ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылы 27 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы, Оңтүстік Қазақстан, 28
қаңтар. 2012.
2. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі // Қазақстан мектебі,
№2, 2000.
3.Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс
жасаудың әдіс-тәсілдері. – Алматы, 2008.
4. Медешева А. Компьютерлік программаларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану //
Бастауыш мектеп. №1, 2001.
РЕЗЮМЕ
Баймурзаева М.С., преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет),
Зиявдинова А.Қ., ст. преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Возможность использования инновационных технологии в улучшение
качества образования
Новое образование это – требование нашего времени. Инновационные
педагогические технология способствуют улучшению творческого восприятия у
студентов.
Ключевые слова: инновация, технология, технология «Шесть шляп», проблемное
обучение «Мозайка», метод «Мозговое нападение», эвристический разговорный метод,
урок экскурсии, технология дистанционных обучении, технология сотрудничество, урок
дебата, урок путешествие, метод «Пила».
SUMMARY
M.S. Baymurzaev, teacher
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
A.K. Ziyavdinova,
senior teacher
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Possibilites of the use innovation technologies in to lift guality of educftion
The new education - is a requirement of our time. Innovative pedagogical technologies
help to improve students' of creative perception.
Keywords: innovation, technology, Six hats technology, «Mosaic, problem teaches is a
method», brain attack method, heuristic conversation method, excursion lesson, distance
teaches is technology, collaboration technology, individual man rout lesson, Debate is a lesson,
Travelling lesson, «Pila» is a method lesson.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
128
ӘОЖ 631.185
ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Х.Е. Ертазин, э. ғ. д, профессор
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада экономиканың жаңа сапасына көшуде инвестиция тарту
мәселелерін шешу – экономикалық өсуді қамтамасыз ететіндігі жан-жақты
қарастырылған.
Түйін сөздер: Инвестиция, доллар, инновация, технология, институт, сұраныс,
ұсыныс.
Нарық жағдайында қайта құруларға және экономиканың жаңа сапасына көшуде
басты және анықтаушы күш, экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқындарына қол
жеткізу болып табылады. Қазақстанның 2050 жылға дейін Даму стратегиясымен
анықталған бағыттардың бірі – инвестиция тарту осы экономикалық басымдықтың
тиісті шарты. Негізгі басымдықты іске асыру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ
қаражаттарды тарту, осындай даму сатысына шығу арқылы экономикалық өсуін жаңарту
қажет. Осыған орай Қазақстан макроэкономикалық тұрақтандыруға және кейбір
салаларды көтеруге, сондай-ақ барлық экономиканың егжей-тегжейлі тұрақты,
қарқынды өсуіне қол жеткізе алады. Жоспарлы кезеңде елімізде экономиканың нақты
секторын инвестициялау қаржы ресурстарын орталықтан шоғырландыру және бөлудің
көмегімен жүзеге асырылды. Әміршіл-әкімшіл жүйенің және оған тән реттеудің
дерективті әдісінің жойылуымен оның тетіктерін жеке инвестициялық-қаржылық
мекемелер
түріндегі
орталықтандырылмаған
қаржыландыру
институттарына
ауыстырылуда.
Еліміз кейінгі жылдарда көптеген қиындықтарды жеңе отырып, елеулі
экономикалық табыстарға жетті. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2013 жылдың
соңында 41,1 млрд. АҚШ долларына жуықтап, оның жыл сайынғы өсімі кейінгі үш жыл
қатарынан 8-10% құрап отырды. Елдің экономикалық жүйесі тәуелсіздікті алумен және
экономиканың нақты секторына капиталдарды салумен және инвестицияларды тартумен
тұрақты әрі жүйелі түрде дами бастады. Инвестициялар дағдарыстан шығудың нақты
тұтқасы, «тоқтап қалғаннан» экономиканың өсуіне өту, экономиканы қайта құру мен
қайта құрылымдаудың негізгі тірегі болды.
Сыртқы байланыстарды орнатуға және инвестицияларды кең ауқымда тартуға
бағыт ұстану экспортқа бағдарланған салаларды көтеріп , шикізат өндіруді ұлғайтуға
ғана емес, сонымен бірге валюталық қорды толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның
өтімділігін күшейтуге де мүмкіндік берді. «Қазақстан-2050» Қазақстан дамуының ұзақ
мерзімді стратегиясында қойылған міндеттерді шешу және әлемдегі бәсекеге қабілетті
30 елдің қатарына кіру үшін, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық даму» стратегиясына сәйкес жалпы ішкі өнімді 6%-ға
арттырып, жұмыссыздықты 3-4%-ға дейін азайту көзделіп отыр.
Қазақстанның инновациялық, индустриялық және технологиялық дамуының,
ұлттық өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты инвестициялық қызметті
белсендіру болып табылады, шетелдік сияқты ішкі инвестициялық ресурстарды қолдана
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
129
отырып, экономиканың нақты факторындағы салымдар ауқымын әжептәуір кеңейту
қажет.
Инвестициялық саладағы ел аймақтарын, басты бағыттарының бірі экономикалық
ахуалды жақсарту үшін жағдайлар жасау, қаржылық және нақты секторлардың өзара
байланысын нығайту негізінде инновациялық өндірісті дамытудағы инвестицияның
сапалық өсуіне бағытталған тиімді ұлттық инвестициялық үдерісті жетілдіру қажет.
Инвестициялаудың басым салаларымен қатар тау-кен, металлургия, металл өңдеу және
қайта мамандандырылған машина жасау болып табылады.
Осы уақытқа дейін депрессиялық тұрақтылықтан жаңа технологиялар базасында
ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатуға табысты көшу үшін талап етілетін қаржылық және
нақты секторлар институттарының өзара іс-қимылды қалыптастыру, аймақтарда
инвестициялық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған тиісті
механизмдер құру қарастырылуда.
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды және ішкі ел қаражаттарын
тарту объективті қажетті үдеріс болып табылады. Көптеген елдердің әлемдік тәжірибесі
шетелдік капиталдың ағыны және оны пайдаланудың мемлекеттік реттеуін экономикаға
оң әсер ететінін айқындады. Инвестициялар экономикалық дамудың орта және төменгі
деңгейлі елдердегі жеке кәсіпкерлікті қалыптастыруға және нығайтуға жол ашады, нақты
жобаларды іске асыру, аралас компанияларды, несиелік капитал нарықтарын құру үшін
капиталдарды жұмылдырады. Бұдан, Қазақстанның экономикасының қаншалықты
табысты болатыны әлемдік шаруашылық байланыстарда бірігетін, дағдарысты жеңу
стратегиясы мен тактикасына байланысты болады.
Экономикалық өсу және инвестициялау мәселелерін қарастыру толығымен
экономика ғылымында әрдайым басты назарда тұрады. Бұл өндіріс жүйесіндегі базалық
рөл инвестицияларға тиесілі екендігімен, өндірістік ресурстардың жаңаруымен және
көбеюімен, демек, экономикалық өсудің жоғары қарқындарын қамтамасыз етуімен
байланысты. Стратегиялық аспектіде инвестициялар еліміздің даму және экономиканы
жетілдіру, бәрінен бұрын ішкі және әлемдік нарықта отандық өндірістің орнықты
экономикалық өсуіне қол жеткізу және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың барлық
кешенді мәселелерін шешуді анықтайтын басты бағыт ретінде танылады.
Экономикадағы инвестиция рөлі мен мәні олардың экономикалық маңызымен
анықталады. Жиынтық шығындардың негізгі құраушысы бола отырып инвестициялар
жиынтық сұранысқа елеулі ықпал етеді, нәтижесінде ұлттық өндіріс пен халықтың
жұмыспен қамтылуына әсер етеді. Елдің экономикалық жүйесі тәуелсіздікті алумен және
экономиканың нақты секторына капиталдарды салумен және инвестицияларды тартумен
тұрақты әрі жүйелі түрде дамып келеді. Инвестицияларды, оның ішінде шетелдік және
ішкі қаражаттарды тиімді пайдалану жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті
экономиканың қалыптасуының негізін қалайды. Елімізде үдерістің дамуы қазіргі
жағдайда экономиканың өсу деңгейімен сипатталады. Оларды ұтымды пайдалана
отырып Қазақстан өзінің келесі даму сатысына жетті. Халықаралық сарапшылардың
мәліметтері бойынша Қазақстанда халықтың тұрмыс жағдайының деңгейі артты.
«Инвестициялар – бұл кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қаражатты (ақшалай,
мақсатты банк салымдарын, пайларды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды)
кеңейтуге немесе жаңартуға, сондай-ақ технологиялар, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар (оның ішінде тауар таңбаларына, кредиттер), тікелей немесе жанама салым,
сондай-ақ кіріс (пайда) алу және белгілі бір уақыт кезеңінде әлеуметтік тиімділікке қол
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
130
жеткізу мақсатында кез келген басқа мүлікті немесе мүліктік немесе мүліктік емес
құқықты, зияткерлік және моральдық құндылықтарды салу болып табылады».
Инновациядағы инвестицияның мынадай түрлерін бөліп көрсету дұрыс болады деп
санаймыз: өнімді инновациядағы инвестициялар, жаңа өнімдер шығаруды білдіретін
және ең кеңінен тараған инвестициялар,бұл ретте жаңа өнімді шығару технологияны
өзгертпестен және жаңа құрал-жабдықпен жүзеге асырылуы мүмкін, технологиялық
инновациялардағы инвестициялар – моральдық ескірген және тозған құрал-жабдықты
ауыстыруға және ескі құрал-жабдық есебінен өсу резервін тауысу нәтижесінде
материалдық-техникалық базаны кеңейтуге бағытталған инвестициялар, сондай-ақ
өндіріс процесін жетілдіру, ресурстарды алмастыру, бөлу, үнемдеу және экологиялық
нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында технологиялық жаңа енгізулерге
салынатын инвестициялар.
Жалпы қоғамның және оның әрбір шаруашылық субъектілерінің дамуы
материалдық құндылықтарын кеңейтілген түрде ұдайы өндіруге, ұлттық мүлікті
арттыруды және табысты қамтамасыз етуге негізделген. Бұл даму инвестиция салу
немесе инвестициялауды қамтитын инвестициялық үдеріс болып табылады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық үдеріс кәсіпкерлік негізінде нәтижеге жету,
пайда (табыс) табу мақсатында инвестиция нарығында шаруашылық субъектілерімен
жүзеге асырылады. Инвестициялық үдерістер қоғамдық өндірістің маңызды элементтері
болып табылады. Бұл еңбек қаражатын табиғи тозу үдерісінде шығатын еңбек
қаражатын алмастыру ғана емес, сонымен бірге өндірістің қуаттылығын, оның ішінде ең
жоғары сапалы деңгейде ұлғайту, халықтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету.
Инвестициялық үдерістің мәні бойынша белсенділігін экономиканың өміршеңдігі
айқындайды. Капиталды қайта кеңейтіп, өндіру үдерістері тиімдірек жүргізілсе,
еліміздің өндірістік аппараты мен әлеуметтік инфрақұрылымы ойдағыдай дами түседі.
Жалпы алғанда, инвестициялық үдеріс – яғни, кім ақша ұсынса (уақытша еркін
қаражаты барлар), кім сұраныс жіберсе (оларға көрсетілетін қажеттілік), осылардың
орнына қолданылатын экономика тетігі. Тараптардың екеуі де әдетте, инвестициялық
нарықта тұлғалар арасында (мемлекет, заңды, жеке тұлғалар, институттар және т.б.)
мәміле жасау, келіссөз жүргізу, сұранымы мен ұсынысы бойынша мәселелерді шешу
үшін кездеседі.
Инвестициялық үдеріс – белгілі бір уақыт аралығында сұраныс, ұсыныс пен
қажеттілік негізінде инвестициялар өндірістік қорлардың тиімді қолданылуына, болашақ
жетілдіруіне және жағдайдың жақсаруына ықпал ететін күрделі, серпінді дамып
отыратын әлеуметтік-экономикалық жүйе.
Қазақстанның инвестициялық үдерісін мемлекеттік реттеудің басты мақсаты –
нормативтік-заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мен тиімді инвестициялық
жобаларды мемлекеттік қолдау негізінде капитал салымдарын қаржыландырудың
бюджеттен тыс көздерін кеңейту мен жекеменшік, отандық және шетел
инвестицияларын тарту үшін қолайлы орта құру болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекет пен инвесторлар арасындағы іс-
қимылдар нарықтық механизм арқылы жүзеге асырылуымен байланысқан жағдайда
инвестициялық үдерістің жандануы біршама оң нәтижеге жетеді.
Тәуелсіздікке ие болған жылдардан бастап отандық нарыққа шетелдік
инвесторларды тарту инвестициялық саясаттың басымдықтары болып келеді.
Қаржыландыру көздерінің инвестициялары 1996 жылғы 14,7%-дан 1997–1998 жылдары
8,4%-ға дейін жетті. Егер соңғы 15 жыл ішіндегі инвестициялар көлемі қарқынын
байқайтын болсақ, келесідей суретті көреміз: 1992–1997 жылдар – құлдырау; 1998–2002
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
131
жылдар – инвестициялаудың өсуі; 2003 жылдан осы кезеңге дейін – өсу қарқынының
тұрақтануы.
Экономиканың тұрақты дамуының алғышарты жасалды. Негізгі капиталға
инвестиция жұмсау көлемі өсті. Мысалы, 2003 жылы негізгі капиталға шамамен 1327,9
млрд. теңге инвестиция тартылды, инновациялардың даму деңгейі және т.б.)
субъективтік (ақиқатты психоэмоционалдық қабылдау, қаржылық институттарға
сенбеушілік, белгісіздік факторы және т.б.) сипаттағы себептер жатыр. Әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, ұзақ мерзімді инвестициялар ресурстар көзі инвестициялық қорлар болып
табылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша инвестициялық қорлардың қызметін жандандыру
үшін ұжымдық инвестициялау нысанында банктердің қатысуы басты рөл атқарады.
Біріктірілген қызметтің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді бөлуге болады:
- интернет жүйесінде бірыңғай электронды сервис қызметтер ұйымдастыру;
- инвестициялық компаниялардың үлестік жарнасын сату үшін банктердің агенттік
желісін пайдалану.
Қазақстанда банктік топтар ішінде ұжымдық инвестициялау жүйесін дамыту үшін
барлық алғышарттар қалыптасқан. Бірыңғай механизм дайындау қажет. Әкімшілік
қызметтерді басқарушы компания атқара алады, банк өз кезегінде портфелді басқаруды
жүзеге асыруға, инвестициялық қорлардың үлестік жарнасының шоттарын есептеуге,
сондай-ақ инвестмент-промоушнды жүзеге асыруға ықтиярлы.
Қаржыландырудың құрылымдық нысаны қаржылық сектордың инвестициялық
мүмкіндігін кеңейтеді, қаржы құралдарының жетіспеушілік проблемасын бәсеңдетеді,
институционалдық инвесторлардың «артық» ресурстарын айықтыру және оларды
шетелдік активтерге орналастыру қажеттілігін қысқартады және қайта өңдеуші
өнеркәсіпке және инфрақұрылымға инвестиция құю жолымен ұстанымның құрылымын
өзгертуге өз үлесін қосады.
Инвестициялық қызмет қабылданған инвестициялық шешімдердің нәтижесі,
сипаттамасы, әртүрлі факторларға әсер етудің нәтижелі векторы ретінде қабылдануы
тиіс. Инвестициялық белсенділік факторы әртекті, әртүрлі мазмұнды және
экономикалық жүктемесі бар, әртүрлі сандық масштабты болып табылады, сондықтан
қаржы-экономикалық талдаудың ауқымды мүмкіндіктерін және көп факторлы
көрсеткіштерді бағалаудың экономикалық-статистикалық әдістерін пайдалану қажет.
Инвестициялық үдерісті жандандыру мақсатында маркетингті кеңінен макро және
микро деңгейде енгізу қажет. Маркетингтік ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру
жолымен өңірдің индустриалды-инновациялық дамуын іске асыруға ықпал ететін
өңірлердің маркетингтік зерттеу мен инновация орталықтарын құруды қолға алу керек.
Маркетингтік негіздемеде инвестициялауды қажетсінеді, яғни қосымша қаржыландыру
көздерін негізсіз тартуға және оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында
кәсіпорын маркетингтік зерттеу тәжірибесіне сүйенеді. Инвестиция жоспарын әзірлеу
кезінде кәсіпорын өндірістің негізгі қаражатының жай-күйі туралы деректерге сүйеніп,
жабдықтау паркін жаңарту жөніндегі нақты болжамдар келтіруі тиіс. Өтпелі кезеңде
мемлекеттік инвестициялық саясатты және мемлекеттік ұзақ мерзімге арналған
инвестициялық стратегиясын жетілдіре түсу қажеттігін талап етеді.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
132
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
арнаған «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру стратегиясы»
Жолдауы //Казахстанская правда, № 45-46, 2 наурыз, 2008.
2. Родигер Дорнбуш, Стенли Фишер. Макроэкономика. – Алматы: Білім, 1997. –
195 б.
3. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория. – Алматы: Білім, 1999.
РЕЗЮМЕ
Ертазин Х.Е, д. э. н., профессор
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Совершенствовать вопросы по притягиванию инвестиции
В статье рассмотрены вопросы государственной инвестиционной политики,
проблемы привлечения инвестиций в экономику.
Ключевые слова:
Инвестиция, доллар, инновация, технология, институт, запрос.
SUMMARY
Kh.E. Ertazin, doctor of economic sciences, professor
(Kazakh state women’s teacher training university)
To perfect questions of that an investment attracts
The article tells about theoru of attracting investments into economy. The article also tells
about investment policy of government and research of investment attracting problem.
Keywords: А knot is a word:
Investment,
dollar, innovation, technology, institute.
ӘОЖ 338981
Б21
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУ
Х.Е. Ертазин, э. ғ. д., профессор,
М.С. Баймурзаева, оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны, дамуы,
индустриалық-инновациялық негізде экономикалық өсу жолдары жан-жақты
қарастырылған.
Түйін сөздер: Индустрия, инновация, пайда, тиімділік, экономикалық өсу, кластер,
инвестиция, бәсеке, ЖІӨ.
Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік
бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
133
жетуге жұмылдырады. Сондықтан қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес
экономикалық қатынастарды жетілдіру мәселесін шешу қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Үкіметі тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарынан бастап-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік
стратегиялық басымдық ретінде жариялап, 2-3 жылда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
оған қолдау көрсетудің арнайы мемлекеттік бағдарламалары қабылданып отырды.
Оларды өткенге шолу ретінде шағын кәсіпкерліктің рөлінің экономика мен қоғамда
артып келе жатқандығын жиынтық ретінде құрастырып, дамыған елдерде сандық,
құрылымдық және сапалық деңгейге дейін жеткізу заңды түрдегі шешуші міндеттер
ретінде алға тартылып отырды. Болашақта шағын және орта бизнесті дамытып, оның
ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр [1].
Алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе жүзінде барша қабылданған
мемлекеттік бағдарламаларда мына төмендегідей бағыттарда қамтылып отырған
міндеттер айқындалған: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық,
саяси, әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайлар тудыру; кәсіпкерлік қызметпен
айналысу жолындағы кедергілерді азайту; шағын кәсіпкерлікті қаржылық ресурстарға
қол жеткізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету; қаржылық және қаржылық емес
компоненттерден тұратын шағын кәсіпкерлікке деген жан-жақты мемлекеттік қолдаулар
көрсету мақсатында арнайы мемлекеттік құрылымдар құру; кәсіпкерлік қызметке тарту
үшін халықтың қалың ортасында ынталылықты күшейту.
Қазақстанда шикізат бағытынан шығуға ықпал ететін экономика салаларын
әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда
сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау. Өңдеуші өнеркәсіпте
орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия
сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін
арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-
техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік
экономикамен ықпалдасуды күшейту – бұл индустриялық-инновациялық дамудың
белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.
Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015
жылы 46,5%-дан 50–52%-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрылымында ғылыми
және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015
жылы 1,5–1,7%-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу
қарқынын 2000 жылғы 13,3 %-дан 2015 жылы 12–12,6%-ға төмендеуін бәсеңдетуге, ал
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1%-дан 45–46%-ға дейін өседі деп
қарастырылған. ҚР Статистика агенттігінің бағалауы бойынша республикада
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік
санының 3,9% құрайды.
Мысалы, Ресей кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 13%, ал Шығыс
Еуропада – 40%-ға дейін (Румыния – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%).
Аймақтар бойынша инновациялық дамуда көш басында: инновациялық белсенділік
Алматы қаласы – 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 5,9%,
Ақмола облысы – 1,2%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5% , Қызылорда – 1,5%.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
134
ҚР экономика салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемінің үлесі ауыл
шаруашылығы бойынша 0,26%, тау-кен өнеркәсібі 29,04%, өңдеу өнеркәсібі – 68,95%,
құрылыс – 1,75%.
Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет
етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату,
әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар
тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым
үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол соғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы
керек.
Инновациялық қызметті дамыған қаржыландыру жүйесі негізінде ғана дамытуға
болады. Нарықтық экономикада шағын кәсіпорындар, өнеркәсіптік компаниялар,
қаржылық өнеркәсіптік топтар, шағын инновациялық кәсіпкерлік, инвестициялық және
инновациялық қорлар, жергілікті басқару органдары, жеке тұлғалар және т.с.с.
қаржыландыру субъектілері болып табылады.
Қазақстанның ШКС-да көптеген кәсіпорындарының басшылары стратегиялық
ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын жасады. Бұл стратегиялар экономикалық
тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін бірнеше шағын кәсіпорындардың біріккен
қызметіне бағытталған, белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара
ынтымақтастықпен анықталады.
Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және
кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп компаниялары,
зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар,
қоғамдық ұйымдар және басқалары территориялық шоғырландыру базасында арнайы
жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер және тұтынушылар технологиялық
тізбекпен байланысқан.
Дамыған елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей, кластердің аясын табысты
кеңейту мен тереңдетуге әлемдік экономиканың даму бөлігінің ажырамас құрамы болып
табылады. Көптеген елдер бәсеке принциптерін дамыта отырып, ынтымақтастық
мәселесіне көп көңіл бөледі. Егер соңғы уақытқа дейін осы ынтымақтастық салалық
мүдделермен шектелмесе, онда осы саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейде – кластер
деңгейінде кеңейту байқалады.
Кластердің артықшылықтары төмендегідей бағыттар бойынша алынуы мүмкін:
ресурстарға мүмкіндігі бар; ақпараттарға қолжетімділігі; өзара толықтырушылық;
қоғамдық игіліктер мен кәсіпорынға қолжетімділігі; ынталандыру; жаңа енгізулерде
артықшылықтары.
Кластерлік ұйымдастыру бір жағынан стратегияның дамуы, екінші жағынан
аудандар мен территорияның дамуы, мекеменің дұрыс дамуы жобасының жасалуы мен
билікке байланысты құжаттардың жасалуы.
Шағын кәсіпкерлік секторында кластерлік модельдер мен кластерлік
технологиялардың икемделуі келесідей жағдайлардан тұрады:
-еліміздің экономиканың әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз
ету, тұрмыстық жағдайын жақсарту, олардың мәдени, ағарту және денсаулық деңгейін
жақсарту болып табылады.
-кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің менталитетін «алдымен әрбір
адамның мүддесін, сосын мемлекеттің мүддесін» қағидасында өзгерту, сондай-ақ
халықтың жеке және қоғамдық меншікке деген түсініктерін, жекеменшік пен
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
135
мемлекеттік секторларының байланысын экономикалық өзара пайдаға бағыттау болып
келеді.
-аймақтық және жергілікті деңгейде салалық пен территориялық-салалық кластерді
құру мен қалыптастыру тиімділігі арқылы, билік органдарының ақпараттар мен
байланыстың
алмасу
басымдылығы
бойынша,
бизнес
құрылымдарының,
институционалдық құрылымдар мен нарықтық инфрақұрылымдарды еңбек, қаржы мен
материалдық ресурстары бойынша ұлттық және аймақтық экономиканы дамыту;
-билік органдарының, қоғамдық ұжымдар мен нақты секторлар кәсіпорындары
қызметкерлерінің ағарту және мәдени деңгейін арттыру арқылы ұлттық және аймақтық
деңгейде білім мен ғылымды дамыту көзделеді,
-өнімнің сапасы, дизайны және қызметін арттыруда, өнім өндіру мен басқаруда
жаңа технологияларды енгізу бойынша, өнімді өндіру, сақтау және тұтыну аясында
маркетингті дамыту мен «ноу – хау» енгізу арқылы кәсіпкерлік құрылымының
тиімділігін арттыру қажет;
-кәсіпкерлік құрылымдарда, сондай-ақ кластерлерді ұйымдастыруда тауар
өндірушілер мен кластерлік бірлестіктердің мүшелерін, салық салу жүйесін, кедендік
құқықтар, несиелеу жүйесі мен отандық тауар өндірушілерге, жеңілдіктер мен
артықшылықтар
беру
тұрғысында
инвестициялау
арқылы
кәсіпкерлік
ұйымдастыруларды мемлекеттік тұрғыда қолдауды қажет етеді.
Кластерлік модельдер мен технологияларды енгізуде күтілетін нәтижелер:
экономикадағы кластерді енгізудегі басты нәтиже – экономикалық өсуді көтеру мен
ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігінің артуы; аймақтық және жергілікті
деңгейде кластерлік бірлестіктер санының өсуі, кәсіпкерлік құрылымдарының еңбекке
құштарлықтарының
артуы;
аймақтарға
инвестициялық
климаттары
мен
тартымдылығының артуы; инвестицияларды тарту, аймақтық және жергілікті
экономиканы көтеру, кәсіпкерлікте бәсекелестікті көтеру мен сыртқы нарыққа жаппай
шығару арқылы жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Бұл бағытта мейлінше маңызды көпсалалы жұмыстар жүзеге асырылды, оның
басты нәтижесі ретінде кәсіпкерліктің бүкіл Қазақстан бойынша кең етек жайып
отырғандығын айтуға болады.
Әлемдік экономикалық дағдарыстың кең өріс алып отырған жағдайында Қазақстан
Үкіметі шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді дағдарысқа қарсы бағдарламаның негізгі
бағытына айналдыруда. Мұның өзі біздің елімізге дағдарыстың апаттарынан айналып
өтудің факторларының біріне айналды.
Дегенмен, шағын кәсіпкерлікті құрылымдық және сапалық бағыттарда дамытудың
мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттері бүгінгі күнге дейін толығымен
орындала қойды деп айту қиын.
Басқару механизмдері шағын кәсіпорын мекемелеріне аумақтарда кәсіпкерлікті
жоғарылатуға, шағын кәсіпорын ресурстарын толық және тиімді пайдалануға, қосымша
өнім алуға және шағын кәсіпкерлік саласының жалпы табыстылығын арттыруға
мүмкіндік береді.
Инновация қағидалары біріктіру және шағын кәсіпорында оның тәжірибе ретінде
қолданылуы шаруашылық жұмыстың барынша жетілген өнімнің (тұтыну және өндіру
бағытындағы) өндірістік сапасын жақсарту түріндегі жаңа нәтижелерін анықтайтын
инновацияны техникалық-технологиялық, ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда жаңашылдықтың жүйелі процесі ретінде анықтауға, оларды
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
136
алуға байланысты шығындарды төмендетуге, бәсекеге қабілеттілікті және нәтижелілікті
арттыруға қамтамасыз етуге негіз болады.
Шағын кәсіпкерліктің секторын дамытуға арналған инновациялық бағыттағы
стратегия шағын кәсіпкерлікті дамытуға және шағын кәсіпорын өнімдері нарығын
реттеуге арналған мемлекеттік бағдарламаны орындауға және шағын кәсіпкерлік
жұмыстарының нәтижелілігін көтеруге арналған мақсатты бағдарламалардың
орындалуына бағытталуы тиіс. Яғни, шағын кәсіпкерлікті инновациялық процестермен
басқару жүйесін дамыту ірі кәсіпкерлік құрылымындарында инновациялық қарқынды
дамыту болып табылады.
Осы мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттер анықталды: шағын кәсіпорын
өнімдерінің шығымы мен сапасын арттыру; мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау; өнім өнімділігі мен
өнімнің сапасын арттыру; шағын кәсіпкерлікпен айналысатындарды мемлекет
тарапынан қолдау; ШОК үдемелі ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету;
қуаттылықты пайдалану деңгейінің техникалық жаңаруының өсуін қамтамасыз ету мен
кәсіпорындарды ДСҰ кіру жағдайына бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |