Таным және шығармашылық. Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Ақиқат мәселесін талдай келе



бет6/8
Дата08.10.2022
өлшемі28,46 Kb.
#41956
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», – деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың», – десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», -деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактілік тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол – біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», – деген пікір айтқан болатын. Ф Аквинскийге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол – Құдайдың аяны деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым және мораль» мәселесіне айналды. Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты.
Сезімдік таным Рационалдық танымның манызы қандай?,деген сұраққа ден қояық.
1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
Сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама – қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір – біріне қарама – қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет