Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Адам  қҧқықтарының  жалпыға  бірдей  Декларациясы.  22-бап.  Бас  Ассамблеяның  1948  жылғы  10 
желтоқсанындағы 217А (ІІІ) қарарымен қабылданды және жария етілді. 
2.  Оразғалиева  А.Қ.  Халықты  әлеуметтік  қорғау  жҥйесінің  теориялық  аспектілері.//Қазақстанның 
инновациялық-индустриялық  дамуына  жас  ғалымдардың  қосар  ҥлесі.  Республикалық  ғылыми-
практикалық  конференциясы  материалдары.-Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  универститеті.-
Семей.-2006.-294-299 б. 
3. Жоламан Қ.Д., Мҧхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және қҧқық теориясы.-Алматы: 1999. 
4.  Мачульская  Е.Е.  Правовое  регулирование  социального  обеспечения  в  Великобритании. 
Дисс.канд.1991.-С.64 
5. Якушев Л.П: Социальная защита. Учебное пособие. М., 1998.-С.12-13 
 
Аннотация. В данной работе рассматривается разносторонее исследование механизма социально-
правовой защиты граждан, в связи с этим нахождение путей решения проблемы в новом ракурсе и 
внесение предложений об изменениях и дополнениях в законодательство РК, учитывая все его 
недостатки. 
 
Аnnotation. In this work versatile research of the mechanism of social legal protection of citizens, in this 
regard finding of solutions of a problem in a new foreshortening and introduction of offers on changes and 
additions into RK legislation is considered, considering all its shortcomings. 
 
 
 
940.5(574) 
Қ56
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҦРЫЛУЫ 
 
Қожимбетова Р.Қ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Кейінгі  ортағасырлық  Қазақстан  тарихындағы   маңызы  ӛте  жоғары  оқиғалардың  біріне  -  Қазақ 
хандығының  қҧрылуы  жататындығы  баршаға  мәлім.  Ҧлттық  сипаттағы  мемлекеттің  тарих  тӛріне 
шығуымен  қазақ  жеріндегі  ежелгі  замандардан  бері  ҥздіксіз  жалғасып  келе  жатқан  этникалық,  мәдени, 
рухани,  мемлекеттілік  және  тағы  басқа  ҥрдістер  ӛзінің  этникалық  межесіне  жетіп,  одан  кейінгі  тарихи 
кезеңдерде  жаңа  сипатта  дами  бастайды.  Қазақ  хандығының  қҧрылуы  -  сонымен  қатар  қазақ  тарихында 
хандық дәуір деп аталатын  жаңа тарихи кезеңнің пердесін ашып береді. Осы айтылғандардың бәрі Қазақ 
хандығының 
қҧрылуының  
тарихи 
маңызын 
кӛрсетсе 
керек.  
Соған қарамастан Қазақ хандығының қҧрылуы мәселесі ҧзақ уақыттар бойы толық шешімін таппай келді. 
Оның ең басты себебіне мәселеге қатысты жазба деректердің тапшылығы жатса керек. Ҥстіртін қарағанда 
осы  мәселеге  қатысты  жазба  деректер  ӛте  аз  болып  кӛрінгенімен,  мәселенің  әртҥрлі  аспектілеріне 
тереңірек  ҥңілсек  жазба  деректердің  біршама  бар  екендігіне  кӛз  жеткізуге  болады. Бірақта  олардың  ҥзік-
ҥзік,  әрі  шашыраңқы  және  әр  тҥрлі  тілдердегі  туындыларда  болуы,  сондай-ақ  әртҥрлі  тарихи 

кезеңдерде   жазылуы  зерттеушілерге  кӛптеген  қиындықтар  туғызады.  Соған  байланысты  Қазақстан 
тарихының  кейінгі  ортағасырлық  дәуірімен  айналысатын  зерттеуші  мамандар   осы  мәселеге  қатысты 
жазба  деректерді  жҥйелеуді  қолға  алып,  мәселеге  қатысты  дерек  мәліметтерін  бірізділікке  тҥсіру 
ҥшін   бірнеше  принциптерді  ҧсынады. Сондай  принциптердің  біріне  – әулеттік  принцип  негізге  алынып, 
ол  бойынша  Қазақстан  тарихының  жоғарыда  аталған  кезеңіне   қатысты  парсы  тіліндегі  тарихи 
шығармалар 
темірлік, 
шибанилық, 
аштарханилық, 
шағатайлық, 
хиуалық 
деректер  
деп 
топтастырылады.   Біз  тӛменде  аштарханилық  деректер  тобына  жататын  ортағасырлық  автор  -   Махмуд 
бен Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал- ахйар» атты  тарихи шығармасының мәліметтеріне тоқталып, 
олардың  Қазақ  хандығының  қҧрылу  тарихын  зерттеуде   қаншалықты  маңызға  ие  екендігін 
қарастырамыз.   
  Алдыменен  Мауереннахр  аймағында  шибанилық  әулеттің  орнына  келген  аштарханилар  әулеті 
жӛнінде 
қысқаша 
тоқтала 
кетелік.  
ХYІ  ғасырдың  ортасында  Астрахань  немесе  Хажытархан  хандығын  Орыс  мемлекеті  жаулап  алғаны 
белгілі.  Қазан  хандығындағы  секілді  бҧл  мемлекетте  де  билеуші  әулет  ӛкілдері  Мәскеу  княздығының 
ҥстемдігіне  байланысты  екі  қарама-қарсы  топқа  бӛлінеді. Орыс  ҥстемдігіне  қарсы  топ  жеңіліске  ҧшырап, 
амалсыздан басқа елдерге кетуге мәжбҥр болады. Солардың қатарында болған билеуші әулеттің екі ӛкілі - 
Жармухаммед пен оның ҧлы Жан Мауереннахрға келіп, шибанилық  Ескендір ханды паналайды. Ескендір 
хан  қызын  Жанға  ҧзатып,  одан  Бақымҧхаммед   атты  ҧл   дҥниеге  келеді.  ХYІ   ғасырдың 
соңында   шибанилық  әулеттің  соңғы  ӛкілдері  -  ІІ  Абдаллах   хан  мен  оның  ҧлы  Абд  ал-Мумин 
ӛлтірілгеннен  кейін  билікке  1599/1600  жылы  Бақымҧхаммед  отырғызылады.  Тарихта  бҧл  жаңа  әулет  – 
Жанилықтар  немесе  Аштраханилықтар  (астрахандық)  әулеті  деп  аталады.  Әулет  билігі  Мауереннахрда 
әртҥрлі  тарихи  жағдайларды  басынан  ӛткере  отыра,  1785  жылға  дейін  созылады  [1,  232-233  бб.].  
Әулеттің  билігі  тҧсында  Орталық   Азияда  кӛптеген  жазба  туындылар  дҥниеге  келеді.  Олардың  ішінде 
тарихи  тақырыптарға  арнап  жазылған  еңбектер  бір  тӛбе. Тарих  ғылымында  осы  әулеттің  билігі тҧсында 
жазылған  жазба  дерек  ескерткіштері   аштраханилық  деректер  тобына   жатқызылады.  Аштраханилық 
деректердегі  Қазақстан  тарихына  қатысты  мәліметтерге  шығыстанушы  ғалым  Ж.М.  Тӛлебаева  ӛзінің 
арнайы  зерттеуінде  жалпы  ғылыми  сипаттама  береді. [2,  133-153  бб.].  Ал  біз  болсақ,  осы топтағы Қазақ 
хандығының  қҧрылу тарихын  баяндайтын  дерек  мәліметтеріне  ғана  тоқталамыз.  Ондай  дерекке  Махмуд 
бен Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар» (Море тайн относительно доблестей благородных) атты 
1634-1640/41  жылдары  жазылған  еңбегі  жатады.  Еңбек  алғысӛз  бен  кіріспеден,  жеті  томнан,  әрбір  том 
тӛрт  бӛлімшеден  тҧрады  [3,  1136-1137  бб.].  Шығарманың  алтыншы  томы  ХІІІ   ғасырдан  ХYІІ  ғасырға 
дейінгі  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы,  Мауереннахрдағы  әулеттер тарихы  мен  саяси  оқиғаларды  баяндауға 
арналған  [4,  70-71  бб;  2,  136-141  бб.].  В.П.  Юдиннің  жазуынша  Махмуд  бен  Уәлидің  мәліметтері  кӛп 
жағдайда  компиялтивті,  соған  қарамастан  онда  автор   тың  мәліметтерді  жиі  пайдаланған  [5,  323  б.].  Біз 
ӛзімізге қатысты «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар» шығармасындағы мәліметтерді К.А. Пищулинаның 
орыс  тіліне  аударып,  «XV-XVIII  ғасырлардағы  Қазақ  хандығы  тарихының  материалдары»  (  одан  әрі 
жинақ атауын  МИКХ деп атаймыз – Б.К.)   атты жинаққа енгізген ҥзінділерінен алғанымызды атап ӛтеміз 
[5, 
346-351 
бб.]. 
Бҧл  шығармада  Қазақ  хандығының  қҧрылу  тарихынан  басқа  кӛптеген  тарихи  мәселелерді  тҥсіндіруге 
негіз  бола алатын қҧнды  мәліметтер мол  кездеседі.  Олардың  қатарына  Ақ  Орда  атауы,  Йуз  Орда  атауы, 
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасыр басындағы қазақ-моғол қарым қатынастары, Есім хан мен Тҧрсын хан 
арасындағы 
қатынастар 
және 
тағы 
басқа 
мәселелер 
жатады.  
Енді  осы  еңбектегі  Қазақ  хандығының  қҧрылу  тарихына  қатысты  нақты  мәліметтерге  тоқталалық. 
Шығарманың екінші  бӛлімі  Шығыс Тҥркістандағы шағатайлықтар  әулетінің  билігіне  арналса,  ал  ҥшінші 
бӛлімі Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси оқиғаларды баяндауға арналған. Деректегі оқиғалардың 
бәрін  тізіп  жатпай,  біз  тек  шығарманың  ҥшінші  бӛлімінде  кездесетін   Қазақ  хандығының  қҧрылуына 
қатысты 
деректерді 
қарастырамыз.  
Ол 
деректерді 
тӛмендегіше 
топтастыруға 
болады:  
1)  ХІІІ  -  ХY  ғасырларда  Шығыс  Дешті  Қыпшақта  ӛмір  сҥрген   Шибан  әулеті  шежіресінің   (деректе 
Шайбан деп жазылады – Б.К.) қысқаша тарихы туралы мәліметтер. Бҧл мәліметтер XVI ғасыр басындағы 
шибанилық топқа жататын  анонимді «Тауарих-и гузида-ий нусрат- нама» еңбегінен алынған [6, 33-43 бб]. 
Махмуд бен Уәли ол мәліметтерді сол кҥйінде кӛшіріп алмай, ондағы әрбір шибанилық ӛкілге сипаттама 
беріп  отырады  және   олардың  ӛміріне  қатысты  тарихи  фактілерді  мҥмкіндігінше  беруге  тырысады.  Ол 
мәліметтердің  моңғолдар  ҥстемдігі  мен  одан  кейінгі  кезеңдердегі  Қазақстанның  саяси  тарихы  ҥшін 
маңызы  ерекше  болып  саналады.  Мысалы,  Жошы  ханның  бесінші  ҧлы  Шайбанның  (Шибан,  Сибан,)  екі 
ҧлының  кенжесі  Бахадҥрдің  әкесінен  кейін  ҧлысты  басқарғанын,  оның  ӛзіне  қарасты  ру-тайпаларға 
арнап   қысқы-жазғы  жайылымдық  жер  ҥшін  Ақ  Орданы таңдап  алғанын,  Ақ Орда  атауының  одан  басқа 
тағы  да  Йҥз  Орда  деп  аталатынын  айтып  ӛтеді.[5,  347  б.]  Сондай-ақ  Махмуд  бен  Уәли  одан  әрі  Шибан 
әулетін дәріптей отыра, Әбілхайыр  ханның билікке келуімен осы әулеттің Шығыс Дешті Қыпшақта саяси 
жағынан  беделінің  ӛскенін  айтады  және  Алтын  Ордадағы   Жәнібек  ханнан   (1341-1357)   Әбілхайыр  хан 
билікке  келгенге  дейін ел  мен  мемлекетті  дҧрыс  басқара  алатын  тҧлға  табылмады  деп шибанилық  әулет 

ӛкілін 
асыра 
 бағалайды.  
[5, 
346-351 
бб.]. 
2) Әбілқайырдың билікке келуі туралы мәліметтер. Мҧнда ӛте қысқаша тҥрде Әбілхайырдың шибанилық 
әулет арасындағы  билік  ҥшін кҥрестерде  жеңіске  жетіп,  тақты  иеленгендігі  жӛнінде  айтылады[6,141-150 
бб].  Махмуд  бен  Уәлидің  бҧл  мәліметі  компилятивті.  Автор  Әбілхайыр  ханның  билікке  келуі  жӛніндегі 
мәліметтерді  Масуд  бен Осман  Кухистанидың  «Тарих-и  Абулхайр  хани»  атты еңбегінен алынғаны  анық 
байқалады.  «Тарих-и  Абулхайр  хани» еңбегінде  кең тҥрде  баяндалған  оқиғаларды  Махмуд  бен Уәли  ӛте 
қысқа 
тҥрде 
береді.  
3)    Керей  мен  Жәнібек  бастаған  шығысдештілік  тайпалар  тобының  Моғолстанға  кӛшіп  келуі  туралы 
мәліметтер  [5,  352  б.].  Шығарма   авторының  бҧл  мәліметтерді  «Тарих-и  Рашидиден»  алғаны  белгілі. 
Ӛйткені  Қазақ  хандығының  қҧрылуын  баяндайтын  ең  алғашқы  жазба  дерек  мәліметі  тек  Мҧхаммед 
Хайдар Дулати еңбегінде ғана кездеседі[8,110-111 бб; 305-306 бб]. Махмуд ибн Уәли ол мәліметтерді жай 
ғана кӛшіріп қоймай, оны ӛзінше тҥсіндіріп және бізге дейін жетпеген кейбір деректердің мәліметтерімен 
толықтырып  береді.  Негізінен  алғанда,  Қазақ  хандығының қҧрылу  тарихындағы  ең  басты  оқиға  –  Керей 
мен  Жәнібек  хандар  бастаған  ру-тайпалар  тобының  «кӛшпелі  ӛзбектер»  мемлекетінен  бӛлініп, 
Моғолстандағы  Есенбҧға  ханға  келіп  қосылғандығы  туралы  мәлімет  «Бахр  ал-асрарда»  қайталанады. 
Махмуд  бен  Уәли  тек  кейбір  тҧстарда  ғана   Керей  мен  Жәнібек  хандардың  бӛлінуі  мен  Жетісу  жерінде 
қоныстануына  қатысты  жерлерде  нақтылық  кӛрсетеді.  Мысалы,  «Тарих-и  Рашидиде»  Керей  мен 
Жәнібекке  Есенбҧға  ханның  Моғолстанның  батысындағы  Шу  мен  Қозыбасы  ӛңірі  берілді  десе,  Махмуд 
бен  Уәли  оның  себептерін  тҥсіндіреді.  Махмуд  бен  Уәлидің  баяндауы  бойынша  Керей  мен  Жәнібек 
хандарға берілген – Шу мен Қозыбасы  ӛңірі  - жай ғана жер емес, Есенбҧға ханның иелігі мен оның ағасы 
Жҥніс  ханның  ихтасы  арасындағы  ӛңір.  Жҥніс  ханның  ихтасы  дегеніміз  -  Ферғана  аймағының 
шығысындағы   Жетікент  ӛңірі,  Жҥніс  хан  Мауереннахр  билеушісі  Әбусайд  мырзадан  ол  жерді  басқару 
ҥшін  алған,  сол  себепті  Махмуд  бен  Уәли  ол  ӛңірді  Жҥніс  ханның  ихтасы  деп  жазады.  Автордың  осы 
мәліметіне терең назар аударып, оны сол тҧстағы  оқиғаларды баяндайтын басқа да дерек мәліметтерімен 
әрі  салыстыра,  әрі  бір-бірімен  толықтыра  қарастырсақ,  Қазақ  хандығының  не  себепті  Жетісудың  батыс 
ӛңірінде 
қҧрылғандығына 
кӛзімізді 
жеткізгендей 
боламыз.  
Тӛменде 
сол 
жӛнінде 
ойымызды 
тарқатып 
кӛрелік. 
Моғолстан  мемлекеті  Орталық  Азиядағы  ҥш  географиялық  аймақтан  тҧрғаны  белгілі.  Оның  қҧрамына 
XIV  ғасырдың  ортасында  Шығыс  Тҥркістан,  Жетісу  және  қазіргі  Қырғызстан  аумағы  енеді.  Есенбҧға 
ханның  билігінің  соңғы  кезеңінде  орталық  билік  әлсіреп,  жергілікті  әмірлердің,  әсіресе,  соңғы  екі 
аймақтағы  кӛшпелі  және  жартылай  кӛшпелі  тайпа  әмірлерінің  шағатайлық  ханға  қарсы  наразылықтары 
кҥшейеді.  Сол  себепті  де  Есенбҧға  ханның  ағасы  Жҥніс  хан  Әбусайд  мырзаның  қолдауымен  Моғолстан 
жаққа бет алғанда оны бірінші болып Ыстық кӛл маңайында кӛшіп-қонып жҥретін  Есенбҧға ханға наразы 
тайпа  әмірлері   қолдайды.Бҧл  туралы  Бабыр  былай  деп  жазады:  «Сҧлтан  Әбу  Сайд  мырза  Жҥніс  ханды 
моғол ҧлысына хан етіп отырғызғанда, бҧрын Есенбҧға ханға ӛкпелеп кеткен Сағараш тҧманының барлық 
бектері Моғолстанға қайтып оралды. Жҥніс хан оларға келіп жолықты. Ол кезде Сағараш тҧманының бегі 
Шир Қажы бек болатын. Жҥніс хан оның қызы Исан Дулат бикеге ҥйленді. Моғолдардың әдеті бойынша 
Жҥніс  хан  мен  Исан  Дулат  бикені  ақ  киізге  отырғызып,  хан  кӛтерді»[9,  30  б.].  Деректен  кӛріп 
отырғанымыздай, Моғолстандағы ҥш аймақтың біріне жататын қазіргі Қырғызстан бірінші болып Жҥністі 
хан  кӛтереді.  Оған  іргелес  жатқан  Жетісу  жерінің  тайпалары  да  Жҥніс  ханды қолдап  кетуі  әбден  мҥмкін 
болатын.  Сол  себепті  де  Есенбҧға  хан  Жетісу  тайпаларының  Жҥніс  ханды  қолдауына  жол  бермеу  ҥшін 
осы аймаққа Жҥніс ханмен бір мезгілде келіп жатқан Керей мен Жәнібек хандарға Жетісудың батысынан, 
яғни  Шу  мен Қозыбасы  ӛңірін  береді.  Шынында  да  картаға  кӛз салсақ,  Махмуд  бен  Уәли  айтқандай,  Шу 
мен Қозыбасы ӛңірі – Ыстық кӛл маңы мен бҥкіл Жетісу жеріне апаратын жолда тҧр. Осылайша, Есенбҧға 
хан  Керей  мен  Жәнібек  хандарға  Шу  мен  Қозыбасы  ӛңірін  беру  арқылы  бҥкіл  Жетісу  тайпаларының 
Жҥніс  ханды  қолдап  кетуіне  тоқтау  қояды. Бірнеше  дерек мәліметтерін  бір-бірімен  байланыстыра  отыра 
қарастыру, бізге осындай қорытынды жасауға мҥмкіндіктер береді. Сол деректердің ішінде әрине, Махмуд 
бен  Уәли  дерегінің  алатын  орны  ерекше  болып  табылады.  Осы  топтағы  қҧнды  деректердің  біріне  - 
алғашқы  қазақ  ханы  боп  Керейдің  тағайындалуы  туралы  мәлімет  жатады.  Осы  ҥшінші  топтағы 
мәліметтерге қатысты  жоғарыда  айтылған  ойларымызды тҥйіндей  келе,  оның  Қазақ  хандығының  қҧрылу 
тарихын 
зерттеуде 
 қҧндылығы 
ӛте 
жоғары 
деп 
санаймыз.  
4)  Келесі  маңызды  деректерге  -  Әбілқайыр  ханның  Моғолстан  жаққа  ең  соңғы  жорығы  мен   оның 
бағыттары  және   жорық  барысында  ханның  қайтыс  болуы  туралы  мәліметтер  жатады  [5,  358-361  бб.]. 
Ӛкінішке  орай,  Махмуд  бен  Уәлидың  осы  мәліметіне  зерттеушілер  тарапынан  онша  мән  берілмей   жҥр. 
Дерек мәліметінде Әбілхайыр ханның  Моғолстанға жорық жасау ойы пайда болып, әскер жиюға бҧйрық 
бергендігі,  хан  әскерінің  Еділ  ӛзені  бойында  жиналғандығы,  жорық  бағытының  Еділ  ӛзені  бойынан 
басталып,  Алатау  (деректе  Ала-Так  деп  айтылады.  –  Б.К.),  Қызыл  Нәдір  жайлауы  және Жетіқҧдық  деген 
жер  арқылы  ӛткендігі,  Ақ  қышлақ  деген  жерде  Әбілқайыр  ханның  ауырып,  қайтыс  болғандығы  және сол 
кезде  оның  жасы  57-де,  хижра  жыл  санауы  бойынша  874  жылы(1469/1470  жыл),  тышқан  жылы  екендігі 
айтылады.[5, 358-361 бб.] Егерде автордың осы мәліметтерін жоғарыда айтып ӛткеніміздей, басқа да дерек 

мәліметтерімен  салыстыра,  толықтыра  отыра  қарастырсақ,  Қазақ  хандығының  қҧрылуының  соңғы 
кезеңіндегі кӛптеген мән-жайды тҥсінгендей боламыз. Махмуд бен Уәлидың бҧл мәліметтерді бізге дейін 
жетпеген  басқа  деректен  алғаны  кӛрініп  тҧр,  соған  қарамастан  біз  оларды  Қазақ  хандығының  қҧрылу 
тарихына қатысты оригиналды мәліметтер қатарына жатқызамыз. Осы дерек мәліметтерінің маңызын білу 
ҥшін  олардың  қандай  мәселелерді  шешуге  жәрдемі  бар  екенін  біліп  алу  қажет.  Ол  ҥшін  алдыменен,  не 
себепті  Әбілхайыр  хан  дәл  осы  1469/1470  жылы  Моғолстанға  кенеттен  жорық  жасады  деген  сҧраққа 
жауап  іздеп  кӛрелік.  Тарихи  деректерде  дәл  осы  жылдың  кӛктемінде  Есенбҧғаның  мҧрагері,  әрі 
Моғолстан  ханы  Досмҧхаммед  ханның,  Мауереннахр  билеушісі  Әбусайд  мырзаның  қайтыс  болғандығы 
айтылады[8,117  б.].  Бҧл  хабарды  естіген  Әбілхайыр  хан  бірден  Қазақ  хандығын  жою  ҥшін  жорыққа 
шығуға  бҧйрық  береді.  Ӛйткені  Моғолстан қҧрамындағы   Қазақ  хандығына  Әбілхайыр  ханға наразы  ру-
тайпалар  кетіп  жатқан  болатын.  Бҧл  ҥрдіс  Әбілхайыр  ханның  жағдайын  қалай  әлсіретсе,  керісінше 
қазақтардың  жағдайын  солай кҥшейтуде  еді.  Сол себепті  де  жорықтың  мақсаты  -  Жетісу  жеріндегі қазақ 
мемлекетін жою болып саналды. Ал жорықтың бағыты біздің ойымызша, Махмуд бен Уәли дерегінде қате 
берілген.  Біз  ол  жӛнінде  –  ӛзіміздің  басқа  бір  жҧмысымызда  дәлелдеп  кӛрсеткен  едік.  Жорық 
барысындағы географиялық атауларға деректанулық тҧрғыда талдау жасау арқылы біз, Әбілқайыр ханның 
соңғы  жорығының  Моғолстанның  батысындағы  Қазақ  хандығына  бағытталғандығын  анықтадық.[10,  11, 
17-19  бб.].  Жорыққа  қатысты  мәліметтерде  кемшіліктер  болса  да,  олар   оған  дейінгі  ешбір  деректе 
айтылмағандықтан,  біз  оны  Қазақ  хандығының  қҧрылу  тарихына  қатысты  оригиналды  мәліметтер 
қатарына 
жатқызамыз.  
5)    Әбілқайыр  хан  қайтыс  болғаннан  кейінгі  оның  мемлекетінде  қалыптасқан  жағдайлар  туралы 
мәліметтер.  Бҧл  мәліметтер  Қазақ  хандығының  қҧрылуының  соңғы  кезеңін  ашуға  кӛмектеседі.  Онда 
шығарма авторы  Әбілхайыр  ханнан соң  билікке  оның  мҧрагері  Шайх  -  Хайдар  ханның  келгенін,  бірақ та 
оның  мемлекетті  басқарудың  сырын  жақсы  білмегенін,  оған  қарсы  кӛрші  елдердегі  билеушілердің 
кҥрескенін,  олардың  ішінде  қазақтар  тарапынан  Барақ  ҧлы Жәнібек  ханның  айтылатындығын  және  тағы 
басқа  мәліметтерді  баяндайды[5,361-368  бб.].  Бҧл  мәліметтер  компилятивті  сипатта,  ӛйткені  Махмуд  бен 
Уәли  бҧл  деректерді  шибанилық  деректер  қатарындағы  «Таварих-и  гузида-ий нусрат  нама»,  «Шайбани  -
нама»,  «Фатх  -  нама»  деректерінен  алған.  Соған  қарамастан  автордың  бҧл  деректері  Қазақ  хандығының 
қҧрылу 
тарихын 
зерттеуде 
ӛз 
маңыздылығын 
жоғалтпайды. 
Осылайша,  Махмуд  бен  Уәлидің  еңбегіндегі  мәліметтердің  Қазақ  хандығының  қҧрылу  тарихын 
зерттеудегі 
маңызы 
мәселесін 
қарастыра  келе, 
біріншіден, 
автордың 
мәліметтері  Қазақ 
хандығының   қҧрылуы  тарихын   зерттеуде   басты,  негізгі  немесе  мәселеге   тікелей  қатысты  деректер 
қатарына  жатады,  ал,  екіншіден,  Махмуд  ибн  Уәлидің  біз  қарастырып  ӛткен  мәліметтері  ғылыми 
қҧндылығы жағынан «Тарих-и Рашидидың» мәліметтерінен кейін келесі орынды иеленеді дейміз. 
 
 Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Стэнли Лень-Пуль. Мусульманские династии. – СПб; 1889.   
2.
 
Тулебаева Ж.М. Персоязычные источники по истории казахов и Казахстана  ХІІІ-ХІХ вв. –Астана, 
2006. 
3.
 
Стори Ч.А. Персидская литература. Библиографический обзор в 3-х частях / Перевод, переработка 
и дополнения Брегеля Ю.Э. – Москва; 1972. Ч. ІІ. 
4.
 
 Ахмедов  Б.А.  Историко-географическая  литература  Средней  Азии  ХYІ  -ХYІІІ  вв.  (Письменные 
памятники) –Ташкент, 1985. 
5.
 
Бахр  ал асрар  фи  манакиб  ал-ахйар.  Мына  жинақта://  Материалы   по  истории  Казахских  ханств  в 
XV  –  XVIII  вв.(Извлечения   из  персидских  и  тюркских  сочинений)   Составители:  С.К.Ибрагимов, 
Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата,1969. (Одан әрі – МИКХ.) 
6.
 
Таварих-и гузидий нусрат- наме. Мына жинақта: //МИКХ., Алма-Ата,1969. 
7.
 
Тарих-и Абулхайр хани. Мына жинақта: //МИКХ., Алма-Ата,1969. 
8.
 
Мҧхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы: М.Х.Дулати 
қоғамдық қоры, 2003 - 616 б. 
9.
 
Захир  ад-дин  Мҧхаммед  Бабыр.  Бабырнама.  Толықтырылып екінші  басылуы.  Қазақша сӛйлеткен 
Байҧзақ Қожабекҧлы. Алматы: Ататек – 1993, 448 бет. 
10.
 
 Кәрібаев Б. Қазақ хандығының қҧрылуы. // Қазақ тарихы. 1995. № 6. 
 Кәрібаев Б. Әбілқайырдың Моғолстанға жорығы //Қазақстан Ҧлттық энциклопедия. – Т.1. –Алматы, 
1998. – 624 б.  
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  создание  казахского  ханство,  а  также  с  помощью 
эпоха истроии казахского ханство открывается новый исторический занавес  
 
Annotation.  In this article creation is examined Kazakh  government, and also with a help epoch history of  
Kazakh a government  is opened new historical curtain 

2(574) 
К88 
РАЗВИТИЕ РЕЛИГИОЗНОЙ ТОЛЕРАНТНОСТИ В КАЗАХСТАНЕ 
 
Қуандықова Э. Ж., Мҥтәлі Ҧ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
В  современном  мире  мы  часто  слышим  и  сами  употребляем  слово  «толерантность»,  не  до  конца 
поняв  глубину  этого  выражения.  Само  понятие  толерантности  формировалось  на  протяжении  многих 
веков,  и  этот  процесс  продолжается  до  сих  пор.  Примечательно,  что  проблема  толерантности  впервые 
возникла в западной цивилизации на религиозном уровне, а религиозная толерантность положила начало 
всем другим свободам, которые были достигнуты в свободном обществе. 
Религиозную  толерантность  можно  сформулировать  следующим  образом:  «это  толерантное 
отношение  адептов  одной  религиозно-конфессиональной  общности  к  адептам  других  религиозно-
конфессиональных общностей. Каждый следует своим религиозным убеждениям и признает аналогичное 
право других».[1] 
Интересно  то,  что  во  многих  странах  мира  существуют  законы  в  рамках  конституций  этих  стран, 
явно запрещающие государству принимать участие в определѐнных актах религиозной нетерпимости или 
предпочтения  в  пределах  границ  данного  государства.  Например,  первая  поправка  к  конституции 
Соединѐнных  Штатов,  4-я  статья  основного  закона  Германии,  статья  44.2.1конституции  Ирландии,  40-я 
статья конституции Эстонии,  24-я  статья конституции Турции  и  36-я  статья конституции КНР.  Несмотря 
на  то,  что  в  конституциях  многих  других  стран  отсутствуют  положения,  напрямую  относящиеся  к 
религии,  там,  тем  не  менее,  присутствуют  положения,  запрещающие  дискриминацию  по  религиозному 
признаку  (например,  1-я  статьяконституции  Франции,  15-я  статья  Хартии  о  правах  и  свободах  (англ.) 
Канады  и  40-я  статья  конституции  Египта  (англ.)).  Следует  отметить,  что  такие  конституционные 
положения  не  обязательно  гарантируют,  что  религиозная  нетерпимость  будет  отсутствовать  во  всех 
элементах государства во все времена, и практика может широко отличаться от страны к стране. 
В  США  хотя  и  категорически  запрещается  финансирование  политических  партий  и  религиозных 
организаций,  если  их  целью  является  распространение  религии,  многие  экстремистские  общества 
легально  проводят  свои  собрания  и  съезды,  вербуют  новых  членов,  на  страницах  газет  и  журналов 
выражают свое мнение по «решению расового вопроса». Власти не спешат принимать ответные действия, 
несмотря  на  то,  что  подобные  организации  выступают  за  весьма  крайние  взгляды  на  решение  вопроса. 
Поощрение  сектантских  религий  в  США  -  нормальное  явление  в  силу  того,  что  идеи  индивидуализма 
здесь  очень  развиты,  как  известно  именно  данные  секты  занимаются  миссионерской  деятельностью  в 
странах Центральной Азии.[2] 
А  в  России  в  основном  все  конфликты  в  религиозной  сфере  носят  не  межрелигиозный,  а  внутри 
религиозный характер.[3] 
Религиозная  толерантность  сегодня  стала  решающим  фактором  обеспечения  мира,  стабильности  и 
экономического  прогресса  Казахстана.  Для  казахстанцев  принцип  толерантности  является  не  только 
нормой  политической  культуры,  но  и  одним  из  ключевых  принципов  государства,  который  самым 
решительным  образом  поддерживает  и  укрепляет  ее.  О  том,  что  религиозная  веротерпимость  является 
составным  элементом  не  только  культуры  толерантности,  но  и  этнополитики  Республики  Казахстан 
свидетельствует тот факт, что именно в Казахстане впервые в мировой практике был проведен Всемирный 
съезд  представителей  мировых  и  традиционных  религий  (2003).  Впоследствии  это  стало  доброй 
традицией  в  проведении  подобных  встреч  и  далее  (2006,  2009  и  2012  гг.).  Такая  позиция  государства, 
опирающаяся  на  общую  основу  взаимного  признания,  позволяет  преодолеть  отталкивающие  друг  друга 
конфессиональные разногласия. 
Модернизация  духовной  жизни  казахстанского  социума  в  эпоху  глобализации  невозможна  без 
нового  конструктивного  подхода  к  религии.  Исторически  Казахстан  всегда  был  перекрестком,  местом 
встречи  и  диалога  различных  религий,  культур  и  цивилизаций  Востока  и  Запада.  Унаследованная  из 
культурно-этических  традиций  казахов,  терпимость  в  духовной  сфере  является  хорошей  основой  для 
сохранения  гражданского  мира  в  настоящем  и  будущем.  За  годы  независимости  Казахстан  обеспечил 
абсолютную  свободу  религиозного  вероисповедания  всем  конфессиям:  мусульманам,  православным, 
католикам,  протестантам,  иудеям.  Произошел  значительный  количественный  и  качественный  рост 
религиозных  институтов.  Сегодня  по  данным  Агентства  по  делам  религий  Республики  Казахстан  общая 
численность религиозных объединений представляющих 17 конфессий составляет 3 088, а в 1990 году их 
было  всего  670.  Количество  Исламских  объединений  выросло  с  46  до  2  229.  Более  четырех  раз 
увеличилось  число приходов  Русской  Православной  Церкви  (с  62  до  280).  В  два  раза  увеличилось  число 
объединений  Римско-Католической  Церкви  (с  42  до  79).  Число  протестантских  церквей  как 
традиционных,  так  и  новых  увеличилось  почти  до  500.  Кроме  них  существуют  еще  -  4  иудейских,  и  2 

буддийских  религиозных  объединений.  Религиозные  праздники  Курбан  айт  и  Рождество  Христово 
объявлены в Казахстане выходными днями. 
При  этом  важной  характерной  чертой  является  то,  что  религиозные  объединения  в  Казахстане  не 
просто  существуют  сами  по  себе  в  отрыве  от  общества,  но  и  привлекаются  к  участию  в  социально-
культурных  мероприятиях,  направленных  на  упрочение  в  обществе  гражданского  мира  и  духовного 
согласия. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет