Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Волков А. Қазақстандағы поляктар // NOMAD – KAZAKHSTAN. –2006. – №2 (8). – 42-46-бб. 
2.
 
Белая книга о депортации корейского населения России в 30-40-х годах. Кн. первая. – М., 1992. – 
372 с. 
3.
 
ҚРОММ. 1987-қ., 1-т., 10-іс. 15- п. 
4.
 
Бугай Н.Ф. 40-е годы: «Автономию немцев Поволжья ликвидировать...» // История СССР.  –  1991. 
– №9. 
5.
 
ҚРОММ. 1987-қ., 1-т., 16-іс. 6-7-пп.  
6.
 
Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. –Алматы: Арыс, 1998. – 428 с. 
7.
 
Алдажҧманов Қ. Кҥштеп кӛшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет // Қазақ тарихы. – 1997. – 
№ 4. –32-36-б. 
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  история  переселения  малых  народов  после  первой 
мировой войны. 
Annotation. In this article history of migration of small people is examined after the first world war. 
 
 
 
 
 

ӘОЖ 796 
           Т82  
ҚАЗАҚ КҤРЕСІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ. 
 
Тоқтағҧлҧлы А, Қалықҧлов.С 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақша кҥрес әлемдегі ең тарихы терең спорт тҥрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ҧлы тойы мен мерейлі 
мерекесі  онсыз  ӛтпеген.  Сонау  ықылым  замандардан  бері  қазақ  білекті  азаматтарына  қара  кҥштің  киесі 
дарыған  жан  деп  қана  қарамай,  ҥлт  қуаттылығын,  ел  қҥдыретін  танытар  ӛнер  иесі  деп  қадір  тҧтқан. 
Алайда осы ӛнеріміз кҥні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тҧсында да ол кеудесінен 
басылып  тҧрды.  Бҧл  ретте  оның  ашылмай  тҧрған  тағы  бір  тынысы  бардай  сезілетін.  Содан  еліміз 
егемендік  алып,  ел  еңсесін  кӛтере  бастаған  тҧста,  Штаттағы  ҧлттық  командалар  дирекциясын  басқарып 
тҧрған  маған  қазақ  кҥресінің  басы-қасында  жҥрген  ағаларымыз  қолқа  салды.  Осы  кҥрестің  қыр-сырын 
білетін  Бауыржан  Жаналин,  Марат  Жақитов,  Диқанбай  Биткӛзов,  Бақытжан  Жаңбырбаев  секілді 
ағаларымыз:  «Ӛзің  қазақша  кҥресті  жақсы  білесің,  сосын  барлық  кҥрес  тҥрлерін  басқарып  отырсың. 
Демек, осы ҧлттық спорт тҥрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді. Елде экономика ӛрледі емес 
пе,  енді  рух  та  кӛтерілсін!»  деп  ой  тастады.  Ӛзімді  де  осы  ой  мазалап  жҥрген  болатын,  сӛйтіп,  тӛлтума 
спортымызды  тар  шеңбер  мен  шекарадан  асырып,  әлемдік  деңгейде  шарықтатуға  тэуекел  жасап,  бел 
будық. Бҧл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ҧғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде 
Кеңес тҧсынан қазақ кҥресінде «бір балл, екі балл» деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін 
кҥрестен  алына  салынған  айла-тәсіл  атаулары  араласып  жҥрген,  олардан  арылу  керек  болды.  Содан 
тӛрешілік  бҧйрықтарды,  әдіс-айла  атауларын,  кҥрес  тәсілдерін  қайтадан  қазақшалауға  кірістік.  Мәселен, 
«бір  балл,  екі  балл»  дегеннің  орнына  қазақи  қалыппен  «жамбас»,  «бҥк»  сияқты  баға  айту  керектігін 
белгіледік.  Анау  жапондар  мысалға,  ӛз  кҥрестерінде  -  дзюдода  «иппон»,  «кока»,  «юка»  деп  бекіткен, 
орысың  да,  ағылшының  да  әрқайсысы  ӛз  тіліне  тартпай,  тілін  бҧрап,  осылай  жапонша  атайды.  Бізде  де 
солай  болуға  тиіс.  Мысалға,  жапондар  «хаджиме!»  дейді,  қазақша  кҥресте  біз  «баста!»  дедік.  Сосын 
оларда—  «иппон»,  ал  бізде  -  «таза  жеңіс».  Оның  сыртында,  біз  «тоқта!»,  «жартылай  жеңіс»  сияқты 
кӛптеген бҧйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мҧны бәрі ҥйреніп алды. 
Кҥрестің  ҧлттық  тҥрі  «қазақ  кҥрестің»  даму  тарихы  қазақ  халқының  тамыры  тереңнен  тартылатын 
тарихымен тҧтасып жатыр. Тҥрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы тҥрінің сайысынсыз ӛткен 
емес. Кҥші  басым тҥсіп,  жеңіске  жеткен  балуандар  халықтың тӛбесіне тҧтар  қҧрметті  адамына айналған. 
Қазақтың  ҧлы  батыры  Қажымҧқан  есімі қазақ  халқының  тарихына  ғана  еніп  қойған  жоқ,  сонымен  бірге 
спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. 
 «Қазақ  кҥресі»  бойынша  бірінші  ірі  жарыс  1938  жылы  ауыл  шаруашылығы  аймақтары  арасындағы 
спартакиада  аясында  ӛткен.  Сол  сәттен  бастап  жарыс  дәстҥрлі  тҥрде  республика  қалаларында  тҧрақты 
ӛткізіліп келеді. 
Ірі  Халықаралық  турнирлер  1952  және  1975  жылдары  Азия  аймағы  спортшыларының  қатысуымен 
ӛткізілді.  Ҧлттық  кҥрестің  дамуы  Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін  жаңа  серпін  алды.  1991  жылдан 
бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын ӛткізілетін болды. 
2004  жылы  Қазақтардың  Берлиндегі  Бҥкіләлемдік  Қҧрылтайында  конференция  болып,  сонда  «Қазақ 
кҥресі»  бойынша  халықаралық  федерация  ҧйымдастырылды.  Федерацияның  президенті  –  Тӛкеев  Серік 
Адамҧлы. 
2005 жылы Ресейде (Алтай ӛлкесі) «Қазақ кҥресі» бойынша І Азия Чемпионаты ӛтті. 2005 жылы қарашада 
Астанада  ҚР  Президентінің  жҥлдесіне  «Қазақ  кҥресі»  кҥресі  бойынша  ірі  халықаралық  турнир  болды. 
Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Тҥркия, Голландия, 
Франция және басқалары бар. 
2006  жылы  Алматы  қаласында  қазақ  кҥресінен  1-ші  әлем  біріншілігі  ӛткізілді,  оған  36  мемлекеттің 
балуандары қатысты. Бҧл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ  Бауыжан 
Тәліп, Мәди Қҧрымбаев,Бақтыбай Қисықов,Бейбіт Ыстыбаев. 
2008  жылы  Ресейдің  Орск  қаласында  2-ші  әлем  біріншілігі  ӛткізілді,  оған  42  мемлекеттің  балуандары 
қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын,2-і кҥміс медальмен оралды.  
2010жылы  Елордамыз  Астана  тӛрінде  3-ші  әлем  біріншілігі  туын  желбіретті,  46  мемлекеттен  300-ден 
астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бҧл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 кҥміс 1қола 
медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды. 
2011  жылы  20-шы тамызда  Қазақ  барысы  жҥлдесі  ӛткізілді,оған  әр  обылыстан  4  балуаннан  ,  барлығы  64 
балуан  қатысып  бас  жҥлдені  сарапқа  салды.   Бҧл  сайыста  1-ші  орынды  Қызылордалық  балуан  Рысқҧл 
Ҧлан  иеленіп  150 000  АҚШ  долларын  алды  ,2-ші  орынды  Жамбыл  обылысының  балуаны  Ыстыбаев 
Бейбіт  иеленіп  жҥлдеге  30 000  АҚШ  долларын  алса,  3-ші  орын  Шығыс  Қазақстандық  Жоламанов 
Шалқарға бҧйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды.  

2012  жылдың   15  қыркҥйегіне  Қазақ  барысы  жҥлдесі  сарапқа  салынбақшы  жалпы  жҥлде  қоры  320 000 
АҚШ долларын қҧрайды, мҧндай ҥлкен сый тағайындау арқылы бҥкіл әлемге қазақ кҥресін насихаттау  
 
Қазақша кҥрестің техникасы 
Қазақша  кҥрес  техникасы  дегеніміз  жеңіске  жетуге  бағытталған  белгілі  бір  әрекеттер  жҥйесі.  Кҥрес 
тактикасында  аса  тиімді  әрі  тҥрлі  әрекеттер  сараланып  шықты.  Оларды  шабуылдау,  қорғану,  қарсы 
шабуылдау әрекеттер деп бӛлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттьфуға 
ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Кҥрес техникасына нашар палуандар әдетте, ӛзіне 
қолайлы әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сӛйтіп кӛбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана кҥш 
салады.  Ал  мҧндай  амалдар  шабуылдаушы  жақтың  кҥші  басым  болса  ғана  нэтиже  береді.  Техникасы 
жақсы  палуандар  кӛбінесе  ісҥші  басым  қарсыласын  да  жеңіп  кетеді.  Брі  ҥшін  олар  тҥрліше  қимылдар 
жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не кҥш жағынан, не уақыт жағынан ҧтады. 
Кҥрес  техникасын  анықтау  ҥшін  кҥресушілердің  барлық  негізгі  қимылдарын  талдаудан  ӛткізу  қажет. 
Мҧндай  талдауды  ең  алдымен  ол  қимылдарды  орындауға  жҧмсалатын  механикалық  кҥш  тҧрғысынан 
қарау керек. 
Ең қарапайым қимылды орындағанның ӛзінде де адам денесінің бірқатар органдары ӛзара қимылға келіп, 
оны  орталық  нерв  жҥйесі  реттеп  тҧратындығы  белгілі.  Сондықтан  кҥрес техникасын талдап  анықтағанда 
жеке бҧлшықет 
қызметі 
қарастырылмайды. 
Ӛйткені 
кҥресте 
оны 
қысу 
немесе 
тарту    кҥші    тарту    ҧзақтығы,    шапшаңдығы    пайдаланылады.  Сонымен,  палуандар  қозғалысында  әсер 
етуші кҥш ретінде мыналар ескеріледі: 
· 
салмақ 
кҥші; 
· бҧлшықеттің тарту кҥші; 
· дененің инертті (қимылсыз тҧрған кездегі) қарсылығы. 
Осы 
кҥштер  әсер  еткенде  палуан  денесі  әртҥрлі  жағдайға  тҥседі,  оның 
жеке 
бӛліктерін  рычак  ретінде 
қарастыру ыңғайлы. 
   
Қазақша кҥрестегі техникалық  тәсілдері 
Кҥрес  жеке-жеке  қарапайым  қозғалыстан  (ол  қозғалыс  кеңістік  және  уақыт  арқылы  бір-бірімен 
байланысты)  тҧратын  тҧтас  әрекет  болып  табылады.  Яғни  әрбір  әдіс,  қол,  аяқ,  дене  арқылы  жасалатын 
қарапайым қозғалыстан  тҧрады,  ол қарапайым  қозғалыс  деп аталады. Кҥресте  шартты  тҥрде қозғалыстар 
былайша бӛлінеді: 
1.  қолдардың қозғалысы - ҧстау, орап ҧстау, қысу, итеру, жҧлқу, 
тҧю, 
тарту, тіреу, басу, т.с.с. 
2. 
аяқтардың  қозғалысы  -  қою,  аттау,  кейін қою,  адымдап кету,  бҥгу,  жазу   йіліп  шалу,  қағу,  ҥстіне  салу, 
т.с.с. 
3. дененің    қозғалысы  еңкею,   тік кӛтеру, иілу, бҧрылу,  қысу,  итеру,  қҧлату, т.с.с. 
Палуанның  қимылдарының  біразы  бір  мезгілде,  біразы  бірінен  соң  бірі  орындалады.Барлық  әдістерді 
шапртты тҥрде қарапайым қозғалыс және қозғалыс фазасы деп бӛлуге болады. 
Кҥресушінің негізгі  жағдайы  және қозғалыстары  олардың  биомеханикалық  талдауы  (тіреу  алаңы,  жалпы 
ауырлық центрі). 
Қазақша  кҥрес  те  айқасудан  басталады.  Сондықтан  кҥресушілер  қозғалған  кезде  тепе-теңдікті  сақтау 
заңдылықтарын ескерулері қажет. 
Кҥрес ҥстіндегі шабуылдағанда кҥресушінің бірі екіншісін 
тепе-
теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып 
қалмау  ҥшін  тепе-теңдігін  сақтап,  сондай  жағдайда  қарсыласын  тҥсіруге  тырысады.  Бірақ  қарсыласын 
тепе-тендіктен  шығарғанда  палуанның  ӛзі  де тепе  - теңдікті  сақтай  алмайды.  Ӛйткені ондай қимылдарды 
бір орында тҧрып орындау мҥмкін емес. Сӛйтіп, кҥрес кезінде екі жақ та ҧдайы тепе-теңдігінен айырылып 
және оны сақтап тҧрады. 
Кҥрескен  кезде  палуандар  кӛбінесе  тіреу  алаңын  кӛзбен  бақылайды.  Мҧндай  жағдайда  тіреу  алаңы  екі 
табаны  мен  табандарының  арасындағы  кеңістік  болып  табылады.  Палуанның  жағдайына  қарай 
оның 
аяқтары 
тірейтін  алаңы  ӛзгеріп  отырады.  Әрине  тіреу  алаңы  неғҧрлым  ҥлкен 
болса, 
срғҧрлым 
палуанның берік тҥратындығы да табиғи нәрсе. 
Жалпы  ауырлық  центріне  тҥсетін  тҥзу  сызық  тіреу  алаңының  шетіне  келсе 
немесе 
одан  шығып  кетсе, 
тепе-теңдік  бҧзылады.  Сондықтан  палуан 
қимылдаған 
кезде  ауырлық  центрінің  тҥзу  сызығы  тіреу 
алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор. 
Палуан денесінің белгілі бір табиғаттағы    орнықтылығы   
орнықтылық 
бҧщрышы бойынша сипатталады. 
Орнықтылық  бҧрышы  дегеніміз  ауырлық 
сызығы 
және  дененің  ауырлық  центрінің  тіреу  алаңының 
шетімен 
(дененің 
орщнықтылық
дәрежесі 
анықталатын 
жақтағы) 
қосатын 
сызық 
арасындағы 
бҧрыш. 
Орнықтылық  бҧрышы (X)  дененің  ауырлық  центрі  тӛмендеп,  тіреу  алаңы  ҥлкейген 
сайын  және ауырлық  сызығы  тіреу  алаңының  шетінен  қашықтауына  қарай  ҥлкейе  береді.  Айқас кезінде 
аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бҥксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ 
қойып немесе кӛбірек бҥгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады. 

Тепе-теңдікті  сақтау  ӛнері  мынаған  саяды:  тіреу  алаңын  тез  ӛзгертіп,  «қауіпті  бағытта»  орнықтылық 
бҧрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсыластың жҧмсаған кҥшін бейтараптау немесе кері серпу ҥшін 
тиісті бҧлшық еттерін қатайту немесе босату. 
Осындай  қимылдар  жасау  ҥшін  ең  қолайлы  жағдайды 
кҥресте 
палуанның  тҧрысы деп  атайды.  Бҧл 
мынадай  жағдай:  аяқтары  иығына  сәл 
алшақтау, 
бір  аяғы 

сол  немесе  оң)  бір  табан  алға  қойылған; 
тізелері  аздап  бҥгілген,бҧлшықеттері  бос,кез-келген  бағытта  тез  қимылдауға  дайын,  денесі 
сәл 
ғана 
еңкейген,  Іал  алға  қойған  аяғы  жағындағы  иығы  да  солай  қарай  бҧрылған.  Әсіресе,  жалпы  ауырлық 
центріне  ерекше  кӛңіл  аудару  қажет. 
Ол
 шабуылдау  кезінен 
басқа 
уақытта  тіреу  алаңының  ортасында 
(аяқтарының арасында) болуы тиіс. 
Орнықтылық бҥрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан 
ӛзінің тҧрған кҥйін 
сақтайтындай етіп, ал 
қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп 
тағы 
да кейін қою арқылы арттыруға болады. 
  
Қазақша кҥресті ҥйретуді жаңа әдістері 
Кҥрес тәсілдерін квалификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бӛлуге болады. 
Жүйелеу -  Тәсілдердің  әртҥрлі  топтардың  арасындағы  байланыстар  мен  ӛзара  тәуелділіктерді  тауып, 
оларды  қиындық  дәрежесіне,  қҧрылымының  кҥрделілігіне,  тағы  сол  сияқты  белгілеріне  қарай  бірінен 
бірін орналастыру (жҥйе). 
Терминология -  педагогикалық  және  спорттық  жҧмыс  кезінде  пайдаланылатын  қазақша  кҥреске  тән 
атаулар. 
Жҥйелеу    классификациялау       негізінде       жҥргізіледі.        Ол жаттықтырушының  кҥрес  техникасы, 
топтар  мен  амалдар арасындағы  ӛзара  байланыс  жӛніндегі  жаттығушыларға тҥсінік  беруіне  кӛмектеседі. 
Бҧл палуандарды дәйекті тҥрде және дҧрыс оқытуға мҥмкіндік береді. 
Қазақша  кҥресті  классификациялау  негізіне  қарсыласпен  кҥрескен  кезде  қолданылатын  және  жарыс 
ережелерінде рҧқсат етілген амалдар алынған. 
Қазақша кҥрес техникасындағы кейбір тҥсініктерді анықтау. 
Күрес  техникасы дегеніміз  палуанның  жеңіске  жетуі  ҥшін  қолданатын  және  әрекет  ету  ережелерінде 
рҧқсат етілген амалдар жиынтығы. 
Түрегеліп күресу техникасы - тҧрып кҥрескенде қолданылатын амалдар. 
Ұстасу - қолмен  орындалатын  әрекеттер,  палуан  шхабуылдау,  қорғану  немесе  қарсы  шабуылдау 
мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ҧстай алады.           
Бір жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының оң қолының (сол қолын сол қолынан) ҧстау. 
Әр жақты ұстау — оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ҧстау. 
Ырғақ - білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, қҧлыптап, бір-бірімен ҧстастырады. 
Шалу -  аяқпен  жасалатын қимыл,  бҧл  кезде палуан  балтырын,  жіліншігін  қарсыласының тізесінен  тӛмен 
қойып, сырттан шалады. 
Ілу - аяқпен жасалатын қимыл. Бҧл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бӛлігін 
ҧстап,  ӛзіне  немесе  бір  жағына 
қарай 
тартады.  Аяқты  бҥгіп  тҧрьш  жіліншікпен  немесе  табанмен 
орындалады. 
Орау -  аяқпен  жасалатын  қимыл.  Палуан қарсыласын  қимылдатпай  ҧстап,  ӛзіне  немесе  бір  жағына  қарай 
тартып, онымен бір мезгілде жіліншілігімен және табанымен аяғынан іледі. 
Қағу -  аяқ  қимылы.  Палуан  табан  жағымен,  табанның  ішкі,  сыртқы  қырларымен  қарсыласын  аяқтан 
қағады. 
Көтере  қағу —  аяқ  қимылы.  Палуан  санының  артқы  жағымен  қарсыласын  аяғынан  немесе  екі  аяғынан 
бірдей артқа кӛтере қағады. 
Тізеден  қағу -  аяқ  қимылы.  Палуан  қарсыласының  аяқтарын  кілемге  тигізбей  кӛтеріп  алып,  тізесімен 
қағады. 
Көтере  итеру -  аяқ  қимылы.  Палуан  қарсыласын  санымен 
немесе 
жіліншігімен  ӛзінің  алдынан  жоғары 
кӛтере итереді. 
Адымын  айқастыру -  қарсыласының  жанына  немесе  артына 
шығу 
мақсатымен  палуан  аяғын  оның 
аяқтарының артына қояды. 
Еңкею - денені тік тҧрған кҥйінен горизонталь кҥйге қозғалту. 
Тікею - денені горизонталь кҥйден тік кҥйге келтіріп қозғалу. 
Шалқаю - денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу. 
Айналу - артқа қараи қҧлаған кездеп дененің қозғалысы: палуан шалқалап қҧлап бара жатқанда кеудесімен 
тҥсетіндей болып айналады. 
Жұлқу - палуан қарсыласын қатты тартып қалады ( жҧлқиды ). 
Итеру 
- палуан қарсыласын ӛзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді. 
Әдіс - палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым тҥсу немесе оны жеңу амалы. 
Қорғану     - қарсыласының     шабуылын     палуанның     тойтаруына мҥмкіндік беретін әрекеттері. 
Қарсы әдіс ( амал ) - қарсыласының әдісіне қолданылатын әдіс (амал) 

Лақтыру - қарсыласын кілемнен кӛтеріп алып, жауырынымен немесе 
кеудесімен тҥсіруге мҥмкіндік беретін әдістер. 
Жығу -  тҥрегеліп  тҧрған  қарсыласты  кӛтеріп  алмай  —  ақ  кеудесімен  немесе  арқасымен  тҥсіруге 
кӛмектесетін әдістер. 
Арқадан  асыра  лақтыру -  қарсыласқа  арқасын  бере  айналып,  содан  соң  еңкею  немесе  алға  қарай  қҥлау 
арқьшы орындалады.Айнала берген кезде еңкейе қалу бҧл әдістің негізгі әлементі болып табылады. 
Шалқайып  (төспен  )  лақтыру - шалқаю  арқылы  орындалады. Бҧл  әдістің негізгі әлементі  -  денені артқа 
қарай доғаша иіп шалқайту. 
Еңкейіп лақтыру — кеуденің және аяқтың кҥші арқылы қарсыласты кӛтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны 
кілемге тҥсіру жолымен орындалады. 
Ілу -  тҥрегеліп  тҧрғанда  орындалаты  әдіс.  Қарсыласының 
аяғын 
палуан  бҥгілген  ӛз  аяғымен  іліп  алып 
жығады немесе лақтырады. 
Сүріндіру — лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған ӛзінің 
аяғынан 
қарсыласын ӛткізе сҥріндіріп лақтырады. 
Иықтан  асырып  лақтыру -  палуан  арқасын  берік  денесін  айналдырып  барып  қарсыласын  иығынан 
асырып лақтырады. 
Орау -  тҥрегеліп  тҧрғанда  орындалатын  әдіс.  Қарсыласының  аяғын  палуан  ӛз  аяғымен  (жіліншілігімен 
және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады. 
Тактикалық даярлық амалдары - палуан шабуылдау немесе қарсы шабуылдау жасау ҥшін қолайлы жағдай 
жасайтын әрекеттері. 
Барлау - палуаннның қарсыласы жӛнінде мәліметтер алуына кӛмектесетін такктикалық әрекеттері. 
Бүркемелеу — палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру ҥшін 
жасайтын 
тактикалық әрекеттері. 
Қауіп төндіру — палуанның қарсыласын қорғанысқа кӛшуге мәжбҥр ететін тактикалық әрекеттері. 
Жалған әрекеттер — ақырына жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа кӛшуге мәжбҥр ететтін 
амалдар: ҧстау, жҧлқу, итеру және басқа да әрекеттер. 
Алдау - ол да жалған әрекеттер. 
Қайталап  алдау -  палуанның  ӛзінің  шын  амалын  қарсыласына  жалған  амал  етіп  кӛрсетуге  бағытталған 
тактикалықәрекеттері. 
Шақыру - палуаннның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбҥр ететін тактикалық әрекеттері. 
Тұқырту — палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мҥмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері. 
Тепе —  теңдіктен  шығару -  палуанның  ӛзінің  шабуылға  шығуына  ыңғайлы,  ал  қарсыласын  тепе 

 
теңдігін сақтай алмай, қолайсыз кҥйге тҥсуге мәжбҥр ететін тактикалық әрекеттері. 
Шабуыл 

тактикалық әрекет, оның мақсаты - басым тҥсу немесе жеңіске жету. 
Қайталап  шабуылдау -  бірдей  қимылдар  қатар  орындалатын  тактикалық әрекеттер,  ол қимылдардың  тек 
соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады. 
Комбинация - белгілі бір нәтижеге жету ҥшін орынадалатын әрекеттерді тактиаклық жағынан ҧшттастыру 
немесе олардың бірінен-бірі орындалуы. 
Ұстау  (әдіс)  комбинациясы -  қарсыласы  ҧстаудың  (әдістің)  бір  тҥрінен  қорғана  жҥріп,  келесілерін 
орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ҧстау тҥрлерін (әдістерді) ҧштастыру. 
Алдын  алу —  палуанның  қарсыласының  шабуылы  мен  бір  мезгілде  жҥргізетін  шабуылдау  әрекеттері. 
БІрақ палуан қарсыласының алдын алу 
ҥшін 
оны шапшаңырақ орындайды. 
  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақ Балуандары: Тарихи-деректі басылым.-Алматы: Ер-Дәулет. 1996.  
2.Байдосов Е. Қазақ ҧлттық кҥресі-Алматы 1997 
3.Мухиддинов Е.М. Қазақша кҥрес 
4.Таникеев М.Т  Қазақтың ҧлттық спорт тҥрлері 
5.Жарыс ережесі Алматы- Тҧран2002 
6.Матушак П.Ф  Жолымбетов Қазақша кҥрес 
 
Аннотация.  Вид  национальной  борьбы  это  «казахская  борьба».  История развития  этой  спортивной  игры 
связано с ранней историей Казахстана. На различных праздниках, торжествах без этой спортивной борьбы 
не  обходились.  Победившие на  этих  соревнованиях  борцы  становились  уважаемыми  людьми. Казахский 
великий  батыр  по  имени  Кажымукан  не  только  остался  в  истории  Казахстана,  но  и  стал  спортсменом 
мировой элиты. 
Annotation.  Type  of  national  fight  it  is  the  Kazakh  fight.  The  history  of  development  of  this  fight  is  connected 
with early history of Kazakhstan. On various holidays, celebrations without this wrestling didn‘t do. The fighters 
who have won at these competitions became dear people. Kazakh greet warrior named Kazhymukhan, he not only 
remained in the history of Kazakhstan, but also became the world‘s elite athlete. 
 
 

 
 
ӘОЖ 796/799 
                Т 82 
 
ТОҒЫЗ-ҚҦМАЛАҚ — ҚАЗАҚТЫҢ ҦЛТТЫҚ ДӘСТҤРЛІ 
ОЙЫНДАРЫНЫҢ БІРІ, АҚЫЛ-ОЙ ОЙЫНЫ. 
 
Тоқтағҧлҧлы А, Қӛшқінбаев Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Тарихы.  Соңғы  деректерге  қарағанда,  оның  шығу  тарихы  4  мың  жылдық  кезеңді  қамтиды.  Ал 
кейбір  мамандардың  айтуынша,  оның пайда  болған кезі  бҧдан  да кӛп  уақыт  болуы  әбден мҥмкін.  Тоғыз-
қҧмалақ ӛткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. 
 
Қазіргі  кезде  әлемнің  кӛптеген  елдерінде  тоғыз-қҧмалақ  жақсы  насихатталып  жатыр. 
Мәселен, Моңғолияда мектептерде 
тоғыз-қҧмалақтан олимпиада 
ӛтеді 
екен.   Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар,  ғылыми  еңбектер  шығуда.  Сондай-ақ,  кӛршілес Алтайда, 
Қарашай-Шеркеште, Сахада ҥйірмелер  ашылып, Еуропаның бірнеше  елдерінде  тоғыз-қҧмалақ  ойналып 
жатыр 
деген 
дерек 
бар. 
Қазір 
әлемде 
тоғыз-қҧмалаққа 
ҧқсас 
мысырлық калах,Шриланкада      олиндакалия, қырғыздарда тогузкоргоол,африкалықтардаманкала, габата
, абапа, намнам, бао, тамподуо, омвесо, марабо, 
тҧрақты 
америкалықтарда аджи-бото, варри 
роунд жәнероунд, 
азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды 
ойындар 
бар. 
Мәселен, 
Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ҧлттық ойыны бар. Оның тоғыз-қҧмалақтан ерекшелігі отау саны 
кӛп (32 отау) те бірақ қҧмалақ саны аз (64 қҧмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық 
ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар ӛткізеді 
екен.  Немесе  Шри-Ланканың манкала типіндегі  жеті  отаулық олинда  калия ойын  тҥрін  алайық.  Белгілі 
тоғыз-қҧмалақ  маманы  Мақсат  Шотаевтың  айтуынша,  қазір  бҧл  ойын,  Интернет  арқылы  жедел  дамып 
келе  жатыр.  Қазіргі  таңда  республикада  оның  жеке  қауымдастығы  бар,  облыс  орталықтарында  тоғыз-
қҧмалақты  ҥйренемін  деушілерге  қауымдастықтың  бӛлімшелері  мен  ҥйірмелері  ашылған.  Бҥгінде 
Қазақстанда  осы  жҧмыстардың  ҧйытқысы  болып  отырған  танымал  бірнеше  азаматтар  бар.  Солардың 
ішінде  тоғыз-қҧмалақ  федерациясының  президенті  Әлихан  Байменов,  вице-президенті  Сардар  Шәріпов 
пен  «Таңғажайып  тоғыз-қҧмалақ»  кітабының  авторы,  тоғызқҧмалақтан  мемлекеттік  жаттықтырушы 
Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тҧрарлық.Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-
қҧмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бҧл жерде жаңа қҧрылған тоғыз-қҧмалақ федерациясының ықпалы 
зор  болып  отыр.  Бҥгінгі  таңда  осы  қауымдастықтың  арқасында  елдің  тҥкпір-тҥкпірінде  ҥйірмелер 
ашылып, тоғыз-қҧмалақтан жарыстар жиі ӛткізіліп келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет