатын затқа, құбылыс — мәнге, сөз — іске, теория — шындыққа сәйкес келе бермейді, олардың арасында алшақтық болады.
Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек. Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай “Анау айтса анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін, “ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба беретін парықсыз адамдарды сынға алды.
Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді. Агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Философияда алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп емес. Философия әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі табиғат пен коғамның жаңа қырларын ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ ретінде біздің санамыздың тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды түрде танылатынын жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық ағым бар. Сана — барлық өзге дүниеден тысқары емес, керісінше, оның дамуының заңды нәтижесі және ағзалық құрамды бөлігі. Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет