Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
Использованная литература: 
1. Осипов А. М. Университет как региональная корпорация // 
Социологические исследования. 2004. № 11. 

28 
 
2. Шейн Э.Х. Организационная культура и лидерство. – СПб: 
Питер, 2002. - 336 с. 
3. Гнездилова К. Н., Исследование корреляционных связей 
между параметрами компонентов корпоративной культуры 
преподавателей вуза // Научный диалог № 8 (20), 2013. С. 53-54). 
4. Антонов В.Г., Крылов В.В., Кузьмичева А.Ю. и др. 
Корпоративное управление: учеб. пособие / под ред. В.Г. Антонова. 
М.: ИД «ФОРУМ»; ИНФРА-М, 2006. - 288 с. 
 
Аннотация. Аталмыш мақалада институттың корпоративтік мҽдениетімен жҽне оның 
даму үрдісі туралы айтылған. 
       Annotation.  This  article  is  about  the  corporate  culture  of  the  institute  and  its  development 
process. 
 
ӘОЖ 908. (5 Қаз-4Жам) 
К62 
 
               КӚНЕ ТАРАЗ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚҦПИЯЛАР 
 
Керімбеков С.М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Мектеп  оқушылары  мен жоғары  оқу орындарының білімгерлеріне «Тараз тарихын» 
үйрету  - оңай шаруа емес. Тараз есімі қай кезеңде аталды? Тараз деген сҿз қандай мағына 
береді?  Тараз      қаласының      кҿне      есімдері      калай      аталады?    Тараздың  мҽдениеті  мен 
тарихы  қай  ғасырдан  басталады?  Тараз  ғүламалары    кімдер?  Айта  берсең  сұрақтар  кҿп, 
жауабын табу қиын? Осы қиындыктарды кҿре, біле тұрып, мектеп оқушылары мен жоғары 
оқу  орындарындағы  білімгерлерге  арнайы  түсінік  беру  ескеріле  бермейді.  Мектеп 
оқушылары  түгілі  жоғары  оқу  орындарының    білімгерлеріне  «Тараз  тарихы»  туралы 
қарапайым  сұрақтарды  қойсаң,  жауабын  айтуға  қиналады.  Неге,  не  себепті?  Ҽлде  Тараз 
тарихына  ұстаздар  мҽн  бермей  ме?  Түпсіз  тарих  -  ғасырлар  ҿткен  сайын  құпиясын  мҽңгі 
сақтауда.  Жұмбағы  кҿп  ҿткенімізге  шолу  жасасақ  сҿзден  сҿз  туындап,  сұрақтар  кҿбейеді. 
Атап айтқанда: 
-
 
Тараз қаласында қай тайпалар тұрған? 
-
 
Кҿне Таразда қанша халық тұрған? 
-
 
Таразды басқарған тархандар,  хандар, ҽкімдер, сұлтандар 
кімдер болды? 
-
 
Тараздың  атақты ғалымдары кімдер? 
-
 
Тараздың ұлы ақындары кімдер? 
-
 
Тараздың мҽдениеті мен ҽдебиеті болды ма? 
-
 
Таразда биік мұнаралар болған ба? 
-
 
Кҿне заманда - Таразда жер сілкінісі (зілзала) болған ба? 
-
 
Тараздың қазіргі халық саны канша? 
-
 
Таразда баспана болды ма? 
...  Айта  берсең  ойдан  ой,  сұрақтан  сұрақ,  туындап  Тараз  тарихының  біз  білмейтін 
құпиялары  кҿп  мазалайды.  Мысыр  еліндегі  алып  пирамидалармен  тең    келетін  «Акыртас 
тарихы»  да  құм  астында.  Тараз  айналасындағы сыры  мен  жұмағы  кҿп қалаларда  зерттеуін 
күтіп жатыр. 
Кеңестік  заманда  "алтыны"  бар  жердің  бҽрін  қазып  алтынын  алып,  қалғанын  кҿміп 
кеткеніне  неге  қынжылмасқа?  Абырой  беріп  "Алтын  киімді  адам"  ғана  сақталынып 
республикалық мұражайдан орын алды. Сонда археологиялық қазбалар тек алтын табу үшін 
жургізілгені ме? 
Қазіргі таңда археологиялық казбаларға мҽн берілмей  келеді. Тараз тҿңірегін   зерттеу 
жүргізу азайды.   "Акыртас тарихы" - жұмбак. "Ақыртас" қала ма, қорған ба? Тҿрт қырлап 
ойған алып тастармен    қорғанды    қалай    қоршаған?   Тарихитың   ҿлшеусіз құпияларын    
кім   зерттейді?   Тараз   бен    Ақыртас   тарихының байланысы  бар ма?  Жер асты  жолдары   
 

29 
 
салынған   ба? Тараз, Ақыртас кай ғасырлардан бері белгілі. Кҿп сұрактарға жауал табу да 
қиын. Ҿйткені,. Тараз тарихы жайлы зерттеу мақалалар мен кітаптар баспадан аз шығады- 
Республикалык журналдарда Тараз    туралы      кҿп   жазыла    бермейді.      Облыстық    "Тараз-
Хабар-2000" газетінің  беттерінде (шыққанына 5 жыл болсада) Тараз тарихына байланысты   
ғылыми мақалалар жиі  жазылып тұрады.   Оғанда шүкір! 
         Атап  айтқанда "Кҿне  Тараз  жҽне  XXI  ғасыр"  (С  Байсейітова).  «Тараз ғасырлар куҽсі» 
(Д  Сҽрсенова).  "Тараз-хабар-2000"  газетінің  5  желтоқсанындағы  (2003  ж)  №49  санында 
жарияланған.  Онда  Тараз  қаласы  жайлы  жоғарыдағы  сұрақтарға  аздап  та  болса  жауап 
боларлық кҿптеген деректер берілген. Ондағы мекен еткен халықтар жайлы демографияык 
деректерде  айтылады. 
Тараз  мемлекеттік  педогоикалық  институтының    Қазақ  ҽдебиеті  кафедрасының  аға 
окытушысы  С.Байсейітованың  «  Кҿне      Тараз  жане  XXI  ғасыр  деген    мақаласында  Ежелгі 
Тараздың  кҿне  аты  Талас  деп  берілгенін  айта  келіп    Таластың  кұпия  сырына 
токталады...Талас қаласының  аты түркі қарлұқтары билеген кезде айдай ҽлемге  аты шыға 
басталғанын    тарихтан  білеміз.  Сол  кезде  бұл  қаланың  кемеліне  бастаған  сауда  орталығы 
болғаны  да  белгілі  біздің    қаламызда  сол  кезде  қарлұқтар  жабағысы,  Оғыншақ    Қадыр 
билеген.  Қалада  ата-бабаларымыз саудагерлігі үшін серттер деп атап кеткен соғдылықтар, 
сонау  751  жылғы    араб    қытайдың    соғысынан  кейін  тұтқынға  түсіп,  түркіленіп  кеткен  20 
мың  қытайдың  ұрпақтары  да,  тіпті  гректер,  парсылар  да  ҿмір  сүрген  -  дейді.  Тараз 
қаласының  байлығына  (алтын,  күміс  т.б  —  МК)  қызыққан  "Бұқара  билеушісі  Исмаил 
Самани"  893  жылы  кҿзінің    құрты  болған  Талас  қаласына  лек-лек  ҽскерімен  келіп  бар 
байлығын  тартып  алып  адамдарын  ҿлтіргендігін  араб  тарихшысы  Мұхаммед  Джарир  ат-
табари ҿзінін "Тарих ар русул ҽл-мулук" дегсн   кітабында   жазады.    Бұл жерде түркілер   
патшасының астанасы Тараз деп айтылмайды"  - деген деректерге қарағанда Талас   біздің   
дҽуірімізге   дейінгі   заманда   болғанын   жасыра алмаймыз. 
    Д.Сҽрсенованың  «Тараз  -  ғасырлар  куҽсі»  деген  мақаласында("Тараз-Хабар-2000,   
№49
,
   5   желтоксан)   Тараз тарихы жайлы нақты деректер келтірген.   Тараз  қаласының 
тұңғыш  рет  568  жылы    Византиялык  елші  Земарх    ауызға  алады.  630  жылы  Тараз  туралы  
Қытай  саяхатшысы  Сю-ань-Цзян  хабарлайды.  Таразды  Ұлы    Жібек  жолының  бойында 
тұрған маңызды  сауда орталығы деп атайды.  
ҮШ  ғасырдаТараз-Арғу-Талас,  Алтын-Арғу,  Талас-  ұлыс      атауларымен  мҽлім 
екендігін тарихта айтады. Мақалада мынадай
 
 деректер қамтылған: 
-
 
XI ғасырдың ғұлама ғалымы Махмұд Қашғари (Кашғарлық-М К) Тараз тұрғындары 
түрік соғды тілдерінде сҿйлегенін тілге тиек етеді; 
-
 
XI    ғ.  Таразда ақша сарайы жұмыс  істеген  (Алтын,    күміс теңгелер    шығарған-
М.К).    Кҿптеген    шығыс    елдеріндегі  археологиялық      қазбалар      кезінде      Таразда      
салынған  (
ЖАСАЛЫНҒАН 

 
М.К)
 
күміс дирхемдер (теңгелер-М.К.) табылды. 
-
 
 Тараз  -    Дех,  Адахнес,  Бехау,  Шелзк,  Сус,  Нужикес,  Жікіл  секілді
   
шаһарлары  бар 
үлкен аймақтың орталығы болды. 
-
 
 Таразды  -  1207-1210  ж.ж    Оны  Хорезм  шахы  Мұхаммед,  ал        1219-1220  ж.ж.  
монғолдар,  1307 ж. шағатайлықтар жермен  жексен етті. ХҮІ ғ.- біржолата қиратылды. 
-
 
Ҽмір  Темір  заманында  Тараз  қаласы  "Жаңа  Талас"  аталды  да,  ХҮ  ХҮIII  ғғ.  қалада 
аздаған үйлер сақталып, XIX ғ  оның  орнына Ҽулиеата шаһары салынды.  
-1916- 1938 жж - Мирзоян қаласы деп аталынады. 
-1938-1997 ж.ж    Жамбыл   қаласы   аталып,   Жамбыл есіміберіледі, 
-1997 жылы ежелгі тарихи  аты  қалпына  келтіріліп,  Тараз аталады. 
-1840 жылы Ҽулиеата екі бекініске орналаскан қалашықтардан 
тұртын, ондағы халықтын саны 5-6 мың адам еді, 
-
 
Ҽулиеата қаласын кейде жергілікті тұрғындар "Атшабар" деп 
атаған, осы күнге дейін ескі карттар қаланы "Атшабар" деп 
атайды. Онда елді кызықтыратын ойын алаңы болған. 
-1867 ж. бастап, Ҽулиеата осы аттас уездің орталығы болды  
-1867 ж. Сырдария облысының уездік қаласына айналады.  
-1897 ж. санақ бойынша қалада 11722 адам, ал 1914 жылы   
 20327 адам түрды. (Қазір қалада 9 мыңға жуық халык тұрады)  
-1913  жылы  қалада  ауыл  шаруашылығы  ҿнімдерін  ондіретін  15  кҽсіпорын  жұмыс 
істеді. 

30 
 
-1917  жылға  дейін  Ҽулиеатада  (Атшабарда  -  М.К)  7  оқу  орны,  ҽйелдер  гимназиясы, 
реальдық  училище,  орыс-мұсылман    училищесі  жҽие  мешіт  қасында  21  діни  мектеп,  2 
аурухана, 2 аптека (дҽріхана-М.К.) болды.    
 -Ҽулиеатада  Кеңес  ҿкіметі  1917  ж.  6  ноябрьде  орнады.    Кҿне    Тараз      қалашығының  
(орны-МК.)    жарты      аумағы      90  гектарға  жуық  жерді  кұрайды,  шахирстанның  (қала 
орталығы М.К) кұраған орны 7,5 гектар кҿлемді алып жатты. 
- Археологиялық қазбалардың иҽтижесінде: 
- зороастризмге тҽн жерлеу;  

ҾНЕ 
(тиындар) ақшалар; 
-ҿте жақсы сақталған шырағдан тартылды.  
Тараз  тарихы  жайлы  профессор  М.Мырзахметов,  И.Жеменей,  А  Абдуалиевтің 
жинақталған  материалдары  бойынша  "Кҿне  Тараз"  (Алматы,  Санат,  2002,  216  бет) 
кітабында,  Тараз  тарихы,  Тараз  қаласыньң  атаулары,  Тараз  аймағындағы  ежелгі  қалалар, 
Тараз  даналары  жайында  кҿп  деректер  беріледі  Тараз  туралы    парсы  ақындары  Рудаки, 
Фердауси, Туси, Хакани, Торгани, Систани, Самарқанди туралы деректер де айтылады. 
Кҿне  Тараз  тарихын  мектеп  оқушылары  мен  жоғарғы  оқу  орындарының 
білімгерлеріне,  магистрлерге  үйірме  не  арнайы курс арқылы  ―Тараз  тарихы мен халқы 
жайлы‖  берілсе,  қала  туралы  нақты  мағлұматтар  алу  мүмкіндігі  іске  асады.  Жоғары  оқу 
орындарының  білімгерлеріне  қажетті    ―Қазақстан  тарихы‖      пҽні  бойынша  "Кҿне  Тараз 
тарихына"  байланысты  қосымша  мынадай  ҽдістемелік  кҿмекші  кұралдар  дайындау 
міндеттері күтіп тұр: 
 1. Кҿне Тараз тарихы жҽне демографиясы; 
 2. Кҿне Тараз тарихы жҽне археология; 
 3.Кҿне Тараз халықтарының мҽдениеті мен ҽдебиеті, тілі;  
 4.Кҿне Тараздың ғылымы, білімі, ҿнері; 
 5. Кҿне Тараздың  ғұламалары, ақындары жазушылары; 
6. Кҿне Тараз жібек жолындағы сауда орталығы; 
7. Тараз маңындағы қалалар мен тарихи ескерткіштер; 
8.Тараз медреселері мен мешіттеріндегі діни бағыттар; 
9.Тараз бен Ақыртас жайлы аңыз деректер; 
10.Тараз тарихы бойынша мұражай деректерін жинақтау, сақтау, зерттеу жолында; 
  «Қазақстан  тарихы»  кофедрасында  (кафеддра  меңгерушісі  С.Байтілен  –  т.ғ.д, 
порфессор) «Кҿне Тараз тарихы» бойынша зерттеулер жүргізіліп, археологиялық деректерді 
жинақтау міндеттері күтіп тұр. Бұл жас ғалымдардың ізденісі арқылы іске аспақшы.  
  
Пайдалынған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Дҽдебаев Ж. Тарихи тұлға / Ақиқат/ - 2000ж 
2.
 
21 – ғасыр ҽдебиеті үшін қысқаша сипаттама /Тараз 2003/ Дербісалин Ҽ. 
3.
 
Кҿбесова. Г « Тараз қаласы туралы» 2007 ж 
 
Аннотация. История древнего Тараза знаменит великими – акынами как Фердауси, 
Туси, Рудани, ученые своими достижениями научных трудов делая раскопки города 
разгадывают все новое из мира средневековья. 
       Annotation.  History of ancient Тараза famous great - акынами as Фердауси, Туси, Рудани, 
scientists doing excavations of city the achievements of scientific works unravel all new from the 
world of middle ages. 
 
 
ӘОЖ 37.03 Ӛ-76 
 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ 
 
Ӛтегенова Э.Ж., Қонақбаева Т.Е. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Жаһандану  қазiргi  таңда  дүниежүзiлiк  экономиканың  дамуында  компьютерлiк 
технологияға,  бiрiккен  ақпараттық  кеңiстiк  құруға  негiзделіп,  адам  ҿмiрiнiң  барлық 

31 
 
саласына: экономика, саясат, мҽдениет, тiл, бiлiм, рухани-адамгершiлiк даму, халықаралық 
қатынастарға  ҽсерiн  тигiзiп  отыр.  Осы  жерде  мемлекетiмiздiң  мҽдениетi  мен  рухани 
болмысымызды  бала  бойына  сіңіре  отырып,  оларға  рухани-адамгершілік  білім  беру 
ҿзектілігін айғақтайды.  
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында Білім беру жүйесінің басты 
міндеттерінде:  ұлттық  жҽне  жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  жҽне  кҽсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  жеке  адамның  шығармашылық, 
рухани жҽне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ҿмір салтының 
берік  негіздерін  қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін  жағдай  жасау  арқылы  ой-ҿрісін 
байыту» - деп атап кҿрсетілген [1].  
Ал,  ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасының:  «...Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  жҽне  рухани 
дамыған  азаматын  қалыптастыру,  ...жоғары  адамгершілік  жҽне  кҿшбасшылық  қасиеттерді 
қалыптастыру»  бағдарламалық  мақсатында  да  адам  капиталын  дамытуда  оларға  рухани-
адамгершілік білу беру қажеттілігі айтылып отыр [2].  
Қоғамның  осы  қажеттілігін  қанағаттандыруда  Назарбаева  Сара  Алпысқызы  кҿтерген 
«Ҿзін-ҿзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы  негізінде  қол  жеткізуге 
мүмкіндігін  артады.  Осыған  орай,  балалалардың  жүрегінің  түкпіріндегі  нұрлы  сҽулені 
оятып,  болашақта  ҿз  бойынан  ізгілік  қасиеттерді  шаша  білетін  рухани-адамгершілік  білімі 
бар тұлғаны дамыту болып саналады.  
Қоршаған  қоғамдық-табиғи,  ҽлеуметтік  ортада  адамдардың  ізгілік  құндылықтарын 
қалыптастырудағы  тҽрбиенің  ықпалын  дала  ойшылдары:  «ҽл-Фараби  ,  Ж.Баласағұн, 
М.Қашқари  жҽне  т.б.  еңбектерінде  кеңінен  орын  алған.  Олардың  идеялары  гуманистік 
педагогиканың  одан  ҽрі  қалыптасып  дамуына  негіз  болды.  Мҽселен,  кҿрнекті    ойшылы  
Қожа    Ахмет    Яссауидің  ―Диуани  хихмет‖  еңбегін    атауға  болады.    Бұл    еңбекте    ислам 
мҽдиниетіне сай рухтың  біріншілігін,  ал  материалдық  дүниенің  қосалқылығын  жҽне адам  
баласының  ҿзін  тану  үшін  біріншіден-жаратушы  алланы танудың  қажеттігін  кҿрсетеді.  
Осындай  кҿзқарас  дидактикалық шығарма ―Құтадғу-білік‖ (Құтты  білік)  атты  исуф  Хас 
Хаджиб поэмасынан аңғаруға болады [3].   
Ҽбунасыр  ҽл-Фараби  ҿзінің  философиялық  трактатында ақыл, қайрат,  жүрек  жайлы  
егжей-тегжейлі  түсінік  бере  келіп: ―Жүрек – басты мүше, мұны тҽннің ешқандай мүшесі 
билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ  үстемдігі біріншісі емес‖, -дей 
келе  ҿзінің  ҽлеуметтік,  рухани  құндылықтарының  негізіне  адамның ішкі  сана  сезімінің  
даму  ерекшеліктерін  алады. ―Тек  қана  ҿзіндік еркін  ҽрекеттене  алатын  белсенді  пенде  
қоғамдық  пайдалы қызметімен  жеке  бақытын  жасай  алады-  деп, … ―бір  халық  екінші 
халықтан  табиғи  үш  қасиетімен  ерекшеленеді:  болмысы,  мінезі  жҽне  тілі‖.  ҽл-Фараби  ҿз 
пікірлерінде  адамның  ҽуелден  тоқымашы  немесе  хатшы  болып  тумайтыны  сияқты, 
қайырымдылық  пен  жаман  қылық  та  адамға  ҽуел  бастан  жаратылысынан  дарымайды  деп, 
бала тҽрбиесіне аса мҽн берді [4] .  
Жеке тұлғаның бір-бірімен қарым-қатынасын, дүниетанымын дамыту, соның негізінде 
адамгершілік, ізгілік құндылықтарын жетілдіруді қазақ халқының ағартушы-ғалымдары мен 
ақын-жазушылары  Ы.Алтынсарин  [6],  А.Құнанбаев,  Ш.Уҽлиханов,  А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Ш.Құдайбердіұлы  еңбектерінде  ҿзекті  мҽселе 
ретінде  кеңінен  қарастырған.  Олар  сонымен  қатар  жастардың  қарым-қатынастарында 
халықтық  педагогикада  жинақталған  адамгершілікке,  ізгілікке  баулитын  тҽжірибелердің 
маңызды  орын  алатынын  кҿрсете  білді.  Абай  Құнанбаев  кҿрсеткен  адам  ҿмірінің  түпкі 
мақсаты рухани жетілу жолы. Ол ҽлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи 
қасиеті  деп  есептеді.  Бірақ,  оның  бұл  мүмкіншілігі  үнемі  жетілдіріп  отыруды  талап  етеді. 
Абай  ілімі  адам  баласын  ұлтына,  дініне,  нҽсіліне  қарап  айырмайтын,  бүкіл  адамзаттыққа 
ортақ рухани ілім. 
А.Құнанбаев -  ҽлемнің  ақиқат  танымына  адам  баласы  біліммен жетеді,  ал  ҿзіндік  
танымын  кҿзбен  кҿріп,  құлақпен  естіп,  қолмен ұстап,  тілмен  дҽмін  татып,  мұрынмен  
иіскеп    біледі.    Осылай    адам  ҽлемді    таниды.    Бұндай    сезімде    адамның    танымын  
жамандық    пен  жақсылықпен  сынап  нығайтады  -  деп  сипаттай  келе  адамзаттың  ҿзін-ҿзі 
тануы  ол  күрделі  үрдіс  екенін  оны  дамыту  үшін  ғылымға  жүгіну  керек    екендігін    сол  
ғылым    арқылы    кҿңілге    тоқып,    ҿмірдегі    болып  жататын    жамандық    пен    жақсылық  

32 
 
шекарасын    айырудың    мҽнін  түсіндіруге  ұмтылады.  А.Құнанбаев  ҿз  шығармаларында 
«адамға  мейірбандық  кҿрсету,  сұлулыққа  ұмтылу  –  жоғары  имандылық  қасиетінің  белгісі, 
кҿрінісі» деп айтудан жалықпаған. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы 
ана, жақсы  құрбы, жақсы  ұстаздан  болатынын,  адам  баласы  адам баласынан  ақыл,  ғылым, 
ар,  мінез  деген  нҽрселермен  озатынына  жастардың  назарын  аударып,  адам  ҿмірінің  түпкі 
мақсаты  рухани  жетілу  жолы  екенін  насихаттады.  Ол  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті 
болмайды:  естіп,  кҿріп,  ұстап,  танып,  дүниедегі  жақсы-жаманды  таниды»,  -  дейді. 
«Жетілудің  негізі  –  кеңді,  жүректі  жетілдіру,  бұл  –адамның  ішкі  нҽзік  болмысын  тазарту 
деген  сҿз»,  «Адамның  тҽні  мен  жаны  табиғаттан  жаралған,  тҽн  қажеттілігімен  ғана  ҿмір 
сүретін  адам,  хайуаннан  айырмашылығы  жоқ,  тек  ғана  жаннан  шығатын  –  ҿзінді  түсінуге 
ұмтылыс,  жауыздықтан  қашып,  қайырымдылық  іс  жасауға  талпыну  -    адамды  адам  етеді» 
деген сҿздерінен адамның бойында ізгілік қасиеттерді дарытуда үлкендерді тыңдай білудің 
маңызы зор деген ой айтты [5].  
Ш.Құдайбердіұлының    еңбектеріндегі  ―жан,    рух‖    жайындағы  тұлғаның  руханилық 
санасы - ҿмірдің мҽнін, ҿзінің ҿмірдегі орынын, ҿз  тағдырын  халықтың  тағдырымен  ортақ  
деп    түсіну    қабілетін  дамыту,    жақын    адамдардың    алдындағы    жауапкершілігін    сезіну, 
ҿзінің    жеке    басына    тҽн    азаматтық    жҽне    адамгершілік    парызын  орындау    т.б.    ой  
жетегінен    адамгершілік    рухани    қадір    қасиеттердің  біртұтастығын    жҽне    оның  
қалыптасуы    жан    мен    рухтың,    тҽннің  үйлесімділігінен  туындайтынын  ұғынуға  болады.  
Ш.Құдайбердиевтің ―Үш  анық‖  шығармасы  жан  мен  тҽннің ҿзара  байланысын  кҿрсете  
отырып,    ақылдылыққа,    ынсаптылыққа,  мейірімділікке    тҽрбиелеу,    ақыл    мен    мінез  
үйлесімділігін  қалыптастыру  сияқты  парасаттылыққа  шақырады.  Шҽкҽрім  рух    пен  нҽпсі, 
ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани  ілімді  талдап  берді.  
Адам  ҿміріндегі  мақсатты -  ҿзін-ҿзі танып,  таза  ақылына  салып,  ақ  пен  қараны (жақсы  
ой  мен  жаман ойды)  ажыратып,  тура  жолын,  ҿмірдегі  ҿз  орнын  таба  білу  рухын ҿсіріп, 
нҽпсісін  тиып  тҽрбиелеу Шҽкҽрімнің   басты   қағидасы  болды.  Яғни,   адамның    кез-келген  
іс-ҽрекеті  ол -  жаны  мен  тҽнінің ықыласынан  туындайды,  адам  парасатты  болу  үшін  ол  
ҿзінің    ішкі  жаны    мен    тҽнінің    тылсымын    түсіну    қажет    екендігін    ҿз    ойларында 
дҽлелдейді.   Бұдан   біздер,    тұлғаның    ақыл-ойы,   сана-сезімі   биік адамгершілік    тұрғыда  
кҿтерілгенде  ғана  тұлға  ҿзін-ҿзі  танып,  ҿз мақсаттарын  іс-ҽрекет  түрінде  жүзеге  асыра  
алады –  деп  ұғынуға болады. «Ҿзіңді-ҿзің танысаң, істің басы...», «Адамның екі қажеттілігі 
бар  -    дене  жіне  жан  қажеттіліктері.  Ҿзін-ҿзі  күту,  ҿзін-ҿзі  жағсы  кҿру,  менменшілдік  пен 
атақ  құмарлық  –  бұл,  дене  қажеттіліктері.  Ұят,  адал  қызмет  етуге  тырысу  –  жан 
қажеттіліктері»  - деген. Ал, рухани сананың мақсаты-ҿмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой  
арқылы    үнемі    адамгершілік    тұғырлары    шындықты,    ақиқатты  іздеу;    сезім    арқылы  
сұлулықты  сезініп,  түсіну;  ерік  арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу [6].   
Ұлы  ағартушы  Ы.Алтынсарин  ҿз  еңбектерінде  «Адамгершілікке  тҽрбиелеу  құралы  - 
еңбек  пен  ата-ана  үлгісі»  дегені  бала  тҽрбиелеп  отырған  ата-ананың,  тҽрбиешінің, 
мұғалімнің  ҿзі  тҽрбиелі,  ҿзі  адамгершілігі  мол,  ҿзі  еңбекқор  адам  болуы  керек  екенін 
меңзейді.  Ғалым:  «жастарға  кҿңіліңді,  бойыңды  мҿлдір  бұлақтай  таза  ұста,  нҽрсенің 
сыртына қызықпа, асылы ішінде болар» - деп, рухани жан дүниенің тазалығын дҽріптеді [7]. 
М.Жұмабаевтың таным анықтамасы бойынша: «Адамға қалайда болса, қашанда болса 
пайда  келтіретін  ой,  һҽм  іс  ізгілік  деп  аталады.  Ізгілікке  ұмтылу,  жауыздықтан  безу. 
Адамның  шын  мағынасымен  адам  болу  үшін,  ҿзіне  сүю,  жақындарын  сүюмен 
қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүю шарт, сол адамды ізгі деп атаймыз» деген [8].  
Рухани-адамгершілік  тҽрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-қайырымдылық, 
мейірімділік, ізгілікке тҽрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор 
болмақ.  «Мен  үш қасиеттімді  мақтан  тұтам», -  депті  Ақан сері.  Олар:  жалған айтпадым, 
жақсылықты сатпадым,  һҽм ешкімнен  ештеңені  қызғанбадым.  Бұл үш қасиет  ҽркімнің 
ҿз құдайы.  «Ҿз құдайынан  айырылған адам  бос  кеуде,  ҿлгенмен  тең»  деген  екен. 
Шындығында бұл ақиқат. Олай  болса,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  олардың  жан 
дүниесіне 
сезіммен 
қарап, 
ҽрбір 
іс-ҽрекетіне 
мақсат 
қоюға, жоспарлауға, оны 
орындауға, ҿзіне-ҿзі  талап  қоя білуге  тҽрбиелеу -  адамгершілік  тҽрбиенің  басты  мақсаты. 
Мақсатқа жету  үшін  сан  алуан  кедергілер  болуы  мүмкін.  Ондай  қасиеттерді  бала  бойына 
жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. 
Ақын М.Шаханов «Ізгілік арқауы анада, жер анада перзенттік қарызымызды ҿтеуден, 
озық  мінездерді  насихаттаудан  дей  келіп,  «Ізгілік  те  кішкене  қайырымдылықтан  бастау 

33 
 
алмай  ма?...»,  -  деп  ақыл  табиғат  пен  ізгіліктің  сабақтастығына  байланысты  ой  түйіндей 
отырып ізгіліктің басты компоненті қайырымдылық дегенді айтады. Қазақ энциклопедиялық 
сҿздігінде  тұжырымдалған  «Ізгілік-адамның  ҽдептілігін,  сыпайылығын,  ҿнегелігін, 
қарапайымдылығын  білдіретін  қасиет.  Ізетті  адам  жақсы  тҽрбие  алып,  оны  іс  жүзінде 
қолданған  адам»,  -  деп  келтірілген.  Бұл  анықтамада  жалпылама  түрде  бірнеше  ғылым 
саласын  қамту  деңгейінде,  түрлі  қатынасқа  негізделе  отырып,  ізгілікті  қасиет  ұғымы 
тұжырымдалғандығын  ҿрдік.  Анықтамаларда  ҽдептілік,  сыпайылық  деп  ҽдеп  қасиетінің 
ҿнегелік,  парасаттылық,  адамгершілік  қасиетінің,  қарапайымдылық  жақсы  тҽрбие  іргетасы 
ізгілік қасиетінің компоненттері алынған.  
Ш.Айтматов  ―Ҿркениеттер  қақтығысы‖  еңбегінде  ―…Ҿзін  толық  мҽнінде    түсініп  
білген    халық,    ҿз    болмысы    мен    ҿз    тарихын    жете  білген    халық    глобализациялау 
(ғаламдану)  кезеңінде  ҿз  рухани, мҽдени  жҽне  генетикалық ерекшеліктерін сақтай алады 
жҽне  ғалам  ҿркениетінің  ажырамас  тұтас  бҿлігі  ретінде  қалыптаса  алады  –  деген  идеясын 
осы орайда келтіріп кетуге болады.  
С.А.Назарбаеваның  ойынша,  рухани  –  адагершілік  –  адамдарға  деген  ізгі  ниеттілік, 
құрмет, жанашырлық пен сенім, кең кейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық 
сияқты  жеке  қасиеттерді  қамтиды.  Сондай-ақ,  кішіпейілділік,  адалдық,  шыншылдықта 
рухани-адамгершілікке  жатады.  «Жалпыадамзаттық  құныдылықтарды  оқыту  –  «Ҿзін-ҿзін 
тануға» негізгі рухани жол болып табылады» - деген [9]. 
Қорыта айтқанда, ғалымдардын еңбектерін саралай келе, түйетініміз «ҿзін-ҿзі тану» – 
бұл  ҿзін  тану  мен  тұлғалық,  интеллектуалдылық  ерекшеліктері  жҽне  қасиеттері,  басқа 
адамдармен қарым-қатынас, ҿз бойынан белгілі бір рухани қасиеттерді жарыққа шығара білу 
үдерісі  дей  аламыз.  Тұлғаның  рухани-адамгершілігі  –  оның  жоғары  қасиеті,  кісілігі.  Оның 
негізгі  белгілерінің  бірі  –  адамдық  ар-намысты  ардақтау,  ҽр  уақытта  жақсылық  жасауға 
ұмтылу,  соған  дайын  болу.  Егер  баланың  рухани-адамгершілігін дұрыс  білім  беру  арқылы 
жарыққа  шығара  алсақ,  ол  болашақ  кемел  адам.  Кемелдеген  тұлғаның  бойынан  мҽңгі 
жалпыадамзаттық құндылықтарды кҿруге болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет