Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
частью музыкальной школы. В стесненных условиях, но сберегая весь состав учащихся, 
училище  продолжало  свою  работу,  хотя  по  сокращенным  учебным  программам. 
Помимо занятий ученики активно участвуют в шефской работе, выступая с концертами. 
1-й выпуск хореографического училища состоялся 29 июня 1942 года.  
Но театр в  1942  г.  располагая  составом приезжих исполнителей, не сохранил эти 
первый плоды многолетней упорной подготовки национальных кадров. Из 1-го выпуска 
только  Д.  Абиров  после  службы  в  армии,  вторично  пройдя  курс  хореографического 
училища,  продолжает  работу  в  театре,  возглавив  балет,  как  его  художественный 
руководитель. 
Выпуски  1944–1945  гг.  дают  балетному  театру  целую  группу  хорошо 
подготовленной  молодежи.  Р.  Тажиева,  А.  Солнцева,  Д.  Симагина,  Л.  Таланов, 
М.Акжанов  вскоре  занимают  положение  солистов,  успешно  выступая  в  сольных  и 
ведущих партиях репертуара. 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.  Высшая школа. Основные постановления, приказы и инструкции. – М.: Советская 
наука, 1967. – 656 с. 
2.  Вестник статистики. Орган Центрального Статистического управления, 1949–
1962 г. – М., 1965. 
3.  Директивы ВКП(б) и Постановления Советского правительства о народном 
образовании. – Сбор. документов за 1917–1947 гг. // Сост. Н.И. Болдырев. – Вып. 1-2.– 
М.: 1947. 
4.  Законодательство о религиозных культах. – Сб. документов и материалов. – М., 
1971. 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Түменова С.М., т. ғ. к., профессор 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)    
Қасымова А.А.бас кітапханашы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
 
Соғыстың алғашқы жылдарында мәдениет пен өнер оқу орындарының 
қалыптасуы мен дамуы 
Бұл  мақалада  Қазақстанда  30-40  жылдарда  мәдениет  саласы  бойынша  мамандар 
дайындау жолдары зерттелген. Әсіресе, театр саласына қажетті мамандарды даярлайтын 
оқу орындарын құру мәселелері қарастырылған. 
Түйін сөздер: оқу орындары, даму, қалыптасу, мәдени революция. 
 
SUMMARY 
S.M. Tumenova, candidate of historical sciences, prof,  
 (Kazakh State Women's Teacher Training University), 
A.A. Kasimova, Chief librarian 
 (Kazakh State Women's Teacher Training University) 
Formation and development of educational institutions of culture and art in the prewar 
years 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
104 
This article examines training issues in Kazakhstan in the prewar years in the field of 
culture. 
Keywords: educational institutions, development, formation, the cultural revolution. 
 
 
 
ӘОЖ:94( 574)  Т 50    
 
ЖАЛАЙЫРЛАР ТАРИХЫ МӘСЕЛЕСІ ӘМІР ТЕМІР КЕЗЕҢІНДЕГІ 
ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА 
 
Ж.Қ. Тойшыбекова, оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті ) 
М.Н. Ибрагимова, оқытушы  
(Алматы қ., әл-Фараби атындағы  
Қазақ Ұлттық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  ортағасырларда  Қазақстан  территориясында  мекен  еткен 
жалайырлар тарихы жайлы мәселе қарастырылады. Зерттеулер негізінде олардың мекен 
еткен  территориясы  анықталады.  Жалайырлардың  Темір  тарихында  да  белгілі  орын 
алғандығы нақты зерттеліп көрсетіледі.  
Темірлік  деректер  негізінде  жалайырлардың  ірі,  жеке  ел  ретінде  өмір  сүрген  ру-
тайпа  екендігі  және  олардың  тайпа  әмірлері  сол  ру-тайпа  аттарымен  аталатындығы 
жайлы зерттеледі.  
Әмір  Темір  және  оның  ұрпақтарының  тарихшылары  пайдаланған  деректер  көбіне 
ортақ болып  келгендіктен оқиғаны баяндауда бірін-бірі қайталайды. Сондықтан оларды 
бір-бірімен салыстыру арқылы деректегі мәліметтердің шынтуайттылығы дәлелденеді. 
Түйін сөздер: Әмір Темір, жалайыр, деректер, Низам ад-дин Шами, Камар ад-Дин, 
Бабыр, Жаһангер әскерлері, 
қыпшақ, керей, найман, қоңырат.
 
Қазақ  жерінде  мемлекеттіліктің  пайда  болуы  ел  территориясында  ерте  кезден 
мекен еткен көптеген тайпалар мен халықтардың тарихымен тығыз байланысты. 
 Сақ,  үйсін,  қаңлы,  қарахан,  қыпшақ  дәуірінен  басталған  қазақ  мемлекетін  құру 
процесі  ұзақ  жылдарға  созылды.  Орта  ғасырларда  Шығыс  Дешті  Қыпшақта  көптеген 
ұсақ  тайпаларды  өзіне  біріктірген  біртұтас  этникалық  территория  қалыптаса  бастаған 
еді. Алайда Шыңғыс хан бастаған моңғол шапқыншылықтары мен ХІV ғасырдың екінші 
жартысында  Әмір  Темір  жорықтары  салдарынан  Қазақстанда  мекен  еткен  ру-тайпалар 
тағы  да  бытыраңқылыққа  ұшырады.  Темір  және  оның  ұрпақтарының  жорықтары 
Қазақстанда  мекен  еткен  этникалық  топтарды  шашыратып  жіберді.  Екі  жақты 
қақтығыстар  жайындағы  мәліметтер  темірлік  шығармаларда  келтірілген.  Саяси 
оқиғаларға  қатысып,  тарих  сахнасында  белгілі  бір  орын  алған  рулық,  тайпалық  топтар 
кеңінен  көрініс  тапқан.  Қазіргі  кездегі  үш  жүз  құрамына  енген,  сан  ғасырлар  бұрын 
пайда  болған  ру-тайпалар,  яғни,  ұ
лы  жүздегі  –  дулат,  жалайыр,  қаңлы;  орта  жүздегі  – 
арғын,  қыпшақ,  керей,  найман,  қоңыраттардың  темірлік  деректердегі  дуғлат,  жалайыр, 
қаңлы, аркенут, қыпшақ, керейіт, найман, қоңырат тайпалары болып табылатындығына 
зерттеу нәтижесінде көз жеткізуге болады. 
Зерттеушілер  атап  көрсеткендей,  жалайырлар  руы  туралы  көне  Қытай 
жазбаларында да, тіпті ІХ-Х ғасырлардағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
105 
 
жоқ. Дегенмен, ол жайында алғашқы мағлұматтар моңғол дәуіріндегі ХІІІ-ХV ғасырлар 
жазбаларында кездеседі [1, 76].  
Жалайырларды  Ш.  Уәлиханов  пен  академик  В.В.  Бартольд  моңғол  рулары  деп 
есептеген. Олардың ізінше М. Тынышбаев моңғол тарихшысы Соном Сесеннің еңбегіне 
сілтеме  жасап,  «жалайырлар  Еке-моңғол  (ұлы  моңғол)  деп  аталатын  саны  көп,  күшті 
моңғол  тобынан  шықты»  деп  есептейді  [1,  76-77].  Х.  Арғынбаев,  В.  Востров, 
С.Мұқановтар  жалайыр  руларының  аттары  негізінде  моңғол  тектес  емес,  арғы  тегінің 
аралас түркі-моңғолдан шыққан деген пікірді зерттеушілердің ішінде бірінші болып  
Н.  Аристов  ұсынғандығын  атап  көрсетеді.  С.  Аманжолов  осы  тұжырымды  нақтылап, 
кемшіліктерін  көрсетіп,  жалайырлардың  ежелгі  түріктерден  тарайтынын  сенімді  түрде 
дәлелдейді.  «Жалайыр  мен  ысты  Орта  Азияда  алғаш  рет  ХІІІ  ғасырда  із  қалдырған»,  – 
дейді  АҚШ-тағы  Колгейт  университетінің  профессоры  Марта  Олкотт  [2,  58-59]. 
 
Жалайырлардың басым көпшілігі Жетісудағы Қапал уезінде тұрды, – деп жазады  
С. Аманжолов. Біраз бөлігі Зеравшан алқабына қоныс аударғандығын әңгімелейді [1, 79]. 
Ал  О.  Исмаилов  олардың  бір  кездердегі  мекені  (VІІІ-ІХ  ғғ.)  Моңғолияның  солтүстігі, 
шамамен алғанда Селенга, Орхон, Тола өзендерінің бойы деп көрсетеді [3, 15].     
М. Тынышбаев 1370 жылы Ақсақ Темірдің қарсыластары дулаттар жағына шығып 
кеткені  үшін  жалайырлар  талқандалып,  бытырай  қоныстандырылғандығын  айтады. 
«Парсы тобы Иранда негізгі маңыз атқарды, жалайыр әулеті тіпті Солтүстік Иранда, ал 
бір  кезде  Бағдатта  да  патшалық  құрды.  Жалайырлардың  басты  бөлігі  1370  жылғы 
қашқын  Сыр-манақтар  келіп  қосылған  Шу-манақтар  түзеді»  [4,  77].  Бұдан  әрі 
М.Тынышбаев жалайырлардың Жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, Ежен ханның 
Ақ  Ордасына тірек болғанын, Орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің ұйытқысына 
айналғанын  айтады.  Ораз  Исмаилов  өз  зерттеуінде  былай  дейді:  «Атап  айтқанда  Әмір 
Темір тарихында Маураннаһрда (екі дарияның ортасында) өмір сүріп жатқан Әмір Қажы 
барлас пен Әмір Баязид жалайыр аталады. Екеуінің де соңдарынан ерген халқы, ұлыстар 
бар. Олар Әмір Темірмен ақылдасады да, оның кеңесін тыңдамай Хорасан жаққа қарай 
ауа көшеді. Нәтижесінде Әмір Темір айтқандай «екі зиян, бір пайдаға» ұшырайды. Осы 
Баязид  жалайыр  жайында  Әмір  Темір  былай  деп  жазады:  «Әмір  Баязид  жалайыр  да 
Қожанд жерін билейтін. Оған дос көңілмен ақыл айтып едім, қабылдамады. Нәтижеде, өз 
елінің адамдары оған қарсы шығып, тұтқындап алдыма әкелді. Мен өткен істерді бетіне 
салық  қылмай,  керісінше,  оған  ізет  ілтипат  көрсеттім.  Бұған  көзі  жеткен  соң  ол  одан 
сайын шерменде халге түсті» [3, 65].     
Темірлік  деректерден  жалайырдың  Әділшах  Бахрам  деген  батыры  жайлы  да 
мәліметтер алуға болады. Шараф ад-Дин әлі Иезди бойынша «Шахзада Жахангир илгари 
булди  ва  Шайх  Мухаммад  Баён  Сулдуз  ва  Одилшох  Бахром  Жалойир  уғликим,  атоси 
улганда  жалойир  элини  Сохибқирон  анга  бериб  эрди,  шахзодаға  қушулди»,  –  дейді  [5, 
77]. 
Әмір  Темір  және  оның  ұрпақтарының  тарихшылары  негізінен  оқиғаны  баяндауда 
бірін-бірі қайталайды. Кейбір оқиғаларды өз көздерімен көрген немесе жаңа деректердегі 
мәліметтерді  пайдалана  отырып  баяндайды.  1376  жылғы  оқиға  темірлік  деректерде 
төмендегіше  баяндалады.  Низам  ад-дин  Шамидің  мәліметтерінен  көретін  болсақ, 
Темірдің  Хорезмге  үшінші  рет  жасалған  жорығы  жайлы  Сары-Бұға,  Әділ-шах,  Хитай-
бахадүр  және  Елші-Бұғаны  30  мың  әскермен  Камар  ад-Динге  қарсы  жіберетіндігін 
айтады  [6,  104].  Бұл  оқиға  1376  жылы  орын  алған.  Ары  қарай  оқиға  былай  өрбиді: 
«...Когда Адил-шах обнаружил, что в области никого нет, он схватил Хитай-бахадура и 
Ильчи-бугу,  стакнулся  с  Сары-Бугой,  и  они  восстали.  Собрав  свой  силь  и  войско,  они 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
106 
осадили  крепость  и  укрепления  Самарканда…  Когда  они  сообразили,  что  не  из  тех 
людей,  которые  могут  ему  (Джахангиру)  противостоять,  то,  бежав,  ушли  в  узбекский 
вилайет и нашли приют у Урус-хана. В то время когда Урус-хан отбыл на летовье, они 
также  проявили  по  отношению  к  нему  вероломство  и  предательство,  доказав  свою 
дурную сущность. В конце-концов они повели войско и разбили Урус-хана…» [6, 104].   
Шараф  ад-Дин  әлі  Иезди  бойынша  оларға  Темір  Андуганға  даруға  етіп  сайлап 
кеткен  сенімді  адам  қосылды  дейді.  Олар  өздерінің    жалайыр,  қыпшақтан  тұратын 
халқын  жинап,  Самарқандқа  бағыт  алып,  қала  бекіністерін  қоршай  бастады  деп 
көрсетіледі  [6,  132].  Сонымен    Низам  ад-дин  Шами  мен  Шараф  ад-Дин  әлі  Иезди 
мәліметтері  бойынша  тек  жалайырлар  ғана  емес,  жалайырлар  мен  қыпшақ  елі  бірге 
көтеріліс  ұйымдастырған  болып  шығады  және  Әділ  шах  пен  Сары-Бұғаға  Андуганның 
даруғасы  көмекке  келеді.  Мирхондтың  деректерінде  де  Әмір  Темір  Хорезмге  жорыққа 
кеткенін  пайдаланып,  қыпшақ  және  жалайыр  тайпаларының  әмірлері  бүлік  шығарып, 
Самарқандқа  аттанатындығы  айтылады  [7,  144].  Бұл  жерде  тағы  бір  көңіл  аударарлық 
жайттардың  бірі  Низам  ад-дин  Шами  мен  Шараф  ад-дин  әли  Иезди  шығармаларында 
жалайырларды  ел  деп  көрсетеді.  Сол  бойынша  жалайыр  елінің  Темірге  қарсы 
көтерілгендігін байқаймыз. Бұл жайлы Исин былай деп мәлімдейді: «Әскер көтерілісіне 
күш  қосқан  дала  қосындары  Мәуераннаһрға  беттейді.  Андуған  даруғасының  көмегін 
алып,  «ел  мен  әскерін  жиып»,  жалайыр  мен  қыпшақтар  Темір  астанасы  Самарқандты 
қоршауға  алады.  Сөйтіп,  Жалайыр  Әділ  шаһ  пен  Қыпшақ  Сарыбұға  1376  жылдың 
жазында дала жұртының «қамын жеген басты тұлғаларға айналды» [8, 37]. Бүлікті басу 
үшін  Әмір  Темір  әмірзада  Жаһангерді  жібереді.  Шараф  ад-дин  әли  Иезди  мәліметтері 
бойынша  бүлікшілер  мен  Жаһангер  әскерлерінің  арасында  соғыс  орын  алған  [5,  79]. 
Исиннің  мәлімдеуінше,  «Темірге  Жаһангер  деген  ұлын  бас  қылып  әскер  жіберіп,  өз 
астанасы түбінен көтерілісшілерді шегіндіру оңайға түспейді» [8, 37]. Бұдан көретініміз, 
көтерілісшілер  бірден  жеңілген  жоқ,  олар  біраз  қарсылық  көрсеткен.  Темір 
ұрпақтарының  тарихшыларының  бірі  Фасих  Ахмад  бұл  оқиғаны  былай  баяндайды:  «... 
Сари Бука и Адилшах Бахрам джалаир, которых он отправил вперед в Джата за Камар 
ад-Дином,  взбунтавались,  и  эмир  Сахибкиран  был  вынужден  вернуться,  затем  в  пятый 
раз отправиться на войну в Джата...» [7, 136]. Демек Темірді жорығынан қайтарған бұл 
көтеріліс  оған  оңай  соқпаған.  Темір  әскерлерінен  жеңілген  көтерілісшілер  темірлік 
деректер  бойынша  бытырай  қашады.  Сарыбұға  мен  Әділ  шаһ  Дешті  Қыпшаққа  барып 
Орыс ханды паналайды. Шараф ад-дин әли Иезди көрсеткендей, Сарыбұға мен Әділ шаһ 
Орыс  хан  ордасының  мүләзімдері  болып  жүреді.  Самарқандқа  келген  Әмір  Темір 
«жалайыр  ұлысын  бектеріне  үлестіріп  береді»  [5,  79-80].  «Орыс  хан  жұртында  да 
Сарыбұға мен Әділ шаһты сарай лауазымдарының бір тобы жақтырмаса керек. Әсіресе, 
Темірмен бейбіт жағдайды сақтауды аса қажет  деп түсінгендер. Орыс хан да Әділ  шаһ 
пен Сарыбұғаға белгілі бір күдікпен қарады, Сығанақ сарайында Әділ шаһ пен Сарыбұға 
бақылауда,  жартылай  тұтқын,  аманат  есебінде  болуы  да  ғажап  емес»,  –  дейді  Исин  [8, 
37].  Осы  жағдайларға  байланысты  ызаланған  Әділ  шаһ  пен  Сарыбұға  аталмыш  жерде 
көп  тұрақтамай,  Моғолстанға  қашып  барып  Камар  ад-Динді  бүлікке  итермелейді. 
Деректердегі  мәліметтер  бойынша  Әділ  шаһ  пен  Сарыбұға  Орыс  ханнан  қашып  кетсе, 
кейбір  деректер,  мысалға  Шами  мен  Иезди  бойынша  Орыс  ханның  жұртын  шауып 
кеткендігі  де  баяндалады  [6,  104;  132].  Оларды  мұндай  әрекетке  итермелейтіндей 
жағдайдың болуы да әбден мүмкін. Алайда ол жайлы темірлік деректерде айтылмайды. 
Осылайша,  кейіннен  қазақ  халқының  құрамына  енген  жалайырлар  елі  Әмір  Темір 
тұсында белгілі тайпа болған.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
107 
 
Әмір  Темір  тарихында  Иран  патшалығында  таққа  отырған  жалайыр  билеушісі 
жайында да баяндалады. «Оны жаулап алғысы келген Әмір былай дейді: «Сұлтан Ахмет 
Жалайыри құзырына Бағдат уәлиі қарамағындағы ләшкердің қандай жағдайда екендігін, 
сан  мөлшері,  күш-қуаты  хақында  мәлімет  алып  келу  үшін  елші  жіберу  кесілді.  Елші 
Бағдаттан: «Сұлтан Ахмет екі көзді, бір бөлек ет екен» деген сипаттама жолдайды. Мен 
тәңірінің  шапағатына  сүйеніп,  Бағдатқа  қарай  жорыққа  аттанып,  ә  дегенше  жетіп 
бардым.  Сұлтан  Ахмет  жалайыр  онда  қалудан  гөрі  қашуды  жөн  көріп,  Кербаланың 
шөліне  қарай  тартты.  Сонымен  Даруссалам  астанасы  –  Бағдат  маған  бағынды».  Бұл 
шамамен  алғанда  1394  жыл  болуы  керек.  Кітабының  орта  тұсына  таман  Ақсақ  Темір 
жалайырлар  әулетінің  1382  жылдан  бастап  Ирақ,  Күрдістан,  Әзірбайжанға  үкім 
жүргізгенін де айтып өтеді» [3, 66]. 
Шараф  ад-Дин  әлі  Иездидің  «Зафарнамесінде»  жалайыр  елі  Сырдария  (Хужанд) 
өзенінің бойын мекендегені жайлы айтылады [5, 43]. Шығармада «жалайырлар елі» деп 
көрсетіледі, демек халқы біршама көп, өзінше бір жеке ел ретінде қарастырылады. Оған 
дәлел  ретінде  жоғарыда  бейнеленген  Темір  әскерлері  мен  жалайыр-қыпшақ  халқының 
қақтығысын  келтіруімізге  болады.  Өйткені  Жаһангерге  оларды  жеңу  оңайға  соқпайды 
және де бұл оқиға Темірді Хорезмге бара жатқан жорығынан қайтарады. 
 «Бабырнамаға»  зер  салсақ,  одан  көптеген  жалайыр  ұрпақтарын  көреміз.  Ораз 
Исмаилов  Бабыр  тұсында  оның  қол  астында  болған  жалайыр  бектерінің  өміріне 
тоқталады. Олар: Юрулдай жалайыр, Әбілқасым Жалайыри, Сейтқасым Ішік Жалайыри 
(Кіші аға), Хасен Әлі  Туфейіл  Жалайыри, Құсайын Әлі Жалайыри. Олардың бірі  әскер 
басшы, бірі кеңесші болған. Бабыр Орта Азияны билеп тұрған кезде олар оған көп көмек 
көрсеткен. Бабырдың айтуынша бұл кезде жалайырлар Ферғана өңірінен Жетісуға дейін 
қанат жайған. 
О.  Исмаилов  жалайырлар  құрған  үлкен  бір  мемлекет  –  Моғолстан  болса  керек 
деген болжам айтады. «Шу бойынан осы мемлекетке Исабұғы неге Керей мен Жәнібек 
бастаған  қазақ  хандығына  жер  бөліп  беріп  жүр?  Себебі  –  Моғолстанның  құрамындағы 
жалайырлар зор ықпалды болған тәрізді», – деп өз пікірін білдіреді [3, 68].   
Бабырдың  «Бабырнамасындағы»  үнемі  оның  қасынан  табылып,  оған  көп 
көмектескен  адамдардың  бірі  –  Сейіт  Қасым.  Бабыр  оның  шыққан  тегін  анықтап, 
«жалаири»  деп  көрсеткен.  «...Менің  қасымда  қалып,  азап  шегіп,  елден  кетуге  бел 
байлағандар  атақтысы  бар,  атақсызы  бар  екі  жүзден  көп,  үш  жүзден  аздау  болды. 
Олардың  ішіндегі  бектері:  Қасым  Қаушын  бек,  Уәйіс  Лагари  бек,  Ибраһим  Сару-и 
Мыңлық  бек,  Шырым  Тағай,  Сиди  Қара  бек.  Ішкі  жақтан  –  Мір  Шаһ  Қаушын,  Сейіт 
Қасым  кіші  аға  Жалайыр,  Қасым  Аджаб,  Мұхаммед  Дұст,  Әли  Дұст  Тағай,  Мұхаммед 
Әли  Мұбашшир,  Құдайберді  Тұқшы  моғол,  Жарық  Тағай,  Баба  Күлидің  ұлы  Сұлтан 
Күли,  Пір  Уәйіс,  Шейх  Уәйіс,  Жарәлі  Біләл,  Қасым  мірахур,  Хайдар-и  рикабдар.  Бұл 
жағдай жаныма қатты батты, көзімнің жасын тыя алмай, көп жыладым» [9, 78]. Деректен 
байқағанымыз  Бабыр  қатты  қиналған  кезде  оның  қасында  болған  жақын  адамдардың 
ішінде  жоғарыда  аты  аталған  жалайыр  тайпасынан  шыққан  адамдар  да  болған.  Сейіт 
Қасым Бабырдың сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленгендіктен оған өз сарайындағы 
ең  жауапты  қызметтердің  бірін  беріп,  «кіші  аға»  деген  лауазымды  бекіткен.  Кіші  аға  – 
кіші аға, қақпашы, кемеңгер, Темір әулеті сарайындағы ең жоғарғы лауазымның бірі [9, 
437].  «Тағы  айтарым:  Сейіт  Қасым  жәрдемші  жасақтың  бастығына  тағайындалды»,  – 
дейді  Бабыр  өз  шығармасында.  [9,  410].  Деректегі  мәлімет  бойынша  Сейіт  Қасым  ең 
сенімді адамдардың біріне айналып, Сейіт Қасым жалайырға Бабыр өзге елдерге жасаған 
жорықтары кезінде үнемі әскерді сеніммен тапсырып отырған. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
108 
Бабыр  шығармасында  Хасан  Әли  Жалаири  жайлы  да  мәліметтер  кездеседі.  1510–
1511  жылдары  Бабыр  Самарқантты  алған  кезде  Хасан  Әли  Жалаири  оның  құзырына 
барып,  оған  бес-алты  жыл  қызмет  көрсетеді.  Осы  жылдар  ішінде  ол  Бабырға  да  небір 
тамаша қағидалар арнайды [3, 292].   
Жалайыр  тайпасынан  шыққан  Қадырғали  Қосымұлы  Жалайыри  1592  жылы  қазақ 
тарихын баяндайтын «Жылнамалар жинағы» атты еңбек жазған [3, 66]. Демек, кейіннен 
қазақ  жүздерінің  құрамына  енген  тайпалардың  бірі  жалайырлар  Темір  тарихында  да 
белгілі орын алған.  
Сонымен  қорытар  болсақ,  темірлік  деректерде  Қазақстанда  мекен  еткен  жалайыр 
тайпасы  жайлы  мәліметтер  көптеп  кездеседі.  Әмір  Темір  және  оның  ұрпақтарына 
арналған  шығармалардағы  жалайыр  жайлы  мәліметтер  ортағасырларда  Қазақстан 
территориясында  мекен  еткен  жалайыр  тайпасы  екенін  зерттеулер  нәтижесінен  көріп 
отырмыз. Жоғарыда атап өткеніміздей Темір ұрпақтарының тарихшылары негізінен ірі, 
жеке  ел  ретінде  өмір  сүрген  ру-тайпалар  жайлы  ғана  өз  шығармаларында  баяндап 
отырған. Темірлік деректерде тайпа әмірлері сол ру-тайпа аттарымен аталады. Мысалға: 
Бахрам  Жалайыр,  Әділ  шах  Жалайыр,  Сейіт  Қасым  кіші  аға  Жалайыр  және  т.б.  Бұл 
есімдер  және  олардың  билік  жүргізген  елдері  жайлы  мәліметтер  Темір  ұрпақтары 
шығармаларында  жиі  кездеседі.  Ортағасырларда  белгілі  болған  тарихи  тұлғалар 
есімдерінің  темірлік  шығармаларда  сақталуы  біз  үшін  өте  маңызды  болып  табылады. 
Себебі  ру-тайпа  аттарымен  есімдері  қоса  аталған  адамдардың  арқасында  сол  ру-
тайпалардың тарихтағы орнын анықтауға мүмкіндік туады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. Құрастырған: 
 Ә. Пірманов. – Алматы, 2000.– 464 б. 
2. Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. – А., 1994.– 240 б. 
3. Исмаилов О. Әлем тарихындағы жалайырлар. – Алматы, 1999. – 528 бет. 
4. Тынышбаев М. История казахского народа: (сост. и авт. предисловия проф. 
А.Такенов и Б. Байгалиев). Учебное пособие. – Алматы, 1998. – 224 с. 
5. Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар 
муаллифлари: Б. Эшпулатов. – Т., 1997.– 383 б. 
6. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Под ред. А.А. Ромодина. – М., 
1973. Вып. 1.– 280 с.  
7. Тулибаева Ж.М. Персоязычные источники по истории казахов и Казахстана ХІІ-
ХІХ в. Дисс... на соискание уч.степени д.и.н. – А., 2003.– 406 с. 
8. Исин А.И. Әмір Темірге қарсы тұрған қаһармандар (ХІҮ ғасыр соңындағы дулат
жалайыр, қыпшақ, арғын, керейіт көтерілістері) // Абай, 1999, № 1, – Б.34-42.  
9. Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнама. Қазақша сөйлеткен Байұзақ 
Қожабекұлы. – А., 1993.– 448 б.  
РЕЗЮМЕ 
Тойшыбекова Ж.К., преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Ибрагимова М.Н., преподаватель 
(г. Алматы, КазНУ им.аль-Фараби) 
 
История жалаиров в сочинениях историков в период Амира Тимура  
В  данной  статье  исследуются  источники  Амира  Тимура  о  территории  и 
местонахождении племен Жалаиров Казахстана. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
109 
 
Ключевые слова: жалаир, Амир Тимур, Зафарнама, Бабырнама, канлы, кипчак. 
 
SUMMARY 
 
Zh.K. Toishybekova, teacher 
(Kazakh State Women's Teacher Training University) 
M.N. Ibragimova, teacher 
(Kazakh National University named after al-Farabi) 
 
The history of Zhalayr tribe in the works of Master Temir
 
This article explores the history of the zhalairs,who settled on the territory of Kazakhstan 
in the middle ages at the basis of Amir Temir`s chronology. 
Keywords: Zhalaiyr, Amir Temir, Zafarnama, Babyrnama, kanly, kypshak. 
 
 
 
UDK 94(574) 
 
HISTORICAL ROLE AND VIEWS OF ALIKHAN BUKEYKHANOV 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет