Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Қaзaқстaн Республикaсының Президенті– Елбaсы Н.Ҽ.Нaзaрбaев. «100 нақты қадам» 
– бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖҼНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП жҽне сонымен бір мезгілде, 
жаңа  тарихи  жағдайларда  Ұлттың  дамыған  мемлекеттердің  отыздығына  кіруі  жҿніндегі 
жоспары. 20.05. 2015 жыл. 
2. Ушинский К. Д. Педагогические соч. в 6-ти т. — Т. 2. — М., 1988. — С. 30 
3.  Студентке арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2015. 55 бет 
 
Аннотация.  В    научной    статье    рассматривается  вопросы    критерий  обучения      а  
также оценивания  обучения. 
Annotation. In the scientific article the criterion of training and also estimation of training is 
considered questions. 
 
 
 
 
 
 
 


 
ӘОЖ 940.2(574) 
Б19 
 
Ж.ТАШЕНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҦТАСТЫҒЫН  
САҚТАП ҚАЛУДАҒЫ ЕҢБЕГІ 
 
Байгоринова А.Т. 
Райымбек батыр атындығы №50 Қазғарыш мектеп лицейі, Астана қ. 
 
Ғасырлар  бойғы  халқымыздың  жеке  шаңырақ  кҿтеріп,  ҿз  алдына  еркіндік  туын  тігу, 
тҽуелсіз  мемлекет  болып,  ҽлемнің  ҿркениетті  елдері  қатарынан  кҿріну  арманы  қазіргі  күні 
толығымен  жүзеге  асқан  тарихи  оқиға  болып  отыр.  Бүгінгі  таңдағы  бұл  қол  жеткізген  зор 
табыс  болғанымен,  оны  кез-келген  мемлекеттің  тҽуелсіздігіне,  елдігіне  қажетті  саяси, 
ҽлеуметтік-экономикалық,  алдыңғы  қатарлы  озық  білім  жҽне  мҽдени  жетістіктерімен 
қамтамасыз етіп, одан ҽрі ҿрбіту керектігі сҿзсіз. 
Еліміз  егемендік  алған  уақыттан  бері  осы  қойылып  отырған  мақсаттарды  жүзеге 
асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі тарих ғылымы саласында аздаған 
жылдар  аралығында  кеңестік  дҽуірде  саналы  түрде  бұрмаланып,  жасырылып  келген 
халқымыздың,  қазақ  ұлтының  ҿткенін  жаңа  тұрғыдан  зерттеуде,  оған  тиісті  баға  беруде 
орын алып отыр. Республика тарихшы ғалымдарының осы мҽселелерді зерттеу нҽтижесінде 
қол  жеткізген  табыстары  осыған куҽ.  Дегенмен,  ғылымның  бұл  саласында  зерттелмей  тың 
жатқан жҽне жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мҽселелер ҽлі де болса баршылық. 
Республика Президенті Н.Назарбаев: «Қазақ елінің тарихы, ғылымы, мҽдениеті ҿзінің 
жер асты байлықтарындай танымал ма. Олай дей алмаймыз. Осынау дүбірлі дүниеде ҿзімізді 
мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарих, озық ғылым, ҿрелі мҽдениет» - деп сҿйлеуі 
аз ой салған жоқ [1, 4 б.]. 
Сонымен,  ұлттық,  елдік  тарихымызға  қайта  қарауға,  оның  сабақтары  мен  үлгілерін, 
ұлтымыз бен тҽуелсіз республикамызды бүкіл ҽлемге танытуға жҽне жас келешек ұры  паққа 
тҽлім-тҽрбие беру үшін пайдалануға мемлекеттік кҿлемде назар аударылып отыр. 
Осындай  ҿзекті,  қайта  қарауды  қажет  ететін  мҽселелердің  бірі-тарихта  ҿзіндік  орын 
алған жеке тұлғалар мҽселесі. 
Енді  ғана  ҿз  билігі  ҿзіне  тиіп,  ұлттық  мемлекетінің  іргетасын  қалай  бастаған  қазақ 
халқы  үшін  ҿзінің  жүріп  ҿткен  жолының  ғылыми  шынайы  тарихын  жазу  қажеттілігі  күн 
ҿткен сайын айқын сезілуде. Себебі ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры. 
Қазақ елі кҿп жылдар бойы бодандық құрсауында болып, енді егемендік алған тұста алдына 
ҽлемдегі  ҿркениетті  халықтар  санатына  қосылу  мақсатын  қойып  отырған  ұлт  үшін  ҿзінің 
ҿткенін білу, тҿл тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру – болашақ мақсаттарға 
жеткізетін  негізгі  фактор.  Яғни,  қазақ  халқының  келешегінің  қалай  қалыптасуы,  кҿп 
жағдайда  оның  ғылыми  тарихының  қазіргі  кезеңде  қалай  жазылуына,  оның  тарихи 
санасының қалай қалыптасуына байланысты.  
Тарихта  жеке  тұлғалық  фактор  ҽрқашанда  жоғарғы  маңызға  ие  болған.  Тұтас  бір 
тарихи  кезең  жҽне  сол  уақыттарда  орын  алған  ірі  қоғамдық-саяси,  экономикалық,  мҽдени 
ҿзгерістер  кейде  бір  немесе  бірнеше  тарихи  тұлғалардың  ҿмірімен,  қызметімен 
байланыстырылады.  Осындай  құбылыс  Отан  тарихында  ХХ  ғасырдың  ортасында  орын 
алды. Бүгінгі тҽуелсіздік заманын жақындатқан да солар. Абылай мен Бҿгенбай, ортамызға 
қайта  оралған  арыстар,  Мҽншүк  пен  Ҽлия,  Желтоқсан  құрбандары...  елдік,  ерлік  намысын 
жоғары  ұстаған, ҽділдікті  ту  еткен  асыл  жандар. Кҿзі  тірісінің  ҿзінде  аты аңызға  айналған 
Жұмабек  Тҽшенев те солардың қатарында. Cол ХХ ғасырдың ортасындағы кезеңде Кеңес 
үкіметі  тұсында  билік  басында  болып,  ҿз  қызметінде  тек  ұлт  мүддесінде  жұмыс  атқарған 
жеке  тұлғалардың  бірі  Жұмабек  Тҽшенев  -  ұрпағы  үшін  батыр  кейпіндегі  тұлға  болып 
қалары сҿзсіз. 
Халық  тарихының,  ел  тағдырының  қадау-қадау  кезеңдері  біртуар  азаматтардың 
есімдерімен ерекшеленіп отыратыны қашаннан-ақ белгілі. Кеңестік замандағы тоталитарлық 
жүйенің  биік  лауазымына  ие  болса  да  ҿз  ұлтының  мүддесін  ҽсте  естен  шығармаған, 
халқының сілтесе семсері, қорғанса қалқаны бола алған ұлтжанды, қайсар азамат Жұмабек 
Тҽшенев  сондай  тұлғалардың  бірі.  Тҿл  тарихымыздан  мҽлім  республика  басшылығында 
болғандардың  бҽрі  ел  арасында,  халық  аузында  бірдей  бағаға  ие  бола  бермеген.  Олардың 

10 
 
кейбіреулері  кҿзі  тірісінде  мақталып  жатса,  енді  біреулері  бақи  дүниеге  аттанған  тұста 
датталып, шынайы бағасын алып отырған. Ал Жұмабек Ахметұлы кҿзі тірісінде ел аузында 
есімі аңызға айналған, қарапайым халықтан жоғары баға алған абзал азамат. Сондықтан да 
оның  есімі  оқшау  аталады.  Ҿз  заманының  ірі  тұлғасы  туралы  кейінгі  жылдары  естеліктер 
жазылып,  қайраткер  жайында  айтыла  бастады.  Мұның  ҿзі  құптарлық  жайт,  ҿйткені  ел 
басқарған адамдардың ҿмірі мен қызметін танып, терең зерттеудің маңызы зор. 
Республика  басшылығында  болғандардың  ел  арасында,  қарапайым    халық  аузында  
алатын  бағасы,  ҽрине,  бірдей  емес.  Мемлекет  басқару,  ел  тұтқасын  ұстау  -  азабы  мол, 
жауапкершілігі зор тірлік. Бұған, ең алдымен, парасаттылық, шыдамдылық пен табандылық 
қажет.  Қоғам  ҿмірінде  кездесетін  сан  қилы  құбылыстарға  терең  үңіліп,  дҽлме-дҽл    талдау 
жасау, адамдардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне сергек қарап, ҽрбір маңызды істі шешуде 
зеректік пен алғырлық, ҿткір ҿжеттік таныту  - нағыз басшыға ғана лайық қасиет. Осындай 
ұлтжанды, қайсар басшылардың бірі де бірегейі, қазір  аты ұмытыла бастаған, аса кҿрнекті 
мемлекет  жҽне  қоғам  қайраткері,  Қазақ  КСР-інің    Жоғарғы    Кеңесінің  Тҿрағасы,  кейіннен 
Республика  Министрлер Кеңесінің Тҿрағасы болған - Жұмабек Ахметұлы Тҽшенев еді.  
Қандай  алмағайып  заман  болмасын,  туған еліне  тірек  болып,  бағыт-бардар  кҿрсеткен 
ұлы тұлғалардың жҿні бҿлек. Міне, осындай ұлы тұлғаларымыздың бірі - Жұмабек Тҽшенев. 
Жұмабек  Тҽшеневтің  тарих  алдындағы,  туған  халқының    алдындағы  үлкен  бір  ерлігі  деп 
Қазақстанның  бес  облысын  Ресейге  беруден    аман  алып  қалуын  атауға  болады.  Нағыз 
патриот Тҽшенев Қазақстан жерінің аумақтық тұтастығын сақтай білген. 
Ҿз  елінің  халқын,  жері  үшін  күрескен  үнемі  алға  жылжып,  ҿзінің  қырсық  мінезімен 
Кеңес  Одағына  тҿтеп  бере  алған  азаматтарымыздың  бірі  –  Жұмабек  Ахметұлы  Тҽшенев. 
Жұмабек  Ахметұлы  Тҽшеневтің  Кеңес  Одағы  жылдарында  «тың»  игеру  кезеңінде 
Қазақстанның  бес  облысы  үшін  ҿзіндік  пікір  білдіріп,  халқым,  елім  дегендердің  бірі  еді. 
«Тың» игеру жылдарында бұл кісіні Бостандық ауданына ауыстырған еді. Бірақ онысымен 
қоймай ҿзінің ойын орталыққа жеткізе алатындардың бірі болды. 
Қазақ  тарихында  бүгінде  жақсы  атымен  қалып,  ҿз  ісінде  жарқын  ой  ұшқынын 
қалдырып кеткен Жұмабек Тҽшеневтың Кеңес заманында партиялық мансаптың ең жоғарғы 
сатыларына  кҿтеріле  білген  Жұмакең  кейбіреулер  сияқты  Мҽскеу  не  айтса  бас  қатырып 
ойланбай-ақ  «құп  болады»  деп  зыр  жүгіре  берсе  қуғын-сүргінге  түспес  еді,  қызмет 
дҽрежесін  тҿмендетпей,  сҿз  жоқ,  сонау  биіктен  кҿріне  берер  еді.  Бірақ  ол  ең  алдымен  ҿз 
жағдайын  емес,  ел  қамын  ойлады.  Сол  үшін  атақ-дҽрежесінен  айырылу  мүмкіндігін  сезді, 
сҿйте  тұра  алған  бетінен  қайтпады,  үлкен  басшыларға  орынсыз  жалбақтай  қоймады. 
Жұмабек Тҽшенев ғаламат дарын иесі еді, оның ел басқарған уақыттағы ҿзін-ҿзі ұстауының 
ҿзі  ғылыми  тереңдігімен,  кеңістіктегі  ауқымымен,  алдындағы  тамаша  ҿрісімен  ҽлі  күнге 
дейін  бізді  тҽнті  қылады.  Жұмабек  Тҽшенев  ҿз  ғұмырында  қазақ  халқының  мүддесіне 
қатысты талай күрделі мҽселелерді кҿтерді. Сол себепті де Жұмабек Тҽшенев сында үлкен 
тұлғаның еңбегін бағалап, оған шынайы бағасын беру ҿзекті болып отыр. 
Жұмабек Тҽшеневтің ҿзі жазып қалдырған еңбектері қатарында 1960 жылы Алматыда 
шыққан «Казахстан в братской семье народов» [2] атты шығармасын атауға болады. Сондай-
ақ  1974  жылы  Алматыда  жарық  кҿрген  «Резервы  повышения  эффективности 
сельскохозяйственного  производства»  [3]  еңбегін  кҿрсетуге  болады.  Осылардың  ішінде 
ерекше  мҽні  бар  Ж.А.  Тҽшеневтің  жоғарыда  атап  ҿткен  Қазақстан  баспасынан  шыққан 
«Казахстан  в  братской  семье  народов»  атты  кітабы  бүгінгі  Елбасының  ұсынысымен  СНГ 
кеңістігінде  бірінші  болып  құрылған  «Қазақстан  халықтарының  ассамблеясымен»  үндес 
дүние. Демек, ол ҿзінің маңызын бүгінге дейін сақтап келген құнды еңбек. 
        Жұмабек  Тҽшенев  туралы,  ҿмір  жолы  мен  қызметі  жайлы  қызметтес  болған 
замандастарының  естеліктерін  2005  жылы  Алматыда  «Білім»  баспасында  жарық  кҿрген 
«Жұмабек  Тҽшенев  туралы  естеліктер»  [4]  атты  еңбекте  жинақталған.  Бұл  еңбекте  Ж. 
Тҽшенев замандастары мен оның қанаттас жолдастарының естеліктері топтастырылған жҽне  
мұнда қайраткердің қадір-қасиеттері жан-жақты ашыла түскен.  
Мҽселен, «Баяғы заманда Бҿгенбай, Қабанбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр 
бабаларымыз қан тҿгіп сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының ата-
мекенін  Ресейге  беріп  жіберуге  қарсы  болған  жалғыз  адам  –  Жұмабек  Тҽшенев.  Қазақ 
халқының  ерте  заманннан  бері  қоныстанған  тамаша  шұрайлы  жерін  бір  қатерден  оның 
сақтап  қалғанының  куҽсі  болғанбыз»,  -  деп  жазды  ҿзінің  естелігінде  атақты  партизан, 
мемлекет қайраткері, ғалым, белгілі жазушы Ҽди Шҽріпов [4, 48 б.]. Сондай-ақ сол дҽуірді 

11 
 
басынан  ҿткізген,  ҿзі  тың  ҿлкесін  құру  үшін  арнайы  сомдалған  ұйымдастыру  комитетінің 
бірінші  орынбасары  болған,  бұрынғы  Қазақстан  комсомолының  жетекшісі  қазірде 
профессор  Сағындық  Кенжебаев:  «1960  жылғы  Мҽскеудегі  мҽжілістерде  тың  ҿлкесін 
орталықтан  дербес  қамтамасыз  ету  мҽселесі  қаралды.  Жұмабек  Тҽшенев  тың  ҿлкесін 
орталық ҽкімшілік органдарына бағындыру саясатымен келіспеді. Тың ҿлке билеушілері Т. 
Соколов,  В.  Мацкевич  тікелей  Мҽскеуге,  не  РСФСР-ға  бағынуды  арман  етіп,  СОКП  ОК 
бірнеше  рет  мҽселе  қойды.  Ал  Н.  Хрущевте  тың  ҿлкесін  Ресейге  бағындырудың  амалын 
іздеп,  саяси  бюроға  қайта-қайта  ұсыныс  жасады.  Республика  басшылары  бҽрі  дерлік  тың 
ҿлкесін РСФСР құрамына беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады. Бірақ, 
Жұмабек Тҽшенев ата-мекенді саудаға салуға, сҿйтіп қазақ халқының алдында ауыр күнҽға 
қалуға  бармады.  Ол  кезде  Бас  хатшыға  қарсы  тұры  қарғыс  атқанмен  бірдей.  Тҽшеневтің 
қайыспай  шешкен  шешімі,  халық  мүддесін  кҿздегендік,  қазақ  жерінің  тұтастығына  тұтқа 
болу еді,» - деген [4, 26 б.]. Бұл замандастарының естеліктерінде кҿрініс алған Тҽшеневтің 
елі үшін жасаған ерліктерінің бірі осындай.   
Сонымен  қатар,  осы  Жұмабек  Тҽшеневтің  қоғамдық-саяси  қызметіне  баға  беріп,  ол 
туралы  толыққанды  жҽне  жанама  мҽліметтер  берген  Дінмұхамед  Қонаевтың  «Ҿтті  дҽурен 
осылай» атты заманхаттық (мемуар) еңбегін атауымызға болады [5]. Аталған еңбекте автор 
Жұмабек   Тҽшеневтың ел ертеңі мен ұлт мүддесіне сай еңбек еткен жылдарынан мҽліметтер 
келтіреді.  Атап  айтқанда,  Жұмабек  Тҽшеневтің  қоғамдық-саяси  қызметіндегі  кейбір 
жауапкершілікке  толы  атқарған  жұмыстары,  Кеңес  үкіметі  тұсындағы  билік 
басындағылардың  ҽділетсіздігі  мен  Жұмабек  Тҽшеневтің  қызметтен  кетуі  туралы  біраз 
мҽліметтер келтірген.  
Қазір  Қазақстанды  жер  кҿлемі  жҿнінен  ҽлемдегі  тоғызыншы  мемлекет  деп  мақтан 
тұтамыз.  Егер,  1960  жылдары  Мҽскеу  билігіне  Тҽшенев  қарсы  тұрмағанда,  бүгінгі 
жағдайымыз қалай болар еді ? 
1950  жылдардың  ортасында  басына  келген  Никита  Хрущев  жаңа  бастамаларымен 
ерекшеленді. Тереңіне үңілмесек, қолдауға тұратын жобалар сияқты кҿрінеді. Алайда, оның 
астарында  құйтырқы  саясат  барын  алғашқыда  ешкім  де  сезе  қойған  жоқ.  Қазақстанда 
индустрия  дамып,  еліміздің  солтүстік  жҽне  орталық  ҿңірінде  тың  игеріліп,  мол  астық 
ҿндіретін аймаққа айналғаны экономикалық тұрғыда үлкен ҿрлеу болғаны анық. Дегенмен, 
Қазақстанның  бес  облысын:  Павлодар,  Кҿкшетау,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  жҽне 
Ақмола облыстарын біріктіріп, Тың ҿлкесін құруда қазақ елін ҿркендету мақсат емес, халық 
үшін  қасіретке  айналатын  шешімдер  қабылданғалы  тұрғанын  сезініп,  қарсы  тұрған  атпал 
азамат, ер жүрек тұлға Тҽшенев болатын. 
Ж.Тҽшенев  ұлттар  достығына  адалдықпен  қараған  жан.  Ҿйткені  Ақмола  ҿңірінде 
тұратын  орыстармен  ата-бабасы  араласып,  орысты  «тамыр»  деп,  қазақты  «туыс»  деп, 
сыйласа  білген.  Ынтымақта  тұрудың  қадірін  білетін  адам  болған.  Ол  ҽділетсіздікке, 
құйтырқы саясатқа қайыспай қарсы тұра білген ер азамат. 
Ал,  Хрущев  бүкіл  Кеңес  Одағының  ішінде  ұлттар  араздығын  тудырған  адам.  Оның 
кҿптеген жымысқы саяси жобалары орындалмай қалып, қазір тҽуба деп отырмыз.  
Жерді  бҿліске  салу  тек  қана  қазақ  халқы  үшін  емес,  осы  жерді  мекен  еткен  ҿзге  ұлт 
ҿкілдеріне  де  қасіретке  айналар  еді.  Тату  отырған  кҿрші  елдерге  де  қасіретке  айналар  еді. 
Қазақ  жерінің  кеңдігіне  қызғана  қараған  Н.Хруущев  тарихта  болмаған  құйтырқы  жер 
бҿлінісі  туралы  жоба  жасаған.  Бұл  жерде  оның  идеясына  от  құйып  отырған  қасындағы 
кеңесшілер,  яғни,  осындай  жобаны  жасаушылар  да  бар  екенін  ұмытпауымыз  керек. 
Сонымен  Кеңес  Одағының  құрамына  кірген  Қазақ  республикасын  бҿліске  салу  жобасын 
жасаған.  Қазақстанның  тың  игерген  бес  облысын  түгелдей  Ресейге  қосуды,  оңтүстіктегі 
жеміс-жидегі мен мақтаны ҿндіріп отырған Бостандық, Мақтаарал аудандарын Ҿзбекстанға 
беруді,  Маңғыстау  облысын  Түркіменстанға  бҿліп  беру  жҿніндегі  идеясы  айтылып  қалған 
жай  сҿз  емес,  СОКП  Орталық  Комитетінің  Саяси  бюросының  күн  тҽртібіне  ұсынылған 
мҽселе. 
КОКП  ОК  Бас  хатшысы  Никита  Хрущев  ҿзінің  тың  игеру,  ҿзге  аймақтардан  еріксіз 
қоныстандыру идеясы қалай жүзеге асып жатқанын білу үшін Қазақстанға жиі келіп жүрді. 
1960 жылы Ақмола қаласында ҿткізген жиналысында қазақ жерін бҿлу жҿніндегі жобасын 
бірден жария етіп, республика басшыларының пікірін сұрайды. Сонда барлығы амалсыз бас 
шұлғып  отырғанда,  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  тҿрағасы  Жұмабек  Тҽшенев  ҿзінің 
Ақмола  облысында  туып  ҿскенін,  осы  жерде  ата-бабалары  жатқанын  айта  келіп,  бұл 

12 
 
ҿңірлерді  Ресейге  беруге  ешбір  қазақ  келіспейтінін,  тіпті  мұндай  мҽселені  күн  тҽртібіне 
қоюға  қарсы  екендігін  мҽлім  етті.  Мұндай  қарсылықты  күтпеген  Н.Хрущев  Тҽшеневке 
«СОКП  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросының  шешіміне  қарсы  шығатын  сен  кімсің  ? 
Егер,  қажет  болса,  біз  сенің  келісіміңсіз  шешім  қабылдаймыз.  Кеңес  одағы  –  біртұтас  ел, 
кімге  қандай  жерді  бергісі  келетінін  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  шешеді»  деген.  Сол  кезде 
Тҽшенев «Егер, Жоғарғы Кеңес ҽр республиканың ҿзінің тарихи қалыптасқан жер меншігіне 
иелік  ететіні  анық  жазылған.  Егер,  заң  бұзылса,  біз  ҽділеттілік  үшін  халықаралық  құқық 
қорғау  ұйымдарына  шағымдануымызға  құқығымыз  бар,  солай  емес  пе?!»  деп  қарсы  сұрақ 
қойған.  Жұмабек  Ахметұлының  осы  тарихи  сҿздері  бүгінгі  ұрпаққа  үлгі  болары  анық. 
Ташеневтің осындай қарсылығынан тайсалған Хрущев ҿзінің идеясын жүзеге асыра алмады. 
Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысының ауданы түгелдей жҽне Мақтаарал мен Киров 
аудандарының бірнеше шаруашылықтары Ҿзбекстанға беріліп кетті. Мұның жүзеге асуына 
сол  кезде  Оңтүстік  Қазақстан  облысын  басқарған,  кейін  сол  еңбегі  үшін  республиканың 
бірінші  хатшысы  қызметіне  кҿтерілген  Исмаил  Юсупов  кҿп  ықпал  еткені  белгілі.  Ол 
жҿнінде ҿзі де мойындап, естелік жазған [53, 3 б.]. 
И.  Юсупов  кейiнгi  жылдарда  Тҽшеневтi  үлкен  құрметпен  еске  алады:  «Қазақ  халқы 
қарыздар  болса,  Жұмабек  Тҽшеневке  қарыздар  болар.  Ол  –  ұлт  алдындағы  парызы  мен 
қарызын  адал  атқарған  азамат.  Ол  ата-бабадан  қалған  кең  байтақ  қазақ  жерiн  жанымен 
қорғады, сол үшiн барлық игiлiктерден айырылды. Сол кездiң ҿзiнде «мен – қазақпын» деп 
қорықпай, жаһанға жар салған жалғыз адам да сол болатын», – дейдi Исмаил Юсупов... 
1962  жылы  Н.Хрущев  бастаған  партияның  Оратлық  Комитеті  қайтадан  қазақ  жеріне 
кҿз  алартып,  Маңғыстау  облысын  енді  Ҽзірбайжан  республикасына  қосу  жҿнінде  мҽселе 
қозғайды.  Мҽскеудің  сондағы  сылтауы  Ҽзірбайжан  елі  кҿптен  бері  мұнай  ҿндіріп  келеді, 
Маңғыстауды  соған  қоссақ,  ҿнім  кҿлемі  артады  деген  желеу  болған.  Бұл  мҽселе  КСРО 
Жоғарғы  Кеңесі  Президиумы  мен  Министрлер  Кеңесінің  бірлескен  отырысында  қаралған. 
Ұзақ талқылаудан кейін Қазақстанның да мұнайды ҿзі ҿндіре алатыны дҽлелденіп, мұнайлы 
ҿңір  ҿзімізге  қалдырылған.  Бұл  кезде  арыстандай  айбатты  арысымыз  Жұмабек  Тҽшенев 
партиялық қуғынға ұшырап, Шымкентте жұмыс істеп жүрген еді. 
Солтүстік  Қазақстан  облыстық  партия  комитеті  бірінші  хатшысының  орынбасары, 
Ақтҿбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған, одан кейін ел 
басына  сын  түскен  1955-61  жылдары  Қазақ  КСР Жоғарғы  Кеңесі Тҿралқасының  тҿрағасы, 
Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  тҿрағасы  болған  Жұмабек  Тҽшеневтің  Қазақстанға 
сіңірген еңбегі орасан зор. 
Жұмабек  Тҽшенев  есімі  тҽуелсіздік  жолына  түскен  Қазақстан  тарихында  ара-тұра 
аталып жүрсе де, елі алдындағы еңбегі ҿлшеусіз тұлға. Коммунистік партияның қалыптасу, 
дҽуірлеу  кезеңдерінде  қызмет  етіп,  оның  ҿктем  саясатынан  халқын  қызғыштай  қорыған 
қайраткер  шын  мҽнінде  жұртының  бағы  үшін  туған  ер  еді.  Алып  империяны  басқарған 
Никита Хрущевтің тыңды желеу етіп, қазақ жерін бҿліске салмақ болған жымысқы ҽрекеті 
де  Тҽшеневтің  табанды  қарсылығының  арқасында  жүзеге  аспай  қалғандығы  белгілі.  Қылп 
еткенді  қағып  түсер  кеңестік  машинадан  қаймықпаған  қайраткердің  осы  ерлігі  ата-баба 
жерін аман алып қалды. 
Осылайша қазақтың ұлтарақтай жерiн де жат қолына бермесем деп аталар аманатына 
асқан  жауапкершiлiкпен  қараған  Тҽшенев  оңтүстiктегi  Бостандық  ауданын  тартып 
алушыларға  қарсы  қайран  таба  алған  жоқ.  Сонда  да  ақ  бiлектiң  күшiмен,  ақ  найзаның 
ұшымен  бабалар  қорғаған  қазақ  жерiн  ол  ҿзiнiң  қызмет  бабын,  орынтағын  қалқан  ете 
отырып,  қорғап  бақты.  Бостандық  ауданы  ҿзбек  елiне  берiлiп  кетсе  де,  жер  мҽселесi 
қаралған басқа жиындарда құзырлы Хрущевтiң ҿзiн ықтырып отырды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Назарбаев Н. Ҽ. Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан. – 2014.-20 наурыз. 
2.Ташенев Ж. Казахстан в братской семье народов. – Алматы, 1960. – 155 с. 
3.Ташенев 
Ж. 
Резервы 
повышения 
эффективности 
сельскохозяйственного 
производства. – Алматы, 1974. – 212 с. 
4.  Жұмабек  Тҽшенев  туралы  естеліктер.  //Под  ред.  Тҽшенов  С.,  Жолдасов  Ҽ., 
Сыздықов К., Бҽшен Ұ., Базаров Ж. – Алматы: Білім. 2005. – 200 б. 
5. Қонаев Д. А. Ҿтті дҽурен осылай. - Алматы, 1997. – 452 б.  
6. Рамазанов А. Ҿрелі азамат еді. //Азат. 2004.-1 желтоқсан. –  5 б.  

13 
 
 
Аннотация. В  научной  статье  рассматривается  труды  Ж. Ташенова и о сохранении 
целостности  казахстанских  земель.  
Annotation.  In  the  scientific  article  Zh.  Tashenov's  work  about  integrity  preservations  the 
kazakhstakikh of lands is considered. 
 
 
ӘОЖ  338. 45: 687 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӚРНЕКТІ ҦЛТТЫҚ КИІМДІ ЖОБАЛАУ 
 
Жаскиленова А.Е., Жакипбекова Д.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ
 
     Ата – бабамыздың қалдырған мҽдени мұрасының тарихи байыпты зерттемей, жаңа 
ҿмірдің    талабына  лайық  жауап  беретін  туынды  жасау  мүмкін  емес.  Жаңа  туындының  
тамыры  кҿне  дүние  тарихымен  неғұрлым    терең  астақтан    сайын  оның  ҽрбір  ҿскен 
жапырақты бұтақтары да жаңа заманың рухынан  нҽр алып, сол ортаның идеологиялық жҽне 
рухани  жағдайына  лайықты  мазмұн    мен  мағына    беруі    тиіс.  Демек,  ҽр  ҿнер    шеберінің  
қолынан шыққан  туынды ата-бабадан қалған  мҽдени мол  мұрадан нҽр алып, жаңа ҿмірдің  
жаңа  талабына  сай  жаңаша  жырлауы  керек.  Қай  мамандықтың  зерттеушісі  болмасын,  ескі 
тарихи  мұралардың  негізіне      сүйенбесе,  оның  еңбегі  де,  туындылары  да  іргетассыз  
салынған үймен тең, ондай туындының  ҿмірі ұзақ  болуы мүмкін емес  
     Қазақ  халқының  ою-ҿрнек  ҿнері  байырғы  ұлттық  ҿнерлердің  ішіндегі  ең  ежелгісі, 
ҽрі кең тараған саласы. Бұл – ұлтымыздың мҽдени дамуының шежіресі, адам жанына лҽззҽт 
сыйлайтын,  эстетикалық  мҽні  зор  ҿнері.  Бүгінгі  таңда  қазақтың  230-дай  оюының  ежелден 
жатқан атауылары бар [1,25б.] 
 Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына  бірдей  қойылатын қатаң 
да заңды  талап. Бұл талапты  мүлтіксіз орындау- мамандарымыздың баршасының  қасиетті 
борышы  болса керек [2,46б.] 
Қол  ҿнер  шеберлерін,  суретшілер  мен  сҽнгерлерді  ұлттық  рухта  тҽрбиелеуде  ою-
ҿрнектің  атқаратын  рҿлі  ҿте  зор.  Сұңғат  жҽне  бейнелеу  ҿнерінде,  сондай-ақ  қолҿнер 
шеберлері  жасаған  бұйымдарда  ұлттық  нақыш  анықталып  тұруы  қажет.  Сол  ұлттық 
нақыштың айқындап бейнелейтін ҿнер түрі – қазақтың ою-ҿрнегін.  
Қазіргі  таңда  қолҿнер  шеберлері  ҿздерінің  туындыларына  ою-ҿрнекті  ұтымды 
пайдалану  үшін  ҿрнектің  жасалу  принциптері  мен  техникасын  үйренуде.  Суретшілер  мен 
сҽулет  ҿнерінің  мамандары  ою-ҿрнектің  сырт  пішінің  кҿшірме  ретінде  пайдаланып  қана 
қоймай, оның мазмұнынан, атаулары мен шығу тарихынан хабардар болса, салған суретінде 
немесе жасаған бұйымдарында сол біріктілік ізі ұлттық нақышта айқын кҿрініп тұрады.          
 Қазіргі  уақытта  халқымыздың  ҿркендеп  ҿскен    мҽдениетіне    лайықты    кейбір  ою 
элеметтері  ҿздерінің    бастапқы  мҽнін  жойып,  жаңа  мағынада  ҿмірге    қайта  оралып  отыр. 
Бізбен  замандас  ою  жасаушы    шеберлердің    туындыларында    ертеректе    дүниеге  келген 
оюлардың элементтері аз кездеседі десекте болады. Бұл жағдай қазіргі заманда  ою ҿрнегінің  
ҿзіндік құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа ҿмірге лайық жаңа бағыт алып, жаңаша ҿріс  
тапқанын кҿрсетеді [3,51б.] 
 Қазақтың  ою-ҿрнек  ҿнерінде  кездесетін  ҽр  түрлі  саздағы  (мотивтегі)  элементер  кҿп 
ғасырлар бойы сұрыпталудан ҿттіп, ҽр шебердің ҿзінше  ҿзгеріс ендіруіннің  арқасында бір 
түрден  екінші  түрге  ауысып  отырган.  Ою  жасаушылардың  творчествалық  еңбегіннің 
арқасында  зооморфты  саз  ҿсімдіктер  тектес  сазға  геометриялық  саздағы  элементер-
зооморфты,  немесе  ҿсімдіктер  тектес  сазға  т.с.с.  ауысып  отырған.  Бұл  жағдай  қазақ  ою-
ҿрнек  ҿнерінде  бірнеше  элементерімен-ақ  шахматтағыдай  мыңдаған  түрлі  композициялық 
вариантарды жасауға болатындығының дҽлелі. 
  Сонымен қатар қазақтың ою-ҿрнек элементеріннің керемет икемділік (податливость) 
ерекшелігі  де  бар.  Бір  композициянның  ішінде  ҽртүрлі  саздағы  бірнеше  элементер  бір-
бірімен тұтас бірігіп, бір бүтін аяқталған ою композициясын құрайды [3,65б.] 
  Қазақ  оюлары  бойына  пластикалық  үйлесім  заңын  да  толық  сіңіре  білген    ою 
композициясын  құру  теориясын  жақсы  білетін  шеберлер  бір  жазықтықтың  біріне  бірнеше 

14 
 
оюларды қабаттап салу арқылы да ҿте күрделі бір тұтас ою  шығара алады.Ҽр оюдың сүйегі 
ҿзіне  тҽн  түрге  боялып,  бір-бірінен  қалған  бос  орынды  жалпы  композициянның 
статистикалық  теңдігін  бұзбастан  толтырады.  Мұндай  күрделі  оюларды  қазақтар 
«шытырман»  оюлар  дейдй.  Себебі,  ҽр  оюдың  элементері  ҿздерінің  орнына    қарай  бірде 
біреуінің  астына  ҿтсе,  екінші  жагдайда  үстінен  бастап  ҿтеді  де  күрделі  шытырман  сияқты 
ою  композициясын  құрады.Ою  деп,  заттың,  бұйымдардың,  жиһаздардың,  ғимаратардың 
сыртқы  пішініне,түріне,  шығармашылық  ҽуеніне  ерекшк  мҽнер,  қосымша  ҽсер  беріп 
қарапайым симетриялы элементерден құрылып, ырғақ, теңеу,  рең арқылы түзу жазықтықта 
немесе  квадрат,ромб,  шеңберлерде  тұйықталып  орналасқан  ҽшекейлеу  ҿрнекті  атайды 
[3,73б.] 
  Оюды  кілемге,  сырмаққа,  текеметтерге,  киімдерге,  ыдыс-аяққа,  үй  жиһаздарына,  аяқ 
киімдерге,  зергерлік  бұйымдарға,  қару-жарақтарға,  сҽулет  ғимараттарына  ҽртүрлі 
композициялық жолдармен қолданылады. 
  Заттың, бұйымның сыртқы пішініен, алатын орнына, атқаратын қызметіне, пайдалану 
мақсатына жҽне шикі зат түрлеріне қарай ою-ҿрнекті бояп, ойып, қашап, құйып, бедерлеп, 
ҿріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре іске пайдаланған. 
           Оюлар  ҽр  шикізаттың    физикалық  қасиетіне,  пайдаланылатын  ҿнер  бұйымның 
қолдану  аясына  байланысты  рельефті,  барельефті  болып  шешіліп,  жазықтықта  қалай 
қолданса кеңістікте де солай орын ала білген [4,47б.] 
          Сондықтан  ою-ҿрнектерге  талдау  жасап,  ҽр  классификациялық  топқа    болмес  бұрын  
ою-ҿрнектің  негізгі  құрылымы  қалай,  ҿюдың  ҿзіне  тҽн  ерекшелігі  неде,  композициялық 
орналастыру  ережесі  не,  ою-ҿрнектің  пішінін,    құрылысын,  образдық  белгісін  ҿзгертуге 
симметрияның    ҽсері  деген  сұраққа    жауап  беруіміз  керек.    Ою-ҿрнекті  халық  шеберлері 
сҽулет, кескіндеме, қолданбалы ҿнерде,  қолдан шыққан барлық ҿнер заттарын кҿркемдеуге, 
ҽсемдеуге  пайдаланған.  Осыған    орай  ою-ҿрнек  үлгілері  араласқан  бұйым 
заттарды,тұрмысқа  қолдану  негізіне  қарай  екі    топқа  бҿледі.  Біріншісі,  ою  ешқандай 
заттарды    кҿркемдемей-ақ,  ҿз  алдына    жеке  ҽшекей  ретінде  қолданыланылып  кҿркемдерге 
эстетикалық сүйеніс, ҽсер береді. 
Бұндай  жағдай  оның  кҿркемдік,    ҽсемдік  жақтары    пайдаланылады.  Екінші    түрінде 
оюлар  шебердің қолынан шыққан заттарды кҿркемдеп толықтырып, айрықша кҿрініс, сҽн 
мҽн-мағына  береді.  Яғни  ою-ҿрнек    жасалған  заттан  ерекше    бҿлінбей  оның  формасын, 
пішін  түрлерін  шешеді.  Осындай  бұйымдар    күнделікті    тұрмыста  пайдаланумен  қатар, 
кҿрермендерге эстетикалық, лҽззат жіне рухани   байлық боп ерекше  сезімге тҽрбиелейді. 
Қазақ ою-ҿрнектерінің ҿздеріне тҽн  сыңар ою, тең, жүздеме ою секілді композициясының  
классикалық-орталық бҿлік, шет, жиек фон негіздерімен  бірге, симметриялық тепе-теңдік, 
тұйықтық,  орнақтылық  категориялары  сақталған.  Мысалы,  толқын,  ирек,су  ,омыртқа, 
айшық,  сыңар  мүйіз,  бұғы  мүйіз  оюларынан  шапшаң  қозғалысты  байқасақ,  қошқар  мүйіз, 
сынық мүйіз, қолтықша, тарақ, балта секілді оюлардан орнылықты, байыптылықты кҿреміз. 
         Сондықтан  ою-ҿрнектерге  талдау  жасап,  ҽр  классификациялық  топқа    болмес  бұрын  
ою-ҿрнектің  негізгі  құрылымы  қалай,  ҿюдың  ҿзіне  тҽн  ерекшелігі  неде,  композициялық 
орналастыру  ережесі  не,  ою-ҿрнектің  пішінін,    құрылысын,  образдық  белгісін  ҿзгертуге 
симметрияның    ҽсері  деген  сұраққа    жауап  беруіміз  керек.    Ою-ҿрнекті  халық  шеберлері 
сҽулет, кескіндеме, қолданбалы ҿнерде,  қолдан шыққан барлық ҿнер заттарын кҿркемдеуге, 
ҽсемдеуге  пайдаланған[5,34б.]  Осыған    орай  ою-ҿрнек  үлгілері  араласқан  бұйым 
заттарды,тұрмысқа  қолдану  негізіне  қарай  екі    топқа  бҿледі.  Біріншісі,  ою  ешқандай 
заттарды    кҿркемдемей-ақ,  ҿз  алдына    жеке  ҽшекей  ретінде  қолданыланылып  кҿркемдерге 
эстетикалық  сүйеніс,  ҽсер  береді.  Бұндай  жағдай  оның  кҿркемдік,    ҽсемдік  жақтары  
пайдаланылады.  Екінші    түрінде  оюлар    шебердің  қолынан  шыққан  заттарды  кҿркемдеп 
толықтырып,  айрықша  кҿрініс,  сҽн  мҽн-мағына  береді.  Яғни  ою-ҿрнек    жасалған  заттан 
ерекше  бҿлінбей оның формасын, пішін түрлерін шешеді.  
Осындай  бұйымдар    күнделікті    тұрмыста  пайдаланумен  қатар,  кҿрермендерге 
эстетикалық,  лҽззат  жіне  рухани      байлық  боп  ерекше    сезімге  тҽрбиелейді.  Қазақ  ою-
ҿрнектерінің  ҿздеріне  тҽн    сыңар  ою,  тең,  жүздеме  ою  секілді  композициясының  
классикалық-орталық бҿлік, шет, жиек фон негіздерімен  бірге, симметриялық тепе-теңдік, 
тұйықтық,  орнақтылық  категориялары  сақталған.  Мысалы,  толқын,  ирек,су  ,омыртқа, 
айшық,  сыңар  мүйіз,  бұғы  мүйіз  оюларынан  шапшаң  қозғалысты  байқасақ,  қошқар  мүйіз, 
сынық мүйіз, қолтықша, тарақ, балта секілді оюлардан орнылықты, байыптылықты кҿреміз. 

15 
 
 Ҽрине,  кез-келген  жерге  кесте  тігуге  немесе  жапсырма  жапсыруға  болмайды.  Ондай 
жағдайда бұл киім талғамы жоғары кҿрермен түгіл, талғамы орташа адамдардың  ҿздеріне  
де  күлкі  тудырар  еді.  Атамыз  қазақтың  бұл  ретте  «бояушы  –  бояушы  дегенге  сақалын 
бояпты  »  деген  даналық  сҿзі  бар.  Бҽрі  ретіне  қарай,  ҿз  орнымен    істелгенде  ғана    биік 
талаптың    тұрғысынан  шығады.  Ҿрнектің  кҿлемі, түсі  киімнің жалпы  түсімен,  ауқымымен 
жҽне  салмағамен  сҽйкес  келуі  керек.    Бет-албаты  жапсырылған  жапсырма  киімнің    ҽрін 
кіргізбек түгіл, ажарын қашырып жібереді. Жапсырманың гүл түріндегі формалары кҿбінесе 
сол жақ омырау тұсқа жапсырылады.  Ал киімнің етек жағына жапсырма ҽшекей келіспейді. 
Кҿйлектердің етектеріне  негізінен түрлі кестелер  тігеміз, желбірлер тігеміз. 
Киімді  ҿрнектегенде    оның  дҽл  орнын  анықтау    керек    ҽр  нҽрсе  тек  ҿз  орнында 
тұрғанда ғана тартымды болмақ. Бұл орайда талғам таразысы қажет.  
         Алдымен қандай  кҿлемдегі ҿрнек керек,ол қай жерлерде тұруы керек дегенді есептеп 
аламын.  Одан  кейін  енді  сол  ҿрнектің  түсі  немесе  түстері  анықталады.  Қазақ  кесте  түсін 
таңдағанда  екі  бағытты  ұстанған.Біріншісі-матаның  немесе  оның  кестесінің  ҿңін  ашып 
кҿрсету.Бұл  үшін   кестенің  түсті  негізгі  матаның түсіне   қарсы,  яғни  контраста  болды.  Ақ 
матаға  қара ою, қызыл матаға  жасыл жапсырма  жапсыру содан қалған. 
         Мұндай  тҽсіл  шынында  тігілген  киімнің  ҿңін  ашу    үшін  керек.  Олар  бір-біріне  қарсы 
түс  болғандықтан да бір-бірінің аражын ашады. Екінші тҽсіл- тектес түрлер арқылы кесте 
тігу.  Қызылдың  немесе  кҿктің  ,  яғни  жасылдың  ашық,  қалыпты,  солғын    кҿмескі,  ақшыл 
түстер арқылы сол бояудың бүкіл ҽлемін кҿзге елестетуге болады. Тектес бояулар бір-бірін 
толықтыру үшін қолданылады. Олар жаңағы түсті одан сайын жеңілдете немесе тереңдете 
түседі.  Дұрыс  ретін  таба  білсе  тектес  түстер  арқылы  қайталанбас  түстер  ҽлеміне    сүңгуге 
болады. Ол үшін үлгілеуші-сүретшінің бай қиялы болуы мендеті. 
Міне, киімді  осылай  ҽшекейлейді.  Қандай  киімді болмасын  ҽшекей қалай болатынын 
кҿзге елестетіп алмай тұрып, бет-алдымен  ҽлмештейберудің қисыны жоқ. Талаптар толық  
орындалған  жағдайда  киім  бетіндегі  ҽшекейлер  адам  ажарын    аша  түсері  даусыз.    Қалай 
болғанда да  сҽнді киінгенге  не жетсін!  Сҽнді киіну үшін  оның талаптарымен таныс болған 
да дұрыс[6,54б.] 
Ҿндірістің  қазіргі    қуаттары    безендіру  үшін    сансыз  материалдар  жасап  шығаруда. 
Оның  атын  атап  тауысу  қиын.  Оқырмандарға    белгілерін  топтап  айтсақ;  тоға,  тастар, 
моншақтар,  асыл  інжулер,  зергерлік  бұйымдар  жҽне  басқалары.  Оларды  ҽшекей    ретінде 
пайдалану  сұлулық сыйлайды. Олар үлгілеуші-суретшілердің  қолдарын анағұрлым ұзарта 
түсті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет