Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1. Баканов М.И. Бухгалтерский учет в торговле. – М.: Экономика. 1975. 
2. Вакуленко Т.Д., Фомина Л.Ф.  «Анализ бухгалтерской (финансовой отчетности) 
для принятия управленческих решений. – Москва-Санкт-Петербург: Герда. 2001. – 288 с. 
3. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами отчетности. –
Алматы: Экономика. 2002. – 293 с. 
4.  Соколов  Я.В.  Основы  теории  бухгалтерского  учета.  –  Москва:  Финансы  и 
статистика. 2000. – 495 с. 
5.  Глушков  И.Е.  Бухгалтерский  учет  на  современном  предприятии,  издание  4.  –
Новосибирск. 1995. – 670с. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Атчабарова А. М., э. ғ. к., доцент  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
 
Қ
АЗАҚСТАН МЕН ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
 
Бұл  мақалада  шоғырландырылған  қаржылық  есептілікке  қойылатын  негізгі 
талаптар қарастырылған. 
Түйін 
сөздер:
 
қаржылай 
есептілік, 
консолидарлық 
финанс 
есептілік, 
консолидарлық  қаржылай  есептілікке  деген  талаптар,  қаржылай  есептіліктің 
халықаралық қалыптары. 
 
SUMMARY 
 
A.M. Atchabarova, candidate of economic sciences, associate professor 
 (Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
REQUIREMENTS PRODUCED TO CONSOLIDATED 
TO FINANCIAL REPORTING IN KAZAKHSTAN AND AFTER BORDER 
Basic requirements to the consolidated financial statements are considered in this article. 
Keywords:  financial  reporting,  consolidated  financial  reporting,  requirements  to  the 
consolidated financial reporting, international standards of the financial reporting. 
 
 
 
 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
120 
ӘОЖ 371.044.3 
А91 
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ  
ДАМУ КЕПІЛІ 
 
Ж.А. Әуезбекова, оқытушы  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті ) 
 
Аңдатпа:  Бүгінгі  күнде  білім  беретін  орындарға  қойылатын  өте  маңызды  және 
күрделі  талаптардың  бірі  –  егеменді  елдің  ұлтжанды  азаматын  тәрбиелеп,  қоғамға 
қызмет жасайтын тұлға тәрбиелеу. 
Түйін сөздер: Ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, ұлттық экономика. 
Қазіргі  таңда  қоғамдағы  болып  жатқан  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық 
өзгерістер  білім  беру  бағдарынан  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Бұл  орынды  да. 
Себебі, білім беру қоғамдағы өзгерістермен үйлесе білуі шарт. Қазақстан Республикасы 
Президентінің  Қазақстан  халқына  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауында: 
«Әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру»  қажеттігін  нақтылап,  білім 
саласындағы  қызметкерлер  алдында  аса  маңызды  мақсат  қойған.  Орта  білім  беру 
жүйесіндегі  әлемдік  талаптардың  бірі  –  мерзімі  жағынан  12  жылдан  кем  емес  оқыту 
жүйесін  орнықтыру,  жоғарғы  сатыларда  жастардың  жеке  қабілетін  дамытуға  жағдай 
тудыратын  дербес  пәндерді  тереңдете  оқыта  отырып,  оқушылардың  кәсіби 
біліктіліктерін  жетілдіретін  бейінді  оқыту  жүйесін  қалыптастыру  болса,  жоғары  білім 
беру орындары сол білімді  дамыта отырып, әлемдік стандартқа  сай білім бере отырып, 
өмірде алған білімін пайдалана білетін тұлға қалыптастыруды көздейді.  
Елбасы Назарбаев университетінде оқыған өзінің дәрісінде білім беруде, ғылымда, 
экономика  мен  саясатта  сәтті  қадам  жасай  отырып,  өрлеу  кезеңіне  өтуге  басымдылық 
беру  керек  екендігін  айтты.  Білім  беру  жүйесін  құрылымдауда  жоғары  технологиялы 
даму мен білім алуға ерекше назар аударды.  
«Білімді  біз  мемлекеттің  экономикалық  ресурсы,  өндіріс  факторы  ретінде 
қарастырамыз.  Біз  біртіндеп  ұлттық  білім  беруді  жаңаландырып,  оны  халықаралық 
стандарттарға  сәйкес  жұмылдырдық»,  —  деген  Елбасының  сөздері  елдің  ЖОО 
студенттерінің кәсіби біліктілігіне жауапкершілік артудың нүктесін қойғандай болды.  
Бүгінгі  күнде  білім  беретін  орындарға  қойылатын  өте  маңызды  және  күрделі 
талаптардың  бірі  –  егеменді  елдің  ұлтжанды  азаматын  тәрбиелеп,  қоғамға  қызмет 
жасайтын  тұлға  тәрбиелеу.  Сонымен  бірге  нарықтық  қатынастар  қалыптасып  жатқан 
қоғамның  қазіргі  жағдайында  әлемдік  өркениет  талабынан  шығатын  адам  тәрбиелеу 
мақсаты көзделіп отыр. 
Жекеменшіктің, кәсіпкерліктің пайда болуына байланысты білім беру жүйесінде де 
түбегейлі  өзгерістер  болуда.  Осы  орайда,  жас  ұрпаққа  еңбек  тәрбиесін  беру,  оларды 
жастайынан  бастап  еңбекке  баулу,  нарықтық  қатынас  талабына  сай  тәрбиелеу  аса 
маңызды мәселе. Балалар мен жасөспірімдер арасында жаңа экономикалық қатынастарға 
көшу  жағдайында  бейімделу  мен  жаңарудың  объективті  қажеттілігі  өсті.  Қазіргі 
мектептің алдында нарықтық қатынастарға байланысты экономикалық ой-өрісі кең іскер 
адамды  тәрбиелеу  міндеті  тұр.  Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамуы,  ел 
экономикасының қарқынды өсуі, адамдардың көзқарасының заман талабына сай өзгере 
бастағаны  олардың  өмір  сүру  дәстүрінен  анық  байқалады.  Бұл  әлемді  қамтыған 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
121 
 
жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар 
тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясаты арқылы ғана шешім тауып жатады. 
Экономикалық 
теорияның 
негізгі 
концепциясымен 
танысу 
мектептегі 
экономикалық білім берудің мақсаты болып табылады, бұл  оқушыларға эмоция немесе 
интуицияға  емес,  экономика  қызметі  мен  даму  заңдылықтарының  біліміне  негізделіп, 
оларды  қоршаған  нақты  өмір,  оның  экономикалық  құрылымы  туралы  мәлімет  алуға 
көмектеседі.  Білім  дағдыға  айналуы  қажет.  Түсініктер,  заңдар,  ережелер,  тәсілдер 
жиынтығына оқытпай, экономикалық ойлауға үйрету керек. 
Білім  алушылар  алған  экономикалық  мағлұматтарын  қолма-қол  пайдалануға 
дағдылануы  қажет,  әйтпесе  бұлар  пайдаланылмағандықтан,  керексіз  болып  тез 
ұмытылады. 
Сондықтан  экономикалық  ойлаудың  дағдысын  қалыптастыру  –  білім  беретін 
орындардағы  экономика  курсының  негізгі  мақсаты.  Тағы  да  бір  маңызды  кезең  – 
ақпаратты  өздігінен  іздеу  және  меңгеру  дағдысын  қалыптастыру.  Бұл  тек  қана 
экономика пәніне қатысты емес. Оқуға оқыту – мұнда ешқандай жаңалық жоқ, бірақ бұл 
мақсат  осы  күнге  дейін  актуалды  болып  отыр,  әсіресе  қазіргі  таңда  оның  мағынасы 
өсуде. Тез өзгеріп отыратын қоғамда шапшаң бейімделіп отыратын адам жеңіске жетеді. 
Ал экономикалық жағынан кәсіби жан-жақтылық үлкен мағына алады. Дамыған елдерде 
адам  өмірінде  бірнеше  рет  мамандықтарын  ауыстырады,  бұл  оларға  жамандық  болып 
көрінбейді.  Сондықтан  бүгінгі  мектеп  оқушыларын  алдағы  өмірге  лайық  дайындауға 
дағды  қалыптастыру  керек,  өйткені  еңбек  нарығындағы  жоғары  бәсекелестікке  қатысу 
үшін өздігінен ақпаратты меңгеру қажет. 
Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  байланысты  экономикалық 
білімге  бетбұрыс  байқалып  отырған  кезде  оқушыларға  экономикалық  білім  беру, 
оқушылардың  экономикалық  ой-өрісін  қалыптастыру  және  оны  дамыту  жолдарын 
анықтау мәселелеріне көңіл бөлінуі қажет деп ойлаймыз. 
Осыдан  экономика  сабағында  білімді  бақылаудың  үш  деңгейін  бөлуге  болады: 
экономикалық теорияның түсініктерін, терминдарын, заңдарын меңгеру (қарапайым есте 
сақтау мен айтып беру); 
мағынасын түсіну, мұнда оқушылар: а) түсініктер, заңдар тағы басқаларды өмірден 
мысал  келтіре  білу;  б)  берілген  шынайы  ситуацияларда  экономикалық  принциптердің 
әсерін «тану»; 
в) алған білімдер көмегімен ситуацияларды – нақты және нақты емес – талдау және 
түсіндіре білу керек; 
г)  ойлаудың  жүйелілігі  –  түсініктер  мен  принциптер  жиынтығын  алғашқы  білген 
түсініктермен  байланысын  түсіну  және  бұл  жүйені  нақты  ситуацияларды  талдау  мен 
шешім қабылдауға қолдана білу. 
Бүгінде Қазақстандағы білімнің дамуы өзіндік күрмеуі көп мәселелер мен келелі іс-
әрекеттерден  тұрады,  мемлекеттің  негізгі  тапсырмаларына  қарай  отырып,  мыналарға 
басымдық береді:  
1.  Заңдардың  жетілуі  және  өзге  нормативтік  құқықтық  актілердің  базалық 
құрылымының  қазақстандық  моделінің  келешекте  демократизациялануы  мен  білім 
беруге қатысудың қоғамдық ортасы; 
2. 
Оқулық,  оқу-әдістемелік,  материалдық-техникалық  бағыттың  қайтадан 
мазмұнды жасақталуы. 
3.  Білім берудегі интеграция, ғылым мен өндіріс. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
122 
4. Сапалы білім мен оқытудың біліктілігін арттырудағы шынайы секторға 
жұмылдырудың арнайы механизмдерін қалыптастыру; 
5. Кадрлық, қаржылық білім беруді қамтамасыз ету, сонымен қатар педагог 
жұмысшылардың әлеуметтік статусын көтеру; 
6. Әлемдік білім кеңістігіндегі біртұтастық. 
Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша, еңбекақы 
туралы  ұғымды  береді.  Бала  6-7  жасында  еңбекке  қатысты  25  экономикалық  ұғымды 
түсіндіре  алады.  Бұл  сабақта  әрбір  оқушы  ақша  тауып,  оны  жұмсайтын  адам  ретінде 
қоғам  мүшесі  болғандықтан,  экономикалық  білімсіз  өмір  сүре  алмайтындықтарына 
көздері  жетті,  өйткені,  күнделікті  ішетін  тамағы,  киетін  киімі,  тұратын  үйі  және  бос 
уақыттарын  дұрыс  пайдалану  экономикалық  білімге  байланысты.  Ал,  математика  мен 
экономиканы оқу және тиімді пайдалану жарқын өмір сүруге мүмкіндік береді. 
Бүгінгі  таңда  еңбек  рыногында  бәсекелестікке  төзімді  мамандар  даярлау  талабы 
мемлекеттік Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасында 2010 жылға 
дейін білім беруді дамытудың бағдарламасында», педагогикалық білім беру аймағында, 
сонымен  қатар  экономиканың  өзекті  мәселесі  ретінде  арнайы  құжаттарда  да  көрсетіліп 
отыр.  Материалды  және  интеллектуалды  құндылықтардың  алмасуының  кеңеюіне  алып 
келген жаһандану өткен ғасырдан бастап экономикалық прогреске де ынта болып отыр. 
Жаһандану  үрдісінің  таралуы  капитал,  технология,  тауар,  еңбек  нарықтарын  тығыз 
байланыстырып, араластырып жіберген трансұлттық компаниялардың септігінен болып 
отыр.  ХХ  ғасыр  аяғына  қарай  халықаралық  экономикалық  жүйе  күрделі  құрылымға 
айналды. Мұнда әр ел жиынтық өнім өндіруге азды-көпті септігін қосып, ұлттық нарық 
шекараларын  кеңейтуде.  Сонымен  қатар  мамандардың  және  саясаткерлердің  пікіріне 
сай,  жаһандандыру  бірқатар  елдер  үшін  жағымсыз  салдар  әкелуі  мүмкін.  Бұл  әртүрлі 
елдердің  бірдей  емес  даму  деңгейінде  болу  себебінен.  Халыққа  Жолдауында  Н.Ә. 
Назарбаев  әлемдік  алдыңғы  қатарлы  дамыған  және  бәсекелестікке  төзімді  мемлекеттер 
қатарына  қосылуды  ұсынған  болатын.  Бұл  мәселені  шешуде  ең  маңызды  жеті  бағыт 
анықталды.  Осындай  кілттік  басымдылықтардың  бірі  –  білім  мен  ғылымды  дамытуды 
дұрыс жолға қою болды. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  ғылым  саласындағы  даму 
бағыттарына  сүйенгенімен  еліміздің  білім  беру  жүйесінің  отандық  дәстүр  мен 
үрдістеріміздің  ерекшелігіне  сай  өзіндік  жолы  бар.  Еліміздегі  білім  беру  бағытының 
дамуы  үшін  оны  дамытудың  факторлары  қажеттігі  «Қазақстан  Респуликасында  2015 
жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  Тұжырымдамасының»  негізгі  қағидаларында 
белгіленген.  
Бұл  салада  азды-көпті  еңбек  еткен  ғалымдар  болғанымен,  нақтылы  зерттеулер  аз, 
сондықтан  бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесін  дамыту  факторлары  теориялық  негізін 
практикамен сабақтастыру негізгі мәселе болып отыр. 
Экономикалық  білім  беруге  қатысты  ғылыми  зерттеулерге  жасалған  талдаулар 
жоғарғы  сынып  білім  алушыларының  салық  мәдениетін  қалыптастыру,  оны  жүзеге 
асыру механизмін іске қосу мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп зерттелмегенін көрсетіп 
отыр.  Қазіргі  заман  талабына  сәйкес  жоғарғы  сынып  білім  алушыларының  салық 
мәдениетін  қалыптастыру  қажеттілігі  мен  осы  мәселенің  ғылыми  тұрғыда  негізделіп, 
ғылыми-әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  етілмеуі  арасында  қайшылықтар  туындауда. 
Экономикалық  ғылым  басқа  қоғамдық  ғылым  сияқты  әртүрлі  және  күрделі  қоғамдық 
шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар 
және  индивидиум  арасындағы  көзқарасты  қарастырады.  Альфред  Маршаллдың  басты 
негізгі  түсіндіруі  молшылықтың  материалдық  жағдайын  жасау  мен  пайдалануға 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
123 
 
негізделген.  Қазіргі  жағдайда  экономикалық  ғылым  заңдар,  заңдылықтар  негізінде 
экономикалық  процестерді  түсіндіретін  және  айқындайтын  материалдық  игілік  жасау 
және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт. 
Экономикалық  ғылым  —  білім  жиыны,  қоғамда  үстемдік  ететін  шаруашылық 
идеологиясының  негізгі  құрамы  және  экономикалық  ойлауды  қалыптастырушы. 
Экономикалық  ғылымның  негізгі  бөлігіне  мыналар  кіреді:  экономикалық  теория, 
шаруашылық  логикасының  тәжірибесі  ретінде  экономикадағы  табиғи  процестерді 
реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін 
қанағаттандыру. 
Қазіргі  экономикалық  өсудің  негізгі  жолының  бірі  –  ол  бәсекеге  қабілетті  өнім 
өндіру.  Бәсекеге  қабілетті  өнім  дегеніміз  –  сапасы  жоғары,  экологиялық  стандарттарға 
сай,  ғылым  мен  техниканың  соңғы  жетістіктері  нәтижесінде  өндірілген  өнім.  Бұл 
дегеніміз  қазақстандықтардың  өмір  сүру  деңгейін  жоғарылату  үшін  шикізат  өндіруден 
оны сапалы өңдеуге көшу керек деген сөз. Ал бұндай өндірісті дамыту үшін елге жоғары 
білімді,  эрудициясы  жетік,  өз-өзіне  сенімді,  көшбасшылық  қасиеттерге  ие  мамандар 
қажет.  
Қазіргі  таңда  қазақстандық  жоғары  оқу  орындары  осындай  заман  талабына  сай 
жоғары  білімді  мамандар  даярлай  алады  ма?  Иә,  бұл  сұрақ  көптеген  талапкерлерді, 
олардың ата-анасын, жұмыспен қамтушыларды толғантып отырған мәселе. Біздің елдегі 
білім  беру  жүйесі  біртіндеп  халықаралық  стандартқа  жақындап  келе  жатыр,  бірақ  біз 
Еуропа мен Америка, Канада жоғары оқу орындары бере алатындай сапалы білім беруге 
дайындығымыз калай деген сұрақ туындайды.  
Рейтингі  жоғары  шет  ел  жоғары  оқу  орнында  білім  алу  кез  келген  қазақстандық 
талапкердің  арманы.  Бірақ  сол  университеттер  Қазақстан  халқының  менталитетіне  сай  
мамандар  даярлап  бере  алады  ма?  Әрине  бұл  университеттер  қаншама  атақты 
ғалымдарға,  бизнесмендерге,  саяси  тұлғаларға  тағы  басқаларға  жоғары  сапалы  білім 
берді. Бұл атақты адамдардың бәрі білімінің арқасында өз елінің дамуына қомақты үлес 
қосты,  олар  университетте  алған  теориялық  білімін  тәжірибеде  қолдана  алды.  Өйткені, 
рейтингі  жоғары  еуропалық  және  американдық  жоғары  оқу  орындары  өз  елдерінің 
жұмыспен қамтушыларының талабына сай маман даярлауға бейімделген.  
Біздің  мемлекетіміздегі  экономикалық  білімдер  туралы,  соның  ішінде  жоғары 
мектептегі экономикалық білімнің құрылымы туралы жоғарыда тоқталсақ, енді жоғары 
білім  беретін  білім  ордаларындағы  бағдарламалары  ынталандырудың  нақты 
материалдық  түрін  пайдалануды  талап  ететін  қазақстандық  бизнеске  бағытталған. 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  шетел  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  өз  ұлттық 
ерекшеліктерімізді  ескере  отырып  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  мәселелерді 
шешуге бағыттау қажеттігі туындауда.  
Сонымен  сөзімізді  қорытындыласақ,  экономикалық  білім  бүгінде  мектеп 
қабырғасынан  бастап,  өскелең  ұрпақтың  интеллектуалды  тұрғыда  дамып  жетілуіне 
қажет  мәселе.  Еліміздің  даму  үрдісінде  білім  бағдарламаларының  ел  экономикасының 
даму  бағытына  бағдарлана  жасалуы  жоғарыда  айтылған  мәселелерге  септігін  тигізері 
хақ.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  Табылды  Ә.  Этнопедагогикалық  оқылымдар.  –  Алматы:  Білім,  2006,  2-кітап,  – 
312 б. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
124 
2. Байтұрсынов А. Шығармалар. – Алматы: Дәуір. 1989. – 377 б. 
3. Батырлар жыры. 5том. – Алматы: Жазушы. 1989. – 350 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Әуезбекова Ж.А., преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет ) 
 
Экономическое знание интеллектуального общества – залог развития 
Роль  семейного  воспитания  в  системе  непрерывного  образования.  Определяются 
пути  решения  семейного  взаимоотношения.  Духовно-нравственное  воспитание  и 
формирование культурных ценностей молодежи. 
Ключевые  слова

Национальная
 
безопасность,
 
экономическая  безопасность,
  
национальная
 
экономика.
 
 
SUMMARY 
 
Zh.A. Auezbekoba,
 teacher, 
 
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
Economic knowledge intellectual society-key to development 
Role  of  family  education  in  system  of  continuous  education.  Solutions  of  family 
relationship  are  defined.  Spiritual  and  moral  education  and  formation  of  cultural  values  of 
youth. 
Keywords:
 
National
 
safety,
 
economic
 
safety,
 
national
 
economy.
 
 
 
 
ӘОЖ 338.2 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ 
ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
М.С. Баймурзаева, оқытушы, 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті)  
А.Қ. Зиявдинова, аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. 
Түйін  сөздер:  Инновация,
  технология,
  «Шесть  шляп»  технологиясы,  «Мозайка» 
сабақтары, Проблемалық оқыту әдісі,  «Миға шабуыл» әдісі, Эвристикалық әңгіме әдісі,
 
Экскурсия  сабағы,  Қашықтықтан  оқыту  технологиясы,  Ынтымақтастық  технологиясы, 
Жеке адамға бағдарлы сабақ,  Дебат сабақтары, Саяхат сабақтары, «Пила» әдісі. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
125 
 
Өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Интербелсенді оқыту технологиясының  (ИОТ) тиімділігі оқытушының оны жүзеге 
асыру сапасына да көп байланысты болды. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 
технологияларын  таңдауда  көпнұсқалық  қағидасында  мұғалімдердің  өзіне  ыңғайлы 
нұсқаны  қолдануына  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  білім  сапасының   алдында  
шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін  тың  жаңалықтар  ашатын,  ойлау  қабілетімен 
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
 
Бұл бүгінгі еліміздегі демократияландыру саясатының да басты мақсаты. Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  – 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім 
алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  күш-
қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін  жағдайлар  жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту; 
оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану», – деп атап көрсетілген. 
Соған  орай  кейінгі  жылдары  жиі  пайдаланылып  келе  жатқан  жаңа  ұғымдардың  бірі  – 
инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді білім беру үрдісіне 
кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып 
табылады. 
«Инновация»  ұғымын  анықтайтын  нақтылы  анықтама  әлі  де  жасала  қойған  жоқ. 
«Инновация»  –  бұл  нақты  қойылған  мақсатқа  жетуде  ойға  алынған  жаңа  нәтиже.  Оқу 
мақсатының  жүйесінде  берілген  мақсаттың  негізгі  категорияларын  пайдалана  отырып, 
педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат 
пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. 
Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге 
асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға 
жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін 
өтілген материал тәрізді. 
Инновацияны  «жаңашыл»,  «жаңа  әдіс»,  «өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»,  ал 
инновациялық  үрдісті  «жаңа  әдістеме  құралы»  деп  қарауға  болады.  Инновация  білім 
деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Инновациялық  технологияны  меңгеру 
мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да 
көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-
тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Инновациялық-педагогикалық 
технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. 
Оқытуды  екі  түрлі  мағынада  қарауға  болады.  Біріншісі  –  оқу  орнында  арнайы 
пәндерді  оқыту.  Екіншісі  –  өмірді  оқыту,  өмірге  үйрету.  Тәрбиелеу  мен  оқыту  –  егіз 
ұғым.  Оқыта  отырып  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отырып  оқытамыз.  Оқыту  тәрбиеге 
қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – 
тәрбиенің  құрамды  бөлігі,  қайнар  көзі,  жүйелі  түрі.  Оқыту  арқылы  тәрбиенің 
саналылығын,  руханилығын,  әсемділігін,  адамгершілікке  баулу  жолын,  еңбекшілдігін 
т.б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың 
инновациялық  технология  бойынша  әдістемелік  жүйесі,  осы  мақсатта  сапалы  нәтижеге 
жеткізуге  мүмкіндік  беретін  танымдық  іс-әрекеттер  түрлерінің  мазмұнын,  белгілі 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
126 
деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының 
өз  ісіне  сенімділігін,  жауапкершілік  сезімін,  шығармашылық  қабілеттілігін 
қалыптастыру  мақсатын  жүзеге  асыруға  жағдай  туғызатын  оқытудың  инновациялық 
негізгі түрлері анықталады. 
Инновациялық  технологиялардың  педагогикалық  негізгі  қағидалары:  студентке 
ізгілік  тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен  тәрбиенің  бірлігі;  студенттің  танымдық  күшін 
қалыптастыру  және  дамыту;  студенттің  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін  меңгерту; 
студенттің  танымдылық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр  студентті  оның 
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі 
жұмыс істеу. 
Еліміздің  барлық  оқу  мекемелерінде  білімнің  жаңа  жүйесі  енгізіліп  жатыр. 
Мұндағы  негізгі  мақсат  –  жаһандану  заманында  білімнің  бүкіләлемдік  кеңістігіне  ену. 
Осыған  орай,  білімнің  мазмұны  да,  оған  қойылатын  талаптар  да  өзгереді.  Сол  себепті 
қазір  жалпы  барлық  оқу  орындарында  оқытудың  инновациялық  технологиялары 
қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде 
оқу  орын  оқушыларының  белсенділігін  арттыру,  өзіне  сенімділігін  қалыптастыру, 
танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту  олардың белсенділік-сенімділік сапаларын 
диагностикалық  әдіс-тәсілдермен  анықтауға,  сабақта,  сабақтан  тыс  уақытта  өз  ойын 
еркін  жеткізе  білуге  үйретуге,  қоғамда  болып  жатқан  оқиғаларға  қатысты 
көзқарастарының 
болуына, 
инновациялық 
тәртіп 
нормаларын, 
белгілерін, 
көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. 
Студентке  бірден-бір  әсер  ететін  орта  –  жоғары  оқу  орны.  Ал  мектеп  –  елдің 
болашақ әлеуеті бастау алатын негізгі және басты орын, өйткені, білім беру жүйесіндегі 
нақты жетістіктер тек мектепте ғана болуы мүмкін. Демек, жеке тұлғаны қалыптастыру 
міндеті мектепке жүктеледі. Ары қарай осы міндетті алып жүретін жоғары оқу орындары 
болып табылады. 
Жоғары  оқу  мекеменің  білім  деңгейін  көтеру  үшін  оқу  үрдісіне  инновациялық 
педагогикалық  технологияны  кеңінен  енгізіп,  барлық  ұйымдастырушылық,  білімділік, 
дамытушылық  сапасын  көтерудің  тең  жолдарын,  әдіс-тәсілдерін  қалыптастыру  қажет. 
Ол  үшін  білім  беру  жүйесінің  мазмұны  жаңа  міндеттерімен  толықтырылып,  өмір 
талабына сай жаңа саналы тәрбие, сапалы білім берілуі керек. 
Информатиканы  оқыту  әдістемесі  –  сабақтың  қызықты  өтуі  мұғалімнің  үнемі 
іздену,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолдану,  оқыту  әдістемесін  жаңартып  отыруына 
байланысты.  Қазіргі  таңда  әдістеме  пәнінің  мұғалімдері  инновациялық  және 
интерактивтік  әдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана  отырып  сабақтың  сапалы,  әрі 
қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
Оқу-тәрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай нәтиже  беріп  жүрген  инновациялық 
педагогикалық  технологиялар  мыналар:  дамыта  отырып  оқыту  әдістемесі,  оза  отырып 
оқыту,  тірек  және  тірек  конспектілер  арқылы  оқыту,  деңгейлеп  оқыту  технологиясы, 
тесттік  жүйемен  оқыту,  иммитациялық  әдіс,  мультимедия  мүмкіндіктерін  қолданып 
оқыту,  ойын  технологияларын  қолдану,  дискуссия  сабақтары,  интеграциялық  сабақ, 
топпен жұмыс, панорама сабағы, проект әдісі (жоба), рөлдік ойындар, критикалық ойлау 
технологиясы,  «Шесть  шляп»  технологиясы,  лекция-семинар  сабақтары,  «Мозайка» 
сабақтары,  проблемалық  оқыту  әдісі,  «Миға  шабуыл»  әдісі,  эвристикалық  әңгіме  әдісі, 
семинарлы сабақ, экскурсия сабағы, Қашықтықтан оқыту технологиясы, Ынтымақтастық 
технологиясы, Жеке адамға бағдарлы (Личностно-ориентированное обучение), дөңгелек 
үстел, дебат сабақтары, саяхат сабақтары, «Пила» әдісі (метод пилы). 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
127 
 
Осы  инновациялық  технологияларды  мүмкіндігімізше  өз  пәнімізде  қолдансақ, 
болашақ маман иесі тәжірибелі ұстаз болып, білім және тәрбие алатынына сенімдіміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет