Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

Берікболова А.А., студент 1 курса  
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Средневековая культура города Талгара 
В  этой  статье  рассмотренf  история  культуры  средневекового  города  Талгар. 
Исследуются вопросы о городах, об их строительствах, их архитектурных сооружения, а 
также достижения в средневековья.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
71 
 
Ключевые  слова:  Талхир  (Талхиз),  городская  культура,  жилища,  полезные 
ископаемые, исследовательские работы, хозяйства. 
 
SUMMARY 
 
M.D. Rakhimzhanova - teacher, 
 (Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
A.A. Berikbolova – 1
st
 course student  
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Medieval culture of the city Talgar 
In  this  article  explored  the  culture,exploringhistory,excavation  of  mediecaval  city 
TalgarIn  Zhetisuregion.It  is  considered  that  it  is  one  of  the  medieval  trading  cities  and  about 
city formation,incident structure of houses. 
Keywords: Talkhir (Talkhiz). The culture of the city. Villas. Copan wealth. Researching 
works. Economy. 
 
 
 
ӘОЖ: 94 (574) : 316. 34  
 
КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ТАРИХЫНА 
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ШОЛУ  
 
Б.Сайлан,  т. ғ д., профессор 
(Алматы қ.,әл-Фараби атындағы  
Қазақ Ұлттық университеті) 
 
Аңдатпа:  Қазақстандағы  жастар  саясаты  тарихын  зерттеу  Кеңестік  заманда  бір 
жақты зерттеліп, коммунистік партияның ізбасары ретінде ғана қарастырылды. Кеңестер 
Одағы  ыдыраған  тұста  комсомол  одағы  да  тарқап,  жастар  саясатына  байланысты  жаңа 
заңдар  қабылдана  бастады.  Мұндай  өзгерістер  жастар  саясатының  құрылымында  ғана 
емес, оның зерттелу тарихына да жаңа өзгерістер әкелді. Яғни жастар саясаты тарихын 
жаңа  методологиялық  тұрғыда  зерттеу  жүйесі  қолға  алынды.  Мұндай  методологиялық 
әдіс  жастар  саясаты  тарихын  шынайы  тұрғыда  зерттеуге  жол  ашты.  Жазылған 
мақаланың негізгі арқауы Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясатының тарихын 
жаңа методологиялық тұрғыда зерттеуге арналады. 
Түйін сөздер: жастар саясаты, методология, жастар, зерттеу, ғылым, қоғам, тарих. 
Еліміз  тәуелсіздігін  алғанға  дейін  кеңестік  тарихшылар  зерттеу  жұмыстарында 
марксистік  методологиялық  бағытты  кең  қолданып,  өздерінің  ұстанған  бағытында 
қоғамдық  құбылыстар  мен  үрдістерді  үстірт  қарастырды.  Бұл  концепция  тарихи 
дамудың  барлық  сатысын  формациялық  тұрғыда  қарап,  оған  методологиялық  және 
дүниетанымдық маңыз бере жеке дара дәріптеуге алып келді. Мәселені зерттеу маркстік-
лениндік  методология  шеңберінде  қарастыруда  маркстік-лениндік  тарихилық, 
объективтілік,  партиялық  принциптері  кеңінен  қолданылып,  осы  принциптер  негізінде 
талдаулар жасалды. Партиялық принципке сүйенген қазақстандық ғалымдар кеңес дәуірі 
тұсындағы  Қазақстандағы  жастар  саясатының  сыр-қырын  ашып  көрсеткенмен,  үкімет 
пен  партияның  айқын  бейнесін  шынайы  түрде  ашып  бере  алмады.  Әкімшіл-әміршіл 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
72 
жүйенің қыспағы, елдегі ауыр жағдай мен оны тудырған жайттар жабулы күйінде қалды. 
Мұндай  зерттеу  тәсілі  ғылымда  коммунистік  идеологияның  ықпалынан  туындап, 
большевиктік  билік  саясатын,  Ленин  өсиетін,  коммунистік  партияның  сара  жолдарын, 
коммунистік  жеңісті  насихаттауды  ғана  мақсат  тұтқандығын  көрсетіп  тұрды. 
Зерттеушілердің социализмнің салтанатын ғана дәріптеуі, әрине, үкімет идеологиясынан 
туындағаны сөзсіз. Сөйтіп, жастар саясаты тарихын талдауға алған тарихшылар кеңестік 
билік мүддесіне сәйкес қана тұжырымдар жасауға, сол жүйені дәріптеуге мәжбүр болды. 
Бұл  біріншіден,  партияның  үстемдігін  білдірсе,  екіншіден,  кеңестік  жүйе  тұсындағы 
жастар саясатының айқын түрде ашылмағандығын дәлелдейді.  
Қазақстанның  тәуелсіз  ел  болуы  оның  күрделі  тарихи  даму  кезеңдеріндегі  елеулі 
оқиғалар  мен  фактілерге  жаңаша  бағыт  беру  қажеттілігін  туғызды.  Әкімшіл-әміршіл 
жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көп жағдайда ақиқатты біржақты көрсетіп 
бұрмалап,  ұшқыры  пікірлерге  құрылған  теориялық  қорытындылардың  өмірге  келуіне 
себепші болды [1, 9-б.]. 
Методология  –  бұл  белгілі  бір  мәселені  зерттеудің  ғылыми  әдістемесі. 
Деректанушы  ғалым  О.Мұхатова  тарихнама  саласын  зерттеуге  байланысты  негізгі 
аспектілерін  бөліп  көрсеткенде  тарихи  еңбектердің  деректанулық  базасын,  деректерді 
пайдаланудың  сипатын,  зерттеудің  нақты  әдістерін  талдау  қажеттігін  ашып  көрсетеді. 
Сонымен  қатар  тарихнамалық  фактілерді  талдаудың  критерийлерін  айқындап, 
тарихнамалық  заңдылықтардың  ұғымын  ашуда  біріншіден,  қоғамдық  ғылымдар 
саласындағы 
білімді 
дифференциациялау 
және 
интеграциялау 
процесінің 
заңдылықтарын  зерттеу,  екіншіден,  тарихнамадағы  философиялық  категорияларды 
нақты айқындау, үшіншіден, тарихнаманың ғылыми критерийлерін анықтауды ұсынады 
[2, 37-38, 161-б.].  Ғалымның  бұл  міндеттері жаңа зерттеулерге тың серпіліс беріп, жаңа 
технологияларды ғылыми айналымға қосуда өз нәтижесін берері анық.  
Тек 1990 жылдардың басынан бастап қоғамдық мүмкіндіктерге сай тарих ғылымын 
зерттеу  методологиясы  жаңаша  бағыт  алды.  Кеңестік  жүйе  кезеңіндегі  қазақ  жастары 
саясатының  тарихын  бұрынғы  марксистік  методологиялық  бағыттан  бас  тарта,  ұлттық 
тарих  ғылымын  әлемдік  алдыңғы  қатарлы  методологиялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалана 
отырып  зерттеудің  маңызы  зор.  Ол  үшін  танымдық  білімді  игергеніміз  жөн.  Ғылыми 
таным  жолын  көрсететін  ұстанымдар  мен  тұжырымдамаларды,  теорияларды  саралай 
отырып,  алға  қойған  проблемаларды,  атап  айтқанда  Қазақстан  жастары  саясатының 
жүзеге асырылу тарихын қарастыруда қазіргі әдіс-тәсілдерді негіздеуді қолға алған жөн. 
Әдістің мән-мағынасын тану және оны қолданысқа дайындау үшін ондағы объектив пен 
субъективтің қарым-қатынасын дұрыс есептеу өте маңызды болып табылады.  
И.Д.Ковальченко  «Тарихи  зерттеу  әдістері»  деп  аталған  еңбегінде  танымдық 
қызметтің  тәжірибелік-эмпиризмдік,  көркем-эстетикалық  және  ғылыми  теориялық 
сияқты  үш  түрін  атап  көрсеткен  болатын.  Оның  пайымдауынша,  теория  бұл  пәндік 
тәжірибелік  және  танымдық  әрекеттерінде  болатын  таным  нысаны  туралы  нақты  мән-
мазмұндық білім болып табылады. Теорияның өзіне тән, жалпы және баршаға жалпылай 
болып  бөлінеді.  Бұл  топтастыруды  қоғамдық-әлеуметтік  ғылымдар  үшін  қолдана 
отырып нақтылауға болады [3, 94-95 б.]. 
Жастар  саясаты  тарихы  тақырыбының  күрделілігі  және  оның  құрылымындағы 
мәселелердің  түрлілігі  бұл  мәселенің  Қазақстан  тарихнамасындағы  рөлін  айқындауға 
мүмкіндік  береді.  Себебі  1917-1991  жылдардағы  Кеңес  өкіметі  тұсында  жастар 
саясатының  Қазақстанда  жүзеге  асырылу  тарихы  мен  оның  тағылымы  кешенді  түрде 
бүгінгі методологиялық талдауға сай зерттелініп, ғылыми бағасын алған жоқ.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
73 
 
Жалпы  мемлекет  тағдыры  мен  ондағы  жастар  тағдыры  ажырамастай  бірлікте. 
Олардың  өзара  әрекеттесуіне  олардың  бүгіні  мен  болашағы  байланысты  болады. 
Жастарға  қатысты  ойластырылған  саясат  пен  оның  тіршілік  әрекетіне  қолдау  көрсету 
аясында батыл әрекеттер жасау арқылы ғана өскелең ұрпақтың сеніміне ие болу мүмкін 
болмақ. Қазақстан жастарының алдында тәуелсіз елімізді ұлы мақсаттарға жетелейтін игі 
істерді бастап берген аға толқынның ізін жалғастырып, мемлекетімізді алдыңғы қатарлы 
дамыған елдердің қатарына қосу міндеті тұр [4]. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  жастар  жөнінде:  «Біз  Еуразия  кеңістігінде  ғылыми-инновациялық 
саланың  көшбасшысы  болуымыз  қажет.  Бүгінде  Қазақстан  әлемге  ашық.  Сондықтан 
жастар экономика, ғылым мен мәдениет секілді әр алуан салаларда өз бағын сынауға бар 
мүмкіндіктер жасалған», – деп көрсетуі осыған дәлел [5]. 
Әрбір  елдің,  тұтас  алғанда  бүкіл  әлемдік  қауымдастықтың  болашағы  жастармен 
тікелей  байланысты.  Ресейлік  ғалым,  жастар  институтының  ректоры,  профессор 
И.М.Ильинскийдің  пікірінше:  «Жастар  мен  қоғам  үнемі  ауысып  отыратын  өзара 
байланыста.  Бүгінгі  жастар  өмірлік  тәжірибе  жинақтай  отырып  ертеңгі  күні  белсенді 
жасампаз  күшке  айналады,  сөйтіп  өзінің  өмірлік  даналығын  жаңа  ұрпақтарға  береді. 
Сондықтан  да  болашақтағы  ересектер  –  бүгінгі  жастар  әрбір  қоғамның  ең  бағалы 
құндылығы  болып  табылады.  Әрбір  өміршең  дамушы  қоғам  үшін  барлық  ұрпақтардың 
үзілмейтін байланысы, өзара түсіністігі мен өзара әрекеттестігі ерекше маңызды. Қоғам 
тұрақтылығы мен бүгінгі  ұрпақтардың  болашақ алдындағы жауапкершілігінің кепілі де 
осы»,  –деп  бағалауы  біріншіден,  жастардың  қоғам  дамуының  ажырамас  бөлігі  екенін 
дәлелдесе,  екіншіден  қоғам  ауысқанымен  жастардың  ұрпақтар  сабақтастығын 
жалғастыруда үлкен рөлге ие екендігін аңғартады [6, 11 б.]. 
Жастарға  қоғамды  сақтау  мен  дамытуға,  оның  мәдениеті  мен  тарихының 
сабақтастығына,  үлкендердің  өмірі  мен  кейінгі  ұрпақты  өмірге  келтіруге,  басқа 
әлеуметтік  топтармен  ауыстыруға  келмейтіндей  ерекше  жауапкершілік  артылған.  Ол  – 
экономикалық,  саяси,  әлеуметтік-мәдени  дамудың  органикалық  субъектісі.  Қоғамның 
жастарды  әлеуметтендіру  мен  интеграциялау  бойынша  өз  әрекеттерінде  кезігетін 
мәселелер  жастардың  жылдам  өзгеріп  отырған  әлемдегі  қажеттіліктері  мен 
ұмтылыстары, қоғамның оларға ұсынатыны мен одан талап ететіндері арасындағы өзара 
үйлеспеушіліктен  пайда  болады.  Қайшылықты  шешу  үшін,  жас  ұрпақ  өз  қабілеттерін 
іске  асыру,  қоғам  дамуы  үдерісіне  сол  дамуға  қатысу  арқылы  өз  үлесін  қосуы  үшін 
жағдай жасау қажет. Білім беру мен тәрбиелеу арқылы жастарды қоғам әлеуметтендіріп 
қана  қоймайды,  жаңа  идеялар  мен  көзқарастар  ала  жүретін  жастар  да  өз  кезегінде 
қоғамды  өзіне  бейімделуге  мәжбүрлейді,  сонысымен  оны  өзгертіп  дамытады  [7,  54-55 
б.]. 
Жастар  саясатының  теориялық  мәселелерін  зерттеуге  ұмтылыс  кеңестік  кезеңнің 
қоғамдық  ғылымдарда  өткен  ғасырдың  30-40  жылдары  басталды.  Бұл  ретте  Л.Борзов, 
М.Қайыпназаров,  И.Шелекмановтың,  С.Нұрпейісов  және  И.Спиридоновтың  еңбектерін 
атауымызға  болады.  Ал  арнайы  ғылыми  зерттеулер  50-жылдары  қолға  алынып, 
ғылымның  негізгі  салаларының  біріне  айналды.  Жастар  мәселесінде  ашық  та  айқын 
түрде  толымды  тұжырымдар  айтқан  ұлт  зиялылары  да  болды.  Ақты  ақ,  қараны  қара 
ретінде  көрсетпек  болған  олардың  көзқарастары  сынға  ұшырап,  социалистік  жүйе 
жемісін көре алмаушылар ретінде кейіннен жазаланғаны да белгілі.   
Қазақстан  жастар  саясатын  қалыптастыру  мен  жүзеге  асыруда  біршама  тәжірибе 
жинақтай  алды.  Оның  нақты  ел  дамуының  ерекшеліктерін  ескере  отыра,  халықаралық 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
74 
ауқым мен ұлттық деңгейде әлемдік тәсілдер тұрғысындағы талдауы тарих ғылымының 
өзекті мәселесі болып табылады. 
Тарих  ғылымында  да  теория  мен  тұжырымдамалар  теріске  шығарылмай  немесе 
жетілдірілмей  қалмайды.  Бұған  таяу  уақыттарға  дейін  еліміздегі  тарих  ғылымында 
үстемдік  құрып  келген  маркстік-лениндік  ілімге  негізделген    ұстанымның  қалыптасу, 
даму және құлдырау кезеңдерін бастан кешуі дәлел бола алады.  
1917  жылдардағы  Қазақстан  жастарына  қатысты  үкіметтің  жүргізген  саясаты 
кеңестік жүйе тұсында біржақты ғана бағаланып, партияның сенімді көмекшісі, ізбасары 
ретінде  ғана  қарастырылды.  Кеңестік  маркстік-лениндік  ілімге  сүйене  тап  күресі  мен 
интернационализм ұстанымдарын басшылыққа алған партия жастар қозғалысының ішкі 
рухани  сұраныстарын,  олардың  мүдделерін  ескермеді.  Жастар  қозғалысының  өрлеуі  өз 
кезегінде  қандай  да  бір  факторларға  себепші  болатындығы  белгілі.  Саяси  күрес 
барысында большевиктермен қатар жүріп, белсенділік танытқан жастардың көпшілігі аз 
уақыт  ішінде  ірі  қоғам  қайраткері  болып  сараланып  шықты.  Қазақ  зиялы  қауымының 
көшбасшылары  саналы  жастарға  иек  артты,  оларға  рухани  тәрбие  бермекке  талпынды. 
Қазақ жастары ұлттық саяси элитасы өкілдерінің қатарын толықтырды.  
20-30  жылдары  Қазақстан  жастары  елдің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  өміріне 
етене  араласып,  1921-1922  ж.  ашаршылық,  жаңа  экономикалық  саясат,  жер-су 
реформаларының  жүргізілуі,  сауатсыздықты  жою,  халық  ағарту  саласын  көтеру, 
индустрияландыру,  ірі  байларды  тәркілеу,  күштеп  ұжымдастыру,  колхоздастыру,              
1931-1933  жж.  ашаршылық  тұсында,  «ұлтшылдық»  пен  «жікшілдікке»,  «халық 
жауларына» қарсы күресте өздерін алдыңғы қатардан көрсете білсе, ал Ұлы Отан соғысы 
мен  одан  кейінгі  шаруашылықты  қалпына  келтіру  тұсында,  тың  мен  тыңайған  жерді 
игеру және мал шаруашылығын көтеруде, Ауған соғысы тұсында, сондай-ақ 1986 жылғы 
желтоқсандағы  қозғалыстың  негізгі  күші  болды.  Кеңестер  Одағының  ыдырап,  оның 
құрамындағы  республикалардың  өз  тәуелсіздігін  жариялауы  жастар  қозғалысына  жаңа 
нышан туғызды.  
Міне, осы себептен зерттеу барысында, кеңестік жүйе кезіндегі маркстік-лениндік 
тұрғыда  қарастырылып  келген  методологиялық  бағыттан  бас  тартып,  плюралистік 
қағидаға  сүйене  отырып  мәселені  қарастыру  –  зерттеу  жұмысымызды  шынайы 
шындыққа жеткізеді деуге болады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 
320 б. 
2. Мұхатова О. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. Оқу 
құралы. – Алматы: Атамұра, 2008. – 189 б. 
3. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. Он томдық. – Астана: Фолиант, 2006. 8-
т. – 544 б. 
4. Назарбаев Н.Ә. Болашақ жастардың қолында // Президент және халық. 2008. –  
№20 (142), 16 мамыр. 
5. Назарбаев Н.Ә. Елбасы және жастар саясаты // Президент және халық. 2009. – 
№41/42, 23 қазан. 
6. Зайниева Л.Ю. Государственная молодежная политика: Казахстан в контексте 
мирового опыта. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 296 с. 
7. Радионов В.А. Государственная молодежная политика: история и перспективы // 
В кн.: Молодежь 97: Надежды и разочарования. – М., 1997. – С. 54-55. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
75 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Сайлан
 
Б.,
 
д. и. н.,профессор 
 
(г. Алматы, КазНУ им.аль-Фараби) 
Методологический обзор истории молодежной политики при советской власти 
В данной статье проводится новый методологический обзор истории  молодежной 
политики  советской  власти.  Потому  что  в  советский  период  исследования  истории 
молодежной 
политики 
проводились 
односторонне, 
рассматривались 
с 
коммунистической  точки  зрения.  С  приобретением  независимости  Республики 
Казахстан,  изучение  молодежной  политики  советской  власти  стало  рассматриваться  в 
новом методологическом векторе, стало исследоваться с истинной точки зрения. Распад 
Советского  Союза  и  приобретение  союзными  республиками  независимости,  породили 
новое  значение  молодежного  движения  и  открыли  путь  ее  исследованию  новыми 
методами, что и стало мотивом для написания этой статьи. 
Ключевые  слова:  молодежная  политика,  методология,  научное  исследования, 
наука, общество, история. 
 
SUMMARY 
 
B. Sailan
,
 
Doctor of Historical Sciences,
 
professor 
(
Kazakh National Universety named after al-Farabi) 
 
Methodological overview of the history of youth policy under the Soviet regime 
 
A new methodological review of the history of the youth policy of the Soviet government 
is conducted in this article. Because the researches of youth policy in Soviet period conducted 
unilaterally,  viewed  from  the  communistic  perspective.  Since  independence  the  Republic  of 
Kazakhstan  the  studying  of  youth  policy  of  Soviet  authority  was  considered  in  the  new 
methodological  vector,  was  explored  with  true  perspective.  Collapse  of  the  Soviet  Union  has 
created  a  new  value  of  the  youth  movement  and  opened  the  way  for  new  methods  of  its 
investigation, and that was the motivation for writing this article. 
Keywords: youth policy, methodology, research, science, society, history. 
 
 
ӘОЖ 94 (574): 316. 34    
  
ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ  
 
Б.Сайлан, т. ғ д., профессор 
(Алматы қ.,әл-Фараби атындағы  
Қазақ Ұлттық университеті)
А.Текеев, студент 
(Алматы қ.,әл-Фараби атындағы  
Қазақ Ұлттық университеті) 
 
Аңдатпа: Жетпіс жыл үстемдігін орнатып келген Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан 
тәуелсіздік  алған  жылдары  армия  қиын  кезеңді  бастан  өткерді.  Ал  бүгінде  тарих  үшін 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
76 
қас-қағым сәт саналатын 20 жылда заман талабына сай әскерімізді қалыптастырдық деп 
айтуға  толық  негіз  бар.  Мемлекеттік  саясаттың  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
саласындағы  алғашқы  қадамдарының  бірі  ҚР  Президентінің  1991  жылғы  25  қазандағы 
«Қазақ  КСР-і  Мемлекеттік  қорғаныс  комитетін  құру  туралы»  Жарлығы  болды.  16 
желтоқсанда ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданып, 
ол  «Қазақстан  Республикасы  өзінің  тәуелсіздігі  мен  аумақтық  тұтастығын  күзету 
мақсатында өз Қарулы күштерін құруға құқылы» деп анықтады. Осылайша өзінің дербес 
армиясын  құруға  заңды  құқығын  ҚР  1992  жылғы  7  мамырда  Президенттің  «Қазақстан 
Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шығуымен іске асырды. 
Түйін  сөздер:  Қазақстан  Қарулы  Күштері,  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы, 
Әскери доктрина, НАТО, Қауіпсіздік кеңесі. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  жариялаған  тұстан  бастап  Қарулы  Күштер 
құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды проблема ел армиясының нормативтік-
құқықтық негізін құру болды. 1993 жылғы ақпанда ҚР-ның алғашқы Әскери доктринасы 
қабылданды.  Онда  Қазақстанның,  егер  оның  өзі  немесе  одақтастары  қарулы  агрессия 
объектісіне айналмаса, қандай да бір мемлекетке қарсы әскери іс-қимылдарды ешқашан, 
ешқандай  жағдайда  да  бірінші  болып  бастамайтындығы  көрсетілді.  Доктринада  біздің 
республиканың  ешкімге  қауіп  төндірмейтіндігі,  барлық  мемлекеттермен  қарым-
қатынасты  қауіпсіздік  мүддесін  өзара  ескеру  негізінде  құруға  әзір  екендігі,  әскери 
үстемдікке де ұмтылмайтындығы атап көрсетілді [1]. 
Ант,  жарғы,  әскери  доктрина,  идеология,  қамтамасыз  ету  жүйесі,  елдің  алғашқы 
әскери  басшылығы  құрылды,  әскери  кадрларды  даярлау  базасы,  командалық  құрамды 
тағайындау сияқты мәселелердің барлығын келешек үшін заманауи тұрғыда шешу қажет 
болды. Әскери ведомствоға бюджет қаржыларының әскерлер қолындағы қару-жарақтар 
мен  әскери  техниканы  жауынгерлік  дайындықта  ұстап  тұруға  ғана  жететіндей  аз  ғана 
бөлігі бөлінді. 1993 жылы еліміздің әскери бюджеті бәрі 8 млрд. теңгені құрады [2]. 
Түрлі  өзгерістерге  байланысты  екінші  Әскери  доктрина  2000  жылы  қабылданды. 
Осы  Әскери  доктрина  әскери  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  етуге  бағытталған  1993  жылғы 
Әскери  доктринаның  негiзiнде  әрi  оны  дамыта  отырып  әзiрлендi.  Жаңа  Әскери 
доктринаны қабылдаудың қажеттілігі қоғамдық өмірде, соның ішінде әскери салада жаңа 
ұлттық  мүдделердің  қалыптасуымен  байланысты.  Осы  Әскери  доктрина  әскери  салада 
1999-2005 
жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы  ұлттық  қауіпсіздігі 
стратегиясының  негізгі  ережелерін  нақтылады  және  мемлекеттік  шекара  шебінде 
Қазақстан  Республикасының  әскери  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,  агрессия  жасалған 
жағдайда  елдің  қорғанысын  ұйымдастыруға,  сондай-ақ  ұжымдық  әскери  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  жөніндегі  одақтас  мемлекеттермен  бірлескен  күш-жігерді  үйлестіруге 
бағытталды [3]. 
Қазақстан  армиясының  құрылуы  туралы  сөз  қозғағанда  Елбасы  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтың  еңбегіне  тоқталуымыз  қажет.  Жоғарғы  бас  қолбасшы  ретінде 
Н.Ә.Назарбаев армия құрыларда «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «Менің әскери 
мәселелерге тоқталуым тегін емес. Бәрінен бұрын осы әскери-техникалық және әскери-
стратегиялық салада қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, тіпті, тұтас қоғамдық-саяси 
жүйелердің  шын  қауқары  анық  көрінеді»,  –  деп  жазған  болатын  [4,  26  б.].  1991  жылы 
тәуелсіздігін  алғаннан  бастап  Президентіміз  елдің  Қарулы  Күштерінің  қалыптасуына 
белсене араласып, оны заман талаптарына сай жоғары сапада жетілдіру мәселесін қолға 
алды.  Бұл  туралы  Халық  Қаһарманы  С.Нұрмағамбетов  өз  еңбегінде:  «Елбасының 
Қарулы  Күштерді  құру  туралы  Жарлығы  шыққаннан  кейін  ұйымдасып,  қажырлы 
еңбектену  қажет  болды.  Біз  әскерлер  арасында  үлкен  түсіндіру  жұмыстарын  жүргіздік. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
77 
 
Бұл  жұмысты  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өзі  басқарды.  Президент  барлық 
үлкен  гарнизондарда  болып,  әскери  бөлімдер  басшыларымен,  жеке  құраммен  және 
олардың  отбасыларымен  кездесті,  сондай-ақ,  олардың  оқу-жаттығуларына  да  қатысты. 
Мемлекет  басшысы жас мемлекеттің қорғаныс саласының тағдырына қатысты:  «Ешкім 
сендерге 
тимейді. 
Сендер 
басқарып 
отырған 
орындарыңда 
боласыңдар. 
Қаржыландыруды біз қамтамасыз етеміз. Ескертемін, бірақ бірде-бір «ине» жоғалмайтын 
болсын», – деп жазды [5, 1-2 б.]. 
Халықаралық 
қауіпсіздік 
пен 
мемлекеттер 
қауіпсіздігі 
дүниежүзілік 
қоғамдастықтағы  мемлекеттердің  сыртқы  саяси  қызметіндегі  ең  басты  бағыт  болып 
қалып  отыр.  Бұл  тұрғыда  әскери  саладағы  ынтымақтастық  қарым-қатынастар. 
Қазақстанның  алдына  қойылған  басым  міндет  Республиканың  сыртқы  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету  және  дүниежүзіндегі  жетекші  державалар  тарапынан  кепілдіктер  алу 
болды. Бұл тұрғыда ТМД шеңберіндегі әскери саладағы ынтымақтастықтың маңызы зор. 
Бұлай  болатын  себебі  –ТМД  КСРО  Қарулы  Күштерінің  мұрагерлері  болып  табылады, 
яғни  бұлардың  қару  үлгілері  бірдей,  ұйымдық  құрылымы  ортақ,  тактика  мен 
стратегияны  пайымдауы  біркелкі,  ұжымдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі 
міндеттерінің  ортақтығы  бар.  ТМД  елдерінің  ұжымдық  қауіпсіздік  жүйесін  құруы  мен 
әскери-саяси ынтымақтастығының құқықтық негіздерін таратып айтайық. 
Достастық жарғысының ІІІ тарауы әскери-саяси мәселелерге арналған. Онда мүше 
мемлекеттер халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қару-жарақты бақылау, қарулы 
күштерді  құру  саласында  мақұлдастық  саясатын  жүргізеді.  Бұл  ретте  әскери 
бақылаушылар  топтарының  және  бейбітшілікті  сақтау  жөніндегі  ұжымдық  күштердің 
көмегіне де сүйенеді деп атап көрсетілген [ 6, 263-276 б.]. 1992 жылы 14 ақпанда ТМД 
Қорғаныс  министрлерінің  кеңесі  тағайындалды.  Сол  жылы  20  наурызда  мына 
келісімдерге  қол  қойылды:  ТМД-ның  қорғаныс  мәселелері  жөніндегі  жоғары 
органдарының  өкілеттілігі  туралы;  өтпелі  кезеңдегі  Біріккен  қарулы  күштер  туралы; 
ТМД біріккен қарулы күштері қызметінің құқықтық негіздері туралы; ТМД-ға қатысушы 
мемлекеттердің  қарулы  күштерін  қарумен,  әскери  техникамен  және  басқа  материалдық 
құралдармен  қамтамасыз  ету,  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибе-конструкторлық 
жұмыстарды ұйымдастыру принциптері туралы [ 7, 232-233 бб]. Әуе шабуылына қарсы 
(ӘШҚ)  біріккен  жүйесі  шеңберінде  «Жауынгерлік  достастық-98»  жаттығулары  әскери 
ынтымақтастық аумағындағы басты оқиға болып саналады. 
Біздің  тарихи  тамырлас  көршіміз  –  Ресей.  Ресеймен  қай  салада  болсын 
ынтымақтастықтың  маңызы  өте  зор.  Қазақстан  мен  Ресейдің  әскери  ынтымақтастығы 
туралы  айтқанда,  бұл  терең  талдап,  зерделеуді  қажет  ететін  мәселе  екенін  атап  өткен 
жөн.  1994  жылғы  28  наурызда  Ресей  мен  Қазақстан  арасында  әскери  ынтымақтастық 
жөніндегі шарттар мен келісімдердің алғашқы дестесіне қол қойылды. Олардың ішіндегі 
аса  маңызды  Әскери  ынтымақтастық  туралы  шарт  соңында  Ресей  мен  Қазақстан 
арасында әскери мәселелер бойынша жасалған шарттар мен келісімдердің негізі болды. 
Атап айтқанда, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы, Қазақстан Республикасының 
аумағындағы  стратегиялық  ядролық  күштер  (СЯК)  туралы,  1994  жылы  арнайы 
мүліктерді,  материалдық  құрал-жабдықтарды  өзара  алмасу,  әскери  мәндегі  қызмет 
көрсету және әскери-техникалық ынтымақтастықтың осы түрлері үшін есептесу туралы 
келісімдерге  қол  қойылды  [6,  167-168  беттер].  Ресей  мен  Қазақстанның  әскери 
ынтымақтастығына себепші факторлар аз емес, солардың ең бастысы – екі мемлекеттің 
де  әскери  қауіпсіздігі.  Қазақстан  мен  Ресейдің  геосаяси  жағдайы  мынаған  саяды: 
Қазақстан  Республикасын  әскери-стратегиялық  одақтасы  ретінде  танымайынша  Ресей 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
78 
өзінің  әскери  қауіпсіздігі  проблемаларын  іс  жүзінде  қалай  шеше  алмайтын  болса, 
Қазақстанның  да  өз  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  тарихи  сенімді  одақтасы  мен 
стратегиялық әріптесі ретінде Ресей оған дәл  солай қажет. Сол себепті көрші Ресеймен 
болатын әскери ынтымақтастықтың болашағы да зор деп айтуға толық негіз бар. 
Қазақстан  армиясының  тағы  бір  жетістігі  әлемнің  алпауыт  державалары 
басқаратын  НАТО-мен  қарым-қатынас  орната  алуы.  Қазақстан  мен  НАТО-ның  қарым-
қатынасы  НАТО-ның  бұрынғы  Бас  хатшысы  М.Вернердің  1992  жылғы  қарашадағы 
Алматыға  сапары  кезінде  және  Президент  Н.Назарбаевтың  1993  жылғы  ақпандағы 
НАТО-ның штаб-пәтеріне жауап сапары кезінде басталды.  
Қазақстанның  НАТО-ға  толық  құқықты  мүше  болуға  ниеті  жоқ.  Бірақ  өзінің 
сыртқы  саясатының  принциптерін  негізге  ала  отырып,  Қазақстан  Батыс  және  Шығыс 
Еуропа  елдерінің,  сондай-ақ  кеңестен  кейінгі  республикалардың  әскери-саяси 
ынтымақтастығын  жандандыру  бүкіл  Еуразия  кеңістігінде  сенім  білдіру  ахуалын 
нығайту  үшін  пайдалы  деп  есептейді.  Сонымен  қатар  НАТО-мен  бірге  бірлескен 
жобаларға  қатыса  отырып,  Қазақстан  ең  алдымен  жеке  қарулы  күштерінің  әзірлік 
деңгейін  көтеруді  мақсат  етіп  отыр.  Бірінші  кезекте  бұл  әскери  ынтымақтастық  және 
оқу.  НАТО  мен  Қазақстан  арасында  байланыс  орнатылған  уақыт  ішінде  200-ден  астам 
қазақстандық  офицерлер  «Бейбітшілік  жолындағы  әріптестік»  бағдарламасының  түрлі 
іс-шараларына НАТО-ға мүше елдерде, сондай-ақ әріптес елдерде өткізілетін курстарға, 
семинарларға,  жұмыс  бабындағы  кездесулерге  қатысты.  НАТО-ның  әскери-оқу 
мекемелерінде  –  Римдегі  (Италия)  және  Обераммергаудағы  (Германия)  мектептерде, 
Гармиш-Партенкирхен  (Германия)  қаласындағы  Дж.Маршалл  атындағы  стратегиялық 
зерттеу  және  қорғаныс  экономикасы  орталығында  және  тағы  басқаларында  оқыған 
Қазақстан  әскери  қолбасшылығының  көптеген  өкілдері  НАТО  елдерінде  қарулы 
күштерді  ұйымдастырудың  және  олардың  жұмыс  істеуінің  түрлі  аспектілерімен 
танысуға  тамаша  мүмкіндік  алды.  1995  жылдан  бастап  қазақстандық  офицерлер  БЖӘ 
бағдарламасының  түрлі  жаттығуларына  байқаушылар  ретінде  қатысты.  Қазақстан 
Қарулы  күштері  әскери  академиясының  курсанттары  АҚШ-тың  Форт-Полк  әскери 
базасында НАТО-ның бітімгершілік оқу-жаттығуларына қатысты. 1997-1998 жж. екі рет 
медициналық  көмек  көрсету  жөнінде  американдық-қазақстандық  жаттығулар  өткізілді              
[ 7, 322-323 б.]. 
Қазақстан  тарапы  Альянспен  қарым-қатынасты  жан-жақты  дамытуға  ниеттеніп 
отыр  және  «Бейбітшілік  жолындағы  әріптестік»  бағдарламасы  шеңберіндегі  өзінің 
міндеттемелеріне  адал  болып  қалады.  Қазақстан  жүзге  жуық  іс-шараларды  қамтитын 
1998-2010 жылдарға арналған әріптестіктің жеке-дара бағдарламасын орындады. НАТО-
ның бас хатшысы Дж.Робертсонның 2000 жылғы Қазақстанға ресми сапары барысында 
да  Қазақстандық  тарап  НАТО-мен  кеңейтілген  әріптестікке,  бірінші  кезекте  әскери 
кадрларды даярлау мен қорғаныс құрылысы мәселелерінде әріптестікке алдағы уақытта 
да өзінің дайын екенін мәлімдеді. 
Мемлекеттің  Қарулы  күштерінің  құрылуы  және  болашақтағы  әскери  мамандарды 
даярлау  жүйесіне  елеулі  өзгерістер  енгізуді  талап  етті.  Қазақстанның  қорғаныс 
саласының  негізі  қаланған  күннен  бастап  Н.Ә.Назарбаев  әскери  құрылысты,  ұлттық 
әскери  ғылыми  базаны  құру  мен  оны  дамыту  үшін  әскери  мамандарды  даярлаудың 
өзектілігіне назар аударды. Тәуелсіздік жылдары Президент қамқорлығының арқасында 
елімізде  көптеген  әскери  оқу  орындары  құрылды,  бүгінде  олар  Қарулы  күштерімізді 
қажет  кадрлармен  қамтамасыз  ете  алады.    Бұл  туралы  «біз  жоғары  интеллектуалды 
потенциалы  бар,  шет  тілдерін  білетін,  қазіргі  заманғы  техникамен  жұмыс  істей  алатын 
офицерлер  мен  келісімшарт  бойынша  әскери  қызметшілер  легін  дайындауымыз  керек. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
79 
 
Бұл үшін бізде барлық жағдай жасалған. Озық мемлекеттер тәжірибесін ескере отырып, 
әскери  білімнің  жоғары  оқу  орындарынан  тұратын  отандық  жүйесін  жасай  алдық»,  – 
деген болатын армия генералы М.Алтынбаев [ 8, 2-3 б.]. 
Қазіргі  күнге  дейін  өзінің  ұзақ  тарихымен  әскери  кадрларды  даярлау  саласында 
қажырлы  еңбек  етіп  келе  жатқан  Қазақстандық  әскери  ЖОО  қатарына  –  жоғарғы 
офицерлік  құрамды  даярлайтын  Ұлттық  қорғаныс  университеті,  Құрлық  әскерлерінің 
әскери  институты,  Екі  мәрте  Совет  Одағының  Батыры  Т.Бигельдинов  атындағы  әуе 
қорғаныс  әскери  институты,  Радиоэлектроника  және  байланыс  әскери  инженерлік 
институты,  Теңіз  әскери  институты,  ҚР  азаматтық  жоғары  оқу  орындардағы  әскери 
кафедралар 
жатады. 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаевтың 
қамқорлығымен 
С.Қ.Нұрмағамбетов  атындағы  Жас  Ұлан  1999  жылы  құрылып,  жас  ұландарды  жоғары 
әскери оқу орындарына түсуге дайындайды, Конституция мен әскери борышқа адалдық, 
патриотизм рухында тәрбиелейді.  
Қорытындылайтын болсақ, шетелдік сарапшылардың бағалауынша,  Қазақстанның 
Қарулы күштері кеңестен кейінгі кеңістіктегі озық үштіктің қатарында, ал Орталық Азия 
аймағында  біздің  армия  ең  үздік  деп  танылды.  Қазақстанның  армиясы  кез  келген 
жағдайда  Жоғарғы  Бас  қолбасшы  қойған  міндеттерді  мүлтіксіз  орындауға  қабілетті. 
Қуатты әскеріміз мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне сенімді кепіл бола алады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет