Таным және шығармашылық. Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы матералдық заттың тұтас бейнесі. Елестету



бет2/8
Дата08.10.2022
өлшемі28,46 Kb.
#41956
1   2   3   4   5   6   7   8
Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы матералдық заттың тұтас бейнесі.
Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекті бейнелер. Бірақ олардың қабылдаулардан үш түрлі айырмашылығы бар. Елес қазіргі сәтте заттардың тікелей әсері тимей тұрған кезде санада қайтадан туатын бейнелер болғандықтан, қабылдауға қарағанда неғұрлым бұлдырлау келеді де, тиянақсыз болады.
Ойлау - адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет.
Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптасады.


Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі туралы қарастырайық... Танымға байланысты теорияларға тоқталайық...танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — '''скептицизм''', '''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.
Скептизм (көне грекше: қарастыратын, зерттейтін) -
объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану; күдікшілдік, сенбеушілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет