СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Михеев В. Экономика Китая: новые горизонты // Экономист, №5, 2002.
2. Компартия Китая обещает пик могущества и богатства к 2049 году /
http//news2000.com.ua.
3. Выдрин Д. Угроза смертной казни слабее «Мерседеса» и намного слабее
«Бэнтли»./ http://news2000.com.ua.
4. Кит Б. Ричбург. Компартия Китая пытается вернуть себе былую славу./
http://www.inopressa.ru
5. Мозиас П. Идеология экономических реформ в Китае: основные этапы
эволюции. //Мировая Экономика и Международные Отношения, №1, 2007.
6. Карнеев А. Компартия Китая: Переход на новую модель развития должен
изменить критерии оценки кадров»./ http://rus.ruvr.ru/2 июля 2013 г.
7. В Китае начался эксперимент по «перевоспитанию» членов
Компартии./http:www.vesti.az/news/23 сентября 2013г.
8. Компартия Китая будет крушить «карьеру по-знакомству»/httр://argument.ru/26
июня 2013г.
9. Верченко В.Н. Станет ли XXI век веком Китая? Манковские дискуссии о роли
Китая/пер.с англ. – М., 2013.
10. Лузянин С. Компартия Китая: давление слева /http:www.mgimo.ru/ 2011/11/21.
11. Маслов А. Китай против семи западных грехов /http://www.gazeta.ru
ТҮЙІНДЕМЕ
Омурова Б.Н., Халықаралық қатынастар кафедрасының аспиранты
(Бішкек қ., Қырғыз–Ресей–Славян Университеті)
Қазіргі Қытайдағы Коммунистік партияның орны мен рөлі
Мақалада
компартияның
басшылығының
арқасында
Қытай
Халық
Республикасының жеткен жетістіктері туралы да айтылады. Мақаланың соңына қарай,
Қытай коммунистік партиясы – авторитарлық партияны көз алдыңа елестетіп, өз
азаматтарына еркіндікті шектетіп немесе халық мүддесін арашалаушы орган ретінде
көрсетіледі. Қорыта келгенде айта кететін жайт, Қытай коммунистік партиясы қазіргі
кезеңде Қытайда үлкен де жағымды рөл атқарады.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
58
Түйін сөздер: Қытайдың Коммунистік партиясы, партия мәселелері, елдегі
партияның орны мен рөлі, Қытай Халық Республикасы, партияның бағдарламасы мен
жарғысы, мақсаттары, табыстары, мамандар, қайта даярлау, талдау.
SUMMARY
B.N. Omurova -
graduate student of Department of International relations
(Bishkek ,Kyrgyz-Russian
Slovenian
University)
Place and role of the Communist party in present China
The article «The place and the role of CCP in modern China» researches important
problems existing in China and inside the ruling party which can threat the state’s and CCP’s
integrity. Along with the problems the given work points out success of the state reached under
the communist party’s management. The main question given in the end of the article is “What
is CCP like? Is it an authoritarian party which limits citizens’ freedom or the body protecting
and representing people’s interests?” . The answer оf this question is shown in the conclusion
which underlines important and positive role of China’s Communist Party in the life of modern
China.
Keywords:
Communist Party of China, the problems of the party, the place and role of the
party in the country, China, and the Constitution of the Party program, goals, success, the pilot
project, staff, retraining analysis.
ӘОЖ 950/959: 930
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЛАЛАР
ТАРИХЫ
Ш.Ө. Өнербаева, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада Орта ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек
жолы бойындағы ортағасырлық қалалар тарихы туралы айтылады.
Түйін сөздер: Ұлы Жібек жолы, Лазурит жолы, Нефрит жолы, Дала жолы, Оңтүстік
қақпа, Базар дарбоза, Солтүстік қақпа, Бел дарбоза, Шығыс қақпа, Қарамұрт дарбоза.
Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстан өңірінде көптеген қалалар болды. Бұл қалалар
Ұлы Жібек жолының бойында орналасты. Ұлы Жібек жолы – жібек саудасына
байланысты «Жібек жолы» деп аталған. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең-
байтақ Шығыс өлкелері мен Батысты байланыстырып жатуынан. Сондықтан бұл «Ұлы
Жібек жолы» деп тарихқа енді.
Бұл жол – Еуразия халықтарының рухани мәдениетін дамытуда аса маңызды
қызмет атқарған. Ұлы Жібек жолы жайында қытай, грек, латын жылнамаларында, араб
саяхатшылары мен ғұламаларының жазбаларында, ХІІ-ХІІІ ғасырларда осы жол
тармақтары арқылы шығыс елдеріне саяхат жасаған еуропа миссионерлерінің де
жазбаларында сақталған. Көрнекті шығыстанушы В.В. Бартольд бұл туралы өз
еңбектерінде атап өткен [1]. Қазіргі кезде Қазақстан жерінің Ұлы Жібек жолы
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
59
бойындағы қалаларына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, көптеген
архитектуралық ескерткіштер қалпына келтірілген. Бұл жайында монографиялар мен
көптеген мақалалар жарық көрді [2].
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхе өзенінің аңғарындағы аймақтан
басталады. Жібек жолы бойымен қатынастар мен зат алмасу байланыстары б.з.д. ІІІ-ІІ
мыңжылдықта басталған. Бұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл)
кені, ал Хотон аймағындағы Жаркент – Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк
минерал) кені ашылуына орай жолға қойылған. Бадақшаннан
шығарылған
лазурит
көптеген елдерге шығарылып жатты, ол І мыңжылдықтың ортасында Қытайға да
жеткізіле бастады. Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен, Үндімен
жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс
Түркістанды Қытаймен жалғастырды. Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта
кезінен тарих атасы Геродоттың жазбалары бойынша «Дала жолы» пайда болды. Бұл
жол Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін жеткен.
Жібек жолы тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына біздің дәуірімізге
дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап айналады. Бұл жол ІІ-V ғасырларда, егер
Шығыстан бастасақ, ертедегі Қытай астанасы Чаньниден басталып, Ланчжоу
ауданындағы Хуанхе өткеліне беттейді, одан әрі Нань-Шаньның солтүстік сілемдерін
қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне «Яшма қақпалары заставасына» жетеді.
Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігін орап өтіп, үшке
айырылады, солтүстік, орта, оңтүстік болып. Солтүстік тармағы Хами, Турфан,
Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді. Ортаңғы жол тармағы
Чаочаннан Қарашарге, Ақсуға және Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жетеді. Оңтүстік
тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп,
«Оңтүстік жолы» атанды. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд,
Бұхара, Мерв арқылы Сирияға жеткен [3].
Солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа
бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі
ағысымен Батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік шығыс жағын айналып,
Еуропаға қарай барған.
Қытай деректеріне қарағанда б.з. I ғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы
елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға
немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта
Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әртүрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық
сауда жолдары арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс
елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық
құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла
бастаған. Жібекті Халықаралық саудаға шығарғанымен, оны өндіру тәсілін Қытай
өкіметі өте құпия сақтаған.
VI–VII ғасырларда Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын осы қысқа
қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері арқылы өтетін жаңа жол
жандана түсті. Жолдардың бұлайша алмасуы біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы
өтетін сауда жолын түрік қағандары қадағалап отырды, екіншіден, Ферғана жолы VII
ғасырда өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналады, үшіншіден, түрік
ауқаттылары теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға
айналады [4].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
60
VII ғасырда Жібек жолының орталығы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болған Батыс
Түрік қағанаты кезінде гүлденіп, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы
феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарды. Жетісуда бұл Жол талай
қалалардың қалануына, Қазақстанның Оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзына бойында
тұрған немесе онымен сауда-сараптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп
үлкеюіне септігін тигізді.
Өзара талас-тартыстар мен соғыстар, Қытайда теңіз жолдарының игерілуі XIV
ғасырда бұл жердегі қалалық мәдениетті тұйықтатып, күйреуге жеткізген. Ал бұған
дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу арқылы өтетін бұл жолдан керуен арылған
емес.
Ұлы Жібек жолы және оның бойындағы қалалар туралы алғашқы мәліметті біз
будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз. Ол 629 жылы буддизмді тарату
мақсатымен Орта Азияны басып Үндістанға дейін барып, кейін сол жолмен қайтып
оралған. Ол қолжазбасында Ыстықкөл, Тоқмақ, Мерке, Әулие Ата, Шымкент арқылы
Ташкентте болғандығын жазады.
Ұлы Жібек жолы бойында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде көптеген
Қазақстанның қалалары пайда болды. Қазақстанның оңтүстігінен 225 қала орны
табылды: Буддухкет, Испиджаб, Отырар, Шауғар т.б. Жетісудің оңтүстік батысында 27
қала болған: Тараз, Құлан, Атлах, Жамукет, Мерке т.б. Жетісудың солтүстік шығысында
ІХ-Х ғасырларда 70 қала болған.
Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда, діни орталық болған қала – Испиджаб
(Сайрам) қаласы. Бұл қалада 1103 жылы атақты ақын, суфий Қожа Ахмет Ясауи дүниеге
келген. Анасы Қарашаш-ана мен әкесі Ибрахим-ата мазарлары осы күнге дейін қазіргі
Шымкент қаласының маңындағы осы Сайрам қалашығында сақталған, мемлекет
қамқорлығында.
Алғаш рет қазақ даласына араб мәдениеті осы Сайрам арқылы ауысқан. Мұсылман
дінінің қазақтарға таралуы да осы қалаға тікелей байланысты. 840 жылы Испиджабты
араб қолбасшысы Нух ибн-Асад басып алып, оның халқын мұсылман дініне кіргізеді.
Сайрам ертеректе буддизмді таратушы орталық болса, енді ІХ ғасырдан бастап ислам
дінін уағыздайтын орталыққа айналады. Араб жазуы да сол кезден бастап қолданыла
бастады. Бұл қала жөнінде араб тарихшылары Испиджабқа жұма қонған адам басына
сәлде орап шығады деген.
Қазақ жеріндегі ең базары мен мешіті көп осы Испиджаб-Сайрам қаласы болды.
Қала туралы деректер сонау VІІ ғасырдан белгілі. Сюань-Цзяннің қолжазбасында «Ақ
өзендегі қала» деп еске алынған. ІХ ғасырда Испиджаб атауы Махмуд Қашқаридің
деректері арқылы айқындала түседі. «Сайрам, – деп, жазды ол, – Испиджаб аталынып
жүрген ақ қаланың атауы. Оны Сайрам деп те атайды», – деген [5]. Қала Х ғасыр мен ХІІ
ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалаға айналды. Қаланың
орталығы Медине деп аталды. Мединенің төрт қақпасы болды – Нуджкент, Фархан,
Шавкан, Бұқара қақпалары. Бұл қақпаларда шығыс пен батыс елдерінен келген тауарлар,
жергілікті жердің еті мен малының саудасы жүргізілген. Бұлармен қатар қаланың төрт
бұрышында да қақпалары болған. Оңтүстік қақпа – Базар дарбоза, Солтүстік қақпа –
Белдарбоза, Шығыс қақпа – Қарамұрт дарбоза, Батыс қақпа – Шымкент дарбоза деп
аталған. Қаланың 1700 рабады (керуен сарайлары) мен көптеген базарлары болған. Бұлар
Нахшебу, Самарқант, Бухара көпестерінің иелігінде болған.
Испиджаб ірі әкімшілік орталығы ғана болып қалған жоқ, өтпелі сауда орталығы
ретінде де маңызы жоғары болды. Түрлі елдердің саудагерлері осы қалаға тоқтап, сауда
жасайтын. Қала көпестері Балх, Мерб, Бухара, Хорезм көпестерімен бірге Бағдат
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
61
базарларында сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа тұтқынға түскен
құлдар, маталар, қару-жарақ, қылыштар, сондай-ақ мыс пен темір сатылатын. Алтын,
күміс, металл өндіруде қала маңындағы кен байлықтары оның даңқын талай жерге
апарды.
Қалада қолөнер кәсібі жоғары дәрежеде дамыды. ІХ-Х ғасырларда Испиджабта
және Оңтүтік Қазақстан жеріндегі басқа қалаларда да керамика, қыш кезе, шыны
ыдыстар жасаумен, ұсталық, зергерлік жұмыстарымен айналысты. Тибет емшілерінен
кем түспейтін дәрігерлер болды. Қала шеберлері мыстан құмыралар, әшекей, ұсақ-түйек
сақтайтын қобдишалар, шырақтар, киімдерге, қару-жарақтарға, аттың әбзелдеріне
әшекей бұйымдар жасады. Бұл нәзік те әдемі, мықты шеберлікпен жасалынған бұйымдар
жер бетінің көптеген елдеріне тарады.
Қала тұрғындары егіншілікпен де айналысып, қысқа жеміс-жидектер дайындап, ірі
қара мал ұстап, қолда қой өсірді. Қала өз теңгесін шығарды.
Сайрам халқының этникалық құрамы әртүрлі болды. Қалалықтар құрамында
иранша да, түрікше де сөйлей алатын ежелгі қалалық тұрғындар әулетімен бірге қалада
тұрақты отырықшылана бастаған көшпенділер де (қыпшақтар, кейіннен қазақтар) бар еді
және олардың саны тұрақты түрде өсіп отырған.
Испиджабтың гүлденіп көркеюі ХІІІ ғасырдың басына дейін, яғни Оңтүстік
Қазақстан, Орта Азия мәдениетінің өрлеу үстіндегі қарқынын күрт үзген татар-моңғол
шабуылына ұласқан оқиғалар болғанға дейін созылды. Қазіргі кезде Испиджабтың –
Сайрам аты Шымкент іргесіндегі ортағасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған
қалашықта сақталған. ХІҮ-ХҮ ғ. Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы
қауырт өсіп, бас қала рөлі бірте-бірте соған ауыса берді.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент
қалалары арқылы Таразға барады екен.
Тараз – тарихқа VI ғасырдан белгілі. 568 жылы дәл осы жерде түрік қағаны
Византия императоры ІІ Юстинианның жіберген Земарх басқарған дипломатиялық
елшілігін қабылдаған. Тараз қаласы ең ірі саяси, экономикалық, мәдени орталық болған.
«Көпестер қаласы» деп аталған. Шығыс пен Батысты байланыстырған сауда жолы осы
Тараз қаласы арқылы өткен. X-XII ғасырларда дамудың жоғары дәрежесінде болды.
Өзінің биік құрылыстарымен, әдемі түзу көшелерімен, керуен сарайларымен, теңге
шығаратын сарайларымен, сауда және қолөнерімен әлемге белгілі болды. Қалада су
құбырлары мен моншалар жұмыс істеді. Керемет сәулет өнері үлгілері пайда болды.
Бұны біз Қарахан, Айша-бибі, Бабаджа-хатун мавзолейлерінен көре аламыз.
893 жылы арабтар Таразды жаулап алады. Қалада осы кезден бастап оның бұрынғы
сауда-саттық ісімен қатар исламды уағыздау, мешіттер, медреселер салу жұмыстары
қызу жүргізіледі.
Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың
жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы
Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп
атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның түбінде осы араны
ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ
тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен
Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлігінде, сол сияқты Шелжі, Сұс,
Күл және Текабкет деген қалалар болған. Бұлар күміс кендеріне жуық жерден қоныс
тепкенді.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
62
Тараздан шыққан жол шығысқа, Құлан қаласына қарай асатын. Тараз бен Құлан
аралығындағы территория қарлұқтарға жататын. Құланға бара жатқанда жол Касрибас,
Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Құланнан әрірек шығыста бір-бірінен
фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары болды. Сосын сауда керуендері Нұзкент,
Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтіп, «түрік қағанының қыстағына» Қырмырауға
баратын. Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудың ең ірі қаласының бірі —
Науакентке (Қытайша Синчен) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады.
Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған.
Испиджаб қаласынан батысқа шығатын керуен жолы Арыс бойындағы
Арсубаникетке, содан Отырар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал
өңіріне барған.
Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы ірі қалалар Отырар-Фараб пен
Шауғар болды. Отырар-Фараб атауы Арыстың Сырдарияға кұяр сағасындағы қираған
қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып келеді. Фараб сөзі «арғы беттегі қала»
деген ұғым береді, ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетіндегі тұрған қала атауына
сәйкес келеді.
Отырардың пайда болуы біздің дәуіріміздің I ғасырына жатады, яғни, қазақ
жеріндегі ең бірінші дүниеге келген қала. Қазақстан территориясындағы сол кездегі ең
ірі қала болды, оның көлемі 2000 гектар жерді алып жатты. Қалада су қоймалары,
арықтар, бау-бақшалар мен су құбырлары болды. Қала халқына арналған моншалар
жұмыс істеді. Қалада құмыра, әйнек жасау, қолөнер, ұсталық пен зергерлік дамыды.
X-XII ғасырларда қала маңындағы жерлерде халық ірі суармалы егін шаруашылығымен
айналысты.
Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан жер еді. Бір жол осы жерден Шауғарға
кетсе, екінші жол – Сырдария өткелі арқылы Отырардан 20 км-дей қашықтықта
орналасқан Басиджа қаласына барды. Басиджа шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр
әл-Фарабидің алтын бесігі болды. Әбу Насыр әл-Фарабидің әкесі осы қаланың билеушісі
болған. Жібек жолы одан әрі Сырдарияны жоғары бойлап, оғыз қаласы – Сүткент
арқылы Шашқа (Ташкентке), ал одан төмен қарай Жентке барады. Осы жерден жол
Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан Еділ жағалауы мен Кавказға кетеді.
Жібек жолының бұл бөлігі XIII ғасырда, яғни Еділдің төменгі ағысы сағасында
алтынордалық Сарай қаласы салынған кезде қатты жанданады.
Ұлы Жібек жолындағы Тараз, Испиджаб, Құланның тағдыры сауда керуендеріне
байланысты болса, Отырардың сауда керуендерінен бөлек жергілікті халық үшін
маңыздылығы жоғары болды.
Отырар – көшпелі дала тұрғындарының өз қаласы болған, өйткені қала қорғанының
ар жағында оларға жақын және түсінікті тілде сөйлейтін туыстары, достары, халқы
тұрған. Егер өткір семсерлер айқасса, зуылдаған садақтар оғы атылса, сарайлар мен жер
үйлер өртенсе, онда көшпелілер үшін де, қала тұрғындары үшін де қауіпті жаудың
келгені еді [6]. 1219 жылы моңғол шапқыншылығына байланысты қала халқы 6 ай бойы
ерлікпен қорғанады. Моңғолдар талқандағаннан кейін, қала өмірі бұрынғы дәрежесіне
көтеріле алмай бірте-бірте елсіз төбеге айналады. Қазіргі кезде Отырар төбеге көптеген
археологиялық жұмыстар жүргізілген, жанынан Отырар музейі ашылған. Кеңес дәуірі
кезінде Отырарды қазақтың белгілі археологы Кемал Ақышев жан-жақты және толық
зерттеп, көптеген ғылыми еңбектер жазды.
Отырар маңында, X ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты қаланың
бірі – Кедер. Ол «әр елден келген көпестер мекені» ретінде белгілі.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
63
Шауғар қаласы VIII ғасырдағы деректерден белгілі, ол осы күнгі Түркістан
маңындағы қираған ескі Шайтөбе қаласына сәйкес келеді. Шауғар атауы «Қаратау
қаласы» деген мағына береді, ал бұл Қаратау бөктерінде орналасқан қалаға сайма-сай
келеді. Түркістанмен қарайлас Шауғарға жақын маңнан Яссы қаласы ірге тепті. Бұл ұлы
жиһангер Әмір Темірдің бұйрығымен моласының басына мазар (мавзолей) орнатылған
атақты ақын Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп, өз ілімін уағыздаған қала еді.
Жібек жолы Шауғардан оғыздың астанасы болған Янгикентке (Жаңакент) баратын.
Жол бұл жерден де Қызылқұм арқылы Хорезмге, одан әрі Поволжье мен Кавказға
баратын.
Сыр бойындағы XIII ғасырдағы ірі қалалардың бірі, оңтүстік-батысқа таман
орналасқан Сығанақ қаласы болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған
ауданында орналасқан. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде
айтылған. XI ғ. ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзінің «Түркі
тілінің сөздігі» еңбегінде жазып қалдырған. Ол Сығанақ қаласын оғыз қалаларының
ішінде атап өткен [7]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж.
П.И. Лерх, 1906 ж. И.А. Костанье, 1947 жылы А.Н. Бернштам басқарған археологиялық
экспедиция зерттеулер жүргізген.
XIII ғасырда оңтүстік-батысқа таман орналасқан Сығанақ қаласы қыпшақ
мемлекетінің орталығы болды. 1929 ж. А.Ю. Якубовский «Развалины Сыганака»
еңбегінде толық мағлұмат беруге тырысқан. ХХ ғасырдың 70 жылдары К.Ақышев пен
К. Байпақов Сығанақ жерінде болып, көптеген зерттеулер керек екенін айтты [8].
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде қазіргі
таңда Сығанақ қаласының орнында археологиялық зерттеулер қолға алынуда, ашық
аспан астында музей ұйымдастыруға көптеген жағдайлар жүргізіліп отыр.
1219-1220 жылдары Жошы бастаған моңғолдар Сығанақ қаласын 7 күн бойы
шабуылдап, қиратқан. XIII ғасырдың 2 жартысында қала қайта жөнделе бастаған. Ол
Сырдария өңіріндегі ірі саяси және экономикалық орталыққа айнала бастайды. Көптеген
қоғамдық ғимараттар, мешіттер салынды. Сығанақ қаласын билеу үшін Темір XIV
ғасырда көптеген әрекеттер жасайды. Бұл тұста оған Тоқтамыс хан көмектеседі. Әмір
Темір Тоқтамысқа қолдау көрсетіп әскер беріп, Сырдарияға айдап салды [9].
XIII-XVI ғасырлардағы Сығанақ қаласының ірі сауда орталығы ретінде
халықаралық және жергілікті маңызы зор болды. Қалаға Мауереннахрдан, Қашқардан,
Түркістан тағы сол сияқты қалалардан сауда керуендері келіп, тұрмысқа қажетті керекті
заттар әкелініп отырды. XIV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Түркістан қалалары
ішіндегі саяси-әкімшілік, сауда айырбас орталықтары ретіндегі ең ірі қалалардың бірі
болып саналды.
XIV ғасырдың алғашқы кезінен бастап Сасыбұқаның кезінде (1309-1310) Ақ
Орданың астанасы болған. Қаланы кейіннен Ерзен хан (Сасыбұқаның баласы) билейді.
Ерзен хан билеген тұста Сығанақ қаласы дәуірлей бастайды. Қалада мешіт-медреселер,
тұрғын үй-жайлар салғызған. Ерзен хан аса бір ақылды, дана адам еді. Ол мұсылманша
өмір сүріп, діни қайырымдылық ұйымдар құрған. XV ғасырда Сығанақ өзінің саяси және
экономикалық маңызын жоғалтпай, Дешті қыпшақта бірін-бірі ауыстырған
билеушілердің астанасы болады. 1446 жылдан бастап қала «Көшпелі өзбектер»
мемлекетінің құрамына кіріп, астанасы болған. Әбілхайыр хандығы ыдырағанға дейін
өзінің мәртебесін жоғалтпаған. Ибн Рузбиханның жазуы бойынша Әбілхайыр хан 1468
жылы осы Сығанақтың жанында жерленген. Оның сипаттауы бойынша, хан күмбезі өте
биік және күшті безендіріліп жасалған. Бұл кесенені зерттеушілер көк-кесене мавзолейі –
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
64
Әбілхайырдың қабыры деп айтады. XV ғасырдың 20 жылдарынан бастап XVI ғасырдың
соңына дейін Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы ұзаққа созылған күрестер мен
Ұлы Жібек жолы тармақтарының аймақ территориясында маңызын жоғалтуы Сығанақ
қаласының бұрынғы күш-қуатынан айырылуына себеп болады.
Сығанақ қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендер аймақ пен Дешті Қыпшақ
арасындағы этникалық байланыстарда үлкен маңыз атқарды. Бұл қаланың қолайлы
жерде орналасуы, саяси-әкімшілік, экономикалық маңызына орай билеушілер қуатты
бекініске айналдырды. Оны мына оқиғалардан байқауға болады.
Сығанақ қаласы өзінің пайда болуынан бастап ірі саяси оқиғаларды бастан өткізді.
Ол өзінің тарихында қаңлылардың, Қыпшақ хандығының (XI-XII ғ.), Ақ Орданың (XV),
Қазақ Ордасының (XVI) астанасы болған. XV-XVI ғ. Қазақ хандығы үшін экономикалық,
саяси-әкімшілік орталық, әскери-тірек пункті ретінде ерекше маңызды болып саналады.
Дала халқының Отырар рухани орталығы болса, Сығанақ саяси орталығы болған,
дала халқының өмірі осы екі қаламен тығыз байланысты болған.
Сонымен, қорыта келсек, қалалардың дамуына Ұлы Жібек жолының әсері жоғары
болған. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып,
байланысын үзбеген.
Өзара талас-тартыстар мен соғыстар, Қытайда теңіз жолдарының игерілуі XIV
ғасырда бұл жердегі қалалық мәдениетті тұйтықтатып, күйреуге жеткізген. Ал бұған
дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу арқылы өтетін бұл жолдан керуен арылған
емес. Қазіргі кезде Қазақстан және Батыс елдері мен Солтүстік елдері үшін Ұлы Жібек
жолының маңызы ерекше. Ұлы Жібек жолы – Шығыста Қытай империясынан басталып,
батыста Рим империясында аяқталды. Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы өмір сүрген.
Бұл әлем тарихында дара, ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен Атлант мұхитының
арасындағы көптеген халықтарды біріктіреді. Жібек жолы деген ат толық мағына
бермейді. Жібек пен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І мыңжылдықта ғана болды. Ұлы
Жібек жолы осы жолдың бойындағы қалаларға әртүрлі сауда, мәдениет, көптеген
жаңалықтар мен жаңа ойларды таратты, Еуразиядағы көшпенділер мен отырықшы
халықтардың дамуы мен өркениетті жолы болды.
Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан жерін басып өткен жолындағы қалалардың
дамуы мен оның бұтақтарының жалпы бағыты осындай болған.
Достарыңызбен бөлісу: |