Майы аз диета-1970 жылдардың аяғында қатты насихатталды, ол - май қосымша калорияны білдіреді және қаныққан майды жеу, көптеген денсаулыққа қауіп төндіреді деген логикаға негізделген. Дегенмен, бұл диета үрдістері күтпеген жерден мүлдем қарама-қарсы нәтижелерге әкелді. Май сізді ұзақ уақыт бойына тоқ сезіндіреді, өйткені май қышқылдары көмірсуларға немесе ақуызға қарағанда әлдеқайда баяу ыдырайды. Бізге гормондар жасау және жүйке талшықтарын қорғау үшін май қажет (мысалы, электр сымын қорғайтын пластикалық жабын сияқты). Май ұзақ уақыт бойы ұйқыңызды сақтайды, өйткені дене оны ыдыратады.
Көптеген адамдар ағзадағы май, майды көп жегендіктен ғана жиналады деп сенеді, сондықтан май қатпарынан құтылудың жалғыз жолы – майлы тағамдардан бас тарту. Тек кейінірек «жақсы» майлар бар екені белгілі болды, мысалы, омега-3, бізді жүрек және қан тамырлары ауруларынан қорғайды.[4].
Майды тұтынуды айтарлықтай төмендететін диета, егер талшықты көкөністермен, жемістермен, әртүрлі бұршақ дақылдарымен және дәнді дақылдармен ауыстырылса, онда оны тиімді деп санауға болады. Бірақ, егер сіз майды нанмен, десертпен және таңғы асқа арналған жармалармен толтырсаңыз, нәтиже өте қайғылы болуы мүмкін.
Бір кездері майсыз тағамдардың пайда болуы күтпеген жағдайларға әкелді. Бір сәтте өндірушілер олардың өнімдері дәмсіз екенін және сұранысты жоғалтқанын түсінді. Көп ұзамай диеталық тағамдарға көбірек қант пен тазартылған дәндер қосыла бастады. Майы аз бұл жаңа өнімдер, дұрыс тамақтану атын жамылып сатылымға шықты, ал шын мәнінде мүлде бұлай емес еді.
Біз қазір барлық майлардың зиянды емес екенін білеміз. Яғни, жаңғақ, зәйтүн майы және балықтағы сияқты қанықпаған майлар «жақсы» деп аталса, қызыл ет, сүт және өңделген тағамдарда кездесетін қаныққан немесе транс майлары бар, яғни «жаман» майлар бар.
Майы аз диета талшықты көкөністерді, бұршақтарды, жемістерді және дәнді дақылдарды көп жеу арқылы денсаулығыңызды жақсартады. Егер майлар жоғары гликемиялық, яғни қант пен ұн сияқты қарапайым (жылдам), тез қорытылатын көмірсулармен ауыстырылса, майы аз диета қауіпті болуы мүмкін.
КӨМІРСУЫ АЗ ДИЕТА
Көмірсуы аз диета - қант және/немесе крахмалы бар белгілі тағамдарды төмендетіп, көмірсулардың азаюына негізделген. Бұл көбінесе ақуыздар мен майларды тұтынудың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Көмірсуы аз диетаны ұстанатындар, әдетте көмірсулардың азаюына байланысты, калорияларды толық толтырмайды және нәтижесінде салмақ тастайды.
Көмірсулар энергия көзі болып табылады, олар жеміс-жидек, көкөніс, нан, орама және басқа да тәттілер түрінде азық-түлікпен келеді. Көмірсуларды көп тұтынатын болсақ, әсіресе қант пен ақ нан сияқты оңай сіңетіндерін, біздің ағзамыз артық энергияны болашаққа отын түрінде жинақтауды қажет деп санайды. Май – осындай отын. Көмірсулардың майға айналуы, ұйқы безі шығаратын инсулин гормонының арқасында жүреді. Инсулин майды тері астына және дененің басқа бөліктеріне жинайды]. Біз аштықта шаймен торт жеу немесе сникерс сияқты жеңіл тамақтандыру арқылы, тез қанағаттандырамыз деп ойлаймыз, бірақ тоқтық сезімі ұзаққа созылмайды, өйткені көмірсулар тез жағылып, бізді энергиямен қамтамасыз етеді. Артық көмірсулардың майға айналуы салдарынан май жиналып, салмақ қосамыз. Артық май қантамырларда және басқа да маңызды органдарда жиналып, жүрек, ми, бауыр жұмысында бұзылулар тудыруы мүмкін. Содан метаболикалық синдром пайда болады, ол қазіргі әлемдегі өлімнің 60% -дан астамының негізгі себебі. Көкөністер мен жемістерде көп кездесетін тағамдық талшықтардың қанттан айырмашылығы, ол денеден зиянды заттарды шығаруға көмектеседі.
Көмірсуларды шектеу салмақ жоғалтуға және көптеген метаболикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Көмірсуы аз диетаның қайсысын таңдасаңыз да, құрамында көмірсуы бар дәнді, бұршақ дақылдарын, жемістерді, нандарды, десерттерді және картоп, жүгері, асқабақ және тіпті шалқан сияқты крахмалды көкөністерді шектеңіз. Ұн мен қанттан жасалған өңделген тағамдарға тыйым салынады. Олар ақуыз және майы жоғары тағамдармен ауыстырылады: ет, жұмыртқа және жаңғақтар. Мұндай диетаның әлеуеті өте жоғары: атап айтқанда, 2 типті қант диабетінің дамуының ерте кезеңі инсулинге төзімділікті жеңуге көмектеседі.
Көмірсуы төмен тағамдар денсаулыққа әртүрлі дәрежеде пайдалы. Мысалы, ет құрамында көмірсулар аз, бірақ қаныққан майлар бар. Сондықтан, егер сіз көмірсулардың орнын толтыру үшін, ет тұтынуды арттырсаңыз, бұл қажетсіз қаныққан майлардың көбеюіне әкелуі мүмкін.
Төмен көмірсулы диетада қант пен тазартылған дәнді дақылдарға ғана емес, көкөністерге, дәнді дақылдарға және бұршақтарға да тыйым салынса, бұл витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Егер көмірсулардың тұтынылуы тым аз болса, онда адам ағзасында кетоз жүрек айнуы, бас ауруы, физикалық және психикалық проблемалар, ауыздан жағымсыз иіс шығу сияқты мәселелер болуы мүмкін. Сонымен қатар, талшық көмірсулардың маңызды түрі. Оның жетіспеушілігі тоқ ішек қатерлі ісігінің қаупін арттырады және денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқаратын ішек микробиомасына теріс әсер етуі мүмкін[13].