Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Мәдени  мұра  мемлекеттің  соны  стратегиялық  ұстанымы  // 
Егемен Қазақстан, 2007. 14 ақпан. 
2.  Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы.  Жиырма  томдық.  7­том.  –  Астана: 
Аударма, 2006. – 544 б. 
3. ҚР ҰМ. 563-қ., 1-т., 1387-іс. 
4. ҚР ҰМ. 563-қ., 1-т., 1466-іс. 
5. ҚР ҰМ. 563-қ., 1-т., 1284-іс.
 
6.  Құл­Мұхаммед  М.  «Мәдени  мұра»:  мақсаткерлік  жұмыс  мәйекті  болмақ  // 
Ақиқат, 2008. № 11. – Б.19­21. 
7.  Дүйсебек  Ә.Т.  Ұлттық  мәдени  мұраларды  білім  мазмұнына  енгізудің  кейбір 
өзекті мәселелері // «Ұлттық мәдени мұраларды білім мазмұнына енгізудің кейбір өзекті 
мәселелері»  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдар 
жинағы. – Алматы, 2009. – Б.23. 
8. Аганина Қ.Ж., Тунгатарова Г.К. Мәдени мұра материалдары бәсекеге қабілетті 
тұлға тәрбиелеу құралы // Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі
Халық.ғыл.теория.конф.мат. – Алматы: МСӨИ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2009. – 
273 б. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
42 
9. Аганина Қ.Ж., Байоразова А.Ж., Тунгатарова Г.Қ. Мәдени мұра бағдарламасы 
негізінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын жетілдіру // Тарихи-мәдени 
мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі. Халықаралық ғыл. теория. конф. мат. – 
Алматы: МСӨИ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2009. – 443б. 
10. Ұлт болмысы – ұлттық тарихта // www.turkystan.kz/kz/articles/view/23676.
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Каипбаева А. Т., к. и. н. 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
Результаты программы «Культурное наследие» и ее роль в развитии науки и 
образования 
В  статье  представлены  письменные  источники  нашей  истории  полученные  из 
архивных  источников  других  государств  в  результате  научно-исследовательских 
экспедиции,  организованных  в  рамках  государственной  программы  «Культурное 
наследие».  А  также  рассматриваются  роль  культурно-исторического  наследия, 
полученного  при  реализации  вышеназванной  программы,  в  развитии  науки  и 
образования. 
Ключевые слова: историческое наследие, государственная программа, духовное 
благополучие, исторические памятники. 
 
SUMMARY 
 
A.T. Kaipbayeva, candidate of historical sciences 
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
The state program’s result and its role in developing science and knowledge of the 
«Cultural Heritage» 
The article presents the written sources of our history derived from archival sources other 
states as a result of research expedition organized under the state program «Cultural-historical 
Heritage».  Also  considers  the  role  cultural-historical  heritage,  obtained  in  the  implementation 
of the above program, the development of science and education. 
Keywords: historical heritage,
 state program,
spiritual well-being,historical monuments. 
 
ӘОЖ: 94(574) 
 
ХІХ-ХХ ғғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ 
ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ  
 
М.А. Қасымбекова, аға оқытушы  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті ) 
А.М. Қоңырова, аға оқытушы  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті ) 
 
Аңдатпа:  1905  жылдан  1917  жылғы  Қазан  революциясына  дейінгі  аралықты 
қамтиды.  Мұсылмандық  қозғалыстың  1905  жылғы  революциядан  соң  бүкіл  Ресей 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
43 
 
империясын  шарпығаны  белгілі.  Осы  мезгілден  бастап  Ресей  мұсылмандарының 
съездері  өткізіліп,  жеке  мұсылман  партиясы  мен  парламенттік  фракциясы  құрылды. 
1917ж.  Кеңестер  билігі  орнатылғаннан  кейін  Уақытша  үкімет  тұсында  дүниеге  келген 
«Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі» өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. 
Түйін  сөздер:  мұсылман,  қозғалыс,  отаршылдық,  тауқымет,  қоныс  аудару, 
миссионер. 
Еліміздің  егеменді  ел  болып,  тәуелсіздік  тізгінін  өз  қолына  алуы  өткен  дәуірдегі 
тарихты  сол  кезеңнің  шындығына  сай,  сыңаржақ  қалыптардан  ажыратып,  ғылыми 
тұрғыдан ашып көрсетуге жол ашты. Мұсылмандық қозғалыс сияқты тарихи құбылысты 
жан-жақты қарастырып, объективті зерттеудің мүмкіндігі де енді ғана туып отыр.  
Ғасыр  басындағы  мұсылмандық  қозғалыс  орталық  езгіге  қарсы  Ресейдегі  түркі 
және өзге де мұсылман халықтарын тұтас бір майданға біріктіру жолында өзіндік діни, 
ұлттық, мәдени және саяси талаптарды көтерген демократиялық сипаттағы күрес болып 
табылады.  Бұл  қозғалыстың  негізін  құрайтын  түрікшілдік  пен  исламшылдық 
қорғанушылар идеологиясы болатын.  
Мұсылмандық  қозғалыс  Ресей  империясының  қол  астында  ұлттық  езгіні  бастан 
кешірген  халықтардың,  соның  ішінде  қазақ  халқының  да  азаттық  жолындағы  күрес 
тарихында өзіндік із қалдырған. Алайда ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-
саяси өміріндегі  мұсылмандық қозғалыс мәселесінің әлі  күнге дейін ақиқаты айтылмай 
келеді.  Себебі,  тоталитарлық  идеологияның  үстемдігі  тұсында  тарихымыздың  бүтіндей 
бір  кезеңдері,  құбылыстары,  соның  ішінде  Ресей  империясын  шарпыған  ғасыр 
басындағы  мұсылмандық  қозғалыс  мәселесі  де  әдейі  бұрмаланып,  «реакциялық», 
«кертартпа», мәнсіз оқиғалар тізбегі ретінде көрсетіліп, объективті тұрғыдан зерттеуден 
тыс қалды.  
Сан  жылдар  бойы  татар,  башқұрт,  қазақ,  өзбек,  әзірбайжан  т.б.  түркітілдес  және 
өзге  де  мұсылман  халықтары  Ресей  империясының  қол  астында  орыс 
отарлаушыларының  теперішін  бірге  бастан  кешіп,  тағдырдың  ауыр  тауқыметін  бірге 
тартты.  «Мұсылмандардың  ым-жымын  білдірмей,  мүмкіндігінше  көзін  құрта  беру 
керек»  деген  құйтырқы  саясатты  ұстаған  патша  үкіметі  ХІХ  ғ.  соңы  мен  ХХ  ғасыр 
басына  қарай  озбыр  отаршылдық  саясатын  онан  әрі  үдете  түсіп,  шеткері  отар 
аймақтарды  толық  игеруді  бұрынғыдан  да  қарқынды  жүргізді.  Қоныс  аудару  саясаты, 
біріншіден,  метрополиядағы  аграрлық  шиеленісті  шешуге  бағытталса,  екіншіден қоныс 
аударушылар  арқылы  шеткері  аймақтарда  патшалық  биліктің  сенімді  тірегін 
қалыптастыруды,  сөйтіп  ондағы  отаршылдық  билікке  қарсы  күштерді  біржолата 
құртуды  көздеді.  Осылайша  шаруалар  жаңа  жерлерге,  соның  ішінде  қазақ  жеріне  де 
қоныс аудартыла бастады.  
Қазақ  жерін  отарлаудың  алғашқы  кезеңінде  патша  өкіметі  жергілікті  халықтың 
«дініне  еріктік»  беру  бағытын  ұстағаны  мәлім.  Ол  негізінен  жергілікті  феодалдық  топ 
өкілдерінің сеніміне ие болып, отарлық саясатты онан әрі тереңдете жүргізу мақсатында 
жасалған  айла,  әрекет  болатын.  Сондықтан  да  патша  үкіметі  қазақ  даласында  мешіт, 
медреселер салып, қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қаратып, ислам дініне 
еш  қарсы  келмейтінін,  керісінше  қолдау  көрсететіндігін  танытып  қалуға  тырысқан  еді. 
Мұны  қазақ  даласындағы  ислам  дінінің  жалпы  жағдайымен  арнайы  шұғылданған 
чиновниктердің  әкімшілік  орындарына  беріп  отырған  мәліметтерінен  аңғаруға  болады. 
Далалық генерал-губернаторға берілген осындай мәліметтердің бірінде: «Біздің даладағы 
үстемдігіміздің  бастапқы  кезеңіндегі  саяси  мүддеміз  қырғыздарда  және  бүкіл  Орта 
Азияда олардың дініне қол сұғылмайтындығы жөнінде сенім қалыптастыруды талап етті. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
44 
Ол  өз  жағымызға  хандар  мен  сұлтандарды  және  даладағы  ықпалды  адамдарды  тартуға 
тікелей байланысты болды. Соған орай үкімет орындары алғашқыда исламға төзімділік 
танытып қана қойған жоқ, оған қамқоршылық та көрсетті», – делінген.  
Ресейдегі мұсылмандық қозғалыстың қазақ халқының тарихына қатысы бар екеніне 
көпшілік  назарын  аудара  отырып  академик  М.Қ.  Қозыбаев:  «Бұл  қозғалысқа 
демократиялық  бағыттағы  зиялы  қауым  атсалысты.  Мемлекеттік  думаға  сайланған 
мұсылман  депутаттар  осы  серпілістің  қалың  ортасында  болды.  Демократиялық  үлкен 
күрес  арнасына  дінін,  ділін,  тілін  қорғаған  қалың  қауымның  да  екпінді  ағыны  келіп 
осылай қосылды. Біз қазақ халқының тарихында осы бір тақырыптан ауыздықты тістеп, 
шошына ыршып қашатынбыз. Ал шын мәнісінде дін мен парасат, ағартушылық, тәлім-
тәрбие ісі де астарласып жатқанын, халықтың қалың қауымы діндарлардың ықпалында 
болғандығын қалай жасыруға болады. Ендеше болашақта бұл тақырып та халқымыздың 
тарихының бір көрінісі екендігін ескергеніміз жөн», – деп баса көрсеткен еді [1].  
ХХ  ғ.  басындағы  патшалық  Ресей  көпұлтты  мемлекет  еді.  Империяда  үстемдік 
етуші  «великоростар»  бүкіл  халықтың  43,3%-ы  болатын.  Егерде  оған  украиндар  мен 
белорустарды  қоссақ  65,5%-ға  дейін  жететін.  Ал  қалған  халықты  империяның  шеткері 
аймақтарындағы  ұлттар  мен  ұлыстар  құрайтын.  Олардың  көпшілігі  мұсылман 
дініндегілер еді. Мұсылман халықтары ғасыр басында 30 миллионға жуық болса, оның 5 
миллионнан астамы қазақтартұғын [2]. 
Қазақтардың құнарлы жерлерден айырылуы, оның егіншілік мәдениетінің дамуын 
тежеді. Көшпелі қазақтардың қосалқы түрде шұғылданып келе жатқан егіншілігінің даму 
негіздерін  толығымен  жойып  жіберді  [5].  Бұл  жөнінде  белгілі  ғалым,  қазақ  жері 
мәселесінің білгірі Т. Шонанұлы: «Отаршылдар саясатының қазақ шаруасының өзгеріліп 
келе  жатқан  бағытына  жалпы  тигізген  әсері  егіншілікке  айналуды  кешендету  болды, 
тіпті өмірінше егін салмастай қылу болды» [6], – деп көрсетеді.  
Отаршыл  әкімшілік  Шу  өзені  алқабы  мен  Сыр  бойында  және  Жетісуда 
егіншілікпен  шұғылданып,  отырықшы  тұрмыс  кешкен  қазақтардың  игерген  жерлері 
қоныс аударушылар пайдасына алу үшін, қолдан суаратын ирригациялық жүйелерді  де 
қиратты. Нәтижесінде қазақтар ондай жерлерді тастап кетуге мәжбүр болды. К. Паленнің 
деректеріне қарағанда, жергілікті әкімшілік чиновниктері бір  Жетісудың  өзінде ғана 30 
мыңнан астам халқы бар 5100-ден аса отырықшылдық ошақтарын қиратқан.  
Ресей  империясының  қол  астындағы  мұсылман  халықтары  рухани  жағынан  да 
қанауға  ұшырады.  Отарлаушылар  олардың  мемлекеттік  рухын  қалайда  жою  ниетінде, 
оянып келе жатқан ұлттық санасын тұмшалап, тілінен, дінінен, дәстүр-салтынан айыру 
бағытындағы ұйымдастырылған шараларды іске асыруға ұмтылды. Алдымен мұсылман 
халықтарын  түгелдей  шоқындырып,  орыстармен  кіріктіріп  жіберу  мәселесіне  шешуші 
мән берілді.  
Қасиетті Синодтың ұйымдастыруымен 1865 жылы «Православиялық миссионерлік 
қоғам»  құрылды.  1869  жылы  Қазан  қаласында  қоғамның  І  съезі  өтіп,  оның  жарғысы 
қабылданды.  Қабылданған  жарғыда  «Православиялық  миссионерлік  қоғамның»  басты 
мақсаты  –  Ресей  империясында  тұратын  христиан  еместерді  православиеге  көшіру 
(шоқындыру) және шоқынғандар арасында христиан өмірінің әдет-ғұрпын нығайта беру 
керектігі баса көрсетілді.  
Христиан  дінін  қазақтар  арасында  насихаттау  өлкеде  миссионерлік  қоғамның 
бөлімшелері ашылған соң кең өріс ала бастады. Қазақтарды шоқындыру ісін қолға алған 
миссионерлік ұйымдар өлкеде алғаш ХІХ ғ. соңына қарай құрылды. 
Кезінде  христиандықты  қабылдаған  қазақтар  уақыт  өте  келе  өз  діндеріне  өтіп, 
қазақ  ауылдарына  оралып  та  жатты.  Міне,  сондықтан  да  жергілікті  әкімшілік 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
45 
 
орындарының  чиновниктері  бодандыққа  айналған  бұратаналардың  рухани  болмысына 
терең бойлап ену үшін миссионер ғалымдардың алдына ол елдің дінін, тілін, әдебиетін, 
фольклорын,  әдет-ғұрпын,  салт-санасын,  тарихын,  этнографиялық,  психологиялық 
ерекшелігін  жан-жақты  терең  меңгеруді  басты  шарт  ретінде  талап  етті.  «Шығыстану 
қоғамының  міндеті,  –  деп  хат  жолдайды  1881  жылы  Түркістан  әскери  округі 
комендантының  көмекшісі,  патша  генералы  Мациевский  Ташкентте  жұмысқа  кірісе 
бастаған  Шығыстану  қоғамының  мүшелеріне  Шығысты  зерттеу  емес,  Шығыс 
халықтарын орыстандыру». Миссионер ғалымдар миссионерлік идеяны насихаттау үшін 
христиан  дінінің  қасиетті  кітаптарын  бұратана  халықтардың  тіліне  аудару  мәселесімен 
шұғылданып, 1860 жылдан ХХ ғасыр басына дейін қазақ тіліне мұндай 72 кітапты көп 
тиражда бастырып, таратты. Бұл істе Қазан қаласындағы рухани академияның жанында 
1847  ж.  миссионерлік  мүддені  көздеп  құрылған  «Аудармашылар  комитеті»  негізгі 
орталыққа  айналды.  «Аудармашылар  комитетін»  белгілі  миссионер,  шығыстанушы 
Н.И.Ильминский басқарды.  
Бұратана  халықтарды  орыстандыру  жолындағы  патша  үкіметінің  айла-
әрекеттерінің  бірі  –  мұсылман  халықтарын  ғасырлар  бойы  қолданып  келе  жатқан  араб 
графикасы негізіндегі жазуын қолданудан шығару болатын-ды. Араб жазуын мұсылман 
халықтарының  қолдануын  қалайда  ығыстырып,  оның  орнына  кириллицаны  енгізуді 
жүзеге  асырып  қалуда  Н.И.  Ильминский,  Н.П.  Остроумов  секілді  миссионер  ғалымдар 
белсенділік танытып жатты. Н.И. Ильминский пікірінше, алфавит қай уақытта да дінмен 
бірге қабылданған. Мәселен, Батыс Еуропа латын алфавитін латын шіркеуі, орыстар грек 
алфавитін славян шіркеуі арқылы қабылдаған. Татарлар да өзге мұсылман елдері тәрізді 
араб жазуын ислам дінінің таралуына байланысты көшкен. Араб жазуы – оларды ислам 
дінімен байланыстырушы үлкен құрал. Сондықтан, оның ойынша, түркі халықтарының 
жазуын  орыс  алфавитін  енгізу  арқылы  «екі  қоянды  бір  оқпен  өлтіруге  болады». 
Біріншіден, оларды мұсылман дінінен айыруға болады, екіншіден, біртіндеп православие 
дініне  көшіруге  болады.  Бұл  мәселеге  миссионерлердің  де,  үкіметтің  де  ерекше  мән 
беруінің басты себебі осында жатса керек.  
Орыстандыру  мен  халықтарды  ассимиляциялауды  көздеген  орыс-түземдік 
мектептерін  ашуда  бүкіл  мұсылмандарды  бір-бірінен  ажыратып,  араластырмау  да 
ескерілген-ді. Бұл жайлы мұсылмандық қозғалысқа тікелей атсалысқан қайраткерлердің 
бірі  А.  Салихов:  «Бөліп  ал  да,  билей  бер»  саясаты  нәтижесінде  «орыс-қазақ»,  орыс-
башқұрт және т.с.с. аралас мектептер ашылды. Бұлайша бөлу олардың қарсылық көрсету 
күшін  әлсіретіп,  орыстану  процесін  жеделдете  түсетін»,  –  деп  жазып,  аралас 
мектептердің  саяси  астарын  ашып  көрсетеді.  Осылайша  отарланған  халықтарды 
орыстандырудың  шешуші  кілті,  құралы  ретінде  аралас  мектептерге  басты  назар 
аударылды. Патша өкіметі түз халықтарына мектептер ашқанда, оларды сауаттандырып, 
ғылым-білімге  тарту  үшін  емес,  керісінше  өздерінің  күнделікті  саяси-әлеуметтік 
мұқтажына  қызмет  ететін  төменгі  дәрежедегі  қызметкерлер  даярлау  мақсатымен  ашып 
отырған.  Түзем  (орыс-қазақ)  мектептерінің  көп  дамыған  жерлері  қалалар  Ақмешіт, 
Қазалы,  Ташкент,  Қостанай,  Қызылжар,  Верный,  Пішкек,  Қапал)  мен  ірі  теміржол 
станциялары болды. Бұл мектептерде орыс, қазақ балалары қатар оқыды. ХХ ғ. басына 
қарай  4  жылдық  түзем  мектебі,  гимназия  әр  жерден-ақ  ашылып,  онда  оқыған  қазақ 
балаларының саны өсе түсті [7]. 
Патшалық  Ресейдің  жалдамалы  жандайшаптары  бүкіл  империяны  мекендеген 
ұлттар  мен  ұлыстардың  патша  өкіметінің  саясатына  наразылығын  ауыздықтаудан  сан 
қилы  әрекеттер  жасап,  оның  ішінде  халықтар  арасында  алауыздық  туғызу  саясатын 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
46 
жүргізіп,  бір-біріне  айдап  салып,  олардың  бірігіп  күш  қосуына  тосқауыл  жасауға 
тырысты.  Бұл  істе  миссионерлер  алдымен  қазақтарды  татарлардың  рухани  әсерінен 
бөлектеп  ұстауды,  араластырмауды  мақсат  етіп  қойды.  Себебі,  татарлар  қазақ 
арасындағы  мектеп,  медреселерде  сабақ  берді,  дін  таратты.  Қазақтар  арасында 
татарларға  қарағанда  ислам  діні  осалдау  болып,  өздерінің  күнделікті  тұрмысында  ата-
баба  жолы,  әдет-ғұрпы,  салт-сана  дәстүрі  басым  жатты.  ХІХ  ғ.  60-жылдары 
Ш.Уәлиханов  өзінің  «Сахарадағы  мұсылмандық  туралы»  атты  еңбегінде  бұл  жайлы: 
«Мұсылмандық  әзірше  біздің  сүйегіміз  бен  қанымызға  сіңіп  бола  қойған  жоқ.  Татар 
молдаларының,  Орта  Азиялық  ишандар  мен  өздерінің  діни  ілімін  уағыздаушылардың 
ықпалымен біздің халық барған сайын жалпы мұсылмандық кейіпке түсіп келеді», – деп 
жазған  болатын.  Қазақ  халқының  діни  нанымындағы  осы  ерекшелікті  сезінген 
миссионер  ғалымдар  өз  мақсаттары  жолында  пайдалану  үшін  әрекет  ете  бастады. 
Алайда,  бұл  кезеңде  А.  Байтұрсынов  айтқандай  «қазақ  дінге  нашар  күйден  өткен,  енді 
қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік» еді [8]. 
Әйтсе  де  миссионерлер,  мысалы  Н.И.  Ильминский,  1860  жылдары  «қазақтар 
мұсылман  емес»,  «шамандар»,  оларды  православиеге  өткеру  оңай  деп  үкіметті 
нандыруға  тырысып  бақты.  ХХ  ғ.  басына  қарай  бұл  істі  В.  Череванский  жалғастырып, 
қазақтарды  дінсіз  халық  ретінде  көрсетіп,  оларды  православиеге  көшіруді  ұсынып 
жатты. 
Ресей  империясындағы  мұсылмандық  қозғалыс  елде  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ 
ғасырдың басында орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-
мәдени  өзгерістердің  нәтижесінде  дүниеге  келді.  1905–1907  жылдары  бірінші  орыс 
революциясы  толқыны  әкелген  өзгерістерден  соң,  мұсылмандық  қозғалыс  отаршылдық 
езгіге қарсы қоғамдық құбылыс ретінде бой көрсетті. Осы жылдары жалпыресейлік үш 
мұсылман  съезі  өткізіліп,  жеке  мұсылман  партиясы  –  «Ресей  мұсылмандары  одағы» 
құрылып,  Мемлекеттік  думада  мұсылман  фракциясы  ұйымдасты.  Бүкіл  Ресей 
мұсылмандарының  азаматтық  құқығын,  ұлттық  теңдігін,  дін  еркіндігін  қорғау 
мақсатында  өткізілген  саяси  шараларға  қазақ  зиялылары  да  атсалысты.  Бірінші  және 
екінші  Мемлекеттік  думаға  сайланған  қазақ  өкілдері  мұсылман  фракциясы  құрамында 
болып,  орталық  ұлттық  езгідегі  қазақ  халқының  мүддесін  қорғап,  азаматтық  құқын 
қамтамасыз  ету  жолында  күрес  Мұсылман  фракциясы  жанында  құрылған  бюроның 
құрамында  Ә.  Бөкейханов  пен  М.  Шоқай  секілді  қазақ  зиялылары  қызмет  етіп,  қазақ 
қоғамында қалыптасқан ауыр жағдайларға көпшілік назарын аударуға күш салды. Қазақ 
халқы  Мемлекеттік  думадағы  өзінің  бірден-бір  жанашыры  мұсылман  фракциясы  деп 
білді.  Сондықтан  да  өзінің  бар  талап-тілектерін  мұсылман  фракциясы  атына  жолдады. 
Сондай-ақ ол талап-тілектердің шешілуінен үлкен үміт күтті.  
Ғасыр басындағы Ресей империясын шарпыған мұсылмандық қозғалыс Қазақстан 
сияқты  шеткері  аймақтардың  қоғамдық-саяси  өмірінде  өзіндік  із  қалдырған.  Бұл 
қозғалысқа атсалысқан қайраткерлер замана ағымына ілесе отырып, ұлттық бостандыққа 
жету  жолындағы  күреске  жұмыла  кірісіп,  шеткері  аймақтардың  саяси  күштерін  бастай 
алатындықтарын,  ол  аймақтардағы  халықтардың  құқын  қорғай  білетіндіктерін  көрсетіп 
берді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  Қозыбаев  М.Қ.  Аласұрған  ХХ  ғасыр  (толқыныс,  ізденіс,  проблемалар)  // 
Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение. – Алматы, 
1993. – С.5-6. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
47 
 
2.  Тәтімов  М.  Қазақ  әлемі  (Қазақтың  саны  қанша?  Қазақ  қашан,  қайдан  қуылған, 
қырылған және атылған?). – Алматы, 1993. – Б.49. 
3. Қозыбаев М. Қазақ мемлекеттілігінің кейбір негіздері // Ақиқат. 1997. №2. – Б.19. 
4. Турсунбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан. – Алма-Ата, 
1950. – С.58. 
5.  Масанов  Н.Э.  Кочевая  цивилизация  казахов:  основы  жизнедеятельности 
номадного общества. – Алматы-Москва, 1995.– С.231. 
6. Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. – Алматы, 1995. –186 б. 
7. Қоңыратбаев Ә. Қазан төңкерісінен бұрынғы мектептер хақында // Қазақ тарихы. 
1994. №4. – 27 б. 
8. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1993.– 268 б. 
РЕЗЮМЕ 
Касымбекова М.А., старший преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет), 
Конурова А.М., старший преподаватель  
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
Появление мусульманских движении в казахском обществе в конце ХІХ в. – начало 
ХХ века 
В  данной  статье  рассматривается  проблемы  по  привлечению  казахов  в 
мусульманские общины. Мусульманское движение Российской империи образовалось в 
нашей стране к концу ХІХ – начало ХХ века. 
Ключевые слова: мусульмане, движение, колонизация, несправедливость, 
переселение, миссионерство. 
 
SUMMARY 
M.A. Kasymbekova,
 
Senior teacher  
(Kazakh State Women’s Teacher Training University), 
A.M. Konyrova,
 
Senior teacher 
 
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
 
The emergence of Muslim movement in the Kazakh society in the late nineteenth century. 
- Beginning of XX century
 
This article examines the problems in attracting Kazakhs in Muslim communities. 
Muslim movement of the Russian Empire was formed in our country by the end of the 
nineteenth and early twentieth century. 
Keywords: Muslim movement, colonization, injustice, relocation, missionary. 
 
ӘОЖ 94(574) 
АЛАШ АРЫСЫ 
 
А.А.Калменов, оқытушы  
(Алматы қ., М. Тынышбаев ат. ҚазККА) 
Сарбасова А.Б., оқытушы  
(Алматы қ., М. Тынышбаев ат. ҚазККА) 
 
Аңдатпа: Бұл мақалада авторлар ХХ ғасырдың басындағы «аласапыран» уақытта 
саналы  ғұмырын  елінің  азаттығы  үшін  күресуге,  алған  білімін  халқының  болашағына 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
48 
арнаған, сол үшін айыпталып, жазықты болған М. Тынышбаевтың өмір жолы мен қазақ 
тарихын  ауыртпалық  кезеңде  еліне  азаттық  алып  берудегі  күрес  жолы  және  қазақ 
тарихын зерттеу барысындағы еңбегі жайлы жазылған. 
Түйін сөздер: Түрксіб, десятина, заемдік стипендиясы, репрессия. 
Ресей  империясының  Қазақстанды  отарлау  саясаты  XX  ғасырдың  басында  кең 
ауқымда жүргізілді. Қазақ жерін отарлау мақсатында жүргізілген қоныстандыру саясаты 
нәтижесінде  45  млн.  десятина  жер  тартылып  алынды.  Патша  үкіметі  бірінші 
дүниежүзілік  соғысты  желеу  етіп,  елдегі  алым-салықты  күшейтті.  Қазақстаннан  соғыс 
қажетіне төрт түлік мал мен ауыл шаруашылық өнімдері көптеп жөнелтілді. Бұл жағдай 
елдің экономикасын күрт төмендетті, халық арасындағы аштыққа алып келді. Патшалық 
Ресейдің  бұл  жымысқы  саясаты  халық  наразылығын  тудырмай  қойған  жоқ.  Бұл  ұлт-
азаттық қозғалыстың өрлеуіне әсер етті. Осындай сындарлы заманда ел тізгінін қолына 
алып,  ұлтымыздың  мүддесін  қорғап,  тәуелсіз  болашақ  үшін  күрескен  қазақ 
зиялыларының бірі – Мұхамеджан Тынышбаевтың тұлғасын зерттеу қазіргі таңда өзекті 
болып отыр. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде көрсеткен ерен еңбегін зерттеу  сіздер мен 
біздер үшін міндет. 
Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу  облысы, Лепсі 
уезі,  Мақаншы  –  Садыр  болысында  (қазіргі  Алматы  облысы,  Қабанбай  ауданы)  шаруа 
отбасында  дүниеге  келген.  Болашақ  ғалым  білім  жолын  ауыл  молдасынан  хат  танудан 
бастайды.  1890  жылы  Верный  қаласында  ер  балалар  оқитын  гимназияның  екі  жылдық 
даярлық сыныбына қабылданады. Он жасында гимназияға түскен Мұхамеджан бар күш- 
жігерін  білім  алуға  жұмсайды.  Аталмыш  гимназияны  1900  жылы  алтын  медальмен 
бітіріп  шығады  [1].  Оның  өмірлік  ұстанымы  мен  қоғамдық  көзқарасы  гимназия 
қабырғасында  жүргеннен  бастап  қалыптаса  бастайды.  Ресми  құжаттардың  бірінде 
М.Тынышбаевтың өз ұлтының мұқтажын жете түсінгендігіне тоқталып өтеді. 1900 жылы 
Мұхамеджан  Жетісу  әскери  губернатор  кеңсесіне  аудармашылық  қызметіне 
шақырылады.  Алайда  келешегін  біліммен  байланыстырған  жас  талапкер  мамандық  алу 
жолын  таңдайды.  Оқушыны  ұлтқа  бөліп  алаламайтын,  білімдіні  қадірлейтін  гимназия 
директоры  М.В.  Вахрушевтің  Жетісу  губернаторына  дәлелдеп  жүріп  степендия 
(облыстық  земская  степендиясы)  бөлгізуінің арқасында  Мұхамеджан  Петерборға  келіп, 
император  I-Александр  атындағы  Жол  қатынасы  инженерлерін  даярлайтын  институтқа 
оқуға түседі. Институт қабырғасында ол қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласады. 
Отарлық  езгіні  көзімен  көріп,  қазақ  жерлерінің  талан-таражға  салынуына  қабырғасы 
қайысатындығын  әкімшілік  басшыларына  арыз-шағымдар  жазу,  баспасөзде  мақалалар 
жариялау  арқылы  білдіріп  отырды.  1905  жылы  19  қарашада  өткен  автономияшылар 
съезіне  қатысып,  онда  «Қазақтар  және  қоғамдық  қозғалыс»  деген  тақырыпта  баяндама 
жасайды  (Русский  Туркестан,  №1,  1906).  Баяндамасында  М.  Тынышбаев  былай  дейді: 
«Үкіметтің  нені  көздеп  отырғаны  түсінікті:  біріншіден,  жабайы  да  тағылық 
репрессияларымен  және  тіл,  салт-сана,  дін  һәм  руханият  атаулыны  орыстандырмақ; 
екіншіден,  түрлі  әкімшілік  шаралармен,  әкімдермен,  ережелермен  қазақты  құқықсыз, 
заңнан тыс етпек;  үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі  көмілген өз жерінен айырып, 
шөл-шөлейт жерлерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ».  
М.  Тынышбаев  осы  жылы  қазақтарды  басқару  жүйесінің  ұлт  мүддесіне  сай 
келмейтіндігін  ғылыми  тұрғыда  негіздеуге  күш  салады  және  басқарудың  әскери 
жүйесінен  азаматтық  жүйеге  көшуін  ұсынған  дәлелді  хатын  министрлер  комитетіне 
жолдаған.  Жас  саясатшының  бұл  батыл  пікірі  патша  үкіметін  алаңдатпай  қоймады, 
патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
49 
 
М. Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне 
араласа  бастайды.  1907  жылы  28  жасында  Ресейдің  екінші  Мемлекеттік  Думасына 
Жетісу  облысынан  депутат  болып  сайланады.  Бұл  туралы  «Семиреченские  ведомости» 
газеті  «1905  жылы  Революциялық  қозғалысқа  араласқан  Жетісу  қырғыздары  арасынан 
бостандық  пен  революция  идеяларын  үгіттеп  таратқан  облыстан  шыққан  тұңғыш 
қырғыз» деп жазады. Мұнда ол депутаттар ұлт мүддесін қорғап сөз сөйлейді. Столыпин 
реформасын сынға алынуы үлкен дау туғызып, мұның аяғы 2-ші Думаның таратылуына 
әкеледі. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлық бойынша қазақтарды Мемлекеттік Думаға өз 
өкілдерін сайлау құқығынан айырады. Дума тарағаннан кейін Мұхамеджан Тынышбаев 
өзінің  кәсіби  қызметіне  кіріседі.  Орта  Азиялық  теміржол  құрылысына  нұсқаушы 
инженер  ретінде  атсалысады.  1907–1914  жылдар  аралығында  Әмудария  көпір 
құрылысына, Урсатьевск-Әндіжан теміржол құрылысына бас инженер ретінде қатысады.   
М.Тынышбаевтың  «Қазақ»  газетінде  және  «Айқап»  журналында  әртүрлі 
тақырыптарда  мақалалары  жарық  көре  бастады.  «Қазақ»  газетінің  халық  арасына 
таралуына  көп  ықпал  жасады.  Ол  мұнда  «қазақ  инженері»  деген  бүркеншік  атпен 
«Соғысушы  патша  әскері»,  «Сүңгуір  қайық»,  «Теміржол  және  Еуропа  соғысы», 
«Сәдуақас Шалымбетов» т.б. мақалалар жазды.   
1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысы  инженер-тарихшының  қоғамдық  қызметі  мен 
шығармашылық  еңбегінде  ерекше  орын  алды.  Осы  оқиға  кезінде  ол  «қазақ»  тобында 
болды.  Жарлыққа  қарсы  шыққан  халық  көтерілісінің  нәтижесін  күнібұрын  болжап, 
көтерілісшілерді сабырға шақыра білді. Патша үкіметінің көтерілісшілерді жазалаудағы 
жасаған озбырлығын әшекерелеп берді. Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге 
қайтару  жұмысын  ұйымдастырды,  Жетісудағы  қазақ  халқының  жағдайларының 
нашарлығын айтты. 
1917  жыл  21-26  шілдеде  Орынборда  болған  «Бүкілқырғыздық»  съезде  құрылған 
«Алаш»  партиясының  құрамына  кіреді.  Осы  жылдың  қараша  айында  Қоқан  қаласында 
жарияланған  Түркістан  автономиясының  төрағасы  болып  сайланады.  Бірақ  Түркістан 
автономиясының  ғұмыры  ұзаққа  созылмады,  қызылдар  тарапынан  басып  жаншылды. 
Бұдан  кейін  Мұхамеджан  екінші  жалпықазақ  съезіне  Жетісу  облысы  атынан  қатысып, 
Ұлт  кеңесі  (Алаш  Орда)  құрамына  өтеді  [4]. Алаш  қайраткерлерімен  бірге қазақ  елінің 
азаттығы  үшін  күреседі.  Алаш  автономиясы  үкіметінің  он  бес  мүшесінің  бірі  ретінде 
«Алаш  автономиясы  аумағындағы  уақытша  жер  пайдалану  туралы  Ереженің»  жобасын 
қабылдауға қатысады. Осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Р. Мәрсеков, Ғ.Танашев 
секілді  Алашорда  үкіметі  мүшелерімен  бірге  Уақытша  Сібір  үкіметімен,  Бүкілресейлік 
Құрылтай  жиналысы  мүшелері  комитетімен  және  Колчак  үкіметімен  келіссөздер 
жүргізуге тырысты. 
Азамат  соғысы  жылдарында  М.Тынышбаев  Алаш  Орда  үкіметі  қатарында 
қызылдарға  қарсы  күреседі.  Алайда  бұл  жолдың  еліне  еш  пайда  бермейтінін  түсінген 
Мұхамеджан  алашордалықтармен  бірге  большевиктер  жағына  өтеді.  «Буржуазиялық 
маман»  ретінде  Ташкентте,  Қызылордада,  Алматыда  әр  деңгейдегі  шаруашылық 
мекемелерінде 
қызмет 
атқарады. 
1921–1922 
жылдары 
Түркістан 
кеңестік 
автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарады. 
1920 жылдары Қазақ педагогикалық халық ағартушылығы институтының Ташкент 
қаласында  ашылуына  орай  мұғалімдік  қызметке  шақырылады.  Институтта  математика, 
физика,  химия,  түркі  халықтары  тарихы  пәндерінен  дәріс  оқыды.  Осы  жерде  Орыс 
Географиялық  қоғамының  Түркістан  бөлімінің,  Қазақстанды  зерттеу  қоғамының, 
сонымен қатар 1922 жылы  құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымының мүшелігіне 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
50 
өтеді.  Осы  тұста  өз  елінің  тарихына  көңіл  бөліп,  тарихтың  бұрын  зерттелмеген 
тұстарына тың деректер негізінде зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбектер жазды. «Қазақ-
қырғыз руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», 
«Алтын  Орданың  күйреуі  және  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы»,  «Ақтабан 
шұбырынды»  сияқты еңбектері оның тарихты терең түсіне білгендігін көрсетеді.  Қазақ 
тарихының  кезеңдеріндегі  күрделі  мәселелерді  кеңінен  қамтуға  талпынысы  және  қазақ 
халқының мәдениетін, шежіресін зерттеу барысында тарихи дүниетанымы қалыптасады. 
Оның  «Қазақ халқының тарихы» атты еңбегі  XX ғасырдың  басындағы қазақ халқының 
тарихын  зерттеуге  үлкен  үлес  болып  қосылды.  Сонымен  қатар,  М.  Тынышбаев 
өлкетанушы  ретінде  Қазақстан  территориясындағы  ежелгі,  ортағасырлық  қалалардың 
пайда  болуы  мен  дамуы  жайында  тың  деректер  жинап,  зерттеулер  жүргізген.  Соның 
нәтижесінде  «Қазақ-қырғыз  тарихына  материалдар»,  «Көксу  үйіндісі  және  Қойлық 
қаласы»,  «Қызыл  өзен  үйіндісі  және  Баласағұн  қаласы»  еңбектері  жарық  көреді.  Бұл 
еңбектерінде  Қазақстанның  мәдени  ошағына  айналған  ортағасырлық  қалалардың 
тарихтағы орнын баяндайды [2]. 
М.Тынышбаев  1925-1926  жылдары  Қызылорда  қаласының  құрылыс-жөндеу 
жүйесінің бас инженері болған тұсында, қаланың көркеюіне үлкен үлес қосады.   
1926 жылы Жетісу губерниясы атқару комитетінің Жол бөлімінде еңбек етіп, өзін 
білікті  маман  ретінде  көрсете  білді.  1927-1930  жылдары  РСФСР  Халық  Комиссарлар 
Кеңесінің  (Совнарком)  төрағасының  орынбасары,  Түрксіб  құрылысы  комитетінің 
төрағасы  Тұрар  Рысқұловтың  шақыруымен  Түркістан-Сібір  теміржолы  құрылысында 
қызмет  атқарады.  Оның  кәсіби  шеберлігі  осы  құрылысты  салу  кезінде  анық  байқалды. 
Жер құрылысын  жақсы білуінің арқасында теміржол құрылысының шығынын азайтты, 
Түрксіб  теміржолының  бір  жылдық  мерзімде  ерте  аяқталуына  септігін  тигізді.  Осы 
салада жас ұлттық  кадрлар дайындауда Мұхамеджан еңбек сіңірді [3]. 
Осыншама  қыруар  еңбегіне  қарамастан  есіл  ер  сталиндік  қанды  қырғынның 
тырнағына ілінеді. 1932 жылы тұтқынға алынып, Воронежге жер аударылады. Айдауда 
жүрген  уақытта  Москва  –  Донбасс  теміржол  салу  құрылысында  инженерлік  жұмысты 
атқарады.  1935  ж.  көктем-жазы.  Жер  аударылу  мерзімі  аяқталып,  елге  оралады.                   
1935-1937 ж. Гурьев Қандыағаш теміржолы құрылысында жұмыс істейді. 
1937 жылы М.Тынышбаев қайта тұтқынға түсіп, репрессияға ұшырайды. 1958 ж. 28 
ақпан  ҚазССР  Жоғары  Соты  Тынышбаевтың  қылмысы  жоқтығы  туралы  шешім 
қабылданып, ақталды. 
2000  жылы  Қазақ  көлік  және  коммуникациялар  академиясына  инженер 
М.Тынышбаевтың  аты  берілді.  2001  ж.  «Арыс»  қорынан  Тынышбаевтың  шығармалар 
жинағы  жарияланды.  Ол  туралы  зерттеулер  жазылып,  кандидаттық  диссертациялар 
қорғалды.  
Қазақ елінің тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл 
өз  кезегінде  тарих  сахнасына  ірі-ірі  тұлғалар  мен  қайраткерлерді  шығарып,  түбірлі 
өзгерістерге  алып  келіп  отырды.  Әсіресе,  бұл  ХХ  ғасырдың  басы  айрықша 
күрделілігімен,  сансыз  оқиғалардың  сапырылысымен,  ұлттық  сананың  оянуымен 
ерекшеленді.  Осы  тұста  қазақ  даласында  ұлттың  ұранын  көтеріп,  қазақ  баласын 
азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап 
көрінді.  
М.Тынышбаев  жай  ғана  мекемелерге  қазақ  қызметкерлерді  отырғызу,  іс-
қағаздарын  ұлттық  тілде  жүргізу  емес,  ғасырлар  бойы  отарлық  езгі  мен  кіріптарлықта 
болып  ұлттық  мемлекеттілігінен  айырылған  қазақ  еліне,  оның  аяқасты  болған  ұлттық 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
51 
 
мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап, қиюы қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы 
жоқ мәдениетіне сүйеніш қорған көздеген еді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет