Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Бартольд В.В. Отчет о командировке в Среднюю Азию. Соч. Т.ІҮ. – М., 1966. 
2. Байпаков К.М. По следам древних городов (Отрарский оазис). – Алма-Ата,1990.  
3. Байпаков К.М., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық қалалар. – А., 
1992.  
4.  Кляшторный  С.Т.  Султанов  Т.И.  Казахстан:  Летопись  трех  тысячилетий.  –  А., 
1992.  
5. Байтонаев Б.А. Древний Испиджаб. Шымкент. – А., 2003.  
6. Ақышев Қ. Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алма-Ата, 1976.  
7. Дербісалы Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы, 1995. //Қазақ тарихы, –
174 б.  
8. Сұлтанов Т. Қазақ хандығының тарихы. – Алматы, 2003.– Б:16. 
9. Мусин Ч., Маданов Х. Ұлы Дала тарихы. – Алматы, 1993.– Б:48-49. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
65 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Унербаева Ш.У., старший преподаватель 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
История средневековых городов Южного Казахстана 
В статье описаны средневековые города в Южном Казахстане и роль Великого 
Шелкового пути в их развитии
Ключевые слова: Великий Шелковый путь, Лазуритовая дорога, Нефритовая 
дорога, Степная дорога, Южные ворота, Северные ворота. 
 
SUMMARY 
Sh.U. Unerbaeva -
 senior teacher  
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
The 
history 
of 
the 
medieval 
citiesof 
the 
of 
southern 
Kazakhstan 
In this article have been describes the medieval town sin southern Kazakhstan and the role of 
the Great Silk Road in their development. 
Keywords: Great Silk Road, Azure road, Jade road, The Steppe road, The SouthernGates, 
The Northern Gates. 
 
 
 
ӘОЖ 94(574) 
 
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ 
 
М.Д. Рахимжанова, оқытушы  
(Алматы қ.,Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті)  
А.А. Берікболова, студент  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Талғар  қалашығының  тарихы  терең  зерттеліп,  бұл  өлкенің  орта 
ғасырлық Қазақстан тарихындағы қалалық мәдениеттің ең үлкен орталығы болғандығын 
танып білу қолға алынған және дәлелденген. Зерттеулер мен деректер негізінде Талхир 
қалашығының  70-жылдардың  екінші  жартысынан  бастап  Ә.Х.Марғұлан  атындағы 
Археология  институтының  Т.В.Савельева  жетекшілік  ететін  экспедициясы  ғылыми 
зерттеу  жүргізді.  1994  жылдан  бері  қазба  жұмыстарына  америкалық  ғалымдар, 
Германия,  Жапония,  Израиль  зерттеушілері  де  дәлелдеп  зерттеген.  Ежелгі  Талхирдің 
орнында  көп  жылдар  бойы  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  келеді.  Олардың  қатарына 
археологтар  ғана  емес,  сонымен  бірге  эколог,  геоморфолог,  топырақтанушы, 
полиоботаник,  палеозоологтар  да  тартылған.  Қала  тұрғындары  сауда,  қолөнермен  қоса 
ауыл шаруашылығымен де, аңшылықпен де айналысқаны назарға алынған. 
Түйін сөздерТалхир (Талхиз), қалалық мәдениет, тұрғын үйлер, қазба байлықтар, 
зерттеу жұмыстары, шаруашылығы

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
66 
Ежелгі  Талхир  қалашығы  Алматыға  таяу  жерде  орналасқан  Талғар  қаласының 
оңтүстігінен,  жағалаулары  тіп-тік  келген,  арнасы  толы,  ағыны  қатты,  күндіз-түні 
гүрілдеп  ағып  жататын  өзеннің  жанынан  табылған.  Бұл  өзен  Талғар  деп  аталады. 
Қаланың  аты  сол  өзеннің  атауынан  шыққан.  Іле  Алатауының  биік  шыңы  да  солай 
аталады.  Оның  алыстан  көз  тартатын  ақбас  шыңдарын  ежелгі  Жібек  жолынан,  яғни 
қазіргі  күні  оның  орнын  басқан  Алматыны  Қазақстанның  солтүстік-шығыс 
облыстарымен  және  Қытаймен  жалғастыратын  автомобиль  магистралінен  солтүстікке 
қарай 100 км қашықтықтан байқауға болады. Енді осы Талғар қаласының маңынан, тау 
шатқалының шыға берісіндегі оң жағалаудан аршылып алынған ежелгі қаланы картадан 
іздеп  көрелік.  Назарымызды  Талхир  (Талхиз)  атауы  бірден  өзіне  тартар  еді.  Бәрінен 
бұрын оның дыбыстық құрамы бізге жақсы таныс, Талғар сөзімен үндес, ұқсас [1]. 
Ежелгі  Талхирдің  орнында  көп  жылдар  бойы  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді. 
Мұндағы  археологиялық  жұмыстарды,  алдымен  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық 
институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)  
И.И.  Копылов  басқарған  экспедициясы  қолға  алып,  70-жылдардың  екінші  жартысынан 
бастап  Ә.Х.  Марғұлан  атындағы  Археология  институтының  Т.В.  Савельева  жетекшілік 
ететін  экспедициясы  атқарды.  1994  жылдан  бері  қазба  жұмыстарына  америкалық 
ғалымдар,  Германия,  Жапония,  Израиль  зерттеушілері  қатыстырыла  бастады.  Олардың 
қатарына  тек  археологтар  ғана  емес,  сонымен  бірге  эколог,  геоморфолог, 
топырақтанушы, полиоботаник, палеозоологтар да тартылған. Ежелгі елді мекендердегі 
қазба жұмыстардың қаншалықты маңызды екенін ескерер болсақ, бұл түсінікті. Өйткені 
көне ескерткіштерді зерттеу – өте қиын да, жауапты іс. Сондықтан да мұндай жұмыстар 
түпкілікті  әрі  кешенді  түрде  жүргізілуі  тиіс.  Мысалы,  қазба  кезінде  табылған 
жануарлардың 
сүйектеріне 
қарап, 
қалалықтардың 
қандай 
мал 
ұстағанын, 
палеозоологтар,  қалашықтар  мен  оларға  жақын  маңдағы  елді  мекендердің  тұрғындары 
бақшаларында  не  өсіріп,  қандай  шаруашылықпен  айналысқанын  палеоботаниктер 
зерттейді. Палеосейсмологтар болса, қала өміріне ылғи да өз кесапатын тигізіп отырған 
табиғат апаттарынан, зілзала зардаптарынан қалған іздерді (қала орнын аршу кезінде жер 
сілкіністері болып тұрғаны анықталды), олардың әсерін тексереді. 
Көп  жылдарға  созылған  осындай  қазба  жұмыстарының  барысында  Талғардың 
жалпы  көрінісімен  қоса  қаланың  салыну  жоспарын,  тұрғындарының  өмір  салты  мен 
немен  шұғылданғандарын,  тұрғын  үйлер  мен  қорғаныс  құрылыстарын,  олардың 
тұрмысқа қажетті жағдайлармен жабдықталуын, сумен қамтамасыз етілуінің сипаттарын 
ашуға  мүмкіндік  туды.  Кәсіпкерлер  шеберханаларының  қалдықтары  мен  қыштан, 
темірден,  қоладан,  шыныдан  жасалған  бұйымдардың  арқасында  көзешілік,  ұсталық, 
зергерлік  сияқты  кәсіптердің  даму  деңгейі  анықталды.  Сондай-ақ  Талхирдің  X-XIII 
ғасырларда  Иранмен,  Қытаймен,  Орта  Азиямен,  Үндістанмен,  Жапониямен  жасаған 
халықаралық байланыстары айқындалды. 
Тарихи деректерге үңілсек, осы өңірде б.з.д. VIII-III ғасырларда сақ тайпаларының 
одағы  қалыптасқан.  Олар  б.з.д.  IV  ғасырда  Жетісуда  өз  мемлекетін  құрған.  Кейінірек, 
б.з.д.  III  ғасырда  бұл  мемлекетті  б.з.  V  ғасырына  дейін  өмір  сүрген  ежелгі  үйсіндер 
мемлекеті алмастырады. 
Ежелгі  сақтардың  мәдениеті  туралы  Есік  обасында  жерленген  атақты  Алтын 
адамнан,  ал  сақтар  мен  үйсіндердің  тұрмыс  салты  жайлы  Талғар  маңындағы 
қоныстардың  қазбасынан  білеміз.  Оған  қоса  олардың  көшпелі  мал  шаруашылығымен 
айналысқандары, бидай, тары, арпа  дақылдарының бірнеше түрін өсіргендері,  егістерін 
арықтар арқылы суғара білгендері де анықталды. Талхир қала ретінде, шамасы, осындай 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
67 
 
қоныстардың бірінде б.з.VIII ғасырында пайда болып, X-XIII ғасырларда гүлдену шегіне 
жеткен [2]. 
Қазба  жұмысы  барысында  қаланың  ортаңғы  бөлігінде  6  қазба  орны  мен 
қалашықтың орны анықталған. 
1.
 
 Қазба жұмысы барысында (1970 ж.) 13,5х8,5 м (115м
2
) өлшемімен қалашықтың 
орталық бөлігінің батыс бұрышы анықталған. 
2.
 
Қазба  жұмысы  кезінде  (1970  ж.)  12х16м  өлшемде  алдыңғыдан  120  м  солтүстік-
шығысқа қарай қаланған. 
3.
 
 Қазба  жұмысы  барысында  (1987  ж.)  123м
2
  (12,7х9,7)  көлемде  оңтүстік 
батыстағы  бұрыштағы  мұнараның  жанына  және  іштей  оңтүстік-шығысына  қамал 
қабырғасымен қиыса қаланған. 
4.
 
Қазба  жұмысы  кезінде  Талхирдің  жалпы  көрінісімен  қоса  қаланың  салыну 
жоспарын, тұрғындарының өмір салты мен немен шұғылданғандарын, тұрғын үйлер мен 
қорғаныс  құрылыстарын,  олардың  тұрмысқа  қажетті  жағдайлармен  жабдықталуын, 
сумен қамтамасыз етілуінің сипаттарын ашуға мүмкіндік туды. 
5.
 
 Қала  бір-бірімен  қиылысатын  көшелер  арқылы  тор  жасап,  кварталдарға 
бөлінген.  Әр  кварталда  12-14  үй-жай  болған.  Олардың  өзі  тар  көшелер  арқылы  өзара 
байланысып жатқан. Мұндай кварталдарда, сірә, туысқан адамдар тұрған болуы керек. 
6.
 
Үй-жайлардың  өздеріне  тән  белгісі,  құрылымы  болған:  олар  үйдің  өзінен  және 
ауласынан  құралған.  Ауланың  үлкен-кішілігі  үй  қожасының  тұрмыс  жағдайына, 
дәулетіне  байланысты.  Өйткені  қалада  қай  уақытта  да  жер  қымбат  екені  белгілі. 
Осындай үй-жайдың бірін сипаттап көрейік. Бұл үй кварталдың бұрышында орналасқан. 
Мұқият  назар  салған  адам  ертедегі  әрбір  үйдің  екі  бөліктен  тұратынын  байқауына 
болады.  Оның  кіші  бөлігі  –  тұрғын-жай  да,  үлкені  –  шаруашылыққа  және  мал  ұстауға 
арналған  қора-жай.  Тұрғын-жай  мен  мал  қораға  кіретін  есіктер  бөлек,  әрі  бір-бірінен 
алшақ орнатылып, әр жаққа қаратылған. Мал қораның есігі бірден үлкен көшеге шығуға 
және  малды  жайылымға,  суға  айдап  баруға  қолайлы  болу  үшін  оңтүстікке  қарай 
ашылған.  Тұрғын-жайға  кіретін  екі  есік  батысқа  қараған.  Олар  квартал  ішіндегі  тар 
көшеге шығуға ыңғайлы. 
Талхирдің  тұрғын  кварталдарында  қатты  қыстың  өзінде  суық  онша  білінбейтін 
болған.  Өйткені  қалың,  биік  қамал  қабырғалары  мен  тар  көшелер  жел  өткізбейтіндей 
етіп салынған. 
Үй-жайдың қабырғаларын көтеруге, негізінен, кірпіштер мен ірі-ірі жұмыр тастар 
қолданылған.  Оның  төменгі  бөлігін,  іргесін  биіктігі  шамамен  қабырғаның  бүкіл 
биіктігінің үштен біріндей етіп, жұмыр тастардан қалап,  топыраққа тереңдете ендірген. 
Бұл  қабырғаның  берік  және  үйдің  табиғи  апаттарға  төзімді  болуын  ойластырғандарын 
байқатады. Сондай-ақ қыста суықты, желді жібермей, жылыны ұстап тұру үшін де оның 
пайдасы ескерілген. 
Үй қабырғасының жоғарғы бөлігін кірпіштерден өріп шығарған. Мұндай кірпіштер 
лай-балшықтан  құйылып  жасалған.  Іргені  қалайтын  жұмыр  тастарды  бір-бірімен 
байланыстырып, қиюластырып бекіту үшін де осы лай балшықты қолданған. Үй ішіндегі 
бөлмелерді  бөліп  тұратын  ішкі  қабырғалар  да  сондай  кірпіштерден  қойылған.  Қабырға 
құрылысының  беріктігін,  төзімділігін  арттыру,  жер  сілкінісінен  қорғану  мақсатында 
оның ара-арасын ұстату үшін әбден шайыр сіңген, қанша жыл тұрса да шірімейтін, Тянь-
Шань шыршасын бірге қалаған. 
Үйдің  тұрғын-жай  бөлігінің  төбесі  шатырмен  жабылған.  Мұның,  әсіресе,  жауын-
шашын  көп  түсетін  таулы  аудандарда  маңызы  зор  болған.  Шатырға  негізгі  тіреуіш  

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
68 
ретінде  үйдің  сыртқы  қабырғалары  пайдаланылған.  Ол  үшін  қабырғаның  жоғарғы 
кемерінен ойықтар жасалады немесе қабырғаның үстіңгі жиегін бойлай қима ағаштардан 
шатырды  бекітетін  жақтаулар  орнықтырылады.  Ойыққа  не  болмаса  қабырғаның 
үстіндегі  қорапқа  диаметрі  14-20см  болатын  белағаштар  көлденеңінен  бастыра 
қондырылады. 
Тұрғын-жайдың  биіктігі  орташа  есеппен  3  метрге  жетеді.  Көлденең  белағаштар 
бекітілгеннен  кейін  оның  үстіне  диаметрі  6-10  см  қадалар  тігінен  орнатылады. 
Осылайша,  үй  шатырының  шарбақ  «торы»  –  қаңқасы  тұрғызылады.  Содан  кейін  оны, 
алдымен,  бірнеше  қабат  қамыстармен  немесе  ағаш  бұтақтарымен  жабады,  одан  соң 
құрғақ  шөп  төсейді,  ең  сыртынан  күл  араласқан  балшықпен  сылайды.  Тегіс  етіп 
жасалған мұндай шатыр еріген қар мен жаңбыр суын өткізбейтін болған. 
Мал  ұстайтын  қоралардың  төбесі  жайпақ,  тегіс  әрі  жеңіл  етіп  жасалған.  Әдетте 
олар тек шөппен немесе қамыс, сабанмен жабылған. 
Ортағасырлық  Талхир  қаласында  сол  кездің  өзінде  тұрмысқа  қажетті  барлық 
жағдайлар  жасалған.  Тұрғындардың  өмір  сүру  дәрежесі  біршама  жоғары  болған. 
Мәселен,  археологтардың  анықтауынша,  оның  басты  көшелеріне  тас  төселіп,  қыш 
құбырлар  арқылы  қалаға  ауыз  су  келіп  тұрған.  Пайдаланылған  су  арнайы    жасалған 
құдықтарға жеткізіліп, қаланың сыртына шығарылып отырған. 
Талғар қаласы өз заманында халықаралық және жергілікті сауда орталығы ретінде 
де кеңінен дамыған. Сауда қалалықтар мен ауыл тұрғындарының өмірінде маңызды рөл 
атқарған. 
Қалада  тұратын  қолөнершілер  қыштан,  мыстан  ыдыстар,  алтын,  күміс,  қоладан 
әшекей заттар жасап, темірден балта, пышақ, қазан, есік ілмектерін, соқа ұштарын, ағаш 
шеберінің құрал-саймандарын соғып, өз өнімдерін саудаға шығарған. Сүйектен де неше 
түрлі  заттар  жасау  ісі  жолға  қойылып,  өзінің  шарықтау  шыңына  жеткен.  Талғар 
қаласының  шеберлері  бұл  үшін  жабайы  аңдар  –  қой,  жылқы,  сиырдың  сүйектері  мен 
мүйіздерін  пайдаланған. Оны біз қазба жұмыстарының  қолда бар мәліметтеріне қарап 
айта аламыз. 
Қала  маңайындағы  аймақтарда  тұратындар  да  шаруашылық  өнімдерін:  астық, 
жеміс-жидек,  көкөніс,  ет,  жүн,  т.м.м.  қалаға  өткізуге  әкеліп,  одан  түскен  ақшаға  қала 
қолөнершілерінің бұйымдарын сатып алған [3]. 
Сонымен  қатар  Ұлы  Жібек  жолындағы  халықаралық  сауда  да  қала  тіршілігіне 
үлкен ықпал еткен. Себебі, Жібек жолы дәл осы жерден жан-жаққа тарамдалғандықтан, 
Талхир  керуен  жолдарының  тоғысқан  жерінде,  түйілісінде  орналасқан.  Оның  бір 
тармағы  солтүстік-батыс  бағытта  Талғар  өзенінің  бойымен  төмен  өтіп,  Іле  өзенінің 
өткеліне  қарай  кететін  де,  сол  жерден  Жоңғар  Алатауына,  Алакөлдің  жағасына  жетіп, 
одан  әрі  Қытай  асатын.  Екінші  тармағы  шығысты  бағытқа  ала  қазіргі  Шелекті  басып 
өтіп, Шарын шатқалымен, әрі қарай Іленің оң жағалауын бойлай қазіргі Жаркент, Қорғас 
жерімен  Қытайға  жететін  немесе  Шелектің  үстімен  жүріп  отырып,  одан  әрі  қазіргі 
Райымбек (Нарынқол) ауданының жері арқылы да Қытайға апаратын. 
Талғарда әр елден келген саудагерлер түсетін өздерінің арнаулы керуен-сарайлары 
болған. Олар осы жерде аялдап, сапарларын әрі қарай жалғастыратын. Саудагерлер әкеле 
жатқан  тауарларының  бір  бөлігін  Талғар  базарында  сатқан  немесе  ондағы  «кеден 
қызметіне»  ақы  ретінде  төлеген,  қала  әкімдеріне  қымбат  та  сирек  кездесетін  заттарды 
сыйға  тартқан.  Бұған  дәлел:  қала  тұрғындарының  үйлерін  аршу  кезінде  Қытайдан 
әкелінген қола айналар, фарфор ыдыстар, Ирандық қола құмыралар мен табақтар, алыс 
Үнді жерінен келген дандан (піл сүйегінен жасалған) бұйымдар, Самарқандтың өрнекті 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
69 
 
қыш ыдыстары, тіптен қиырдағы Жапонияның фаянс табағы да табылды. Табақта алтын 
зерлі киім киген адамдар теңіз көрінісінің аясында бейнеленген [4]. 
Еуразия қалаларында соғылған бақыр ақшалардың Талғар қаласынан табылуы да – 
сонау бір алыс замандағы сауданың қаншама кең көлемде жүргенінің нақты айғағы. 
Қала тұрғындары сауда, қолөнермен қоса ауыл шаруашылығымен де, аңшылықпен 
де  айналысқан.  Қалалықтардың  көбінің  үйінде  базарға  шығарылатын  астықты  сақтауға 
арналған  үлкен  қоймалар  болған.  Мал  қораларында  жылқы,  түйе,  ешкі  ұстаған.  Қоян, 
борсық,  түлкі,  ешкі,  киік,  арқар  секілді  аңдарды  аулаған.  Осы  жануарлардың  сүйектері 
мен сүйектен жасалған заттар – қазба жұмыстарында жиі кездесетін олжалардың бірі. 
Ортағасырлық  Талғарда  жүргізілген  қазба  жұмыстары  оның  Жібек  жолы 
бойындағы  ірі  қала,  қолөнер,  сауда,  ауыл  шаруашылығы  мен  мәдениет  орталығы 
болғанын дәлелдейді. Қала орнындағы археологиялық зерттеу әлі күнге дейін жүргізіліп 
жатыр және жыл сайын жаңа мағлұматтармен толығуда. 
Ежелгі  Талхир  қаласының  шеберлері  –  өз  ісінің  нағыз  маманы,  ал  Талғар  – 
Шығыстағы  сирек  кездесетін  темір  қорытатын  орталықтардың  бірі  болған.  Атақты 
құрыш  болат  осы  жерде  өндірілген.  Қаладағы  ұсталық  өнер  жоғары  даму  деңгейімен 
ерекшеленеді.  Оған  дәлел:  археологтар  темір  бұйымдарының  бай  жиынтығын  тауып 
отыр.  Олар  қару-жарақтар  –  қанжар,  пышақ,  жебе  ұштары,  сауыт  бөліктері,  дулыға 
сынықтары; еңбек құралдары – бақшада қолданылатын пышақтар, балта, соқа тістері; үй 
заттары – құлыптар, сандық белдемелері, шынжыр, май шамдар және көптеген басқа да 
заттар. 
Талхир  қаласы  ХІІІ-ХІV  ғасырларда  құлдырай  бастады.  Оның  себебі  моңғол 
хандарының  өзара  алауыздықтары,  бітіспес  соғыс  еді.  Бұл  соғыстан  отырықшы  қала 
халқы зардап шекті. Соғыс кездерінде суғару жүйелері қиратылып, егістіктер тапталды, 
сауда нашарлады. Қалалықтар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның анағұрлым тыныш 
аудандарына  қоныс  аударуға  мәжбүр  болды.  Талхир  біртіндеп  кішірейіп,  бос  қалды. 
Алайда егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан отырықшы халық осынау құнарлы, 
жақсы  суарылатын  жерде  өмір  сүруін  жалғастыра  берді.  Осы  арадағы  егінші  қазақтар 
жайлы  ХІХ  ғасырды  орыс  саяхатшылары,  ал  қазақ  даласы  мен  Талғар  өзенінің 
алқабындағы отырықшы қазақтар туралы естелік қалдырды [5]. 
Талғар  қаласының  орны  бүгінде  жан-жағы  мүжілген  дуалмен  қоршалған  төрт 
бұрышты алқап түрінде сақталған. Бекініс ішінің аумағы 9 гектарға жуық.  Дуалдың  өн 
бойында  және  бұрыш-бұрышында  мұнаралары  болған.  Дуалдың  іргесінде  терең 
қазылған олардың орны бар. Талғар қаласындағы тұрғын үй-жай адам тұратын бөліктен, 
үйдің  өзінен,  үлкен  ауладан  тұрған.  Үй-жайға  екі  жақтан  кірген.  Ені  2  метрге  жетер-
жетпестен  біреуі  оңтүстік  жақ  қабырғаның  орта  шенінен  аула  мен  үйдің  ортасындағы 
діңгекке  орнатылған.  Кіреберістегі  алаң  сәкі  түрінде  жасалған,  тастардың  аралары 
балшықтан  бекітілген.  Осынау  қақпалар  арқылы  аулаға  мал  айдап  кіргізген.  Бұл  ескі 
қаланы шығыстан батысқа қарай бөліп, өзенге барып құлайтын үлкен жолға қаратылған. 
Екінші есік батыс жақ қабырғадан көрші үйге таман жасалған да, өзен бойлай созылған 
тар  көшеге  қарай  шығарылған.  Үй  мен  судың  ең  жақын  тұсы  да  осы.  Жеті  бөлмеден 
тұратын  тұрғын  үй  бөлігі  жерді  қазып  жасалған  құрылыс  түрінде  сақталған, 
қабырғаларының іргетасы тас пен үлкен қойтастардан қаланып, балшықпен ұстатылған. 
Қаланған  тастың  ойқы-шойқы  тұстары  да  балшықпен  сыланып  тегістелген.  Үйдің  ішкі 
қабырғаларының  табанына  диаметрі  0,4-0,6  метрлік  тастар  төселген.  Мекенжайдың 
тұрғын  бөлігі  мен  ауласын  қазу  кезінде  заттық  материалдар,  негізінен  алғанда 
құйылмаған қыш ыдыстардың сынықтары сүйектен, металдан, шыныдан жасалған түрлі 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
70 
бұйымдар, сондай-ақ көптеген сүйектер жиналған. Металл бұйымдардың ішінде пышақ 
сынықтары,  жебенің  екі  ұшы,  ілгек,  таға,  садақтың  сүйектен  жасалған  қапсырмалары, 
әсем  айыр  бастар,  алқа  түйреуіш,  білезік,  басқа  да  әшекей  бұйымдары  бар.  Қыш 
бұйымдар  жиынтығында  қазан  түрінде  жасалған  ыдыстар  мол.  Қазандарда  әшекей 
салынбаған. Үлкен келі табылған, оның түптеріне әшекейленген құйма құйылған, оның 
бірнеше  сынығы  табылған.  Олар  ас  құюға  және  су  әкелуге  арналған  құмыралар  болып 
бөлінеді.  Құмыралар  әртүрлі  көлемде  жасалынған.  Мысалы:  құмыра  кісі  көлемде 
жасалынған,  кейбірі  бір  немесе  жарты  метрлік  көлемде  құйылған.  Осы  табылған 
құмыралар  басқа  бұйымдармен  бірге  бүгінде  Республикалық  мұражайдың  сөрелерінде 
сақтаулы  тұр.  Жалпы  Талғар  қаласының  орнынан  табылған  бұйымдар  Абай  атындағы 
мемлекеттік  университеттің  тарих  бөлімінің  мұражайында  және  Талғар  қаласындағы  4 
кәсіптік-техникалық  мектеп  пен  1  Халипов  И.Ф.  атындағы  орта  меткептің 
мұражайларында жинаулы тұр. Сонымен Талхиз қалашығының мекенжайлары екі түрлі 
болған. Оның бірі – киіз үймен бірге де, екіншісі – киіз үйсіз болған. Тұрғын бөлігі екі не 
одан  да  көп  бөлмеден  және  екі-үш  түрлі  тәртіппен  орналасқан  шаруашылық 
бөлмелерінен  тұрған.  Бірқатар  үйлерде  оның  көлемді  болуы  оның  астық  қамбалары  да 
кіреді.  Әр  үйдің  нан  пісіретін  тандырлары  болған.  Талхиз  қаласында  су  құбыры 
тартылған,  қыштан  құйылған  22  су  құбырының  бөліктері  табылып  отыр.  Мұндай 
құбырлар  Отырар  сен  Сығанақ  қалаларында  жүргізілген  екен.  Көне  Талхиз  және  Түнк 
қалаларының  осылай  дамуына  Ұлы  Жібек  жолының  әсері  үлкен  болған.  Осы  қалада 
тұрған  елдің  саяси,  шаруашылық  және  мәдени  өміріне  зор  әсерін  тигізген,  оған  дәлел 
Талғар орнынан табылған тарихи бұйымдар. Сонымен Ұлы Жібек жолымен таратылған 
көне  бұйымдар  жеткен  жерлерінде  белгілі  бір  этникалық-мәдени  ортаның  әлеуметтік 
тағылымға қарай тапсырыстар жасауына жол ашты.  
Сонымен  Талғар  қаласының  мәдениеті  өте  бай  әрі  құнды  болып  отыр.  Орыс 
ғалымдары  В.  Бартольд,  А.Н.Бернштам  көп  еңбек  сіңірсе,  қазіргі  кезде  Қазақстан 
ғалымдары  Ақышев  Кемал  Ақышұлы,  Карл  Молдахметұлы  Байпақов,  Тамара 
Владимировна Савельева сияқты археолог мамандар әлі күнге дейін зерттеу үстінде.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы, 2005.  
2. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. II том. – Алматы: 
Атамұра, 2010. – 640 б. 
3. Пірімбетова М., Сәтбай Ә. Талғар тарихи – ұрпаққа мұра. – Талғар, 1998. 
4. Байпақов К. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы, 1998. 
5. Савельева Т.В. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі VIII-XVIII  ғасырлардағы 
отырықшылар мәдениеті. – Алматы, 1994. 
 
РЕЗЮМЕ 
Рахимжанова М.Д., преподаватель  
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет