Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

Использованная литературы: 
1.  Назарбаев  Н.А.  Казахстан-2030.  Процветание,  безопасность  и  улучшение  благосостояния  всех 
казахстанцев:  Послание  Президента  страны  народу  Казахстана  //  Казахстанская  правда.  –  1997.  –  11 
октября. 
2.  Насимова  Г.О.  Проблемы  предотвращения  деструктивных  политических  конфликтов  в  РК  // 
Саясат-POLICY. – 2008. – № 4 
3.  Ахетов  А.  Язык  человеческого  согласия.  О  роли  СМИ  в  укреплении  мира  и  единства  народов 
Казахстана  //  Роль  СМИ  в  формировании  культуры  мира:  материалы  международной  научно-
практической конференции. – Алматы: TST-company, 2005.  
4. Сыроежкин К.Л. Казахстан и Россия: как жить дальше? // Континент. – 2000. – № 3 (16).  
5.  Экономическая  и  социально-политическая  ситуация  в  Республике  Казахстан  в  оценке 
общественного  мнения  местного  населения:  комплексное  социологическое  исследование  /  Центр 
социологических 
и 
маркетинговых 
исследований 
SOCIUM. 
– 
2006. 
– 
Сентябрь 
// 
http://pda.regnum.ru/news/725763.html. 
6.  Вебер  М.  Избранные  произведения  /  пер.  с  нем.;  сост.,  общ.  ред.  и  послесл.  Ю.Н.  Давыдова; 
предисл. П.П. Гайденко. – М.: Прогресс, 1990.  
7.  Кабылбекова  З.Б.  Особенности  социокультурного  аспекта  воспитания  этнотолерантных  качеств 
личности школьника.// Менеджмент в образовании №4 2007. 
 
Аnnotation.  In  the  article,  the  author  examines  the  political  tolerance  during  the  mediation  of  ethnic 
conflicts. 

Аннотация.  Мақалада  орталық  реттеу  жҥйесіндегі  этникалық  жанжалдар  саяси  толерантылық 
туралы қарастырылған.  
 
 
 
 
940.2 
С14 
ОТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ 
 
Садықова Ә.Қ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  тәуелсіздігін  жариялағаннан  кейін  жаңа  тарихы  таным 
қалыптастыру  ҥшін  тарих  ғылымының  теориялық-методологиялық  мәселелерін  қайта  қарау  қажеттілігі 
туындады.  Сондықтан  1995  жылы  «Қазақстан  Республикасында  тарихи  сана  қалыптастырудың 
тҧжырымдамасы»  дайындалып,  онда  ӛткен  тарихымыздың  шынайы  бейнесін  жасау  қажеттігі  баса 
айтылды. Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде ӛзекті мәселелерге жаңа кӛзқарастар 
тҧрғысынан  қарап,  дербес,  тың  ой-пікірлер  мен  тҧжырымдар  жасау  міндеті  тҧрды.  Бірақ  тәуелсіз,  жаңа 
тҧжырымдар жасау оңайға тҥскен жоқ. 
Ғасырға  жуық  билік қҧрған  Кеңес Одағының қҧрамында  болған  халықтардың  барлығының  тарихы 
бірыңғай  саяси  бағытта  жазылғаны  белгілі. Бҧл  әрине, алып  империяға  қол  астындағы  халықты уысында 
ҧстап  отыру  ҥшін,  орыстандыру  саясатын  жҥргізу  ҥшін  керек  болды.  Ал,  осы  саясатты  жҥргізу 
тарихшылар  арқылы  жҥзеге  асырылды.  Сондықтан  да,  ХХ  ғасырда  тарих  ғылымына  қысым  жасалып, 
тарих тапсырыспен жазылды, қатаң бақылауда ҧсталды. 
Тарихты  бҧрынғы  бағытпен  (маркстік-лениндік  методология  бойынша)  жазу  –  тарих  ғылымының 
шеңберін тарылтып, тарихшы ғалымдарға тарихи шындыққа жетуде қиындықтар туғызуда. Сондықтан да 
тарих ғылымын зерттеуде оның методологиясын ӛзгертуді заманның ӛзі талап етіп отыр. 
Тарихтың  зерттеу  нысанын  ӛзгерту  мақсатында  кейінгі  кезде  қолға  алынып  жатқан  тарихты 
саясаттан тыс, халықтың кҥнделікті ӛмірі тҧрғысынан алып зерттеу, яғни ХХ ғасырдың орта тҧсына дейін 
кең  ӛріс  алған  макродеңгейдегі  тарихтан  соңғы  мезгілде  біршама  екпін  ала  бастаған  микродеңгейдегі 
тарихқа бет бҧру – тарихты зерттеудегі қордаланып қалған мәселелердің тҥйінін шешіп, шынайы ақиқатқа 
жеткізетін бірден-бір жол болмақ. 
XX  ғ.  басынан  бастап  адамдардың  қарапайым  кҥнделікті  ӛмірінің  тарихын  ғалымдар  зерттей 
бастайды. Ғалымдар кҥнделікті ӛмірді зерттеуде бҧл мәселенің маңызды әрі қҧнды екеніне кӛздері жетеді. 
Батыс тарихнамасында кҥнделікті ӛмір мәселелерін тҥсіндіру «Анналдар» мектебімен тығыз байланысты. 
Оның  негізін  қалаушы  М.Блок  пен  Л.Феврдің  басты  мақсаты  ретінде  қоғамдық  ғылымдар  арасындағы 
қарама-қайшылықты  жою,  зертеушілер  іргеліс  пәндердің  әдісін  меңгеріп,  тарих  ғылымын  тарихи 
кеңістіктегі  адамдар  туралы  ғылым  ретінде  қарату  болып  табылады.  М.Блок  пен  Л.Феврдің  ізбасары 
Ф.Бродель  адам  ӛмірін  рәсімдеу  мен  ҧйымдастырудан  тҧратын  (ландшафт,  архитектура,  бӛлменің  ішкі 
кӛрінісін  әзірлеу;  іс-әрекет  пен  қарым-қатынас:  әдет-ғҧрып,  салт-дәстҥр,  әдеп)  «кҥнделікті  қҧрылым» 
терминін енгізді [1]. 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысына  дейін  қоғамдық  жағдай  макро  деңгейдегі  тарихтың  (мемлекет, 
ҧлт,  таптар  тарихы)  басымдылық  алуына  негіз  болды.  Тарихи  ой  осы  бағыттағы  және  осы  мазмҧндағы 
тақырыптарды  игеруге  басымдылық  берді.  Бҧл  зерттеу  әдісі  мен  бағытының  әлсіз  жақтары  да 
болғандығын тарихшылар бҥгінгі уақытта мойындап отыр. 
Тарихи  зерттеулердің  бҧл  әлсіз  тҧстары  жеке  адамның, әсіресе  қоғамдағы  «кішкентай»  адамдардың 
(яғни,  қарапайым  адамдардың)  кҥнделікті  ӛміріне,  оның  ӛміріндегі  ӛзгерістерге  жете  кӛңіл  аударылмай 
қалуына  байланысты  еді.  Әлемдік  тарихнамада  «антропологиялық  тӛңкеріс»  (Антропология,  тарихи 
антропология  (грек  сӛзі  –  (anthropos  -  адам)  –  адамның  табиғаты  туралы  ілім,  тарихнамада  зерттеу 
объектінің  ӛзегі  ретінде  адамның  кҥнделікті  ӛмірін,  ондағы  материалдық  және  мінез-қҧлықтық,  әдет 
ғҧрыптық  ерекшеліктер  мен  ӛзгерістерді  зерттеу  нысанына  айналдырған  бағыт)  аталған  бҧл  бағыттың 
ерекшелігі  тарихи  зерттеулердегі  акцентті  глобальды  қҧрылымдардан  кҥнделікті  ӛмір  тіршілігіне 
аударуында  еді. Яғни,  Кҥнделікті  ӛмір  тарихын зерттеу  –  ауызша тарих  айту  арқылы  жҥзеге  асырылады. 
Кҥнделікті  тарих  пен  ауызша  тарих  –  бҧл  әлеуметтік  тарихтың  ӛзара  байланысты  таным  қҧралдары, 
ӛмірді,  соның  ішінде  қарапайым  қоғам  мҥшесінің,  шағын  әлеуметтік  топтар  мен  қҧрылымдардың 
кҥнделікті тіршілігін  танып білуге бастайтын жол. 
Ауызша  тарих  дегеніміз  –  ол  адамдардың  ӛз  ӛмірлері  туралы,  ӛздері  куә  болған  ӛткен  оқиғалар 
туралы жазылып алынған естеліктер. 

«Ауызша  тарих»  («Oral  History»)  ҧғымы  ең  алғаш  Америка  және  батыс  зерттеушілері  еңбектерінде 
орын  алды.  Оның  тҥпкі  тамыры  тереңде  болғанымен  ғылым  ретінде  бой  кӛтеруі  екінші  дҥние  жҥзілік 
соғыстан  кейінгі  уақытқа  жатады.  Ауызша  тарихта  жеке  адам  биографиясы  арқылы  тҧлға  рӛлін 
анықтаудың  маңызы  зор.  «Ауызша  тарих»  терминін  Барбэ  дОривелли  (1852  ж.)  алғаш  рет  ғылыми 
лексиконға  енгізгеніммен,  1948  жылы  Колумбия  университетінің  профессоры  Алан  Невинс 
жҧмыстарынан кейін кең тарады. 
Ғасырлар  тоғысында  «Әлеуметтану  ғылымы  адамның  әдеттегі  бір  ізді  әрекеттерімен  айналысу 
керек», - деп Макс Вебер жазып кеткен. М.Вебердің арқасында кҥнделікті ӛмір тарихына қатысты ғылыми 
тілге «тҥсіну», «талдау» деген жаңа терминдер енді [2].  
«Кҥнделікті ӛмір тарихы» (everyday life history, Alltagsgeschichte, histoire de la vie quotienne) – тарихи 
білімнің жаңа бағыты, оның зерттеу пәніне тарихи-мәдени, саяси-оқиғалық, этникалық, конфессионалдық 
контекстегі адамзаттың ҥйреншікті ӛмір сҥру ортасы жатады. 
Ғылымға  кҥнделікті  тәжірибе  әлемін айқын ашып  кӛрсеткен Гуссерльдің  кейінгі  феноменологиясы 
адамның  кҥнделікті  тәжірибесіне  кӛп  кӛңіл  бӛлудің  тәжірибелік  және  теориялық  себебін  тҥсіндіреді. 
Ӛзінің  ойлап  тапқан  әдісі  –  феноменологиялық  редукция  (барша  әлем  жақшаға  алынып,  нәтижесінде 
кҥмән  туғызбайтын  мәліметтің  сҧрыпталуы)  арқылы  Гуссерль  «айқын»  шынайылықты  табады. 
Феноменология  негізін  қалаушы  пікіріне  сҥйене  отырып,  біз  алғашқы  айқындықты  жаратылыстану  мен 
математикалық  физиканы  сипаттайтын  әлемнен  емес,  бізді қоршаған  кҥнделікті  ӛмірден  таба  аламыз.  Ол 
әрбір адамға толық айқынмен тікелей беріледі [3]. 
«Кҥнделікті  ӛмір  –  бҧл  жерде  адамдар  ӛмірге  келеді,  ӛмірге  сҥреді,  ӛмірден  кетеді,  қуанады, 
ренжиді,  жақсы  кӛреді  және  жек  кӛреді. Осыған  орай тарихшылар  ғасырлар  бойы кҥнделікті  ӛмірге  мән 
бермей,  кӛбіне  терең  әрі  қиын  мәселелерге  кӛңіл  бӛлді:  патшалар,  дипломаттар,  саясатшылар  ӛмірі, 
соғыстар  мен  революциялар  т.б.  Кҥнделікті  әлем  аймағында  ғана  адам  дҥниеге  келіп  ӛседі,  мәдениет, 
ғылым, ӛнер, дін дамиды», – деп И.Б. Бутенко пайымдайды  [4]. 
XX  ғ.  басында  тарихи  танымның  жаңа  қажеттіліктерін  айқын  кӛрсеткен  «Анналдар»  мектебінің 
ӛкілдері болды. Олар: Марк Блок, Люсьен Февр, Фернанд Бродель. XXғ. 30 жылдары «Анналдар» еңбекші 
адам  ӛмірін зерттеуге  бет  бҧрып,  «жҧлдыздар  тарихына»  қарама-қарсы  «бҧқара  халық тарихы»  олардың 
зерттеу  пәніне  айналды.  Тарих  «жоғарыдан»  емес,  «тӛменнен»  басталып зерттелді.  «Адам  географиясы», 
материалдық  мәдениет  тарихы,  тарихи  антропология,  әлеуметтік  психология  пәндері  жасақталды.  
  
Фернанд  Бродельдің  «Материальная  экономика  и  капитализм  (XV-XVIII  в.в.)»  деп  аталатын 
еңбегінің  бірінші  кітабы  «Структуры  повседневности:  возможное  и  невозможное»  деп  аталады.  Бҧл 
еңбекте  материалдық  ӛмірдің  ескішіл  тәртібі  мен  тарихи  шындықтың  әртҥрлі  деңгейінде  кездесетін 
шиеленістер, уақыт және кеңістік диагностикасы туралы философиялық тарихи ойлар анық кӛрінеді [5].  
XX  ғасырдың  60–90  жылдары  батыс  ғалымдарының  кҥнделікті  ӛмір тарихына қызығушылығы  арта 
бастады.  Кҥнделікті  ӛмір  мәселесін  қозғаған  алғаш  еңбектер  пайда  болды.  «Одиссей»  альмонахында 
кҥнделікті  ӛмір  тарихының  теориясын  тҥсіндіру  ҥшін  арнайы  мақалалар  жҥйесі  басылды.  Г.С.Кнабенің 
(«Общественно-историческое  познание  второй  половины  XX  века,  его  тупики  и  возможности  их 
преодоления»),  А.Я.  Гуревичтің  («Историк  конца  XX  века  в  поисках  метода»),  Г.И.Звереваның 
(«Реальность  и  исторический  нарратив:  проблема  саморефлексии  новой  интеллектуальной  истории») 
мақалалары  шығады.  С.В.  Оболенскаяның  «Некто  Йозеф  Шефер,  солдат  гитлеровского  вермахта»  деп 
аталатын мақаласында кҥнделікті ӛмір тарихын зерттеу әдісі Йозеф Шефердің жеке ӛмір баянын мысалға 
ала  отырып  тҥсіндіріледі.  Веймар  Республикасының  кҥнделікті  ӛмірі  сәтті  зерттелген  И.Я.  Бисктің 
жҧмысы  1990  жылы  жарыққа  шықты.  Кӛлемді,  әрі  әртҥрлі  дерек  кӛздерін  қолданған  ол  Веймар 
кезеңіндегі  Германия  халқының  кҥнделікті  ӛмірін  сипаттайды.  И.Я.  Биск  дәлелді  мәліметтер,  нақты 
мысалдар  кӛрсетіп,  азық  –тҥлік,  киім,  тҧрмыс  жағдайын  т.б.  баяндайды.  Егер  де  Г.С.  Кнабье,  А.Я. 
Гуревич,  Г.И.Звереваның  мақалаларында  «кҥнделіктілік»  мағынасында  теориялық  тҥсінік  берілсе, 
С.В.Оболенская  мақаласы  мен  И.Я.Биск  монографиясы  –  «кҥнделікті  ӛмір»  мағынасын  нақты  мысалдар 
арқылы тҥсіндіруге талпынған тарихи еңбектер болып табылады  [6].  
Батыс  тарихнамасы  Англия,  Франция,  Италия,  Германия  елдерінің  тәжірибесін  ҧмыт  қалдыруға 
болмайды.  XX  ғ.ғ.  60–70  жылдары  адам  ӛмірін  зерттеуге  байланысты  қызығушылық  артты,  осыған  орай 
кҥнделікті  ӛмір  тарихымен  ең  алғаш  неміс  ғалымдары  айналыса  бастады.  «Мемлекеттік  саясат  пен 
жаһандық  қоғамдық  қҧрылымдар  мен  ҥрдістерді  талдаудан  басқа,  қарапайым  адамдардың  кҥнделікті 
ӛмірін зерттеуге бет бҧрайық» деген ҧран жҥрді. 
1984 жылдың 3-6 қазанында Берлинде кҥнделікті ӛмір тарихы мәселесіне қатысты дискуссия болып 
ӛтті.  Ю. Кокканың  редакторлығымен  дискуссия  материалдары  «История  сверху  –  история  с  низу»  деген 
атаумен жарыққа шықты.   
   Қазіргі заман  ресей тарихнамасында  кҥнделікті  ӛмір  тарихына  арналған  арнайы  методологиялық 
аспектілер  жасауға  кӛңіл  бӛлініп  отыр.  2002  жылы  16  сәуір  кҥні  Ресей  ғылым  академиясының  жанынан 
Ю.А.Поляковтың  тӛрағалығымен  «Человек  в  повседневности:  прошлое  и  настоящее»  деп  аталатын 
Ғылыми кеңес ашылды. Кеңес жҧмысы тӛрт бағытта жҧмыс жасайды: 

   Бірінші  бағыты:  тарихи–демографиялық,  туылу,  ӛлім,  ӛмір  сҥру  ҧзақтығын,  денсаулық,  ауруға 
шалдығу, медициналық жәрдем беру. 
   Екінші  бағыты:  жанҧя,  жанҧялық  сырластық  қатынастар,  ҧрпақ  арасындағы  қарым–қатынас, 
жанҧядағы бала тәрбиесі.  
   Үшінші  бағыты:  тҧрмыс  жағдайына  мән  береді:  ҥймен,  азық  –  тҥлікпен,  киім,  байланыс 
қҧралдарымен қамтамасыз ету.  
   Төртінші  бағыты:  демалыс,  туризм,  спортпен  айналысу,  мерекелік  шаралар  ӛткізу  дәстҥрлері 
мәселелерімен айналысады. 
Ғылыми  кеңес  Ресей  және  шетел  ғылыми  мекемелерімен  бірлесе  ғылыми  еңбектер  жазумен 
айналысып, ғылыми конференциялар мен дӛңгелек ҥстелдер ӛткізеді. 
«Кҥнделікті  ӛмір  тарихын»  зерттеудің  алғаш  нәтижелері  журналдар  мен  жинақтарда  басылып 
шықты.  1994  жылы  тамыз  айында  Санкт-Петербургтік  экономика  және  финанс  университеті  жанынан 
ӛткен  «Российская  повседневность  1921-1941г.г.:  новые  подходы»  деп  аталатын  халықаралық 
конференцияның  материалдар  жинағы  маңызды  еңбек  болып  табылады.  Конференцияға  Ресей  және 
шетелдің  білікті  экономистері,  тарихшылары,  саясаттанушылары,  әлеуметтанушылары,  этнограф, 
әдебиетшілері қатысты  [7]. 
Қазақстанда соңғы жылдарда ғана қолға алынуда. 
Қазақ  қоғамының  тарихын  жаңа  сапа  және  мазмҧнда  зерттеп  білуде  кҥнделікті  тарих  пен  ауызша 
тарихтың  жаңа  методологиялық  таным  қҧралы  ретінде  маңызы ерекше.  Ӛйткені  ҧлттың  ӛткен  жолы  осы 
уақытқа  дейін  макротарих  тҧрғысынан  зерттеліп  және  баяндалып  келді,  сондай-ақ  ол  кеңестік  кезеңде 
дебес  ғылым  және  білім  саласы  ретінде  қалыптасып,  белгілі  себептерге  байланысты  идеологиялық 
тапсырыстарды  орындауға  тиісті  болды  [8].  Ҧлт  тарихын,  оның  тҥрлі  кезеңдер  мен  саяси  жҥйе 
жағдайында жҥріп ӛткен жолын тҥрлі идеологияланған және саясаттанған талдаулар мен тҧжырымдардан 
аршып алудың бірден-бір тиімді жолы тарихнаманың осы жаңа бағыттарына сҥйену болса керек. 
Кҥнделіктілік тарихы соңғы жылдары қазіргі заманғы тарих ғылымында болашағы зор бағыттардың 
бірі ретінде танылуда. Бҧрын тарихшылар тек әлеуметтік, экономикалық, саяси, демографиялық тарихпен, 
мәдениет тарихымен айналысса, қазіргі кезде зерттеудің негізгі нысаны ретінде АДАМ және оның тарихи 
ҥдерістердің  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  конфессиялық,  мәдени,  т.б.  факторларының  әсерін  қалай 
қабылдағаны алынып отыр. Адамдардың кҥнделікті ӛмірінен қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
мәдени ҥдерістердің бейнесі кӛрініс берсе, ӛз кезегінде, кҥнделкті ӛмір де қоғамға ӛзінің ықпалын тигізіп 
отырады.  Адамның  кҥнделікті  ӛмірі  мен қоғам  арасындағы  осы ықпалдастықты  зерттеп,  сараптау тарихи 
ҥдерістердің  әртҥрлілігін  кӛрсетуге,  ӛткен  оқиғаларды  қайта  қарап,  жаңа  кӛзқарастар  тҧрғысынан  қайта 
бағалауға мҥмкіндік береді. 
Бҥгінгі таңда осы аталған методологияға сҥйеніп, қазақ қоғамының тарихын жаңаша зерттеп жҥрген 
Отан тарихын зерттеудің жаңа бағытын ҧсынып отырған тарихшылар бар.  Атап айтсақ  бҥгінгі кҥні Абай 
атындағы  ҚазҦПУ-нің  Магистратура  және  докторантура  институтының  «Қазақстан  тарихы  және 
мәдениеті»  кафедрасының  меңгерушісі,  тарих  ғылымының  докторы,  профессор  М.Қ.Қойгелдиев  
басқарып  отырған  кафедра  ҧжымы  және  институт  ішінде  «Кҥнделікті  ӛмір  тарихын  зерттеу» 
орталығының ғалымдары мен мамандары  ғылыми зерттеу жҧмысын жҥргізуде. 
Отан тарихнамасында да кҥнделікті тарих пен ауызша тарих бағыттары ҧлт пен мемлекет тарихына 
қоғамдағы қарапайым адам ӛмірі тҧрғысынан келу әрекеті ретінде қабылданғаны жӛн. Басқаша айтқанда, 
қазіргі таңда әлеуметтік тарих жаңа мазмҧнға ие болып, ендігі уақытта таптар, әлеуметтік қҧрылым және 
институттармен  қатар  отбасы,  әулет,  шағын  қауым  сияқты  әлеуметтік  микро-қҧрылымдар  тарихы  да 
зерттеу объектісіне айналмақ. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Лебедева  Л.В.  Повседневная  жизнь  пензенской  деревни  в  1920-е  годы:  традиции  и  перемены/ 
Л.В.Лебедева. -М.: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН), 2009. С.5-6. 
2.
 
Дорофеева 
З. Е. Социология 
культуры 
и 
повседневность 
//http: 
//sociologist.nm.ru/articles/zlata_01.htm#u25. 
3.
 
Сыров  В.Н. О  статусе  и  структуре  повседневности  (методологические  аспекты)  //  Личность. 
Культура. 
Общество. 
2000. 
Т.2. 
Спец. 
выпуск. 
С. 
147-159. 
 
4.
 
Бутенко  И.Б.  Социальное  познание  и  мир  повседневности:  горизонты  и  тупики 
феноменологической социалогии. М.. 1987. С. 25.  
5.
 
Бродель  Ф.  Материальная цивилизация,  экономика  а  капитализм  XV-XVIII  в.в.      Т.1. Структуры 
повседневности: возможное и невозможное. М., 1986, С.41 
6.
 
Пушкарева  Н.Л.  Предмет  и  методы  изучения  «Истории  повседневности»  //Этнографическое 
обозрение. 2004. № 5.С. 21. 

7.
 
Вамбольдт  Н.В.,  М.П.Шубина.  Повседневность  в  истории  //  Электронный  научный  журнал 
«Вестник Омского педагогического университета». – 2006№ – (www.omsk.edu.ru) 
8.
 
Козлова  Н.Н.  Социология  повседеневности:  переоценка  ценностей //  Общественные  науки  и 
современность. 1992. № 3. С. 48. 
 
Аннотация.  На сегодняшний день социальная история содержит новое значения, социальным 
содержанием и вместе с институтами семьи, династия небольшая община подобной становится 
социальной микро-содержания истории и исследования объекта 
 
Annotation.
  Today social history contains new values, social content, and together  with the institutions of 
the family, the dynasty became a small community like social micro-story content and research facility. 
 
 
 
940.53:312(574) 
С14 
 
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНА АЗ ҦЛТТАРДЫҢ 
ҚОНЫСТАНУЫ 
 
Садықова Ә.Қ., Босқымбаева А.М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
1917 жылға дейін және одан кейінгі жылдары Қазақстан саяси жер аударылғандардың мекені болды. 
ХХ ғасырдың басында патша ҥкіметі қазақ жерін толықтай ӛз меншігіне айналдыру ҥшін славян ҧлттарын 
кӛбірек  қоныстандыруға  тырысты.  Ҥкімет  біріншіден,  қазақ  жеріндегі  пайдалы  қазба  кӛздерін  уысында 
ҧстауда  республика  кӛп  ҧлтты  мекенге  айналдырудың ҥлкен  мәні  барын есепке  алса,  екіншіден  бҧл  ӛлке 
тҥрлі  сынақ  жҥргізуге  аса  қолайлы  еді.  Қазақстан  саяси  жағынан  алғанда  кеңес  жҥйесіне  қауіп 
тигізетіндерді  жер  аударуға  аса  қолайлы  мекен  болды.  Сондықтан  кеңес  ҥкіметі  шекара  маңындағы 
халықтарды ішке, яғни қазақ жеріне әкеліп орналастыра бастады. 1926 жылғы санақ нәтижесіне сҥйенсек, 
Қазақстандағы халықтың жалпы саны  6 229, 9 адам болып, оның ішінде 3 627,6-сы жергілікті қазақтарды 
қҧрады. 
30-жылдың  соңына  қарай  Қазақстанға  қуғынға  ҧшыраған  ҧлттарды  жаппай  зорлап  қоныс  аударуы 
кең ӛріс алды. Қазақстан территориясына ең алғаш  болып қоныс аударылған ҧлттың бірі поляктар болды. 
Олар Украина территориясында шекараға жақын жердегі аудандарда қоныстанған еді.  Сталиндік қуғын-
сҥргін  салдарынан  осы  поляк  ҧлты  кӛбірек  тҧратын  аудандар  жойылды.  Негізінен  қоныс  аударуға 
ҥкіметтің  1936  жылғы  23  қаңтардағы  «Украин  КСР-нен  Қазақ  АКСР-на  қоныс  аудару»  жӛніндегі  және 
1936  жылғы  26  сәуірдегі  «УКСР-нан  Қазақ  АКСР-нің  Қарағанды  облысына  экономикалық  қамтамасыз 
ету» жӛніндегі қаулысы негіз болды.  
Жоғарыда аталған қаулылар бойынша 1936 жылдан бастап Украина шекаралық аймақтарынан қоныс 
аударылатын  35,820  поляк  ҧлт  ӛкілдерінің  35,739-ы,  яғни  99,8 -і  Қазақстанға  жіберіліп,  Солтҥстік 
ӛңірлерге орналастырылды. Бҧғанға дейін де Қазақстанда 1926 жылғы  санақ есебіне сҥйенсек, 5000 поляк 
ҧлты  мекен  еткен.  Олар  ХІХ  ғасырдағы  Ресей  патшалығының  Сібір  ӛңіріне    қоныс  аударған  поляк 
революционерлері  мен                                  ХХ  ғасырдың  басында  Польша  корольдігіндегі  экономикалық 
дағдарыстарға  байланысты  қоныс  аударған  поляктар  еді.  КСРО  территориясына  поляктардың  екінші 
толқыны  1939  жылы  басталды.  Тҧтастай  алғанда,  КСРО-ның  батыс  аймағынан  қазақ  даласына  жер 
аударылғандардың  саны  190 000  адам  болған.  Соғыс  қарсаңына  қарай  Қазақстанда  102  мың  қоныс 
аударылған поляктар болған. 
Кҥштеп  қоныс  аударылған  халықтардың  бірі  корей  ҧлты.  Корейлер  негізінде  Қиыр  Шығысқа  ХІХ 
ғасырдың  60-жылдары  қоныстана  бастаған.  1917  жылғы  санақ  бойынша  Приморье  губерниясындағы 
корей  шаруа  отбасының  саны  9308  болса,  бҧл  1922  жылы  18407-ге,  ал  1925  жылы    21555-ке  жетіп, 
қоныстанушылар саны шамамен 120-130 мың адамды қҧрады.  
1937  жылдың  шілдесінде  Жапонияның  Қытайға  басып  кіруіне  орай  кеңес  ӛкіметі  елдің  Қиыр 
Шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҥшін кейбір іс-шараларға баруға туралы келді. 1937 жылдың 
21 тамызында КСРО  Халық Комиссарлар  Кеңесі  мен  БК(б)П  Орталық  Комитетінің  «Корей  халқын  Қиыр 
Шығыс ӛлкесінің шекаралық аудандарынан кӛшіру туралы» біріккен  қаулысы шықты [ 2, 64-65.].  
Корейлердің  Қиыр  Шығыстан  КСРО-ның  ішкі  аймақтарын  кӛшірудің  себебін  кеңестік  ҥкімет 
Жапония  тарапынан тӛніп  тҧрған  соғыс  қаупінен  деп  тҥсіндірмекке тырысты. Бҧл  негізінде корейлердің 
Жапон ҥкіметіне жасырын қызмет атқарулары мҥмкін деген кҥдікпен туындаған еді. Қиыр Шығыстың  23 

ауданынан  кӛшірілген  корейліктер Қазақстанның   Оңтҥстік  ӛңіріне,  Арал  теңізі  мен Балқаш  кӛлі  маңына 
орналастырыла бастады. 
Соғыс қарсаңында  Кеңестік  ҥкімет Тҥркия  мен  Иран  шекараларына  жақын  орналасқан  аз  ҧлттарға 
деген  сенімсіздігін  кҥшейте  тҥсті.  Шекара  аймақтарында  тҧратын  кҥрд,  ирандық,  ассириялықтар  мен 
тҥріктерді  ішкі  аймақтарға  кӛшіру  барысы  1937-1938  жылдар  аралығында  жҥрігізілді.  Тҥркіменстан, 
Әзірбайжан,  Грузия  мен  Армян  КСР-нен  кҥрд,  армян  және  тҥріктерді  кӛшіру  мәселесі  олардың 
шетелдерде  туыстарының  барлығы  және  олармен  байланыс  ҧстауынан  туындады.  Екінші  дҥниежҥзілік 
соғыс  қарсаңында  Кеңес  ӛкіметі  бҧл  ҧлт  ӛкілдеріне  ҥлкен  сенімсіздікпен  қарады. Қазақстанның Алматы 
мен Оңтҥстік ӛңірлеріне кӛшірілген кҥрдтерді орналастыруға 1938 жылы 400 мың сом ақша бӛлінген [3].   
30-жылдардың  ортасына  дейін  Қазақстанда  тҧрып  жатқан  51  102  неміс  ҧлт  ӛкілдері  кеңестік 
қоғамның  толық қҧқылы  мҥшесі  болып келген. Қазақ  жеріндегі  немістердің  саны  1936  жылы  28  сәуірде 
поляк  ҧлт  ӛкілдерін    Украинадан  кӛшіру  жӛніндегі  КСРО  ХКК-нің  қаулысынан  кейін  кӛбейді.  1936 
жылдың  соңына  дейін,  атап  айтқанда  шілде  мен  қыркҥйекте  поляктармен  бірге  23 
  немістер  жер 
аударылды.  Екінші  дҥние  жҥзілік  соғыс  басталған  кезде,  гитлерлік  әскерге  кӛмектесуі  мҥмкін  деген 
желеумен  Еділ  бойынан  немістер  қудаланды.  1939  жылғы  санақ  бойынша  КСРО-да  1 427  222  немістер 
мекендеген.  
1941  жылдың  6  қыркҥйегінде  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  қаулысы  бойынша  немістер 
Қазақстанның  Қарағанды  облысына,  Жамбыл  облысына,  Қызылорда  облысына,  Оңтҥстік  Қазақстан 
облыстарына орналастыру шешілді. 
Соғыс  жылдары  Қазақстан  жеріне  қоныстандырылған  ҧлттардың  бірі  –  қарашайлар  болды.  1942 
жылдың  тамызынан  1943  жылдың  қаңтарына  дейін  қарашайлықтардың  жері  неміс  басқыншылардың 
қолында  болып,  бҧл  территория  жаудан  тазартылғаннан  кейін  кеңес  ҥкіметі  1943  жылдың                        
12-қазанында «Қарашай автономиялық облысын жою және оның территориясын әкімшілік тӛңірегін қайта  
қҧру»  туралы    қаулы  қабылдады.  Бҧдан  кейін  кеңестік  ҥкімет  «неміс  басқыншылары  Қарашай 
Республикасына  басып  кірген  кезде  қарашайлықтар  опасыздық  кӛрсетіп,  сатқындық  жасап,  кӛптеген 
адамдарды  немістерге  ҧстап  берген,  неміс-фашистерінің    қҧрған  ҧйымына  кіріп,  Кеңес  Ҥкіметіне  қарсы 
соғысты»  деген  желеумен  осы  жылдың  14  қазанында  қарашайларды  жер  аудару  жӛнінде  қҧпия  қаулы 
қабылдады.  Кӛптеген қарашайлықтарға «немістерге Закавказье асуынан ӛтер кезде, оларға жол кӛрсетті» 
деген желеумен айып тағылып, тҧтқынға алынып, тҥрмелерге жабылды. Аз уақыттың ішінде ҧлтты қатаң 
жазалау мақсатымен, 70 мыңға жуық тҧрғыны бар Қарашай Автономиялық облысын жойып жіберді.  
Қарашай  автономиялық  облысынан  45 529  адамнан  тҧратын  11 711  отбасы  Қазақстанның  Жамбыл 
және  Оңтҥстік  Қазақстан  облыстарына  орналастырылған.  Негізінде  жер  аударылып  кӛшірілгендердің 
басым кӛпшілігі жас балалар, әйелдер және қариялар болды. Қалмақтар 1943 жылдың  28 қазанында елдің 
шығыс, солтҥстік аудандарына және Оралға жер аударылған. Қысқа мерзім ішінде 99 252 адам кӛшіріліп, 
оның 2268-і Қызылорда облысына қоныстандырылған [6, 269 б.]. 
Жалпы 1936-1951 жылға дейінгі аралықта Сталиндік қуғын-сҥргінге ҧлттық нышанына байланысты 
3  600000  адам  іліккен  екен.  Солардың  ішіндегі  17  кҥштеп      жер  аударылған  халықтардың  арасында 
Солтҥстік  Кавказдағы  шешендер  мен  ингуштар  да  болды.  Шешен-ингуштарды  Қазақстан  облыстарына 
орналастыру  мәселесі  1943  жылдың  желтоқсанында  анықталды.  Оларды  кӛшіру  барысы  жайында  Л. 
Берия  кҥнделікті  И.  Сталинге  жеделхаттар  жӛнелтіп  отырған.  Республикаға  қырым  татарларын  кӛшіру 
мәселесі 1944 жылғы 13 сәуірдегі «Қырым АКСР-і аумағын антикеңестік элементтерден тазалау шаралары 
туралы»  бҧйрықпен  жҥзеге  асырыла  бастады.  Екі  тәуілік  ішінде  барлығы  191 044  татардың  4501-і 
Қазақстанға кӛшіріліп әкелінген. Олармен бірге Қазақстанға 7000 болғар мен гректер кӛшірілген.  
Қоныстанушылар  ҥлкен  қиыншылыққа  тап  болды.  Орналасатын  бос  ҥйлердің  жоқтығы  мен    азық-
тҥліктің бітуі, медициналық кӛмектің болмауынан олардың арасында тҥрлі эпидемиялық аурулар тарады. 
Жҧмысқа орналасу барысында қоныстанушылар жҧмыс таба алмай, бір шаруашылықтан екіншісіне кӛшу 
барысы жиіледі. Грузиядан кӛшіріліп әкелінген тҥріктер Қазақ КСР ІІХК-ның мәліметі бойынша Алматы, 
Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған және Оңтҥстік Қазақстан облыстарына орналастырылған.  
Соғыстан кейінгі жылдары да Қазақстанға ӛзге ҧлттарды қоныстандыру толастамады. 1948 жылдың 
басында  республикамызға  шешен-ингуш,  қарашай,  балқар,  неміс,  қалмақ  және  т.б.  ҧлттардың    781  170 
адамдық    216  802  отбасы  қоныстанған.  Ал  50-жылдары  Кеңестік  ӛкімет  қоныс  аударылғандарды 
республикаға  кӛшіру  жҧмыстарын  жалғастырып,  оларды  орналастыру  жайындағы  жоғарғы  ӛкіметтің 
нҧсқауларын  бҧлжытпай  орындады.  1952  жылы  сәуір  айында  Жамбыл  облысына  Солтҥстік  Кавказдан 
шешен,  ингуш,  карашай,  балқарды,  Грузиядан  келген  әзірбайжандарды,  немістерді,  гректерді,  ал  
Қырымнан  татарлар кӛшіріп  әкеліп  жайғастыра  бастады.  Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеруде Украина, 
Белоруссия  және  Молдавиядан  арнайы  келгендер  қоныстандырылды.  Негізінде  ХХ  ғасырдың  30-50 
жылдары  аралығында  Қазақстанға  1  560  мың  адам  қоныстандырылса,  ал  тың  игеруді  желеу  етіп  1,5 
миллион басқа ҧлт ӛкілдері әкелінді.  
1989  жылы  14  қарашада  «Кҥштеп  жер  аударылған  халықтарға  қарсы  қуғын-сҥргін  актілерінің 
заңсыздығын  мойындау  және  олардың  қҧқықтарын  қамтамасыз  ету»  жӛнінде  КСРО  Жоғарғы  кеңесінің 

Декларациясы, ал    1990 жылғы 11 желтоқсанда РКФСР халық депутаттарының съезі «РКФСР-дағы саяси 
қуғын-сҥргін  қҧрбандары»,    1991  ж.  26  сәуірде  РКФСР  Жоғарғы  Кеңесі  «Қуғын-сҥргінге  ҧшыраған 
халықтарды ақтау»  жӛнінде заң қабылданды. Бҧл заңдар қалған шектеуліктердің барлығын алып тастады. 
1993  ж.  14  сәуірде  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  «Жаппай  саяси  қуғын-сҥргін  қҧрбандарын 
ақтау»  жӛніндегі  қаулысының  негізінде  шешен-ингуштер  саяси  қуғын-сҥргін  қҧрбандары  болып 
есептеліп,  ақталынды.  Саяси  қуғын-сҥргінге  ҧшыраған  ҧлттар  мен  этностар  сталиндік  зобалаң 
нәтижесінде  небір  қиыншылықтардың  басынан  кешіріп,  тек  ӛздерінің  жігерінің,  қайсарлығының, 
еңбеккерлігінің арқасында ғана ҥлкен жеңістерге жетті.  
1990  ж.  бас  кезінде  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  республиканың  барлық  ҧлттық  мәдени 
қозғалыстарын бір ҧйымға – Қазақстан Халқы Ассамблеясына біріктіру туралы ҧсыныс жасап, 1995 жылы 
1 наурызда Қазақстан халық Ассамблеясы қҧрылды. 
Қазақстанда  ғасырлар  бойы  тҥрлі  этностардың  бірге  тҧруы  айрықша  қазақстандық  менталитетті 
қалыптастырды.  Осы  заманғы  Қазақстанның  бірегейлігі  этностық  сан  алуандығында.  Бҧл 
қазақстандықтарға басқа халықтармен қҧнды мәдени жетістіктерді алмасу мҥмкіндігін беретін біздің бҥкіл 
қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі.  
Кҥштеп  қоныс  аударылған  ҧлттар  мен  этностар  Қазақстан,  Ӛзбекстан,  Қырғызстан  т.б. 
республикаларға  бӛлініп-бӛлініп  орналастырылды. Туған  жерінен,  елінен  айрылған  әртҥрлі  ҧлттар  қалай 
болғанда  да  келген  жеріне,  ортаға  бейімделуге  мәжбҥр  болды.  Тек  бірнеше  жылдардан  кейін  ғана 
қҧқықтық  шектеулері  алынып,  ӛз  атамекендеріне  оралуға  мҥмкіндік  туды.  Осы  аралықта  олардың  этнос 
ретінде  мәдениетіне,  тіліне,  салт-  дәстҥріне,  экономикалық  дамуына  және  ҧлттық  қҧрамының 
жетілулеріне қиянат келтіріліп, бірлігіне орасан зор нҧқсан келді. Дегенмен, адамзаттың әділет кҥресі мен 
жарқын ӛмірге ҧмтылысының нәтижесінде, заман ағымының әрі қарай аяқ басуы, олардың еріксіз келген 
орында    шегерілмей,  атамекендеріне  оралуы  немесе  тҧрақтап  қалған  жерлерінде,  олардың  осы  елдің 
азаматтары  ретінде  қайта  қалыптасуына  септігін  тигізді.  Қазақстан  жеріне  кҥштеп  қоныс  аударылған 
ҧлттар  мен  этностар  халық  шаруашылығының  әр  саласында  ауыр  да,  ӛте  қиын  жҧмыстарды    атқарып, 
еңбек  етті.  Әртҥрлі  ҧлт  ӛкілдері:  корей,  неміс,  шешен,  ингуш,  тҥрік,  қалмақ,  қарашай  халықтарының 
кӛпшілігі  т.б.,  ауыл  шаруашылығының әртҥрлі саласында,    ӛнеркәсіп  орындарында,  қҧрылыста,  мәдени-
ағарту  мекемелерінде   еңбек  етіп, алдыңғы  қатардан  табылды.  Олардың  арасынан  шыққан  танымал  ӛнер 
қайраткерлері,  ғылымға  ҥлесін қосқан кӛрнекті  ғалымдар,  жазушылар,  республиканың  озат педагогтары, 
мәдениет, қоғам қайраткерлері де аз емес. 
Тарихи Отанына қайта алмай, тҧрақтап қалған аз ҧлт ӛкілдерінің кӛпшілігі Қазақстан жерінде ӛніп-
ӛсіп,  ӛркендеп  отыр.  Келмеске  кеткен  тоталитарлық  жҥйе,  жер  аударылған  халықтардың  трагедиялық 
тарихына    қиянаты,  ойланбай  істелген  іс  -  шаралары  арқылы  жазылмас  жара,  ӛшпес  із  қалдырды.  Қазір 
қазақ  жерінде 130-дан аса ҧлт ӛкілдері ӛмір сҥріп, еңбек етуде.  
Қорыта  айтқанда,  сонау  бір  отты  жылдарда  Отандарынан  айырылып,    айдауға  тҥскен,  еріксіз  жер 
аударылғандардың ӛздерінің де, ҧрпақтарының да, бҥгінде  жолдары ашық, болашақтары ел келешегімен 
бірге  екені  баршаға  мәлім.  Ӛйткені,  сол  бір  қиын-қыстау  кезең,  Қазақстанның  барлық  ҧлттарына  бірдей 
сын болып, оны бәрі бірге кӛтерген ҧлттар мен ҧлыстар, болашағының тек қана бірлікте екенін жете ҧғып 
отыр. Осы жолдан таймастары да хақ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет